400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс. Ата-әжемнің ерлігі бізге үлгі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Ұлы Отан соғысы туралы мәлімет алуға қолайлы. Мектеп мұғалімдері және оқушыларына көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АТА - ӘЖЕМНІҢ ЕРЛІГІ БІЗГЕ ҮЛГІ!







Султанмурат Назирям Дилмурат қызы Дардамты орта мектебінің

7-сынып оқушысы

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы

Дардамты ауылы

r.guzel.s@mail.ru


Ражапова Гузеля Султанмуратқызы А.Розыбақиев атындағы

№153 мектеп-гимназияның

тарих пән мұғалімі Алматы қаласы

r.guzel.s@mail.ru





АТА - ӘЖЕМНІҢ ЕРЛІГІ БІЗГЕ ҮЛГІ!

«Мәңгілік даңқ»: менің отбасымның тарихы – менің елімнің тарихы».

Отан. Бұл сөздің түбінде әр бірімізге әке, шеше, ата-әже, дүниеге жаңа өмір берген адамдар тұрады ой келеді. Жас өспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеу күрделі және ұзақ үрдіс. Жақын адамдарға, өз қаласына, Отанына болған махаббат жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуына үлкен рөл атқарады. Патриотизмға тәрбиелеудің проблемасы - ол өз Отанының тарихына және отбасы құндылықтарын жалғастыру. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу патриотизм терминімен тікелей байланысты. Патриотизм термині латин тілінен алынған сөз «patria» (Отан). Барлық әдебиеттерде кездескен анықталамаларда: Отанға болған махаббатты, өткен тарихы мен қазіргі уақытқа болған мақтанышы, Отандың келешегіне болған қызығушылығын, Отан алдындағы міндетін сезінетіндігін, халқына болған махаббатын, өз халқының мәдениетіне болған қызығушылығын, халық және Отан үшін еңбек ету және күресуды, басқа ұлттарды және елдерді, олардың ұлттық әдет-ғұрпын құрметтеуді білдіреді.[1] Патриотизм адамдардың іс-әрекетінен көрінеді. Бала кезінен «Кіші Отанына» болған махабаттынан, өскен сайын Отанға болған махаббатқа дейін өседі. Патриотизм сезімі әр тұлғада қалыптасуы керек. Патриот болып туылмайды. Патриот әр отбасында, адамдар ортасында, Отанда қалыптасады. Бүгінгі жұмысым Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналады. Ұлы Отан соғысында еліміздің азаматтары өздерің отаншылдық рухының қаншалықты жоғары екендігін көрсетті. Олардың ерлігі бізге үлгі болмақ. Жер бетінде күн сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері аздап барады, олар тарихқа кетіп жатыр. Біздің жадымызда олардың біз үшін, Отан үшін жасаған ерлігі сақталады.[3]

Бұл жұмыста мен өзімдің соғыс ардагері болған үлкен атам Талипов Режап Худавадиұлы мен еңбек ардагері үлкен әжем Бавдинова Гулжаһрам Бавдунқызы туралы жаздым. Үлкен атам Отанын қорғау үшін майданға аттанса, әжем еңбек жасап, майданға азық түлік жіберген. Атам мен әжемдің ерлігі «Мәңгілік даңқ» отбасымның тарихы, еліміздің тарихы. Мақала жазу барысында ардагер атамдың және еңбекқор әжемдің мұрағат материалдарын зерттеу, Режап атам мен Гулжалхан әжемді таныйтын адамдармен сұхбатдасу және медаль, ордендерді пайдалану арқылы жаздым. Менің атам Талипов Режап 1910 жылы 1-қаңтар күні Алматы облысы, ұйғыр ауданы, көне Дардамты ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 7 жасқа келгенде әкесі Худавади және шешесі Допинсаханнан айырылып қалады. Жетім қалғаннан кейін әркімнің есігінде жүріп, жетімдіктің дәмім тартып өседі. 1926-1927 жылдары алғашқылардан комсомол ячейкасына мүше болады. 1932 жылы Талипова Гулжарханмен, яғни үлкен әжеммен отбасылық болады. Үлкен әжем Талипова Гулжархан Бавдун қызы 1910 жылы 1 қаңтарда көне Дардамты ауылында дүниеге келген.Әкесі Бавдун мен шешесі Йүксарханның қолында тәрбиеленген. Үлкен атам мен үлкен әжем 2 ұл, 1 қыз сүйеді. Үлкен атам мен үлкен әжем ,Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін егін шаруышылығымен айналысады. Ұлы Отан соғысы басталғанда Үлкен атам қолына қару алып, соғысқа – Отанды қорғау үшін 1941 жылдың соңы мен 1942 жылдың бастарында аттанады. Ал үлкен әжем арқа шектегі жұмыс, яғни «Жаңа Талап» колхозында әр түрлі ауыр жұмыстарды атқарады. Үлкен әжем колхозда ауыр жұмыс атқарып, 3 баласын асырап жатқанда, Талипов Режап атам алғашқы әскери дайындықтан өткеннен кейін, Смоленк қаласына жіберіледі. Ол жерде «Лыжный батальон» барлаушылар тобында қызмет атқарады. 1942 жылдың аяғында Смоленкстегі қахарлы соғыстардың бірінде сол аяғынан ауыл жараланады және дала госпиталынде жатып емделеді. 1943 жылы оны Брянк қаласына жібереді, сол жердегі соғыстарыдың бірінде оң

аяғы мен оң жақ иығынан ауыр жараланады. 6 ай госпитальда емделгеннен кейін, ауыр жарақаты үшін өз ауылына қайтарылады. Ауылына оралған соғыс ардагері үлкен әжеммен бірге Сведлов колхозында, Шарын ауылының мал шаруашылығымен айналысады. 1958 жылы өздері туылған ауылына көшіп келіп, әр салада жұмыс істейді. 1975 жылы үлкен атам Режап зейнеткерлікке шығады. Оның соғыс жылдары көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы» І дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Германия-Фашимзге қарсы күресте ерлігі үшін», Ұлы Отан соғысының 20,30,40 жылдығы медальдары және басқа көптеген медальдармен марапатталады. (қосымша) Ал үлкен әжем Гулжархандың арқа шектегі жұмысы бағаланып «За долголетний добросовестный труд» медалы, Ұлы Отан соғысының 20, 30 жылдығы медальдарымен марапатталады. (қосымша)

1986 жылы 15 қаңтар күні Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері менің еңбеқор үлкен әжем, ал 1991 жылы 18 қазан күні Ұлы Отан соғысының ардагері, менің батыр үлкен атам дүниеден озды.

Үлкен атам мен үлкен әжемдің ерліктері туралы бізге атам көп айтып беретін. 9 мамыр Жеңіс күні жақындағанда үлкен әкемдің басына барып, тазалап, гүл шоқтарын қоятынбыз. Ал қазір 9 мамыр жақындағанда әкем үлкен атам мен үлкен әжемдің басына барып тазалап, гүл шоқтарын қойып, бізге олардың ерліктері туралы әңгіме айтып береді. Жеңіс күні жақындағанда теледидардан соғыс кезіндегі кинолар басталған кезде әжем үлкен атам туралы: «Егер үлкен атам болса, қазір барлығымызды тызып отырғызып мына киноларды көрсететін еді, еш бір адамға сөйлеуге рұқсат жоқ еді» дейді. Атамда, әкемде үлкен атамдың ерлігін, үлкен әжемді еңбегін ұмытқан жоқ. Олар туралы бізге әңгімелеп беру арқылы, бізде олардың ерліктерін ұмытпаймыз. Біздің осындай бақытты өмір сұруіміз үшін олардың еңбегі зор. Менде өз кезегімде үлкен атам мен үлкен әжемдің ерліктері туралы

достарыма баяндап беремін. Сонымен қатар әр жылы мектепте өткізілетін «Мәңгілі даңқ» акциясын ардагер атамның суретімен қатысамын. Мен өзімдің батыр Режап және еңбекқор Гулжархан әжемдің шөбересі екендігімен мақтанамын. Осы мақаланы жазу арқылы мен үлкен атам мен үлкен әжемнің ерлігі, еңбекқорлығы туралы толық білдім. Көп адамдармен әңгімелестім. Бірақ осындай тұлғалардың аты өшпестігі және жастарға үлгі болуы үшін, не өздерінің туылып өскен ауылында, немесе соғыс жылдары үлкен атам соғысқан Смоленск, Бряновск қалаларында не көшенің аты, не бір орта мектеп, не болмаса бір клубтарға есімдері берілмегендігі өкінішті. Егер осындай тарихи тұлғалардың аттары жандандырылса, жасөспірімдердің патриоттық тәрбие алуына, өз отбасының құндылықтарына болған құрметіннің артуына үлкен септігін тигізетін еді. «Мәңгілік даңқ» акциясы бойынша А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларынан сауалнама алдым. Сауалнамаға 120 оқушы қатысты. Сұрақнамада «Аталарының ерліктерін білесіндерме?» , «Мәңгілік даңқ»акциясына қатысасыңдарма?» деген сұрақтар қойылды. 15 оқушыдың атасы соғыс ардагері екендігі, ал 120 оқушы соғыс ардагерлерін таныйтындығын анықталды. Бұл оқушылар ардагерлерді танығандығымен, олардың нақты қай жерледі соғыстарға қатынасқандығын білмейді екен және «Мәңгілік даңқ» акциясына тек 12 оқушының қатысатындығы анықталды. Бұл алынған сауалнама бойынша оқушылардың «Мәңгілік даңқ» акциясына аз қатысатындығын білуге болады. Ол үшін «Мәңгілік даңқ» акциясы менің отбасымның тарихы – менің елімнің тарихы» атты іс-шараларды көптеп өткізу керек. Бұл оқушылардың ардагерлердің, өздерінің аталарының ерліктеріне қызығушылықтың төмендігін, отбасында патриоттық және мәдени тәрбиенің төмендігін, отбасылық құндылықтың қадірін жоғары дәрежеде білмейтіндігін көрсетеді.

  1. «Мәңгілік даңқ» акциясын ұйымдастыру оқушыларда патриоттық сезімді күшейтеді. Бүгінгі күнде қоғамда «Мәңгілік даңқ» акциясына қызығушылық көбейіп жатыр. Қорытындылай келе «Мәңгілік даңқ» ол еліміздің мақсатынышы. «Мәңгілік даңқ» акциясын ұйымдастыру жасөспірімдерді отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Сонымен қатар акция: Рухтың көтерілуіне; Күштердің бірігуіне; Білу, танысуға мүмкіндік береді;  Уақыт атмосферасын сезіндіреді; Отаншылдық сезімге тәрбиелейді.

«Мәңгілік даңқ» - халықтың мақтанышын көрсете алады, көпұлт өкілдерін біріктіреді, жасөспірімдерді отаншылдыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге, мәдениетілікке және руханы тәрбие береді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.http://www.istpravda.ru/pictures/12704/

2.https://ru.jimdo.com/?utm_source=jimdofree%20ru_RU&utm_medium=footer%

3. Атамдың және әжемдің естеліктері.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі