400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ғылыми жұмыс "Дін мен Ұлт байланысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ерте кезеңнен бастап дін мен ұлттын байланысы туралы ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы





Жоспар


1. Кіріспе

2. Дін мен ұлт байланысы

3. Дін мен ұлттық идея

4. Ұлттық ынтымақтасу жолында діннің орны мен атқаратын қызметі

5. Діннің рухани қажеттілігі

6. Қорытынды

7. Әдебиеттер




















Кіріспе

Бүгінгі күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында діни идеология ұлт, қоғам өмірінде әртүрлі қызмет атқарып отыр. Ұлттық мәдени дәстүрлікті жаңғырту, тарихи сананы, имандылықты дәріптеу діннің қоғамда алатын орнын өзгертті.

Діннің шығуына да себеп болған қоғамдық болмыс екендігі белгілі. Дін мен ұлттық мінез, салт-дәстүр де байланысты.

Діннің ұлттық сана-сезімге ықпалдығының басты себебінің бірі-оның ұлттық азаттық қозғалыстармен тығыз байланыстығы. Ислам, буддизм, индуизм ортақ ұлттық мүддені қорғаудың негізіне айналып, ұлттық бірлікке, отаршылдыққа қарсы күреске жұмылдырушы күш болды. Құдайдың алдында әділеттілік пен теңдік идеясы сарқылмайтын рухани күш алып, қиындықтарды жеңетін, ұлтты торығу мен ашынудан сақтайтын парасат көзіне айналды.

Діни идеологияның бедел алатын ең бір маңызды негізі оның тек орындалмаған мұрат-мақсаттың, үміт-сенімнің, бұл дүниенің жалғандығының орнын толтыратындығында емес, діннің ұлттық мәдениеттің, тарихтың, әлеуметтік құрылымның маңызды қыры екендігінде. Ислам дінінде өмірдің барлық жағын қамтитын азаматтық, құқықтық, білім, тәрбие, отбасы-некелік қатынастарды, өмір-салтын реттейтін жүйе қалыптасқан. Ортақ ұлттық мәдени және рухани мұрадан діннің өзін бөліп алу мүмкін емес.

Дін мен ұлт байланысы

Діннен айрылған халық ұлттық қасиетінен де ажырайды, ұлтсызданған халық дінінен,ділінен айырылатыны белгілі. Ұлт болыпұюдың негізі дінде. Кейбір ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері дінді адамнан да жоғары қояды. Халық санасына ұлттық идея дінмен бірге енгеннен кейін тәуелсіздікке деген арманнан ешқандай отаршылдық айныта алмайды, себебі онда құдайдың құдіреті жатыр. Ұлттық идея өлмейді, ол адамның емес, құдайдың бейнесі. Діни идея тек наным-сенім аясында қалмай, ұлт болмысымен, мәдени мұрамен араласып, оны құдіретті күшке айналдырып отыр.

Дін мен ұлт байланысының ең басты көзі отаршылдық саясат. Ұлттың өзі әр уақытта дінді қудалаумен бірге жүреді де, діни-ұлттық сезімді қайрап, ұлттың рухани күш-қайратына, ар-ожданына сенім туғызады. Ал үстемдік жасаған ұлт өркениеттер алмасуы, білім мен ғылым тарату сияқты желеумен кейде ашық, кейде жасырын түрде өз дінін, тілін енгізеді. Оның айқын көрінісінің бірі-революцияға дейін Россияда 300 мың татарды шоқындырып, христиан дінін қабылдатуы. Шоқынғандар қазақ арасында да болды.

Ұлттық мәдениетті аяққа басу, салт-дәстүрді, намысты қорлау дінге бет бұрғызады. Дін-төлтума мәдениет, өмір салты, ұлттық сананың басты тірегі және өзін-өзі танудың маңызды жолы. Дінге бетбұрыс бұқараның іс-қимылын жандандырып, оны саяси күреске тартады. Азаттық жолындағы күрестің діни сипат алуы оған терең бұқаралық мән береді, себебі отарлаушы көпшілік жағдайда тілі, діні бөтен ұлт. Діни қозғалыс ұлттық қозғалыспен бір арнаға түсіп, күреске рух, жігер қосады.Ұлттық, діни мақсаттар төңірегінде көптеген ұлттар топтасып, панисламизм сияқты мұсылман дінін қолдайтындардың мүддесін қорғайтын ағым қалыптасты. Панисламизм мұсылман қауымдастығының ой-пікірін уағыздағанмен, бүкіл адамзаттық мұраттарды қолдайтынын жария етті.

Рулық, тайпалық қауымдасттыққа бөлінген қоғамда дін маңызды, біріктіруші қызмет те атқарады. Бұл әсіресе ислам діні сияқты дүниежүзілік діндерге тән. Бір діннің жақтаушылары негізінен әр таптың, топтың өкілдері болғандықтан, олар қарама-қарсы мүдделерді біріктіруші, құдайдың атынан береке, бірлікті заңдандырушы да болады. Дін көне «халықтық» діни наным-сенімдерді өзіне тартып, рулық, тайпалық, этникалық әдет-ғұрыптарды да біріктіруге негіз бола алады.

Бірақ тарихи тәжірибе ұлттық идея мен дін арақатынасының күрделі екенін көрсетеді. Бүгін ұлттың басын біріктіруде, ел тәрбиесінде діннің алатын орны аса бағаланады. Қазіргі дінтану дін мен ұлттық қауымдастық байланыстарының алуан түрлілігін анықтады. Негізінен оны 3 топқа бөлуге болады:

  1. бірнеше ұлт бір дінді уағыздайды;

  2. ұлттық діндер (діннің ықпалы бір ұлтпен шектеледі);

  3. бір ұлттық қауымдастықтың бірнеше дінді уағыздауы.

Дін мен ұлт байланысының көлеңкелі, қайшылық жақтары да бар. Кейде дін өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүруге тырысып, империя үстемдігіне қарсылық білдірмеген, тіпті олардың саясатын құптаған тұстары да аз болмаған. Діннің қоғам ертеңгісінен гөрі кешегісін көксеуі, отаршылдыққа қарсы күресте жаңа бағыт-бағдар ұстай алмауыұлттық қозғалыстың тиімділігін тежейді.

Дін мен ұлттық идея

Дін мен ұлттық идея кейбір мәселелерде ғана дәл үйлеседі және бұл арақатынас халықтың этностық және діни құрамына байланысты. Адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар дінге жақын жанасып жатса, дінді қорғау ұлттық идеяның маңызды мұратына айналады. Ұлттық идея діннен халық наным-сенімдеріне, адамгершілік ой-пікіріне, жақсылық пен жамандықтың араларын айыратын рухани негіз іздесе, дін ұлттық идеяға адамгершілік таразысынан екшелеп өткен, тарихи нанымға сіңген қазыналарын сіңірген. Ұлтжанды ойшылдар үшін дін-тек қасиетті кітаптардағы өсиеттерді, құдайды мойындату, ақиқатты қабылдау емес, ұлттық даналықтың, имандылықтың бейнесі.

Дін менұлттың ажырамас бірлігі діни рәсімдер мен салт-жораларды елеулі дәрежеде «ұлттандыруды» қажет етеді. Ислам діні өзінің әмбебаптық бағытына қарағанда ұлтшылдыққа жат, бірақ ұлттық идеялармен таңғаларлықтай үйлесіп жатады. Ислам рухани мұраны игеруде, жалпы арабтық ынтымақтастықты жаңартуда үлкен күш болып отыр. Олар үшін Құран мен Мұхаммед пайғамбардың араб тектілігі-үлкен мақтаныштың негізі. Арабтық ұлттық рух исламға үлкен күш беріп, ислам арабтардың терең жан-дүниесінің көрінісі болып отыр. Мұсылман елдерінде Мұхаммед пайғамбардың өмірін ұлттық тұрғыдан баяндау, түсіндіру, басқа да көрнекті дін қайраткерлерінің ұлттық тегі төңірегінде айтыстар, таластар қыза түсуде.

Бірақ ұлттық қозғалыс күш алып, тәуелсіздікке қол жеткен тұста діни бірлік пен ұлттық бірліктің арасындағы қайшылықтар айқындала түседі. Бұл мұсылман елдеріндегі панисламизм мен ұлттық патриотизм араларының бөлінуінен көрінеді.

Ұлттық ынтымақтасу жолында діннің орны мен атқаратын қызметі

Діни бірлік пен ұлттық қауымдастықтың арасының алшақтауы ислам ойшылдары үшін күтпеген жаңа жағдай болғандықтан, қаншама қиынға түссе де қалыптасқан қайта қарау қажет болды.

Ұлттық ынтымақтасу жолында діннің орны мен атқаратын қызметі әртүрлі: ол бүкіл халықтардың басын біріктіретін негіз бола алмайды, өзара жанжаналдар мен жіктелудің көзіне де айналады. Көп дінді, көп ұлтты ортада бір дінді қолдау, діни қозғалыстардың белсене қатысуы әртүрлі дін өкілдерінің арасында араздық туғызады. Халқының басым көпшілігі бір ғана дін өкілдері болған жағдайда да дін елдің басын біріктіре бериейді, суниттер мен шииттер тармақтарының арасындағы қайшылықтар ойға алған бірліктің орнына жанжал туғызған тұстары да бар.

Ұлттық қауымдастық пен діннің байланысы қазақ тарихының әр қилы тұстарында ерекше мазмұн алып отырды. Ә. Бөкейханов қазақ даласының ой-пікір жүйесін талдай келе былай деген болатын: «Жақын болашақта... қазақтар арасында қалыптасып келе жатқан 2 саяси бағытқа сай 2 саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, оның мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі-қазақ келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман-татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі-оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек».

Діннің рухани қажеттілігі

Қазақстанда жаңа діни ахуал қалыптасып, дінге деген көзқарас өзгеріп келеді. Діннің қоғамдағы атқаратын қызметі күрделеніп, мәртебесі өсті, діни ұйымдардың ықпалы өмірдің әр саласында байқала бастады. Бірақ діннің рухани қажеттілігін Елбасынан қарапайым азаматқа дейін түсіне бастағаны да анық. Мұндай бетбұрыстың себептерінің астарында көптеген факторлар бар.

Біріншіден, кеңес заманында да қоғамдық санада атеизмнің толық үстемдік етпегендігі көрінеді. Ресми идеология қанша күш жұмсаса да ислам, христиан діні сияқты ықпалды рухани күш бола алмады.

Екіншіден, дінге деген жағымды көзқарас пен құдайға сену бірдей емес. Дінді сыйлау, оның рухани күшін мойындау және құдайға сенудің арасы жер мен көктей. Дінді атеистердің көбі сыйлайды, бірақ құдайға сенбейді.

Дінді қолдау қоғамдық санада адамгершіліктің, рухани тазалықтың кепілі сияқты қабылданады. Халық санасында қай діннің де, соның ішінде мұсылманшылықтың да, өз орнын ала алмауын тек дінді қудалау, мешіттерді жою, молда, қожа, басқа да дінбасыларына жасаған зорлық-зомбылықтармен түсіндіруге болмайды. Ол қасірет халықтың көбін діннен бас тартуға мәжбүр етті. Сонымен бірге ғылымның, білімнің дамуы дін догматтарын әшкерелеп, оның беделін төмендеткені де белгілі. Екінші бір себеп-діни фанатизм. «Діни фанатизм мен большевиктік фанатизм тепе-тең ұғымдар, айырмасы сонда-дін құдайды дәріптесе, коммунистер құдайсыз фанатизм жасаған. Сақ болатын нәрсе-діни фанатизм, ол атеизм сияқты аса қауіпті. Демек, мұсылмандықтың да өзекті мәселелері бар»-деп ғалым Ғ. Есім өте орынды айтады. Қоғам жаңғыруында дінге аса үлкен үміт арту руханилықты тек бір ғана дінмен байланыстырудан туындап отыр. Шындығында бұл руханилықтың аясын тарылтып, ажарын кетіреді. Руханилық-сан қабатты, қилы астарлы, көп деңгейлі мәңгілік құндылықтардың жиынтығы. Адамның рухани дамуын бір-бірімен ықпалдас 2 бағыттың-зайырлы және діни руханилықтың-айқындайтыны белгілі. Оның діннен тыс мазмұны адамзаттың бай қазынасынан, адамгершілік және көркемдік мәдениетінен көрініп тұр.

Жалпыадамзаттық, ұлттық қазыналардан, гуманистік принциптерден аулақ, догматтар мен фанатизмге негізделген дін де парасаттылыққа, ізгілікке, тұрақтылыққа апармайды. Ұлттық тазалықты сақтауға шамадан тыс тырысушылық ұлттарды бір-біріне қарсы қоюға әкеледі. Ұлттық сананы діни және ұлттық өркениетке, бүгінгі экономикалық, өндірістік факторларға ыңғайлап, шынайы дербес ұлттық мемлекет пен бүгінгі заман талабына ай қоғам қалыптастыру-демократиялық тәрбиенің, рухани тәуелсіздіктің көзі

Қорытынды

Дегенмен сырт көзге дінге қолайлы жағдай туып, мешіт, медреселердің саны көбейіп, рухани өмір өркендеп келе жатқан сияқты көрінгенмен, Қазақстан азаматтарының көбі-діншіл де, атеист те емес, керісінше дүниетанымдық бағыт-бедерлері айқындалмаған, идеялық эклектика жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл ұлттық болмысқа қауіпті жағдай. Соның бір көрінісі-елімізде діниұйымдар мен секталардың көбейіп, жастардың басқа діндерге бет бұрысында. Діни плюрализм қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

Ең басты проблема-қазақ халқының ұлттық-тарихи руханилығын лайлау қаупінде. Мұндай қатер тек қазақ ұлтына төніп тұрған жоқ,миссионерлер тіпті Ресей православиесінің шаңырағын шайқалтуда.

Қандай да Конституция болсын, ол ұлттың рухани мүддесін қорғауға негізделген. Дін саласында да демократия, еркіндік пен ойына келгенді істеудің, тәртіп пен анархияның, рухани бостандық пен рухани зорлықтың шегі кейде айқындалмайды.

Мәдениетсіз, білімсіз, ғылымсыз қоғам болмайтыны сияқты, дінсіз де өркениеттіқоғам болмайды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі