Ғылыми жұмыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс Үтіртөбе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі











Ортағасырлық қала «Үтіртөбе»






Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және

перспективалы туристік маршруттар»

Секциясы: Тарих

Орындаушы:

Сыныбы: 8 сынып

Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі

Ғылыми кеңесшісі:









2023 жыл

Мазмұны:

Кіріспе........................................................................................................3

Белгілеулер................................................................................................4

I. Негізгі бөлім..............................................................................................5

1.1Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының зерттелу тарихы......................5

1.2Үтіртөбе қаласындағы қазба жұмыстары...........................................8

II. Зеріттеу бөлімі........................................................................................13

2.1 2015 жылы ортағасырлық Үтіртөбе қаласында жүргізілген зерттеулер..................................................................................................13

2.2 Үтіртөбе қаласына экспедитсия........................................................21

III. Қорытынды..............................................................................................23

Ұсыныстар................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................25


























КІРІСПЕ

Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-топографиялық құрылымы ХХ ғасырдың 70-жылдармен салыстарғанда қазіргі күнде – ХХІ ғасырдың басында жылма-жыл Шардара су қоймасының суы шайып бұзудың нәтижесінде қатты өзгерген. Қазіргі күнде кезінде 60 га жерді алып жатқан ортағасырлық қаланың орталық бөлігнен тек шахристан мен рабадтың жан-жағын су шайған бөліктері ғана сақталған, шаруашылық аймағындағы құрылыстардың басым көпшілігін су шайып кеткен, оның төңірендегі орналасқан төрткүл су шайып бұзылуда. Қалалалық зират орналасқан төбенің тарихи рельефі қатты өзгерген.

Осы жағдайларды ескере отырып тез арада Үтіртөбенің инструменті жобасын түсіру өте маңызды және биыл, алдағы жылдарда жүргізілетін қазба жұмыстары шахристан мен рабадтың су шайып қатты бұзылып жатқан солтүстік,солтүстік-шығыс бөліктерінде қазба жұмыстарын жүргізу, жалғастыру өте маңызды болып отыр.

Жобаның күтілетін жаңалығы:

  • бірінші кезекте, ортағасырлық қаланың инструменттік жобасын түсіріп оның, осы күнгі сақталған бөліктерінің алып жатқан жер көлемін анықтау қажет;

  • екіншіден, қазба жұмыстарын Үтіртөбенің су шайып қатты бұзылып жатқан шахристаны мен рабадының солтүстік, солтүстік-батыс бөліктерінде жүргізіп онан мүмкіндігі болғанша тың деректер алу қажет;

  • үшіншіден, зерттеу жұмыстарын қаланың шаруашылық аймағында жүргізіп оның сақталған құрылыстарын суландыру жүйелерінің қалдықтарын есепке алып, карта түсіру қажет:

Зерттеу объектісі. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы.

Жобаның мақсаты мен міндеттері. Шардара суқоймасы шайып бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласының сақталған бөлігінің тарихи-топографиялық құрылымын анықтап, жобасын түсіру, шахристанның жоғарғы қабатында қазба жүргізу, оның стратиграфиясын зерттеу, шаруашылық аймағын зертеу;

Зерттеу әдістері: Әлемдік археологияда кеңінен қолданылып жүрген кең көлемді қазба, стратиграфиялық қазба, салыстырмалы-тарихи әдіс.











БЕЛГІЛЕУЛЕР



Shape1

  • шым қабаты


  • құланды



  • кесек қаландысы



  • кесек құландысы


  • сүпа













Shape2

  • пахса

  • бос құланды

  • қазылмаған жер

  • табиғи жер

  • Шұңқыр

  • пахса құландысы
















I Негізгі бөлім

1.1 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҮТІРТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Үтіртөбе қаласы жайлы алғашқы мәлімет М.С. Мерщиевтің 1965 жылы жарыққа шыққан «К вопросу о генезисе оседлых поселений (на материалах городище Актобе 1)» атты мақаласында кездеседі. Автор қауыншы мәдениетінің таралу аймағында орналасқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің қатарында Асықатаның солтүстік-шығысында орналасқан Отурултөбе (Үтіртөбе – М.Е.) қаласын көрсеткен [1, 67].

1971 жылы Өзбек КСР Археология институтының Ю.Ф. Буряков басқарған Шаш-Илак тобы Мақтарал ауданының орталығы Жетісай (бұрынғы Сырдария) ауылынан солтүстік-шығыста 30 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағасындағы өзектің жағасында орналасқан Үтірлітөбе (Үтіртөбе – М.Е.) қаласының тарихи-топографиялық құрылымын зерттеп, оның әртүрлі бөліктерінде қазба жүргізген. Жалпы көлемі 60 га жерді алып жатқан ортағасырлық қала бір-бірінен ор және жалмен бөлінген үш бөліктен тұрады, олар: шахристан, онан батыста, шығыста жатқан құрылыс қалдықтары сирек кездесетін ауыл шаруашылық аймағы және шахристаннан оңтүстік-батыста орналасқан қала зираты [2, 523-524].

Үтіртөбенің шығыс секторында жүргізілген қазбадан үш құрылыс кезеңінің құрылыстары ашылған. Құрылыстың қалыңдығы 1 м келетін пахса қабырғаларының астына қамыс төселген. Келесі кезеңдерде бөлмелердің арасындағы қабырғалары көлемдері 40х20х7; 34х17х4; 27х14х4 см кесектен қаланған. Кесектердің алғашқы үлгісі ІХ ғ. соңы – Х ғасырдікі, ал соңғы екі үлгідегі кесектер ХІ ғ. кезінде кең таралған. Салтанатқа арналған бөлмелердің едендеріне «шырша» түрінде қаланған қыш кесектер төселген.

Шахристанның Сырдарияның ескі өзегінің жағасында орналасқан тұрғын және өндіріс кешендерінде жүргізілген қазбадан квартал болып орналасқан тығыз құрылыс қалдықтары ашылды. Қазбаның шығыс секторынан ашылған бөлмелер кварталды бойлай орналасқан. Шамасы, олар өзенді жағалай салынған көше біріктіріп тұрған болса керек. Үш топқа біріккен 30 бөлменің 11-інде қазба жүргізілді. Бөлмелердің сыртқы пахса қабырғаларының қалыңдығы 1 м, ал ішкілерінікі – 46-60 см. Бөлмелерден бірнеше деңгейдегі еден ашылды.

Қала қамалының шығыс бөлігінің орта тұсынан қазылған кесік пахса блоктары мен кесектен қаланған қамалдың табанындағы қалыңдығы 2,5 м, үстінде - 1,8 м екенін көрсетті. Қамалдың сыртқы жағына жапсарлана құмдан пештің салынғанына қарағанда, ХІ-ХІІ ғғ. кезінде қамал бекініс қызметін атқармаған болса керек.

Қала зираты шахристаннан оңтүстік-батыстағы көлемі 2,5 га төбеде орналасқан. Зираттағы сағана-камералардың қабырғалары көлемдері 42х20х7; 37х16х7 см кесектен қаланған, үсті – қиғаштай қырынан өрілген кесекпен жабылған. Зираттағы бұзылып жатқан 36 сағана-камералардан көлемдері 34х17х5; 29х14х4 см келетін қыш кесектер кездескен.

Қаланың батысында ауыл шаруашылық аймағында жүргізілген қазбадан көлемі 18х5 м келетін, қабырғалары пахсадан өрілген 4 бөлмелі үй ашылды. Шамасы, әр бөлменің есігі аулаға шыққан болса керек. Көлемі 5х3,7 м келетін үлкен бөлменің айваны бар, соған қарағанда бұл қонақ күтуге арналған бөлме, ал ішінде ошақ, азық-түлік сақтауға арналған шағын қоймасы бар үш бөлме – шаруашылық бөлмелері болса керек. Қазба кезінде табылған ыдыс үлгілеріне қарағанда ашылған үй Х-ХІ ғғ. кезінде өмір сүрген [2, 424].

Үтірлітөбе (Үтіртөбе) қаласын Ю.Ф. Буряков Ташкент оазисіндегі ортағасырлық қалалардың қатарында көрсеткен [3, 51].

2004 жылғы 5-20 тамыз күндері аралығында «Сырдария» университетінің археологиялық экспедициясы (жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М. Қасенов) Шарадара су қоймасы шайып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Оған университеттің студенттері, тарих және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы С. Апашева, оқытушылар А. Турманов, А. Тәжібекеев қатысқан. Экспедиция жетекшісі М. Қасенов ортағасырлық қаланың үштен бір бөлігін су шайып кеткенін айта келіп Үтіртөбенің шығыстан батысқа қарай 388 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 180 м созылып жатқан, батыс жағындағы ені 40 м бөлігін «қала», оның шығыс бөлігінде орналасқан биіктігі шығысында 3-3,5 м, батысында 1-1,5 м бөлігін «цитадель» деп атаған. Қаланың батыс бөлігіндегі көлемі 300х150 м, биіктігі 1,5 м жалмен қоршалған төрткүлді «шаруашылық аймағы», одан батыста 0,3 км жерде «қала зираты» орналасқанын көрсеткен [4, 4-5 б]. Сонымен қатар, экспедиция суқоймасы шайып, бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласының әртүрлі бөліктерінде 5 қазба жүргізген [4].

2009 жылғы 11 маусымда «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Тұран археологиялық экспедициясының жетекшісі, профессор М. Елеуов бастаған, құрамында Сырдария университетінің Тарих кафедрасының меңгерушісі С. Апашева, оқытушылар А. Тәжібекеев, М. Молдабеков бар топ Шардара суқоймасының ортасында қалған ортағасырлық Үтіртобе қаласына жүзіп барып, үш аралға бөлініп жатқан оның сол кездегі көріністерін суретке түсірді (суреттер 1-5). Осы жылғы тамызда Шардара суқоймасындағы су деңгейі маусым айларындағыдан 4-5 м төмен түскен кезде экспедиция ортағасырлық Үтіртөбе қаласының тарихи-топографиялық құрылымын зерттеп, жобасын түсірді (сурет 6), шахристанында қазба жүргізді. Табиғи апаттан бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласындағы археологиялық зерттеу жұмысы Сырдария университеті (Ректоры профессор Ә. Әшіров) бөлген қаржыға жүргізілді.

Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 км солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағасынан оңтүстікте 2 км жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан, географиялық координаттары: С.41003'’797, Ш. 068025809, теңіз деңгейінен биіктігі 250 м..

Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының оңтүстік-шығыс, шығыс, солтүстік-шығыс, солтүстік жағынан Сорыөзек, ал онтүстік-батыс жағынан Сорзектен шыққан өзек қоршап жатқан орталық бөлігін барлық жағынан су шайып жатыр, оның маусым айындағы судың деңгейінен биіктігі 0,5-1 м. Орталық бөліктің оңтүстік-шығыс қабырғасы 240 м, су шайып бұзылған оңтүстік-батыс жағының шығыстан батысқа қара ұзындығы 350 м, солтүстік жағының шығыстан батысқа қарай ұзындығы 450 м.

Орталық бөліктің шығыс бұрышында орналасқан шахристанның шығыс бұрышын солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс жақтарын су шайып кеткен. Оның оңтүстік-шығыс қабырғасы 130 м, оңтүстік-батыс қабырғасы 120 м, су шайып кеткен солтүстік жағының шығыстан батысқа қарай ұзындығы 160 м, биіктігі 1,5-2 м.

Шахристанның оңтүстік-шығыс қабырғасындағы қақпаның ені 8 м, осы қақпадан басталған бір көше солтүстік-батысқа қарай бағытталған.

2004 жылы шахристанның солтүстік жиегінен салынған кесікті су шайып кеткен, № 1 – қазбаның солтүстік жағы құлап, ашылған бөлмелердің қабырғалары құзданып, үстіне шөп өскен.

Ортағасырлық Үтіртөбенің келесі бөліктері орталық бөліктің оңтүстік- батыс іргесінде жатқан ескі өзектің сол жағасында орналасқан төбе мен төрткүл. Барлық жағынан су шайып бұзылып жатқан төбе солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр, ұзындығы 200 м, ені 50-60 м биіктігі 0,5-1,5 м. Төбеден оңтүстік-батыста орналасқан төрткүлдің солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған ұзындығы 190 м, ені 110-150 м. Төрткүлді қоршаған жалдың ені 15 м, биіктігі 0,8-1 м. Қақпа орны төрткүлдің шығыс бұрышында сақталған.

Қала зираты төрткүлден оңтүстік-батыстағы төбеде орналасқан.

2009 жылы шахристанның солтүстік бөлігінде 2004 жылы жүргізілген қазба 1-дің жанындағы ең биік нүктеден (реперден) шығыста, жағасын су шайып бұзып жатқан тік жарқабақтың жиегінде қазба жұмыстары басталды [5, 10-22 б].

2010 жылы Тұран археологиялық экспедициясы Шардара суқоймасы шайып бұзылып жатқан ортағсырлық Үтіртөбе қаласындағы зерттеу жұмыстарын Сырдария университеті бөлген қаржыға жүргізді (университет Прзиденті Е.С. Аяшева, ректоры профессор А. Аширов). Құрамында «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкерлері, Сырдария университеті тарих және әдебиет факультеті тарих кафедрасының меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты С. Апашева, аға оқытушы М. Мырзаханов, университет студенттері бар экспедиция шахристанның су шайып жатқан солтүстік бөлігінде 2009 жылы басталған қазбаны жалғастыру мақсатында ұзындығы шығыстан батысқа қарай 20 м, ені шығысында 6 м, батысында 13 м қазба бастап, оны 1,5-2 м тереңдікте жүргізді [6, 13-17 б].



    1. Үтіртөбеде 2014 жылы жүргізілген қазба жұмысы


2014 жылы тамыз айыныда 13 мен 27 жұлдыздары аралығында 15 күнге жоспарланған ЖШС «Археолог» халықаралық ғылыми зерттеу орталығының директоры және Тұран археологиялық экспедициясының жетекшісі, тарих ғылымының докторы, профессор Мадияр Елеуовпен Сырдария университетінің ректоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы мырзамен Ортағасырлық Үтіртөбе қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында бірлескен түрде келісім шарт жасалынды. Келісім шарт негізінде Сырдария университетінің басшылығы тарапынан қомақты ақша бөлініп, аталмыш университетте тарих мамандығында оқып жүрген жас тәлімгерлерден арнайы жасақ құрылып, Ортағасырлық Үтіртөбе қаласында археологиялық қазба жұмыстарына жұмылдырылды. Университет тарапынан құрылған қызметкерлер құрамына: оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, тарих ғылымының кандидаты Апашева Сабира Нұрбайқызы, «Отан және Шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы, университет тәлімгерлердің тәрбие жетекшісі болып педагогика ғылымының магистрі Таубаев Сейітхан Сазаханұлы тағайындалып, аталмыш университеттің тарих мамандығында оқитын: Дәрібай Нұрлыбек, Оралов Данияр, Ілияс Бексапар, Жолдасбек Оразалы, Бабаев Шерзат, Оралов Сражеддин, Алтынбекова Ажар және т.б. тәлімгерлер қазба жұмыстарына қабылданды, ал ЖШС «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы, Тұран археологиялық экспедициясы тарапынан ғылыми қызметкерлер: Арынов Қуаныш пен Байбугунов Бейбіт белгіленді.

Біз өзіміздің тарапымыздан, Сырдария университетінің ректоры Дайырбеков Серік мырзаға және оның арнайы тәлімгерлерден жасақталған тобына шексіз алғысымызды білдіреміз. Археологиялық қазба зерттеу жұмыстары кезінде тәлімгерлердің жақсы тәрбиеленген және жоғарғы білімді екендігін көре отырып өз жеріндегі тарихына үлкен үлес қосу үшін аянбай тер төгіп еңбек жасайтын ниет қабілеттіліктерін байқадық, берілген тапсырмаларды толықтай дер кезінде орындап отырды .

Осы жылғы археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстары негізінен 2009 жылы «Археолог» Халықаралық ғылыми зерттеу орталығының директоры, Тұран археологиялық экспедициясының жетекшісі тарих ғылымдарының докторы профессор Мадияр Елеуовтің жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары болған цитадельдің солтүстік-батыс бөлігіндегі тұрғын үйлер аршылған жерден шығыс бағытына қарай жалғасты. Археологиялық ғылыми зерттеу қазба жұмыстары барысында 2 кесік салынып, 3 қазба орындары белгіленіп, 3 кейінгі ғасырларға жататын тұрғын үй бөлмелері аршылып тазаланды.

Кесік 1 цитадельдің солтүстік-батыс бөлігінен, яғни, төбенің су шайып қатты бұзылып жатқан жарғабақ жерінен салынды, батыстан-шығысқа қарай бағытталған ұзындығы - 7 м., ені-1 м., тереңдігі - 3 м. Ярустық сызықтық белгілері сызылып суретке түсірілді және жобасы сызылды (1-2 суреттер).

Қазба 1. Цитадельдің солтүстік-батыс бөлігінен ені-6 м., ұзындығы 10 м., белгіленіп, тереңдігі- 2,30 м. көлемде тазаланып аршылды (3-4 суреттер). Бұл қазба 1 кешені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай бағытталып жатыр (5-сурет). Қазба 1-дің солтүстік-шығысындағы қазба жиегі 1-кесікпен жанасып жатыр, арасында ені-1 м., болатын кесіндісі бар. Осы қазба 1 кешенінің солтүстік-батыс бөлігі цитадельдегі су шайып қатты бұзылған жарғабақпен жанасып жатыр.

Одан кейін осы қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінен оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған, жақсы сақталған пахса блоктарынан жасалған дуал қабырғасы табылып тазаланды. Мықты дуал қабырғасының қалыңдығы-1 м., пахса блоктарының ұзындығының көлемі 1,5м., сақталған биіктігі – 60-70 см (6-7 суреттер). Бұл дуал қабарғасының оңтүстік-шығыс жағы қазба жиегіне кіріп жатқандықтан жалпы ұзындығы белгісіз болып отыр. Пахса блоктарының сыртында слағы сақталған, оның сақталған қалыңдығы 2-3 см. Осы пахса блоктан қаланған қалың дуалдың астында 2-3 см. болатын аппақ қамыс төселгені белгілі болды. Сонымен қатар қалың пахса блоктарынан қаланған дуалға паралелль батысқа қарай 07-09 м. жерден екінші тағы да бір дуал қабарғасы анықталды. Екі дуал қабырғасы да бір еден деңгейінде жатыр және екеуі де бір бағытқа қарай бағытталған бірақ екеуінің жасалыну қоспалары екі түрлі. Екінші дуал қабырғасының қалыңдығының ені- 0,9 м.-1м, сақталған биіктігі – 40 см, жұмбаздалып жасалынған дөңгелек формада қаланған кесектердің өлшемдері 42х22х12. Екінші дуал қабырғасының ұзындығы-.., нашар сақталған қабырға дуалы солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған (8 сурет).

Екінші дуал қабырғасының солтүстік-батыс бөлігінен күйдірілген 4 қатар қаланған қыш кірпіштермен өрілген жері аршылды, шамасы кейінен жасалынған секілді. Күйдірілген қыш кірпіштердің өлшемдері 32,33х16х5 олардың түстері қызыл және қоңыр қызыл болып келеді (9 сурет).

Басқа бұл қазба 1 кешенінде еш нарсе байқалмады, аршу мен тазалау жұмыстары кезінде 1 монета табылды, диаметрі-3 см. қатты бұзылып эрозияға ұшыраған сонымен қатар ыдыс керамика сынықтарымен ұсақ-түйек, ірі қара мал сүйектері мен сынған күйдірілген қыш кірпіштердің қалдықтары кездесті.



Сурет-1. Кесік сызбасы.


Сурет-2. Қазбаға дейінгі оңтүстіктен көрінісі.

Сурет-3. Қазба1 солтүстік-батыстан көрінісі.


Сурет-4. Екінші қабырғадағы күйдірілген қыш кірпіш.




Сурет-5. Хум 1.




Сурет-6





II Зерттеу бөлімі

2015 ЖЫЛЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҮТІРТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

2015 жылы ортағасырлық Үтіртөбе қаласының тарихи-топографиясы зерттеліп, оның инструменттік жобасы түсірілді және шахристанда қазба жүргізілді.

Ортағасырлық қаланың инстументтік жобасын түсіру барысында оның тарихи-топографиялық құрылымының сақталған орталық бөлігі мен шаруашылық аймағының және қалалық зираттың 2015 жылғы қыркүйек айындағы көлемдері анықталды (сурет 2-3). Шаруашылық аймағындағы зерттеу жұмыстары ортағасырлық қаланы солтүстік, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыс жақтарынан қоршап жатқан Сорөзектің оң жағасында жүргізілді. Жүргізілген археологиялық барлаудың барысында шахристанның оңтүстік-шығыс қақпасына қарсы, Сорөзектің оң жағасынан басталған орташа ені 7-8 м, тереңдігі 1-2 м (оның ені кей жерінде 10-12 м, тереңдігі 1-1,5 м) канал (сурет 4), 0,5 км аралықта оңтүстік-батысқа, онан кейін оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа, шығысқа, солтүстік-шығысқа, солтүстікке бұрылғаны анықталды.

Ортағасырлық Үтіртөбеден 2 км солтүстікте Сырдария өзенінің осы күнгі арнасының сол жағасынан басталған канал кең, жазық алқап арқылы ағып отырып, шахристанның оңтүстік-шығыс қақпасының тұсында Сорөзекке келіп құйған. Ортағасырлық каналдан әртүрлі бағытта қазылған арықтардың ізі өше бастаған. XX ғасырда ортағасырлық каналдың бірқатар жері қайта қазылған.

Шахристанының жоғарғы қабатын зерттеу мақсатында 2014 жылы жүргізілген 8-қазбаға іргелес ( оған жақын ) 9-қазба салынды. Солтүстіктен оңтүстікке бағытталған қазба шахристанның су шайып бұзылған солтүстік-батыс жиегінен басталды, оның көлемі 17х19 м, қазбаны өсімдік қабатынан, шымнан тазартып 0,4-0,5 м тереңдікте қазған кезде алты бөлме ашыла бастады. Олардың пахсадан қаланған қабырғалары әлемнің төрт жағына қарай бағытталған (сурет 5-10)..

1-бөлме. Қазбаның солтүстік-батыс бұрышында орналасқан, төртбұрышты көлемі 3,7х 4 м. Бөлме 1,8 м тереңдікте қазылып онан екі құрылыс кезеңінің (жоғары және төменгі) қалдықтары ашылды. Жоғарғы құрылыс кезеңінің қабырғалары көлемі 0,7х 0,7 м пахса блоктарынан қаланған, сақталған биіктігі 0,4-0,7 м. Қазбаны жоғары нүктеден (ең биік жерінен) 0,7 м тереңдікте қазған кезде жоғарғы құрылыс кезеңінің едені ашылды. Еденің батыс бұрышында орналасқан есектен қаланған көлемі 1х1,2 м сұпаның үстінде тандырдың қалдығы сақталған. Оның биіктігі 0,4 м, түбіндегі аумағы 0,3м, қабырғасының қалыңдығы 3 см. Тандырдың ені 0,2 м, аузы шығыс жағында. Еденді пахса аралас бос топырақтан тазарту кезінде сұпадан 0,2 м шығыстан мыстан жасалған ыдыстың тұтқасы, бөлменің ортасынан бүтін сынапкөзе табылды. Ені 0,8 есік бөлменің шығыс қабырғасында, солтүстік-шығыс бұрышта орналасқан.

Жоғарғы құрылыс кезеңіндегі еденнің астында қалыңдығы 10-12 см қара түсті тапталған топырақ қабаты жатыр. Бөлменің ішін осы топырақ қабатынан және оның астында жатқан пахса аралас топырақ құландысынан тазартқан кезде, қазбаның жоғарғы нүктесінен 1,8 м тереңдіктен төменгі құрылыс кезеңінің едені ашылды. Бөлменің осы кезеңдегі қабырғалары 0,6-

1,1 м пахса блоктарынан қаланған. Шығыс және батыс қабырғаларының қалыңдығы 0,9-1 м ал солтүстік және оңтүстік қабырғаларының қалыңдығы 0,75 м, олардың сақталған биіктігі 1-1,1 м. Екі еденің аралығындағы пахса аралас құландыдан қыш ыдыстың, бояулы табақтың және шыны ыдыстардың сынықтары кездесті.

Төменгі құрылыс кезеңіндегі еденің үстінде шығыс қабырғадан 0,7 м, солтүстік қабырғадан 1,2 м жерде құмның сынығы тұр (сурет 11-13), оның ішін бос топырақтан тазарту кезінде бүтін дастархан, оның астынан құмның ернеуі мен тұтқасының сынықтары шықты, соған қарағанда дастархан мен құмның аузын жауып қойған болса керек. Батыс қабырғадан 1,2 м шығыстан еденінің үстінен жобасында таға тәрізді аузы солтүстік–шығысқа бағытталған жылжымалы ошақ ашылды (сурет 14). Бөлменің шығыс қабырғасының жиегінен бүтін сынапкөзе табылды.

2-бөлме. 1-бөлмемен қалыңдығы 1 м батыс қабырғасы ортақ 2-бөлменің көлемі 3,5 х 3,6 м. Бөлмені қазу кезінде жоғарғы және төменгі құрылыс кезеңіндерінің құрылыстары ашылды. Жоғарғы құрылыс кезеңіндегі бөлменің қабырғалары 0,5 м биіктікте сақталған, әсіресе шығыс, оңтүстік және батыс қабырғалар нашар сақталған, ал көлемі 0,5 х 0,5 м пахса блоктарынан қаланған солтүстік қабырға 0,7 м биіктікте сақталған.

Бөлменің оңтүстік жартысын алып жатқан көлемі 3,5 х 2,5 м сұпа пахсадан тұрғызылған, биіктігі 0,2 м. Бөлмені қазу кезінде қыш ыдыстардың және күйдірілген кесектердің сынықтары кездесті.

Төменгі құрылыс кезеңіндегі осы еденнің үстінде сұпаның жиегінен (солтүстік) 0,2 м, батыс қабырғадан 0,5 м жерде бүтін құм тұр (сурет 15). Құм арнайы қазылған аумағы 0,6 м шұңқырға орнатылған, шұңқырдың ішінде (құмның барлық жағында) оттың күлі жатыр. Жоғарғы кезеңнің құрылысын салу кезінде төменгі еденің үсті қалыңдығы 0,7 м тапталған топырақпен толтырылған. Топырақтың арасынан бөлменің солтүстік және шығыс бұрыштарнан қыш құмыраның, бояулы табақтың сынықтары табылды. Бөлменің ені 0,8 м есігі шығыс қабырғада, солтүстік-шығыс бұрышта орналасқан.

3-бөлме. 2-бөлмемен батыс қабырғасы мен ортақ 3-бөлме төртбұрышты, көлемі 3,2-3,5х6 м. Оның оңтүстік, шығыс қабырғалар нашар сақталған. Бөлменің оңтүстік қабырғасының жиегіндегі сұпаның ені 1,5 м. Бөлмеде екі есік бар, ені 0,9 м солтүстік-шығыс бұрыштағы есік 4-бөлмеге, ал шығыс қабырғаның орталағындағы ені 1,1 м есік 6- бөлмеге шыққан. Қазба кезінде бөлменің ішіндегі пахса аралас топырақтан қыш ыдыстардың ұсақ сынықтары кездесті.

4-бөлме. 3-бөлмемен оңтүстік қабырғасы мен ( қалыңдығы 0,7 м ) ортақ 4-бөлме төртбұрышты, көлемі 5 х 6,7 м. Қалыңдығы 0,7 м пахса қабырғалары 0,3-0,5 м биіктікте сақталған. Бөлменің солтүстік-шығыс қабырғалар қатты бұзылған. Бөлменің іші күл аралас бос топыраққа толы.

5-бөлме. 4 бөлмемен шығыс қабырғасы ортақ, онымен ені 0,8 м есік арқылы байланысып жатқан 5-бөлменің солтүстік-батыс бұрышын су шайып кеткен. Бөлменің пахсадан тұрғызылған батыс, оңтүстік және шығыс қабырғалары өте нашар сақьалған, биіктігі 0,3-0,4 м. Бөлменің оңтүстік қабырғасындағы ені 3,5 м, ұзындығы анықталған жоқ ( оның ашылған бөлігінің ұзындығы 5 м ). Бөлмені қазу кезінде оның оңтүстік бөлігінен бояусыз, бояулы ыдыстардың және шыны ыдыстың сынығы табылды.

6-бөлме. 3-бөлмемен ені 0,9 м батыс қабырғасы ортақ, онымен ені 1,1 м есік арқылы байланысып жатқан 6-бөлме 0,2-0,3 м тереңдікте қазылды. Бөлменің пахса қабырғалары 0,15-0,2 м биіктікте сақталған. Ені 4,5 м бөлменің ашылған ұзындығы 5 м.

7-бөлме ( дәліз ). Қазбаның оңтүстік жағындағы 2-және 3-бөлмелері мен солтүстік қабырғасы ортақ, батыстан шығысқа қарай созылып жатқан дәліздің сақталған ұзындығы 5,9 м, ені 0,8 м. Оның пахса блоктарынан қаланған қабырғалары 0,5-0,6 м биіктікте сақатлған. Дәліздің шығыс қабырғасының түбінен ашылған ошақтың аумағы 0,5 м, тереңдігі 0,4 м. Ошақтың ішінде күл, жанған ағаштың қалдығы аралас топырақ жатыр. Батыс жағы бұзылып кеткен оңтүстік қабырғаның батыс шетінен (үстінен) ошақ ашылды. Жобасында төртбұрышты ошақтың солтүстік-батыс жағындағы түтін шығатын (жүретін), арнайы жасалған каналдың ұзындығы 0,4 м, ені 7 см, тереңдігі 3 см, оның үстіңгі жағы бұзылып кеткен. Дәліздің батыс шетінде (оңтүстік қабырғаның батыс шетінде ) еденің үстінде үлкен құмның сынығы жатыр.

Шахристанда 2015 жылы жүргізілген 9-қазбадан ашылған бөлмелерден табылған археологиялық заттардың қатарында бояулы, бояусыз қыш ыдыстар, шыны ыдыстардың ұсақ сынықтары, металлдан жасалған заттардың қатты тотыққан қалдықтары табылды (сурет 16).

1. Жылжымалы ошақ. Төрт бұрышты көлемі 30 х 30 см ошақтың сақталған биіктігі 10 см. Ошақтың ортасындағы шеңбер тәрізді тесіктің аумағы 24 см. Ошақтың қабырғасының орташа қалыңдығы 5 см, оның бұрыштарында, қабырғадан сыртқа шығып тұрған, үстіңгі жиегінен 4 см төмен қолмен қысылып жасалған түйіндері бар. Ошақтың екі жақ қырының сыртында жарты шеңбер тәрізді аумағы 6 см, тереңдігі 4 см ойықшасы бар. Ошақтың құрамында ірі тас, құм араласқан, сапсыз күйдірілген.

2. Таға тәрізді жылжымалы ошақ. Ошақ құрамына шамот, ұсақ тас араласқан қара түсті қоспадан жасалып, біркелкі күйдірілген. Оның аумағы сыртында 0,55-0,6 м, ішінде 0,3-0,35 м. Аузының ені 0,16 м, оның екі жағындағы қабырғалары үшбұрышталып жасалған. Ошақтың жалпы биіктігі (оның үстіндегі ені 8 см белдемшесі бойынша) 0,15 м. Осы белдемшенің үстінде ошақтың ауызының екі жағында үштен және артқы (аузына қарама-қарсы) жағындағы аумағы 8 см ойықшада (тереңдігі 3 см) қатты затпен батырып сызған екі үшбұрышты сызықшалары бар. Жарты ғасырдан бері ыза жерде тұрған ошақ бұзыла бастаған, әсіресе оның аузымен оның оң жағындағы қабырғасы қатты зақымданған (сурет 16, 2).

3. Қыш кесектер. Олардың үш түрі кездеседі. 32 х 16 х 5 см; 25 х 17 х 4 см; 27 х 14 х 4,5 см.

4. Бояулы қыш кесектер. Олардың тек сынықтары ғана кездесті. Ұзындығы белгісіз, ені 16 см , қалыңдығы 4 см. Осы үлгідегі бір кесектің барлық жағы қызыл түсті бояумен боялған. Ал екінші кесектің беті толық, қырлары ішінара бояалған.

5. Қыш ауыртплық. Көлемі 3-4 см қалыңдығы 2 см ауыртпалық сапалы қоспадан жасалған, жақсы күйдірілген, оның ортасындағы тесіктің аумағы 1 см, тереңдігі 4 см.

6. Ауыртпалық тас. Ауырпалықтың ұзындығы 7,5 см, ені 3,5 см, ортасы жіп байлауға ыңғайлы етіп жасалған.

7. Ұршықбас. Аумағы 9 см, қалыңдығы 1,6 см ұршықбас құрамында ұсақ құм аралас қоспадан жасалып жақсы күйдірілген, ортасындағы тесіктің аумағы 1 см.

8. Целиндр тәрізді тұғырдың сынығы. Тұғырдың жалпы биіктігі 12 см, оның төменгі жағы жуандау болып келген, аумағы 6,5- 7 см, ал онан жоғарағы жағындағы целиндр тәрізді бөлігінің биіктігі 8 см, аумағы 6 см, тұғырдың жартысы сақталған.

9. Тұтқаның сынығы. Тұтқаның сынығының биіктігі 11 см, ол құрамын ұсақ тас аралас қара-қошқыл түсті қоспадан жасалға. Аумағы сынған жерінде 5,2 см, үстінде 3 см тұтқаның конус тәрізді бөлігінде қатты затпен батырып салған сызықтары бар. Оның жоғарағы жағы тоғыз қырлы етіп жасалған. Тұтқаның ішіндегі тесіктің аумағы 2,2 см, тереңдігі 5,5 см.

10. Дастархан. Дастарханның аумағы 80 см, қалыңдығы 2-3 см. Оның беті тегіс , сыртындағы жиектемесінің ені 6 см биіктігі 3 см. Дастарханның сыртында жиектемеден 4 см жердегі аяғының биіктігі 5 см. Оның сырқы бетінде қатты затпен батырып салған аумағы 9 см келетін бір үлгідегі үш штампты өрнегі бар.

11. Дастархан. Аумағы 40 см қалыңдығы 2- 2.5 см беті тегіс. Дастарханның сыртындағы жиектемесінің ені 6 см, биіктігі 3 см, бетінде қатты затпен батырып салған бір үлгідегі штампты өрнегі бар.

12. Қақпақ. Аумағы 22 см қақапақ сыртқа қарай 3,5 см иілген. Қақапақтың сыртындағы саңырауқұлақ тәрізді тұтқаның үстінде шексіздік өрнегі бар. Қақпақтың сыртында жиегінен 0,5-0,6 см аралықта қатты затпен батырып салған шалқасынан жатқан жарты ай тәрізді штампты өрнекткері бар. Қақпақ ұсақ құм араласқан саплы қоспадан жасалған, жақсы күйдірілген.

13. Қақпақ. Аумағы 11 см қақапақ құрамында ұсақ тас, құм аралас қоспадан жасалған, саплы күйдірілген оның бетңндегі ілгек тәрізді тұтқасы сынған. Тұтқаның қақпаққа жапсырылған жерінде, қапақтың жиегінде қатты затпен батырып салған сызықшалар бар. Оның жиегінің сыртын от шарпыған.

11. Тұтқаның сынығы. Тұтқаның сынығының биіктігі 11 см ол құрамында ұсақ тас аралас қара қошқыл түсті қоспадан жасалға. Аумағы сынған жерінде 5,2 см, үстінде 3 см тұтқаның конус тәрізді бөлігінде қатты затпен батырып салған сызықтары бар. Оның жоғарағы жағы тоғыз қырлы етіп жасалған. Тұтқаның ішіндегі тесіктің аумағы 2,2 см тереңдігі 5,5 см.

12. Целиндр тәрізді тұғырдың сынығы. Тұғырдың жалпы биіктігі 12 см, оның төменгі жағы жуандау болып келген аумағы 6,5- 7 см ал жоғарағы жағындағы целиндр тәрізді бөлігінің биіктігі 8 см, аумағы 6 см, тұғырдың жартысы сақталған.

13. Қақпақ. Аумағы 11 см қақапақ құрамында ұсақ тас, құм аралас қоспадан жасалған, саплы күйдірілген оның бетіндегі ілгек тәрізді тұтқасы сынған. Тұтқаның қақпаққа жапсырылған жерінде, жиегінде қатты затпен батырып салған сызықшалар бар, жиегін от шарпыған.

14. Сынапкөзе. Сынапкөзенің биіктігі 10,5 см, бүйіріндегі аумағы 8 см түбі үшкірленіп келген. Мойнының биіктігі 1,5 см. Аузындағы тесігінің аумағы 0,8 см. Ыдыстың бүйірінде иығынан 1 см төмен 3 рет қайталанған сыртқы шеңбердің аумағы 5 см, ішкі шеңбердің аумағы 2 см.

15 Сынапкөзе. Биіктігі 10,5 см, бүйіріндегі аумағы 8 см, мойынының биіктігі 1,5 см түбі үшкірленіп келген, ернеуі 0,9 см. Ыдысытың иығында 3 қатар сызығы бар, иық пен мойнының аралығында 3 рет қайталанған өсімдік үлгісіндегі өрнегі бар.

16. Құм (2 бөлмеден табылған). Ернеуіндегі аумағы 29,5 см құмның биіктігі 65 см, түбіндегі аумағы 25 см. Құм құрамында ірі құм, майда тас араласқан сапалы қоспадан жасалып, жақсы күйдірілген. Құмның сыртында иығынан төмен қарай аққан қызғылт-қоңыр түсті бояу іздері сақталған.

17. Құм. Сыртқы қайырылған ернеуінің аумағы 31 см, оның үстіндегі алаңның ені 4 см. Құмның биіктігі 1 м, оның төңкерілген конус тәрізді мойнының, биіктігі 14 см, иығынығдағы (иығының шығыңқы жерінің) аумағы 70 см, түбіндегі аумағы 28 см Сыртқы қайырылған ернеуінің жиегінде саусақпен басып салған өрнегі бар.

18. Тұтқалы құм. Қақпақ жабуға арналған құмның ернеуіндегі аумағы 25 см, оның үсті сәл доғалдау болып келген, алаңының ені 4 см. Құмның бүйіріндегі (ең шығыңқы жері) аумағы 75 см, түбіндегі аумағы 33 см, биіктігі 91 см. Құмның сыртқа қайырыған жиегінде саусақпен батырып салынған өрнек бар. Құмның сыртында иегінен 3 см төмен ілгек тәрізді тұтқасы бар, оның төменгі жағы ыдыстың иығына жапсырылған. Тұтқаның ені 6 см, қалыңдығы 1,5 см, ортасында саусақпен батырып салынған із сақталған.

19 Сырлы бояулы ыдыстар. Целиндр тәрізді ыдыс. Ыдыстың аумағы 16 см, қабырғасының қалыңдығы 0,6-1,5 см, сақталған биіктігі 9 см. Ыдыс ұсақ құм аралас сапалы қоспадан жасалған, бір келкі күйдірілген қызғылт түсті. Ыдыстың сыртында геометриялық, өсімдік тәрізді өрнектер қара, қоңыр, ақ, жасыл бояулармен қызыл түсті бояудың бетіне салынып, оның бетіне түссіз глазур жағылған.

20. Сырлы бяулы табақ. Ернеуіндегі аумағы 28 см, түбінде 13 см табақ өте сапалы қоспадан жасалып бір келкі күйдірілген, түсі қызғылт, қабырғаларының қалыңдығы 0,4-0,8 см, ыдыстың іші, сырты ақ түсті ангобпен көмкерілген. Ыдыстың ішкі жағында ернуінде 3 қатар жасыл, бір қатар қоңыр сызық бар. Үстіңгі 2- және 3-сызықтардың ортасындағы ені 1,2 см ашық жерге қызыл, қоңыр және жасыл түсті бояу жағып өрнектелген. Ыдыстың іші сыртына түссіз глазур жағылған.

21. Сырлы бяулы табақ. Аумағы 28 см, сырлы бояулы табақтың биіктігі 3 см, сапалы қоспадан жасалып бір келкі күйдірілген түсі қызғылт. Оның ішкі жағында түбі ернеуімен аралығында қоңыр, жасыл, ақ түсті бояумен ақ ангобтың бетіне салынған ою-өрнектері бар. Ыдыстың іші толық, сырты 3 см аралықта түссіз ангобпен көмкерілген.

22. Сырлы бояулы табақ. Ернеуіндегі аумағы 30 см, келетін қабырғасының қалыңдығы 0,5 см табақ сапалы қоспадан жасалып бір келкі күйдірілген. Ыдыстың іші- сыртына ақ түсті ангоб жағылған, оның ішкі жағында ернеуінен 1 см төмен қоңыр сызықтардың арасында қара-қоңыр түсті бояумен салынған сызықты өрнктері бар. Ыдыстың іші-сырты түссіз глазурмен өрнектелген.

23. Табақтың түбі. Қабырғасының қалыңдығы 0,3-0,5 см табақтың түбінің аумағы 9,5 см. Ыдыстың іші – сыртына ақ түсті ангоб жағылған, ішінде қоңыр бояумен салынған розеткасы бар. Ыдыстың ішіне толық, сыртында түбіне дейнгі аралықта түссіз глазур жағылған.

24. Табақтың түбі. Қабығасының қалыңдығы 0,5 см табақтың түбіндегі аумағы 8,5 см. Оның іші – сыртына ақ түсті ангоб жағылған, ішіне қара – қоңыр түсті бояумен гүл бумасының түп жағы салынып оның үстіне глазур жағылған.

25. Шырығданның тұтқасы. Шырағданның биіктігі 3,5 см, тұтқа ақ түсті ангобпен көмкеріліп, оның үстіне қоңыр бояумен сызықшалар салынып түссіз глазур жағылған.

26. Шырағданның тұтқасы. Жапырақ тәрізді болып келген тұтқа толық ашық- қоңыр түсті, бетіндегі қошқар мүйізді өрнекке түссіз глазур жағылған.

27. Дастархан. Аумағы 40 см дастарханның беті тегіс, сырт жағындағы ішіне қарай иілген жиектеменің биіктігі 3 см, оның жиегінде саусақпен басып салған іздер бар. Дастарханның ортасындағы аяғының аумағы 22 см, биіктігі 8 см, оның жиегінде саусақпен батырып салынған іздер бар. Жиек пен табанның аралығында жарты шеңбер тәрізді 2 қатар сызықтары бар қақпақтың қалыңдығы 2 см, ол құрамында ұсақ тас, құм аралас қоспадан жасалған, сапалы күйдірілген.

2015 жылы ортағасырлық Үтіртөбе қаласында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарына «Сырдария» университетінің ректоры С.С. Дайырбеков, Гуманитарлық факультеттің деканы, Отан және Шетел тарихы кафедрасының оқытушы-профессорлары келіп қазбаның барысымен танысты.





















III ҚОРЫТЫНДЫ


Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының шахристанының су шайып бұзылып жатқан бөлігінде және шаруашылық аймағында жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында келесі нәтижелер алынды:

- ортағасырлық қаланың тарихи-топографиялық құрылымның инструменттік жобасы түсірілді;

- ортағасырлық қаланың сақталған бөліктерінің көлемі анықталып олардың қазіргі жағдай анықталды;

- шахристанда жүргізілген қазбаның барысында әр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған бөлмелер ашылып, олардың құрылыс кезеңдері анықталды;

- қазба кезінде ашылған бөлмелердің жоғарғы және төменгі құрылыс кезеңдеріндегі ерекшеліктері анықтала бастады;

-шаруашылық аймағында жүргізілген зерттеудің барысында ортағасырлық « Сортобе каналының » бағыты, ұзындығы, басталған жері анықталды;

Шардара су қоймасы шайып, бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласының тарихи – топографиялық құрылымының осы күнгі көлемі анықталды. Зерттеу жұмыстарының алға қойылған ескерткіштердің қазіргі күнгі жобасын анықтау, олардың бұзылып жатқан бөліктерінде қазба жұмыстары толық іске асырылды. Зерттеу кезінде алынған заттай деректер камералдық өңдеуден өткізілді. Түркістан облысы көлемінде табиғи апаттан, жүргізілген шаруашылық жұмыстарының барысында бұзылып жатқан ескерткіштерде ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтанда бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласында басталған ғылыми – зерттеу жұмыстарының маңызы зор және ол жалғастыруды қажет етеді.


















ҰСЫНЫСТАР


Жобаның нәтижесін пайдалану жөніндегі ұсыныстар:

- ортағасырлық Үтіртөбе қаласының бұзылып жатқан бөліктеріндегі және шаруашылық аймағындағы зерттеу жұмыстарын онан әрі жалғастыру қажет;

- ортағасырлық Үтіртөбе қаласын еліміздегі белгілі университеттердің студенттері археологиялық практика өтетін базаға айналдырса дұрыс болар еді;

- ортағасырлық Үтіртөбе қаласының қорғау аймағын белгілеп оны жергілікті маңызы бар ескерткіштердің тізіміне енгізу бағытында жүзеге асыру қажет;

- зерттеу жұмыстарын Мақтарал ауданы көлеміндегі жұмыстары аудан әкімшілігмен бірге жүргізіп осы тарихи географиялық ауданың тарихи мәдени ескерткіштерінің тізімін жасап, олардың жинағын баспаға даярлау мақсатында жұмыстар жүргізу керек;

- жүргізілген зерттеулер кезінде алынған нәтижелерді ғылыми айналымға енгізу үшін мақалалар жазып, республикалық, халықаралық конференцияларда баяндама жасау қажет;

-алынған нәтижелерді университет студенттеріне лекция оқу, семинар өткізу кезінде кеңінен пайдалану керек;

- табылған заттай деректерді өңдеп, қайта қалпына келтіріп университет музейінің қорын толықтыруға пайдаланып, көрме жасау керек;

-Үтіртөбе қаласын таяудағы жылдарда толық Шардара су қоймасы шайып кетуі мүмкін екендігін ескере отырып, оны 2011 жыл бастап Республикалық «Мәдени мұра» стратегиялық бағдарламасы бойынша зерттелетін ескерткіштердің қатарына енгізу керек.

- ортағасырлық Үтіртөбе қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректерді жинақтап өңдеп, сараптап жазылған « Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы » атты монографиялық еңбекті баспадан шығару керек.














ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



1. Мерщиев, М.С. К вопросу о генезисе оседлых поселений (на материалах городище Актобе 1) // Известия АН КазССР. Серия ощественнных наук. 1965. С. 66-80.

2. Буряков, Ю.Ф., Ростовцев, О.М. Работы в Ташкентсой области // Археологические открытия 1971 года. – М., 1972. С.523-524.

3. Буряков, Ю.Ф. Историческая топография древних городов Ташкенсткого оазиса (историко-археологический очерк Чача и Илака). – Ташкент: издательство «ФАН» Узбекской ССР, 1975. С.51.

4. Сырдария археологиялық экспедициясының 2004 жылғы Мақтарал ауданындағы Үтіртөбе қаласында жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есебі. – Жетісай, 2005 // Сырдария университетінің архиві

5. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы / Ғылыми – зерттеу жобаның 2009 жылғы (аралық) есебі. – Жетісай - Алматы, 2009. – 37 б.

6. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы / Ғылыми – зерттеу жобаның 2010 жылғы (аралық) есебі. – Жетісай - Алматы, 2010. – 42 б.

7. Руднев А.О. Заброшенный уголок // Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии, год V.– Ташкент, 1900.-С.57-62.

8. Кастанье И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. 2–е изд.– Алматы: ----Дайк Пресс, 2007.– 516 с.+ 1 с. вкл.

9. Голодная степь в ее прошлом и настоящем // Материалы исследования к проекту орошения Голодной и Дальверзинской степей. Статистико- экономический очерк ( по исследоанию 1914 г. ) / Составитель В.Ф. Караваев.– Выпуск 1.– Петроград, 1914.–218 с.

10. Бартольд В.В. В.Ф. Караваев Голодная степь в ее прошлом и настоящем. Статистика-экономический очерк (по исследованию 1914 г. ).– Петроград, 1914.–218 с. // Сочинения. Том ІІІ.– Москва: Изд. Наука, 1965.- С.301-306.
















Аннотация


Өзектілігі. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы Шардара суқоймасы шайып бұзылып жатқан ескерткіш. Қаланың тарихи-топографиялық құрылымы қатты бұзылған, сондықтан осы ескерткіштің бұзылып жатқан бөлігінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың өмір сүрген уақытын анықтау өзекті болып табылады.

Зерттеудің жаңалығы. Жүргізілетін зерттеудің басты жаңалығы сол Біз Шардара суқоймасы шайып және шаруашылық жұмыстарына байланысты бұзылып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізгелі отырмыз. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде осы ескерткіштің өмір сүрген уақыты анықталып, қалаға қатысты жаңа деректерге қол жетеді.

Ескерткіштің зерттелу деңгейі. Шардара суқоймасы шайып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласында 1971 жылы Ю.Ф. Буряков, 2004 жылы М. Қасенов әртүрлі көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2009-2010 жылдары Үтіртөбенің тарихи-топографиялық құрылымы зерттелді. Ескерткіштің тарихи-топографиялық құрылымын, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүрген уақыты жайлы толық мәлімет берген жоқ.

Табиға апаттан және шарушылық жұмыстарының барысында бұзылып жатқан бұл ескерткіштің тарихи-топографиялық құрылымы қатты өзгерген. Сондықтан да бұл қалада тез арада зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етіп тұр.

Зерттеу нысаны. Шардара суқоймасы шайып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты Шардара суқоймасы шайып жатқан ортағасырлық Үтіртөбе қаласының бұзылып жатқан бөлігіне қазба жұмыстарын жүргізіп, қаланың өмір сүрген уақытын анықтау, осы ескерткіштің тарихына қатысты жаңа деректер алу.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында топографиялық түсіріс, археологиялық қазба және тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылады.

Алынған нәтижелер. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласында жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анақтыланып, шахрситанның су шайып жатқан бөлігінен ХІ-ХІІ ғасырлар кезіндегі 3 бөлме ашылды.

Зерттеудің ғылыми тәжірибелік маңызы. Шардара суқоймасы шайып бұзылып жатқан Үтіртөбе қаласының тарихи-топографиялық құрылымы зерттеліп, оның қазіргі сақталған көлемі анықталды; шахристанда жүргізілген қазбаның барысында ХІ-ХІІ ғасырлар кезіндегі бөлмелер ашылды.

Бұзылып жатқан бұл ескерткішті зерттеу жұмыстарын алдағы жылдарда кең көлемде жалғастырып, ескерткішті сақтау қорғау және зерттеу барысында ашылған құрылыстарды бекіту жұмыстары жүргізілсе, оларды келешекте туристік нысандардың қатарына қосуға мумкіндік болар еді.











15


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі