жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми жұмыс "Абай шығармаларына философиялық көзқарас"
Абай шығармаларына философиялық көзқарас
Абай атасынан кемеңгер боп жаратылып, әжесінен дана боп, еліне пана боп, өз заманынан ойы озық туған ғұлама, халқының мұңшысы, ұлы ақыны. Қазақ үшін дертті болған, сол дертінен айыға алмай кеткен жан жарасы жазылмай кеткен, кеудесі қайғы мен қасіретке толы қазақ тарихындағы ең ірі трагедиялық тұлға, өз ұлтын өркендеген өнегелі елдің қатарында көруді көксеген ойшыл.
Абай шығармашылығы – әдебиеттің мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс.Абай табиғатынан ақын болып туғанымен, жас кезінде өлең шығарумен еркін айналыса алмайды.Заман ағымына,халықтың ұғымына қарай Құнанбайдай кемеңгер әкенің Абайдан күткені басқа еді.Билік үшін арпалысып өткен дала көкжалы Абайды ел тізгінін ұстауға баулыды.Құнанбайдай әкенің ырқынан шығып, ақындық әлемге қанат қағу жас Абайға оңай болған жоқ.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Абайдың жас кезіндегі өлеңдері досы Көкбайдың атынан жарияланады.Тек 1886 жылы, қырық жастан асқан соң, "Жаз" деген атақты өлеңі шыққаннан кейін ғана шығармаларына өз атын қосады.Абай бар болғаны 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз, 1 мақала жазған кісі екен ("Қазақтың шығу тегі туралы").Абай өлеңдерін оқу, оның қадір-қасиетін сезіну, асыл ойларын зердеге сақтау ынтасы да, ықыласы да біріде бұрынғыдай емес.Мұны күнделікті тіршілікте әр отбасынан көріп жүрміз.Теледидар,басқа ақпараттар толқыны, батыстық экспансия жас ұрақты бауырымыздан, ұлттық әдебиеттен, ұлттық өнерден, ұлттық музыкадан бөліп алып барады.Бұл,шынында да, қорқынышты жағдай.
Қартайдық, қайғы ойладың, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,
дегенде Абай осы сұмдықты сезген бе деп ойлайсың.Сондықтан да мынау қиын да күрделі заманда етек-жеңімізді, есімізді жисақ керек.Осы үшін де бізге Абай керек. Абай өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жеткіншіктеріміздің бойына сіңірудің тура жолын іздестіруіміз керек.Абай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, кейінгіге өнеге-білім бермек үшін жазды.
Абайды алғаш танып, терең түсінгендер, ақын сөздерінің кейінгі ұрпаққа аман-есен жетуіне арпалысып еңбек еткендер – Алаш арыстары. 1909 жылы Абай өлеңдерінен Кәкітай жинаған қолжазбасының Петербургда шығуына Әлихан Бөкейханов атсалысты.Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақтың бас ақыны" деп мақала жазды.
Абай Құнанбайұлы өзінің қара сөздерінде, поэмаларында және өлеңдерінде жастарды тәрбиелеуге көп тоқталды.Қарасөздері өлеңдерін толықтырып жан беріп отырды.Абайдың "Ескендір" поэмасы адамгершілікті сипаттап жазса,ғылым туралы "Ғылым таппай мақтанба","Жасымда ғылым бар деп ескермедім" және т.б. өлеңдері ғылымға, білімге, жастарды шақыруда болды.Абай - ұлы тұлға,маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүниежүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық.Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы,әсіресе,жастарды еңбекке баулу.Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы,ұлттың ерекшелігі,салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады.Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі деп санады.Жастарды еңбекке шақырды.Оған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады:
Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ,
Сырын түзер біреу жоқ,сыртын түзеп,
Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.
Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды."Тек еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді,білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді", - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.Еңбек Абайша айтсақ - өнер.Жастардың еңбек тәрбиесі,сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың, бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігіне айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында.Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі.Басқалары ақыл-ой, патриоттық, эстетикалық, экологиялық және экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екенін дәлелдеп берді.Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін, бұлағын еңбектен іздеді.Ақын пікірінше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді,баулиды, жетелейді.Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны,дария көлі,мұхиты.Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді.Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі морльдық принцип ретінде поэзиялық - тәрбиеліктуындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға
Әділет,шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысы
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын,артың - мұз,
Барар едің қай жаққа?
дейді ақын "Әсемпаз болма әрнеге" деп басталатын өлеңінде.Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды,білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды.Не нәрсеге болсын ақыл - таразы,дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген