400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс "Ешкінің пайдасы" Асан Дулат Серікұлы 6 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар үшін ешкінің,оның сүтінің пайдасын,емдік қасиетін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Ешкі малының пайдасы
1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Ешкі сүтінің емдік қасиетін зерттей отырып ешкі сүтінің ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.
Міндеттері:
Ешкінің шығу тарихын анықтау.
Ешкі түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру.
Атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.
Адам өміріне еті мен сүтінің пайдасы туралы мағлұмат жинау.
2. Зерттеу гипотезасы:
Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан - жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.
3. Зерттеу кезеңдері:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Интернет мәліметтерімен танысу, іріктеу
- Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау
4. Эксперимент әдістемесі:
1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.
2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу.
3. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Ешкі сүтінің емдік қасиеті ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
- Ешкі сүтінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын дәлелдеген.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Ешкі сүтінің емдік қасиетін ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген
аурулардың алдын алуға болады
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ешкі сүтіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім... Ешкінің пайдасы
2. 1. Ешкінің шығу тарихы
2. 2. Ешкінің түрлері
2. 3. Ешкі сүтінің қасиеті
2. 4. Ешкі күтімі
2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы..
2. 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар
2. 7. Қорытынды
2. 8. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кіріспе
Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды.
Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Cондықтан біз елімізде ешкі шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлсек, басқа да ешкі шаруашылығы дамыған мемлекеттердің құрамына кірер едік.
Ешкі шаруашылығын қолға алу - бұл еліміздің әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы.

2. Ешкінің пайдасы
«Қойды көсем бастайтын,
Өткелден үркіп саспайтын
Қарағай мүйіз серкелі..
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді» - деп халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді.. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600 - ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.
2. 1 Ешкінің шығу тарихынан
Ешкі - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі пірі - Сексек ата. Шежірелік дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы. Шын мәнінде Сексек атада аз зерттелген дүниелердің бірі.
Ерте заманда Амалфея атты ешкінің сүтімен Зевс құдайын емізген деген аңыз бар. Сол заманнан бері ешкі сүті ерекше қасиетті деп саналады. Сонымен қатар, ертеректе ауыр науқастан кейін қалыпқа келу үшін ешкі сүтін ішкен екен. Ежелгі Римде ешкі сүтімен бауыр ауруын емдеген. Ешкі сүті әлемде кең танымал, бірақ осы сүтті пайдаланудан көш бастап тұрғандар – Азия елдері ішіндегі Үндістан, Бангладеш, Пәкістан және Жерорта теіңізі жағалауындағы елдер – Португалия, Испания, Франция, Грекия, Италия болып табылады.
2. 2 Ешкінің түрлері
Ешкі түрлері
Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі
Қазақ ешкіні жасына қарай:
• үлкен теке
• серке
• дөнен серке
• құнан серке
• ту ешкі
• үлкен ешкі
• сақа ешкі
• туша шыбыш
• шыбышша
• шыбыжық
• марқа лақ - деп атайды.
2. 3 Ешкі сүтінің қасиеті
Жаңа сауылған ешкі сүтінің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары - А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қан айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді.
Ешкі сүті альбуминге бай болғандықтан, құрамындағы ақуыз ағзаға тез сіңеді.
2. 4 Ешкі күтімі
Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады.
Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг - ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограммға дейін
тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық
лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады
2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы.
Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады.
Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар.
Микроэлементтер құрамына: кальций, магний, фосфор, марганец, мыс. Дәрумендерге: А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4, 4%, белок3, 6%, лактоза4, 9% бар.
Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек - қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ
Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА
Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0, 5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ
Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон - дай - ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г - нан өлшеп, науқасқа беру керек.
КОСМЕТОЛОГИЯДА
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ
Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай - ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.
2. 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар.
Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді.
Қазақтың ұлттық сүт тағамдары - сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық, қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз, шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма - қол жеп - ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол.
2. 7. Қорытынды.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 1 млрд - қа жуық ешкі бар деп есептелінеді. Ешкінің саны жөнінен алдыңғы орында Қытай елі иеленеді. Бұл елде 180 млн - ға жуық ешкі бағылады. Үндістанда - 130 млн, Пәкістанда - 50 млн, Бангладеште - 40 млн, Иран мен Нигерияда - 30млн, Судан, Эфиопия, Индонезия, Сомали елдерінің әрқайсысында 20 млн шамасында ешкі өсіріледі. Біздің елімізде ешкінің саны 2млн бастан аспайды.
Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіріп қоймай, өз елімізде ешкі шаруашылығын дамыту. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда.
Ұсыныс
Ешкі малы тез көбейетіндіктен, еліміздің әл - ауқатын көтеруде ешкі шаруашылығын қолға алу. Ешкі сүті емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін өте қолайлы, сондықтан дүкен сөрелеріндегі кішкентай бүлдіршіндеріміздің тамағы тек қана ешкі сүтінен болса, келешекте біздің
ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты болар еді.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Төрт түлік, ешкі сүті, ешкі малы, ғылыми жоба, зерттеу жұмысы, ешкі пірі Сексек ата































Асқабақтың сырлы әлемі

 

  • 23 наурыз 2017

 

  • 8527

 

  • 0

  • 0

Зерттеу жұмысының бағыты:
Қоршаған әлем – экология, жан - жануар, өсімдік.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Асқабақтың сырлы әлемі»

Зерттеу жұмысына пікір
Зерттеу білім беру аймағында «Мен зерттеуге үйренемін» атты оқушыларды зерттеу әрекетіне үйрету, олардың зерттеушілік ізденіс білігімен дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға 4 – сынып оқушысы Тоқтаназар Ерасылдың тырнақалды бастауы «Асқабақтың сырлы әлемі» тақырыбындағы еңбегі жоғары деңгейде жазылған.
Жас зерттеуші өз жұмысының мақсатын және оған байланысты міндеттерін көрсете және аша білген. Бақша өсімдіктеріне қызыға қарайтын Ерасыл асқабақ туралы көптеген ақпараттар жинақтаған. Өзінің бақшасына еккен асқабағының да қалай өскеніні дейін анықтап, бақылап күнделік те жасаған. Жоба авторы жастығына қарамай көптеген деректерге сүйене отырып, материалдарды тиімді пайдаланған.
Бұл жұмысты атқаруды ата - анасы мен ұстазының еңбегі зор екендігі көрініп тұр.
Дегенмен осы еңбегін ары қарай жалғастырып толықтыра түсу керек. Біз осы салада талмай еңбек етіп жүрген ұстазына сенеміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметжанов А. Е.

Аннотация
Бұл кітапшадан «Асқабақтың сырлы әлемі» оның қасиеті мен пайдасы туралы кең көлемде жинақталған деректермен танысасыздар. Асқабақтың өзі және оның түрлері мен дәнектерінің емдік қасиеттері жайлы мағлұматтар енгізілген.

Аннотация
В этой книге «Мир растительной тыквы» широко раскрывается его польза для человека и лечебные своиства. А так же рассказывается какие лечебные своиства имеет тыква и его семена.

Annotation.
In this book, “The Word of piabt pumpkin” is widely disclosed its use for human and medical properties.

Болжамы:
Асқабақтың қасиетін, биологиялық құрамын зерттей отырып, адам ағзасына пайдалы және емге қолдануға болатындығы.

Зерттеу кезеңдері:
-
Зерттеу объектісі ретінде асқабақты бақшаға егіп, басқа да асқабақ егілген жерлерді анықтап, бақылау.
-
Асқабақты өсіру, биологиялық құрамын зерттеу қасиетін анықтау.
-
Материалдық ақпараттар жинақтау.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:
Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау. Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға, әсіресе оның дәнектерінің ішекқұрт ауруларына ем екенін, шипалық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты:
Асқабақтың табиғи және биологиялық құрамын анықтай отырып, оның пайдалы жақтарына зерттеу жүргізу арқылы нәтижелерді практикалық қолдану, салаларын анықтау.

Міндеттері:
-
Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу (ақпараттар жинау, деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау, интернет материалдарын пайдалану.)
-
Жұмыс нәтижесін шығару.

Алға қойған міндеттерді шешу әдістері:
-
Бақылау жасаудың мақсатын анықтап алу.
-
Қандай белгіге басты назар аудару керектігін дәлме – дәл белгілеп алу.
-
Бақылау жасалатын объектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру тәсілін пайдалана отырып, анықталған заттың негізгі белгілерін топтастыру, жоспарын жасау.

Кіріспе
Мектепке 1 - сыныпқа келгенімде әліппе, математика пәндерімен бірге дүниетану деген пәнді де оқи бастадық. Мені осы пән өзіне ерекше тарта бастады. Алғашқы сабақтардың бірінде апайымыз бізді далаға алып шығып, «бізді айнала қоршаған дүниенің бәрі «табиғат» деп аталады, адам да табиғаттың бір бөлігі, адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғат тірі және өлі болып екіге бөлінеді,»- деп оларға нелер жататынын көрсете отырып түсіндірді. Мен сонда өсімдіктердің тірі табиғат екеніне сенбейтіндігімді олар шіріп, өліп қалатынын өзімше дәлелдеп, апайыма бой бермей қойғанмын. Үйге келген соң да анама айтып, анам да апайымның айтқанын айтып түсіндірсе де сенбей қойдым. Өйткені маған өз пікірім дұрыс болып тұрды. Бір күні сабаққа келе жатып анам екеуіміз мектепке тез жету үшін бір үйдің есігінің алдымен өттік. Бақшалары үлкен екен. Жапырақтары дәу - дәу, әртүрлі пішінде түйіндер жатыр. Өте көп.

Анамнан «қауын ба?» деп сұрадым, анам оның асқабақ екенін айтты. Мен асқабақ осылай өсе ме деп таң қалдым. Сабақта апайыма көргенімді айттым. Апайымнан асқабақтың бақша өсімдігі екенін, біздің ауылда сол үйдегі Ержан атаның жылда есігінің алдындағы жеріне асқабақ егетінін, күшті баптап өсіріп күзде өнімін мол етіп алатынын, қыста ауыл тұрғындары Ержан атадан асқабақты сатып алып жейтіндерін, оның бір дәнінен 7 - 8 асқабақ өнімі алынатынын естігенде қатты таң қалдым. Сыныптастарымның ішінде Нұрлы деген досым апайымның сөзін растады, ол Ержан ата асқабақтары піскен кезде көрші үйдің балаларын көмекке асқабақ жинауға шақыратынын, сосын бәріне көтере алатындай етіп асқабақ беретінін айтып қызықтырды. Мен сол кезден бастап қызыға бастадым. Үйге барған соң апама, әкеме бүгінгі көргенімді, естігенімді айтып едім, апам яғни өсімдіктер өседі, өнеді, көбейеді, жемісін береді олай болса ол тірі табиғатқа жататындығына көзімді жеткізді. Өйткені апам анаммен дауласқанымды естіген болатын. Ертесіне Ержан атаның есігінің алдынан өтіп бара жатып, суретке түсіріп алдық. Кішкентайымыздан қызыға көретін «Золушка» мультфильміндегі басқа көкөніс емес дәл асқабақтың каретаға айналатыны да бұл өсімдіктің сыры мол екендігін көрсетеді.
Өсімдіктің, соның ішінде асқабақтың мен білмейтін сыры көп екен. Осы тұрғыда мен «Асқабақтың сырлы әлемі» деген тақырыппен өзімнің апайыммен бірге зерттеу жұмысымды бастадым.

Зерттеу бөлімі.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады екен. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейтіндігін білдім. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралыпты. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі екен.

Асқабақтың азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсірілетіндігін түсіндім. Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді. Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары болады екен.

Асқабақтың денсаулыққа пайдасы:
Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі екен. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден - бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады екен. Интернеттен халық емі ретінде отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса күйіктің ыстығын алып тез жазылуға себеп болатынын оқыдым. Пікір білдіргендердің ішінде мұны дәрігерлер де мақұлдапты. Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Сонымен қатар ол:
асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қан аздықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп - жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жоятын қасиетке ие дейді.
Сонымен қатар, мал шаруашылығына пайдасы өте зор екен. Сиыр малының сүйіп жейтін азығы, асқабақты жем ретінде берсе сиыр малының сүті мол, майлы және де тәтті болады. Оның дәлелі ауылда апамның замандас досы Бейсен апа деген кісі Ержан атаның ғана үйінен сүт алып ішетінін, сиырларының сүті магазиннің «айналайын» деген сүтіндей екенін айтып отырғанын естідім.
Асқабақ майының пайдалы қасиеттері
Орта ғасырларда - ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар екен. Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегін соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылыпты.. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны « салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын» деген факті айқын дәлелдейді.

Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері.
Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылады. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы, вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады.
Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар
Асқабақ майы көптеген басқа астық майларынан аса бай минералды құрамымен ерекшеленеді, оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.
Мырыш адам ағзасындағы көптеген үдерістерде маңызды рөл атқарады.
Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұлшық ет, жүрек - тамырлық және несеп шығару жүйелерінің қызметін реттейді. Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін төмендетеді.
Селен — темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай көрінеді.

Жамбыл облысы
“Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№28 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тоқтаназар Ерасыл Мейірбекұлы
Жетекшінің аты - жөні: 
Шағатаева Айнаш Тажихановна

Толық нұсқасын жүктеу

Кері қайту

Ілмек сөздер: Асқабақ, асқабақтың дәрілік қасиеті, ғылыми жоба, зерттеу жұмысы







Ғылыми жоба тақырыбы:

«Ешкі сүтінің емдік қасиеті және пайдасы»




Секция: Қоршаған ортаны қорғау

Орындаған: Нұрбекова Перизат 3 «А» сынып

Жетекшісі: Темирханова Л . М

бастауыш сынып мұғалімі






2015 жыл






















1.Ғылыми - жобаның мақсаты: Ешкі сүтінің емдік қасиетін зерттей отырып ешкі сүтінің ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .

Міндеттері :

  • Ешкінің шығу тарихын анықтау.

  • Ешкі түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру.

  • Атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.

  • Адам өміріне еті мен сүтінің пайдасы туралы мағлұмат жинау.

2. Зерттеу гипотезасы:

Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау.

3.Зерттеу кезеңдері:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

-Интернет мәліметтерімен танысу,іріктеу

- Тәжірибелер жүргізу;

- Емделушілер арасында сауалнамалар жүргізу

- Зерттеу жұмысын жинақтау,қорытындылау

4.Эксперимент әдістемесі:

1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.

2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу.

5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

-Ешкі сүтінің емдік қасиеті ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;

-Ешкі сүтінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын дәлелдеген

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау,анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.Ешкі сүтінің емдік қасиетін ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген

аурулардың алдын алуға болады

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ешкі сүтіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетім-ділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.



Мазмұны



1. Кіріспе .........................................................................................

2. Негізгі бөлім .............................................................................

2.1.Ешкінің шығу тарихы ......................

2.2. Ешкінің түрлері ..................................................................

2.3. Ешкі сүтінің қасиеті .............................................................

2.4. Ешкі күтімі ...............................................

2.5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы ..

2.6 Менің болашақ арманым...................

2.7. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар......

2.8.Қорытынды. .............................................................................

2.9.Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................

























Тақырыбы : Ешкі сүтінің емдік қасиеті және пайдасы .

  • Зерттеудің мақсаты :Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы анықтау.

  • Зерттеудің міндеті:Халықты әр түрлі аурудан аман алып қалудың жолы – осы ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану.

  • Зерттеудің маңыздылығы:Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем

болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп, іс жүзінде пайдалануға болатынындығын анықтау.


Мен күзде денсаулығыма байланысты ауырып ауруханаға жаттым. Менің бөлмемде Жанар деген апай жатты . Жанар апайдың асқазаны ауратын. Жанар апай күнделікті таңертең бір стакан сүт ішетінін байқадым. Мен Жанар апайдың қасына барып бұл сүтті не үшін ішетінін және адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін сұрадым . Жанар апай бұл сүт сиырдың сүті емес , ешкінің сүті екенін айтты және оның адам денсаулығына пайдасы зор деді. Бұл сүтті дәрігерлердің кеңесі бойынша қабылдап жатырмын деді .Сол сәтте қасымызға бас дәрігер келді. Мен дәрігерден ешкі сүттінің сиыр сүтінен ерекшелігін сұрадым. Дәрігер маған біраз мәліметтер айтты. Мені ешкінің сүтінің пайдасы туралы тақырып өте қызықтырды . Сол себепті үйге жазылып келгенен соң апамнан , анамнан ,интернеттен ешкі сүтінің пайдасы туралы мәліметтер жинастыра бастадым. Сол мәліметтер туралы сіздерге де айтып берсем деймін мүмкін біраз пайдасы тиер деген ойдамын.

«Қойды көсем бастайтын,

Өткелден үркіп саспайтын

Қарағай мүйіз серкелі..

Сексек ата баласы

Ешкі бассын үйіңді» -деп

халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті- қалақтай , сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең –бір күндік, сауып ішсең –мың күндік»-деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп , жылдам көбейеді . Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді. . Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді. . Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.

Бұл кезде жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4-5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде 1 млрд-қа жуық ешкі бар деп есептелінеді. Ешкінің саны жөнінен алдыңғы орында Қытай елі иеленеді . Бұл елде 180 млн-ға жуық ешкі бағылады. Үндістанда -130 млн, Пәкістанда-50 млн, Бангладеште-40 млн, Иран мен Нигерияда-30млн , Судан, Эфиопия, Индонезия, Сомали елдерінің әрқайсысында 20 млн шамасында ешкі өсіріледі . Біздің елімізде ешкінің саны 2млн бастан аспайды.

Сүттің құрамында микроэлементтер , дәрумендер , ақуыздар бар.

Микроэлементтер құрамына: кальций,магний,фосфор,марганец,мыс. Дәрумендерге: А,В1,С,Д,В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4,4% ,белок3,6%, лактоза4,9% бар.

Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. 
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды.

  АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА

Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

 ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ

Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

 ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА

Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

 ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон-дай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г-нан өлшеп, науқасқа беру керек. 

 КОСМЕТОЛОГИЯДА

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Өздеріңіз байқап отырғандай ешкі сүті адам денсаулығына өте пайдалы екен. Сондықтан мен болашақта жеке кәсіпкер болып ешкі сүтінен әр түрлі өнімдер жасасам деймін. Оны мына бейнебаян арқылы көрсеңіздер.







Назарларыңызға көп рахмет !













Тақырыбы: «Ешкі сүтінің емдік қасиеті»


Секция: этномәдениеттану


Бағыты: Қазақстанның ескерткіштері және перспективалық

туристік маршруттар










Көкшетау - 2013 ж

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ


3

1

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


4

1.1

Сүттің түрлері және оларға сипаттама

4

1.2

Ешкі сүтінің ем ретінде қолданылу тарихы

5

1.3

Ешкі сүтінің құрамы

7

1.4

Ешкі сүтінің шипалық қасиеттері

11

1.5

Қазіргі қолданыстағы ешкі сүті

15

1.6

Сүт туралы мағлұматтар

16




ҚОРЫТЫНДЫ


17


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

18


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жер бетінде Сексек ата тұқымының оннан аса түрі бар. Оның етті, етті-сүтті, түбітті-жүнді түрлері әлемде кеңінен таралған. Мәселен, ангор ешкісінің түбіті ұзын жібектей болса, заанин ешкісі сүтті келеді. Ешкінің етті тұқымы Қытай мен Үндістанда, сүттісі - араб елдері мен Еуропада, түбіттісі - АҚШ, Түркияда көп өсіріледі екен. Мүйізді жануардың басты ерекшелігі - күй талғамайды.

Ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсінген дамыған елдер бұл істі бір ізге қойған. Швейцарияда туберкулез, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген. АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды. Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп. Мәселен, әлемде бір милиардқа жуық ешкі бар болса, оның көбі, яғни 180 миллионы Қытайда екен. Үндістанда - 130, Пәкістанда - 50, Иранда - 30 миллион ешкі бар. Ал Қазақстандағы ешкінің 155 мың 600-і - Ақтөбе облысының еншісінде екен [1].

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» -деген халқымыз ешкі сүтінің тоқсан тоғыз ауруға ем екендігін ертеден білген. Сондықтан бүгінгі күні табиғи, таза ешкі сүтінің емдік қасиеттерін анықтап, күнделікті өмірде шипа ретінде пайдалана білу өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Ешкі сүтінің емдік қасиеттерін анықтап, пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  • «Ешкі сүтінің емдік қасиеті» жайлы толық білу арқылы, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау және оны салауатты өмір салтын ұстануда пайдалану жолдарын көрсету;

  • Ешкі сүтінің зерттелу тарихын анықтау;

  • Ешкі сүтінің химиялық құрамын зерттеп, салыстыру:

  • Зерттеу жұмысы барысында алған білімін, үйренген, оқыған, танысқан мәліметтерін шынайы өмірмен байланыстыра білу.

Зерттеу әдістері: баяндау, салыстыру, ой-толғаныс, сипаттау, ойлау, зерттеу, талдау.

Практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтерді халқымыздың салт-дәстүрін танып білуде және әр түрлі аурулардың алдын-алуға, күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға пайдалануға болады.


1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1 Сүттің түрлері және оларға сипаттама


Сүт - ұзақ уақыт ағзаның дамуы мен өмірге қажетті дәрумендері бар табиғи өнім.

Сүт тамақтану рационының құрамды бөлігі, оның ағзаға сіңуін жақсартады. Сүттің құрамында адам ағзасына қажетті заттардың (белок, май, көмір қышқылы, минералды заттар, дәрумендер) жеңіл сіңетін формалары бар.

Қышқыл сүт өнімдерінің құрамында ағзаға жеңіл сіңетін негізгі тағамдық заттар бар, сонымен қатар олардыңқұрамында қосымша пайдалы тұтыну сапасы да бар. Олар тәбетті ашатын, асқазан сөлін шығаруда бір қалыпты ұстайтын көмір қышқылын, сүт қышқылын және басқа да дәмдік заттарды құрайды.

Бұл тағамдардың тірі микроорганизмдері адам ішегінде улы заттардың пайда болуына кедергі болу үшін қызмет етеді.

Қышқыл сүт өнімдерінің диеталық, емдік қасиеттері бар (қымыз, айран, ірімшік, т.б).

Сүзбе және сары майда жоғары тағамдық және биологиялық құндылығынан басқа адам ағзасына маңызды энергетикалық қасиет береді.

Дамыған елдерде тұрғындардың тамақтану калориясы май мен көмірқышқылдарын артығымен қолдану, дене шынықтырумен аз айналысу салмақ қосуға және әр түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Сондықтан аз калориялы сүт өнімдерін шығару көзделіп отыр. Сүт өнімдерінің калориялылығын азайту, майлылығын азайту және толық жою немесе тағамның билогиялық құндылығын арттыру арқылы іске асады.

Тамақтану және сүт өнімдерінің шығаруды сиыр сүтімен қатар, ауылшаруашылық жануарлардың - ешкі, қой, бие, түйе және т.б сүттері пайдаланылады [2].

Бұл жануарлардың сүттері құрамындағы заттардың саны және сапалық құрамындағы белок пен майдың да ерекшеліктері бар.

Қой сүті. Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтінде 1,5 есе май мен белоктар бар. Белок пен тұздың көптігіне қарай қышқылдық қасиеті де жоғары (20-28ºТ). Сүттің майлылығы 5,4 - 8,5% құрайды. Қой сүті майының еру температурасы -35-38ºС, сиыр сүтіне май түйіршіктері ірі. Қой сүтінің тығыздығы -1035-1040 кг/м3. Қой сүтінің биологиялық құндылығы жоғары. Құрамында аминқышқылдары, С,В,В1, В2 дәрумендері бар. Бұл - сарғылт түстес, өзіне тән иісі және тәтті дәмді ақшыл сүт. Негізінен тұзды сүзбелер жасау үшін қолданылады.

Ешкі сүті химиялық құрамы және кейбір қасиеттері бойынша сиыр сүтіне ұқсас. Құрамында белок, май және кальций бар, бірақ каротин аз. Сиырдыкімен салыстырғанда май түйіршіктері ұсақтау. Ешкі сүтін адам ағзасы тез сіңіреді, балаларды тамақтандыру үшін қолданылады.

Бие сүтін альбуминді деп те атайды. Оның көгілдір түстес тәтті дәмі бар. Сиыр сүтінен ерекшелігі, оның құрамында лактоза көп, май, тұз және белок аз. Ол рігінде қоюланбай, ұсақ түйіршіктер секілді болады. Сүттің қышқылдылығы 5-7ºТ С витамині 250-330 мг/кг болады. Сүттің майы тез ерігіш, май түйіршіктері сиырдікіне қарағанда ұсақ. Бие сүтінің бактерициттік қасиеті жоғары құрамы және қасиеті жағынан сүтінен айырмашылығы аз. Бие сүтінен емдік қасиеті бар қымыз жасалады.

Бұғы сүті қоюлығымен және тағамдық құндылығымен ерекшеленеді. Оны қолданғанда сумен араластырады. Бұғы сүтінде май көп болғандықтан тез ериді. [3]

Сүт және сүт өнімдерін нан пісіру, кондитерлік, макарон және тамақ дайындау кәсіпорындарында қолдану тағамның құндылығын арттырып, дайындалатын өнімнің түрлерін көбейтуге ықпал етеді.

Тағам өнімдерін алу үшін пастеризацияланған сүт, кілегей, құрғақ және қоймалжың сүт, қаймақ, сүзбе, іріткі, сары май қолданылады [2].


1.2 Ешкі сүтінің ем ретінде қолданылу тарихы


Жануар сүтін тағам ретінде адам ең алғаш рет біздің заманымызға дейін 8-9 мыңжылдықта, Орта Шығыс халқы қой мен ешкіні қолға үйреткен кезде қолдана бастады. 7 мыңжылдықта қазіргі Түркия территориясында адамдар сиыр баға бастады, сөйтіп адамзат өз тағамын қазіргі ең танымал өнімдерінің бірімен байытты [4].

Мал сүттерінің ішінде емдік қасиеті ең жоғарғысы -ешкі сүті (1-сурет).


1-сурет. Еті желге, сүті емге пайдаланылған ешкі малы

Біздің заманымызға дейін египеттіктер сүтті емдік мақсатта қолданған. Ежелгі Рим мен Грецияның дәрігерлері мен ғалымдары сүтті құрт ауруы, тұз байлану, қан аздықты емдеу үшін ұсынған.

Қазіргі дәрігерлер сүтпен тұз байлануды, жүйке жүйесінің бұзылуын, ас қорыту мүшелерінің ауруларын, қан аздықты емдейді. Диетологтар сүт өнімдері тәуліктік рационның 1/3 нәрлілігін құрауы тиіс деп санайды. Ал денсаулық туралы ең көне ғылым - Аюрведа - сүтті ғаламдағы ең құнды өнім деп есептейді, себебі ол адамның физикалық және рухани дамуына жағдай жасайды - сүт психиканың бұзылуымен байланысты ауруларды: ашушаңдық, тынышсыздық, зорығуды емдейді, ұйқы қашудан арылтып, тыныштандырады [5].

Ежелгі дәрігерлер де сүтті ем ретінде санаған: Гиппократ оны көк жөтел науқастарына берген, Авиценна сүттің әлсіз балалар үшін пайдалылығын айтқан.

Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея - тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» - деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы - күнжітпен, іш өтуге қарсы - теңіз тастарымен, арпа жармасымен қайнатқан.

XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі басталды. Осы кезде медицина мамандары ол жайлы әйелдердің емшек сүтін алмастыруға басқалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин - «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.

Сүт және сүт өнімдерінің құнды сапасы туралы ерекше мәліметтер бізге көне өркениеттердің әдеби көздерінен белгілі. Ең көне және беделді жазбалардың бірі Шримад-Бхагаватам адам өмірінің қысқару себебі сүттің жеткіліксіз мөлшерде қолданылуы деп көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы сүт тағам ретінде ғана емес, ем ретінде де қолданылып келді. Академик И. П. Павлов, мысалы, «сүт ең жеңіл тағам, әлсіз және науқас асқазанға да, бірқатар жалпы ауыр дерттерге де қолданылуға келеді» деп жазған еді. Профессор С. П. Боткин сүт бауыр және бүйрек ауруларын емдеуге көмектеседі деп санаған.

АҚШ мамандарының пікірінше, сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы [6].

Швейцарияның таулы шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ сүтімен емдеген.

Аты аңызға айналған Клеопатра терісінің сұлулық құпиясы - әйгелі сүт ванналары. Теріге тікелей түсетін күн сәулесі мен құмның үздіксіз әсері жағдайында Египет үшін бұл аса маңызды еді. А, Д дәрумендері мен сүт қышқылының арқасында сүт теріні жақсы жұмсартып, ылғалдандырады.

Қазақ халқы рахит ауруына шалдыққандарды ешкі сүтімен емдеген. Әл-Фараби ешкі сүті жайында «ең тұрақты тағам» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан.

1.3 Ешкі сүтінің құрамы


Ешкі сүті - жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады (2-сурет).



2-сурет. Ешкі сүті


Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.

Ешкі сүті де сиыр сүтіндей казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын - альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің емшек сүтінен - 41% кем) болуы - бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар [1].

Ешкі сүті- аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді.

сүті химиялық құрамы жағынан сүтіне жақын (1-кесте).


1-кесте. Ешкі сүтінің химиялық құрамы


Сүт түрлері

май

ақуыз

лактоза

Минералды заттар

Құрғақ зат тектер

Ешкі сүті

4,4%

3,6%

4%

0,8%

13,4 %

Сиыр сүті

3-5%

2,8-3,6%

4,5-5%

0,6-0,85%

11-15%


Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі ауыратын адамдарға сүтін беріп емдеген. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. сүті көбінесе , және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады.

Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы бар (2-кесте).

В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы - жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.

Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді.


2-кесте. Ешкі сүтіндегі минералдық заттар мен дәрумендер


Құрамдық заттар


Мөлшері

Минералдық заттар

кальций

143 мг

магний

14 мг

фосфор

89 мг

марганец

17 мкг

мыс

20 мкг

Дәрумендер

А дәрумені - ретинол

0,1 мг

В12 дәрумені-цианкобаламин

0,04 мг

С дәрумені - аскорбин қышқылы

2 мг

Д дәрумені - кальциферол

0,06 мг


Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.

Құрамында аллергия тудырушы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.
Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұрақты емес және көптеген ықпалдарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағдайларына байланысты.

Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.
Негізгі азықтық құрамбөліктерінің - нәруыздар, майлар мен көміртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен салмақты айырмашылығы бар: жануарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады.
Осы айырмашылық адам ағзасында ешкі мен сиыр сүтінің түрлі әсер етуін түсіндіреді. Ешкі сүтінің қорытылуы кезінде пайда болатын қою ұйынды сиыр сүтінікіне қарағанда тығыз емес. Ас қорыту ферменттері үшін өңдеуге оңай келеді. Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді.

Ешкі сүтінің майлық құрам бөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшглицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар - лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар [7].

Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі - азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.

АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллергиясы бар балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға болатынын айтады.

Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.

Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің алмастырғыштарымен шектелуіне сай аллергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі.

Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады.
Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы - сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек.

Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп шығарды [8].

Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.


1.4 Ешкі сүтінің шипалық қасиеттері


Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған.

Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Біз осы зерттеу жұмысымызда халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымыз.

Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады (3-сурет).



3-сурет. Ешкі сүтінің емдік қасиеттері


Аллергияда қолданылуы

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

Ағзаны қалпына келтіруде қолданылуы

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Ішек дисбактериозында қолданылуы

Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр 10 кг. салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. Емделу курсы келесі көрсеткендей: 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді пайдалану, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Енді 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасау. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіңе көз жеткізгеніңіз дұрыс.

Асқазан және ішек ауруларында қолданылуы

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде қолданылуы

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

Ұйқы безінің қабынуына қолданылуы

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:

Дайындауға қажетті заттар мен дайындау тәсілі:

  • 100 гр.бал

  • 1дана алоэ жапырағы

  • 500 гр. ешкінің шикі сүті

Шыны ыдысқа балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң еттартқыштан өткізілген 3 жылдықалоэні салып 5 минут қайнатамыз. Енді дайын болғаң қоспаны ешкі сүтіне қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң 1сағат сайын әр 10 кг. дене салмағына 50гр-нан өлшеп науқасқа беру керек. Бірақ бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.

Ешкі сүтінің жүкті аналарға пайдасы

Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроәлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

Емізулі анаға пайдасы

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.

Артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін қолданылуы

Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.

Жүрек-қан тамырлар жүйесінде қолданылуы

Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы - жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.

Ешкі сүті косметологияда қолданылуы

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет [5].

1.5 Қазіргі қолданыстағы ешкі сүті



3-сурет. Құрғақ ешкі сүті


Атам қазақ қадым заманда «ешкінің еті желге, сүті емге» деген мәтел шығарған екен. Ал біз яғни қазақ халқы ешкіден сүт шығатынын ұмытып, арзан ұнтаққа малданып жүргенде, оның сырын жете түсінген шетел жұрты ешкі сүтін өңдеп, оны ұнтаққа айналдырып, адам ағзасына пайдалы жақтарын талдап түсіндіріп, базарларға шығарып сатқалы да қай заман.

Бұл ұнтақ қазір дүкендерде көптеп сатылып жатыр. Жаңа Зелендияда өндірілген.

Бұл ұнтақ ересектер мен үш жастан асқан балаларға арналған.

Құрамы: құрғақ ешкі сүті.

Минералдар: натрий,кальций, фосфор, темір, мыс, калий, хлорид, магний, мырыш, марганец, йод.

Дәрумендер: С,Е, А, D3, B6, B1, B12. Фолий қышқылы, темір

Азық-түлік құндылығы: (100 мл-ге) белоктар 26,5 грамм, көмірсутектер 35,5 грамм, майлар 29 грамм, энергетикалық құндылығы 510 ккал (2100КДж).

Бұл сүт жоқтың қасында жақсы, бірақ ешкі сүтін табиғи, жаңа сауылған түрінде пайдаланғанға не жетсін. Сондықтан шетелдің қымбат өнімдерін сатып алғанша өзіміз ешкі өсіріп, сүтін пайдалану керектігін ұсынамыз.

Сонымен қатар бүгінде жас балалардың сүйікті асына айналған йогурт ең алғаш ешкі сүтінен жасалған екен. Демек, ешкі сүтін өндіруді қолға алсақ, одан түрлі азық-түлік өнімін жасап шығаруға болар еді. Және халық құрамында жасанды қоспалары бар йогуртты емес, табиғи ешкі сүтінен жасалған өнімді тұтынар еді. Қалай десек те ешкі өсірсек, ұтылмасымыз анық.


1.6 Сүт туралы мағлұматтар


Сүт тек балаларға пайдалы ма?

Бірінші аңызды сейілтейік. Жетіге толған балада сүт қантын сіңіру төмендейді, бірақ жоғалып кетпейді!

Сүтті күнделікті қолданған кезде ағза кальций, фосфор, A, D, В2 және B12 дәрумендерімен, сонымен қатар пантотен қышқылымен (B3 дәрумені) байытылады.

Сүт артерияларды бітеп тастай ма?

Сүт майы тамырларды бітеп тастайтыны жайлы әңгімелердің барлығы бос сөз.

Сүт өнімдерін қолдану остеопороз, тоқ ішектің қатерлі ісігі, жоғары қан қысымы және 2-ші типті диабеттің қаупін төмендетеді.

Сүт - аллергияны тудырады, оны ішпеу керек пе?

Сүтті қабылдамау шын мәнінде кей жағдайларда кездеседі, бірақ көпшілік адамдардың балға, жидектерге, шоколадқа және т.б. аллергиялары болады. 250 мл сүттің құрамында 300 мг кальций болады.

Сүттен салмақ қосуға бола ма?

Сүт майы тағамдық және биологиялық қасиеттері бойынша - табиғаттағы майлардың ішіндегі ең толыққандысы. Сүт асқазанның сілемейлі қабатына жағымды әсер етіп, қыжыл кезінде көмек беретін тиімді құрал.

Ең жақсы сүт - қолдың сүті, себебі ол жаңа сауылған сүт?

Жаңа сауылған сүт - шынында да ең пайдалы. Бір ай ішінде күніне бір стақан сүт ішкен әйелдер кальций мен Д дәруменінің жеткілікті мөлшерін алады.

Картон орамадағы сүтте консерванттар бола ма?

Тәжірибелі әйелдер базардан сатып алынған және қайнатылған сүттің дүкеннен сатып алынған сүтке қарағанда жылдам ашитынын байқаған. Сүттің жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін азайтуда да пайдалылығы жоғары.

Ультрапастерленген сүтті қайнату керек.

Базардан сатып алынған қолдың «сиыр» сүтін міндетті түрде қайнату керек - сүтке сауа салысымен түсетін және көбейе бастайтын ауру тудыратын бактерияларды бейтараптау үшін. Қазіргі дәрігерлер сүттің ұйқысы қашқан адамдар үшін пайдалылығын айтып отыр.



ҚОРЫТЫНДЫ


«Ешкілі бай - есепті бай» демекші, халқымыз ежелден-ақ ешкіні еті мен сүті, түбіті мен жүні үшін ұстаған. Әрі ешкі өсімтал болғандықтан, өзін-өзі артығымен ақтап шығатын мейілінше тиімді түлік. Тек түбіті мен сүтінің өзін кәдеге жаратып-ақ қыруар пайдаға кенелуге болады.

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған.

Біз «Ешкі сүтінің емдік қасиеттері» тақырыбына жазылған зерттеу жұмысымызда мынадай қорытындыға келдік:

  1. Ешкі сүті - жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өнімі. Құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді.

  2. Ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.

  3. Құрамында аллергия тудырушы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.
    Ешкі сүтін туберкулез, анемия мен рахит, асқазан, жүрек, қан тамырлары және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады. Ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады.

  4. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады. Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мақажанова Х..Х., Төлемісова Ж.К., Есқадиева Г.А., Адманова Г.Б., Сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіру жолдары. Жаршы. - 2002 - № 8 - Б 42-44

  2. Барақбаев Б., Сүт және сүт тағамдары. Алматы: Қайнар 1989.

  3. Олконен А.Г., Производство высококачественного молока. Колос 1982 - 173с.

  4. Жубанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаева Қ.Қ., Биотехнология негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006

  5. Шигаева М.Х., Оспанова М.Н. Микрофлора национальных кисломолочных продуктов. - Алма- Ата: Наука, 1982.

  6. Крусь Г.Н., Тиняков В.Г., Фофанов Ю.Ф. Технология молока и оборудование предприятий молочной промышленности. М.: Агропромиздат, 1986 г.

  7. Крусь Г.Н., Кулешова И.М., Дунченко Н.И. Технология сыра и других молочных продуктов. М.: Колос, 1992 г.

  8. Гудков А.В., Гудков С.А., Козловская М.А. и др. Бифидобактерии: биологическая роль в жизнедеятельности человека и животных. Производство бифидосодержащих продуктов. Углич, 1999 г.



⇧

⇩










































Выделить текст

Ғылыми жобаның тақырыбы: “Ешкі малының адам өміріне тигізер пайдасы”

 1.Ғылыми жобаның мақсаты:

қазақтың төрт түлік малдарының ішіндегі ешкі малының адам өміріне тигізер пайдасын насихаттау.

2.Міндеттері

1.Ешкінің шығу тарихы.

3.Адам өміріне тигізер пайдасы туралы мағлұмат жинау.

3.Эксперимент әдістері:

1.Ешкі малының өмірдегі пайдасын білу.

2.Фермерлерде онымен танысу.

Мазмұны:

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім:

1.Ешкінің шығу тарихы

2.Ешкінің түрлері.

3.Адам өміріне тигізер пайдасы.

III.Қорытынды

Менің болашақ арманым.

IV.Пайдаланған әдебиеттер.

 

 




1.Ешкінің шығу тарихы.

Тауешкі немесе безоар ешкісі, сақалды теке — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі; таулы теке туысына жататын сүтқоректі.

Дене ұзындығы 150 см. шоқтығының биіктігі 80-95 см. Мүйіздері қылыш тәрізді екі жағынан сығылған еркектерінде ұзындығы 130 см. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі),  жатады. Тау  ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Тау ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Тау ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді.

Үй жануарларының ішінде ешкі Орта Азияда біздің дәуірімізге  дейінгі 5700 жылдың ішінде үй жануарларының қатарына қосылып, қолға үйретілген малдың бірі.
Бірнеше ешкі тұқымдарын асылдандырып өсіру арқылы, олардың түрлері де көбейді, өнімдері де артып, жаңатұқымдары да жасалды, жақсыжерсіндірілді.

Солардыңбірі қазақ ешкісі.
       Қазақ ешкіні жасынақарай: үлкентеке, серке, дөнен серке, құнан серке, ту ешкі, үлкенешкі, сақаешкі, туша шыбыш деп атаса жынысына қарай: теке, серке, лақты ешкі, ешкі, еркек марқа лақ, ұрғашы марқа лақ, еркеклақ, ұрғашылақдеп те атайды. Ет, сүт, түбіт, өнімдерін мол беретін көптеген ешкі тұқымдарының аралас келген түрлеріне жатады. Бұл ешкілер ыстық пен суыққа бейімделген. Қыста өзбетімен өрісте жайыла алады.

Ешкілердің тамыз айынан бастап күйті келеді. Ешкілер жалқы да, егіз де табады. Күйі жақсы ешкілер бір жылдың ішінде екі, немесе үш рет лақтайтындары болады. Жылына екі-үш рет лақтайтын ешкілердің кейбірі екі рет егіз немесе сыңар (жалқы) лақ табуы мүмкін. Жаңатуған жас лақ енесінен туа жүгіріп кетпей, біраздан соңаяқтанып, енесінің бауырынан емшегін тауып еметін болады. Келесі күні енесінің соңынан ереді. Төрт-бес күннен кейін, енесіне еркін еріп, тоғыз-он күннен соңотығып, тез жетіліп өседі.

Ешкі бес ай сауылып, жылына бір-ақ рет қырқылады. Ешкі он екі жыл ғана жасайды.Ешкінің күйі-жайына, төлдеу мерзіміне, жасы мен жынысына, мүйізіне қарай мынадай атаулар қойылады.
 Күйі-жайына қарай аталуы
Піскен лақ
,семіз лақ,бітеу ешкі  арық лақ.

 Төлдеу мерзіміне қарай аталуы
Туша. Бұл атау ұрғашы ешкінің екі жастан асқан кезіндегі лақтағанын білдіреді.
Шыбыш. Алты айлығында текеге шағылысып, бір жасқа толған уақытында лақтаған ешкіңің атауы.
Сақа ешкі. Лақтап жүрген үлкен ірі ешкі яғни жазға қарай лақтайтын үлкен ешкі деген мағынада.
 Жасы мен жынысына қарай аталуы
Шыбышша. Бір жастан бір-екі ай кішілігі бар, текеге шағылыспай қалған ұрғашы лақ.
Шыбышық. Ерте туған ұрғашы лақтың бір жастан асқанына қойылатын ат.
Лақ. Алты айға дейінгі ешкінің төлі.
Лақ теке. Бұл атау туғанына алты ай болған еркек лақтың тарттырылмай жіберілгеніне қойылған ат.
Серке. Алты-жеті жастағы ешкінің тарттырылған еркегі.
Серкешік. Еркек ешкінің бір жастан асқанда тарттырылғаны.
 Мүйізіне қарай аталуы
Топал (тоқал) ешкі. Мүйізсіз, мүйізі жоқ деген мағынада. Қарағай мүйізді ешкі. Бұл ешкінің мүйіз бітісі түзу, жуан, әрі ұзын екенін білдіреді.
Ай мүйізді ақ серке
. Мүйізі жаңа туған ай бейнесінде келген, сұңғыла, көзге Ешкі (лат. Capra hircus) — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1 кг май алынады. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды ешкі малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар.

Ешкінің адам өміріне тигізер пайдасы: жүні, түбіті, терісі,сүті, еті. Ешкіге сипаттама: Дене бітімі жеңіл, мүйізі  қырлы, құйрығы қысқа. Ешкі сүті болдырмайтын ауру түрлері: анемия, құрт ауруы, асқазан, диабет, тағамдық аллергия, ішек – құрт ауруы.

Тәжірибелік  жұмыстар

Менің болашақ арманым:

Мал шаруашылығына көп мән беру керек деп ойлаймын.Себебі малдан алатын өнімдердің адам ағзасына тигізетін пайдасы мол.Төрт түлік малдың ішінде ешкінің сүті өте пайдалы.Ол көптеген аурулардың алдын алады.Ал мен осы ешкінің сүтін мектептегі балаларға қолжетімді бағамен берілсе,балалардың денсаулығы мықты болар еді.Ешкінің сүтінен жасалатын құрт,ірімшіктер көптеп сатылғанын қалаймын.Сондықтан мен болашақта жеке кәсіпкер болып ешкі сүтінен әр түрлі өнімдер жасасам деймін.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.

  • Ақ Жайық Қазақстанның мұнайлы астанасының бас газеті.

  • «Көшпенділер»сайты.

  • Ділдә Матайқызы «Ұрпағым саған аманат»кітабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






















2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы.
Жа
ңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады.
С
үттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар.
Микроэлементтер 
құрамына: кальций, магний, фосфор, марганец, мыс. Дәрумендерге: А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4, 4%, белок3, 6%, лактоза4, 9% бар.
С
үттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек - қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.
Ешкі с
үтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Жалпы, педиатрлар ешкі с
үтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын бас
қа да аурулармен ауырмайды.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА
Ас
қазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ
Диатез ж
әне терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА
Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0, 5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ
Ешкі с
үтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон - дай - ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г - нан өлшеп, науқасқа беру керек.
КОСМЕТОЛОГИЯДА
Косметологияда да 
өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ
Ешкі с
үтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай - ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

















































Слайд 3Ғылыми - жобаның мақсаты : Ешкі сүтінің емдік қасиетін зерттей отырып ешкі сүтінің ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау .
Слайд 4Міндеттері : І. Ешкінің
  шығу тарихын анықтау. ІІ. Ешкі түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру. ІІІ.   Ешкі сүтінің құрамы мен қасиеттері туралы мәлімет жинау І V. Адам өміріне еті мен сүтінің пайдасы туралы мағлұмат жинау .
Слайд 5Зерттеу гипотезасы : Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау .
Слайд 6Міндеттері : Зерттеу гипотезасы : Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтау .
Слайд 7Міндеттері : Зерттеу кезеңдері : - Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау ; -Интернет мәліметтерімен танысу,іріктеу
 - Тәжірибелер жүргізу ; - Емделушілер   арасында сауалнамалар жүргізу - Зерттеу жұмысын жинақтау,қорытындылау
Слайд 8Міндеттері : Эксперимент әдістемесі : Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу. 2. Ешкі сүтінің
  күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Сүт өте дәмді
Слайд 9Міндеттері : Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі :
 - Ешкі сүтінің емдік қасиеті ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді ; - Ешкі сүтінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын,   күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын дәлелдеген
Слайд 10Міндеттері : Зерттеу жұмысының негізгі болжамы : Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау,анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.Ешкі сүтінің емдік қасиетін ерекшелігін пайдалану арқылы
  көптеген аурулардың алдын алуға болады .
Слайд 11Міндеттері : Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ешкі сүтіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетім-ділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады .
Слайд 12Міндеттері : Мазмұны 1. Кіріспе
   ................ 2. Негізгі бөлім      .............. 2.1.Ешкінің шығу тарихы    …….. 2.2. Ешкі сүтінің қасиеті        ........... 2.3. Ешкі сүтінің құрамы    .................. 2.4. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы  . 2.5. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар. 2.6. Менің болашақ арманым .... ...... 2.7.Қорытынды .   .............. 2.8.Пайдаланылған әдебиеттер   .........
Слайд 13Міндеттері : Зерттеудің мақсаты : Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы
  анықтау.   Зерттеудің міндеті : Халықты әр түрлі аурудан аман алып қалудың жолы – осы ешкі сүтінің емдік қасиетін пайдалану .  Зерттеудің маңыздылығы : Ешкінің сүтінің ауруға қаншалықты ем болатынын, қалай пайдалану керектігін үйреніп, іс жүзінде пайдалануға болатынындығын   анықтау .
Слайд 14Міндеттері : 1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1 Сүттің түрлері және оларға сипаттама Сүт — ұзақ уақыт ағзаның дамуы мен өмірге қажетті дәрумендері бар табиғи өнім. Сүт тамақтану рационының құрамды бөлігі, оның ағзаға сіңуін жақсартады. Сүттің құрамында адам ағзасына қажетті заттардың (белок, май, көмір қышқылы, минералды заттар, дәрумендер ) жеңіл сіңетін формалары бар. Қышқыл сүт өнімдерінің құрамында ағзаға жеңіл сіңетін негізгі тағамдық заттар бар, сонымен қатар олардыңқұрамында қосымша пайдалы тұтыну сапасы да бар. Олар тәбетті ашатын, асқазан сөлін шығаруда бір қалыпты ұстайтын көмір қышқылын, сүт қышқылын және басқа да дәмдік заттарды құрайды. Бұл тағамдардың тірі микроорганизмдері адам ішегінде улы заттардың пайда болуына кедергі болу үшін қызмет етеді. Қышқыл сүт өнімдерінің диеталық, емдік қасиеттері бар ( қымыз, айран, ірімшік, т.б ). Сүзбе және сары майда жоғары тағамдық және биологиялық құндылығынан басқа адам ағзасына маңызды энергетикалық қасиет береді. Дамыған елдерде тұрғындардың тамақтану калориясы май мен көмірқышқылдарын артығымен қолдану, дене шынықтырумен аз айналысу салмақ қосуға және әр түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Сондықтан аз калориялы сүт өнімдерін шығару көзделіп отыр. Сүт өнімдерінің калориялылығын азайту, майлылығын азайту және толық жою немесе тағамның билогиялық құндылығын арттыру арқылы іске асады .

Слайд 16Міндеттері : Ешкінің тарихы Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Жер бетінде Сексек ата тұқымының оннан аса түрі бар. Оның етті, етті-сүтті, түбітті-жүнді түрлері әлемде кеңінен таралған. Мәселен ,
  ангор ешкісінің түбіті ұзын жібектей болса, заанин ешкісі сүтті келеді. Ешкінің етті тұқымы Қытай мен Үндістанда, сүттісі — араб елдері мен   Еуропада, түбіттісі — АҚШ, Түркияда көп өсіріледі екен. Мүйізді жануардың басты ерекшелігі — күй талғамайды. Ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсінген дамыған елдер бұл істі бір ізге қойған. Швейцарияда туберкулез, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген .  АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды .  Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп.   Мәселен, әлемде   бір милиардқа жуық ешкі бар болса, оның көбі, яғни 180 миллионы Қытайда екен. Үндістанда — 130, Пәкістанда — 50, Иранда — 30 миллион ешкі бар. Ал Қазақстандағы   ешкінің 155 мың 600-і — Ақтөбе облысының еншісінде екен [1]. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде » - деген халқымыз ешкі сүтінің тоқсан тоғыз ауруға ем екендігін ертеден білген. Сондықтан бүгінгі күні табиғи, таза ешкі сүтінің емдік қасиеттерін анықтап, күнделікті өмірде шипа ретінде пайдалана білу өзекті мәселелердің бірі .
Слайд 17Міндеттері : Ешкі сүті химиялық құрамы және кейбір қасиеттері бойынша сиыр сүтіне ұқсас. Құрамында белок, май және кальций бар, бірақ каротин аз. Сиырдыкімен салыстырғанда май түйіршіктері ұсақтау. Ешкі сүтін адам ағзасы тез сіңіреді, балаларды тамақтандыру үшін қолданылады. Ешкі сүтінің қасиеті Сүт өте дәмді
Слайд 18Міндеттері : ады [2]. Ешкі сүтінің құрамы Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. кальцийдің мөл­шерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді .
  Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Жалпы, педиатрлар ешкі сү­тіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жа­рамды келеді. Әрине, бала үшін ана сү­­тіне жететін тағам жоқ. Бірақ жа­санды немесе аралас қорек­тен­діруде ешкі сүті ана сүтін алмас­тыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүті — аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді . 
Слайд 19ады [2]. МАЛ СҮТТЕРІНІҢ ІШІНДЕ ЕМДІК ҚАСИЕТІ ЕҢ ЖОҒАРҒЫСЫ –ЕШКІ СҮТІ (1-СУРЕТ). 1-СУРЕТ. ЕТІ ЖЕЛГЕ, СҮТІ ЕМГЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЕШКІ МАЛЫ БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗҒА ДЕЙІН ЕГИПЕТТІКТЕР СҮТТІ ЕМДІК МАҚСАТТА ҚОЛДАНҒАН. ЕЖЕЛГІ РИМ МЕН ГРЕЦИЯНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ МЕН ҒАЛЫМДАРЫ СҮТТІ ҚҰРТ АУРУЫ, ТҰЗ БАЙЛАНУ, ҚАН АЗДЫҚТЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҰСЫНҒАН. ҚАЗІРГІ ДӘРІГЕРЛЕР СҮТПЕН ТҰЗ БАЙЛАНУДЫ, ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫН, АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫН, ҚАН АЗДЫҚТЫ ЕМДЕЙДІ. ДИЕТОЛОГТАР СҮТ ӨНІМДЕРІ ТӘУЛІКТІК РАЦИОННЫҢ 1/3 НӘРЛІЛІГІН ҚҰРАУЫ ТИІС ДЕП САНАЙДЫ. АЛ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕҢ КӨНЕ ҒЫЛЫМ - АЮРВЕДА – СҮТТІ ҒАЛАМ...

















Ешкі сүтінің пайдасы

Тақырыбы: Ешкі сүтінің пайдасы

«Ешкі сүтінің пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасына аннотация
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу.
Зерттеу болжамы: Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ.
Зерттеу заты: Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу.
Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру, талдау, жинақтау, әңгімелесу т. б.

Жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда.

Жоба міндеттері:
- Қазақ медицинасының шығу тарихына зер салу.
- Ешкі малының өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.
- Ешкі сүтінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасы.
- Сыныптас достарыма ешкі сүтінің пайдасы туралы айту, зерттеу жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу қорытындысы: Бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: халық медицинасының адам өмірінде маңызы зор екендігінде және де сенген адамға дәстүрлі медицинадан әлдеқайда басымдылығында, пайдалылығында. «Ауырып жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана сөз осы тақырыпқа негізделгендей. Сонымен бірге, ешкі сүті пайдасымен қоса қаражат көзі болып табылады.

Өз ұсыныстарымыз: Жем қаласында мал шаруашылығы, соның ішінде ешкі малының санын көбейтіп, одан алынған өнімдерді өңдейтін орындар ашылып, дүкен сөрелеріне зиянды қоспасыз пайдалы өнімдер қойылса екен.

Кіріспе
Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Қазақтың халық медицинасының ХV ғасырда - ақ, 500 жылдың алдында іліми - ғылыми негізі қаланғанын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді. Шипагерлік баян» кітабында да 728 түрлі дәрілік шөп, 318 түрлі дәрілік жануар, 52 түрлі минералды дәрі, 8 түрлі бағалы дәрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған. Қазақ шипагерлігінің әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағытының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Республикасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдар - ламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар
Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес.
Аңыздарға жүгінсек, Ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі - дәрмектің де пайдасы тимеген. Сонда біз білетін аңыз адам Гиппократ науқасқа бір апта бойы күндіз және кешке есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін іш деп кеңес береді. Нәтижесінде, әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған екен.
Гиппократ өз еңбектерінде сүтпен емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған кездерін тізіп көрсеткен. Сондай - ақ, әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеттерінің бірдей болмайтындығын анықтаған. Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті
көкірек ауруын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа шипа болады. Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.
Әбу - Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі - жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе, ешкі мен есек сүті өте пайдалы екендігін баса айтып, олардың сүтіне тұз бен бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.
Италияда біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда емдік қасиеті мол сүт алу үшін сиырға ақбас жусан, бидайық, ешкітап, куманиха сынды әртүрлі шөптерді араластырып берген. Ол кезде сиыр өріске шығатын жайылымның ботаникалық құрылымын жақсартқан адамдарды арнайы медальдармен марапаттап отыратын болған деседі.
Белгілі ғалым С. П. Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.
Егер жараны, күйікті, ит қапқан не ара шаққан жерді бөкеннің сүтін жағып емдесе, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез жазылады. Сондай - ақ, бөкен сүті асқазан және он екі елі ішек жарасын, созылмалы, гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.
ХХ ғасырдың басында ұлы орыс микробиологы И. И. Мечников айран ішкен кезде ішектердегі шіріткіш микробтардың ығыстырылып шығатындығын анықтаған. Оның үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, тәбетті ашып, астың қорытылуына жәрдем болады.
Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы өте ерекше.
С. Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі - дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адамның үш айдың ішінде құлан - таза айығып кеткендігін жариялайды. С. Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан.
Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде.
Мысалы, өзге ұлттардың медицинасы сияқты қазақ медицинасында көптеген зерттеуді қажет ететін тақырыптар жетерлік. Сол мақсатта мен осы тақырыпты таңдадым.

Ешкі түрлері
Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі
Қазақ ешкіні жасына қарай:
• үлкен теке
• серке
• дөнен серке
• құнан серке
• ту ешкі
• үлкен ешкі
• сақа ешкі
• туша шыбыш
• шыбышша
• шыбыжық
• марқа лақ - деп атайды.
Ешкінің қасиеті

Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0, 2 – 0, 5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Ешкі күтімі
Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг - ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограммға дейін
тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық
лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.





































сүт өнімдері

қымыз

сүттің

тағамдары

сүтті

сүті

жылқының

қымыздың

переподготовки

ешкісі

сиыр

ешкінің

сүтін

квалификации

сүтінен

курсов






Ғылыми жоба "Сүт пайдасы" презентация 3 сынып

infourok.ru




Ешкі сүтінің емдік қасиеті - YouTube

youtube.com




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru



Похожие запросы


дайын ғылыми жобалар бастауыш сынып


ғылыми жоба бастауыш сынып слайд


ғылыми жоба үлгісі




Ешкі сүті

slideshare.net




Ғылыми жоба "Сүт пайдасы" презентация 3 сынып

infourok.ru




Ешкінің сүтінің пайдасы" ғылыми жоба презентациясы 6 сынып

infourok.ru




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru




Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері - бет 3

engime.org




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Ғылыми жоба "Сүт пайдасы" презентация 3 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Ғылыми жоба "Сүт пайдасы" презентация 3 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Вестник 2 by Галымжан Сулейманов - issuu

issuu.com




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Ғылыми жоба" (3 класс)

infourok.ru




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru



Похожие запросы


зерде ғылыми жоба бастауыш сынып




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің емдік қасиеті"

infourok.ru




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




Оқушылар жетістігі » Іле аудандық мектебі

21-ileaud.mektebi.kz




Ешкінің сүтінің пайдасы" ғылыми жоба презентациясы 6 сынып

infourok.ru




Қымыздың пайдасы - презентация онлайн

ppt-online.org




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Презентация Ғылыми жоба "Сүт тағамдары"

infourok.ru




Презентация Ғылыми жоба "Сүт тағамдары"

infourok.ru




Презентация Ғылыми жоба "Сүт тағамдары"

infourok.ru




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




Слайд 1

qmu.kz




Презентация Ғылыми жоба "Сүт тағамдары"

infourok.ru




Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері - бет 3

engime.org




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Слайд 1

qmu.kz




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




Ғылыми ба "ешкі сүті" 4 сынып

infourok.ru




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Untitled

vuzbaishev.kz




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ...

docplayer.ru




Ғылыми жоба" (3 класс)

infourok.ru




Ғылыми жоба" (3 класс)

infourok.ru




Бағыты: « Қоршаған әлем -экология» Тақырыбы: «Сүттен алынатын ...

slideplayer.com




Ғылыми жоба: Ешкінің сүті .

botana.biz




128 × 128


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
1521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі