Қостанай облысы Амангелді ауданы Есір ауылы
«Н.Мейірманов жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Өсіп бір,өшкен мектеп....
Бағыты: тарих
Орындаған: Айтбаев Ердәулет
Сыныбы: 9-сынып
Жетекшісі:Тұяқбаева Жаңагүл Қойшықызы
2016-2017 оқу жылы.
Мазмұны:
1. Абстракт ……………………………………………………………..
2. Кіріспе………………………………………………
3. Негізгі бөлім………………………………………………………
Қалдырған ізін мәңгілік……………………………………………
4. Қорытынды …………………………………………………………
5.Пікір......................................................................................................
6.Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………
Абстракт Зерттеудің мақсаты: Кемер ауылының мектеп тарихы, еңбек еткен ұстаздар туралы деркетер жинастыру, этимологиялық тұрғыдан терең қарастыру. Зерттеу жұмысының міндеттері: мектеп тарихының басты кезеңдерін көрсете отырып,насихаттау Зерттеу жаңалығы: Қазақ жеріндегі ауыл-мекендерде осындай ғұмыры қысқа мектептердің көптеп кездесетінін түсіндім. Болашақта осындай мектептердің өшпей,өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Жұмыстың қорытындысы:1958 жылы құрылған мектептің тарихына үңіліп жинаған зерттеулерім қазақ елінің болашағы яғни жастардың сана сезімінде намыс пен қанағатшылдықты оятады деп ойлаймын.
Абстракт Цель исследования: Кемер села история школы, учителя, данные о уборка, этимологический перевод по глубокой точки зрения Задачи исследовательской работы: основные этапы в истории школы с указанием пропаганда Новизна исследования: на Казахской земле-и понял, что много случается в жизни таких школ в коротких пунктах.Эффективно скрывает таких школ в будущем,хочу внести свой вклад в процветание. Итоги работы:перспективы профессионального самосознания казахского народа, набранных студентами, в истории школы, созданный в 1958 году, то есть молодежи, и я думаю, что пробуждает қанағатшылдықты зерттеулерім чести. Abstract The purpose of the study: Kemer village the history of the school, teachers, data cleaning, etymological point of view deep consideration. Tasks of research: milestones in the history of the school, indicating the propaganda. The novelty of the research: on the Kazakh land-and realized that a lot happens in the life of these schools in short paragraphs.Effectively hides such schools in the future,want to contribute to the prosperity of. The results of the work: perspectives of professional identity of the Kazakh people, recruited students in the school's history, founded in 1958, that is, young people, and I think that awakens anauthentic seraulim honor
І: Кіріспе:
Кемер ауылы бұрын 8 март колхозы деп аталды.Онда басқарма Жаңғабылов Жаңбыршы,есепші Наржанов Қойшыбек болып жұмыс атқарды. Ауылда мектеп «Коммунизм жолы» совхозының аумағындағы Ағайдар елді мекенінен 3-4 шақырым жерде алғашқы Жасбуын орта мектебі болды. Кемер ауылындағы алғашқы мектеп 1958 жылы Ағайдардағы Жасбуын жеті жылдық мектебі жабылуымен өз жұмысын бастады.1958-59 жылдарында мектеп колхоз есебінен салынды. Осы мақсатпен Қостанай облысы Амангелді ауданына қарасты солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан қазіргі Кемер атауындағы ауылда ашылған мектеп жайында,ұстаздары жайында сыр шертпекпін. 1960 жылға дейін Сақтағанов Қабдырахман директор болды.Кейін екі жыл Әбішов Ғайса осы міндетті атқарды.Осы мектеп кейін В.И.Ленин атындағы малшы-жұмысшылардың балаларын оқытатын мектеп-интернатқа айналды. 1962 жылы Тәукенов Қоңыртай директор болды,осы жылдың желтоқсанның жиырма алтыншы жұлдызында жаңа оқу үйі іске қосылды.Оны Сохолов Сарыбай кен орындарының әкімшілігі күшімен салынды,жоғарыда аталған колхоз председателі Жаңғабылов Жаңбыршы оған колхоздың ЗИЛ машинасын айырбастаумен қаражат тапқан.Бұл 240 балаға арналған ескі типтік жобадағы мектеп болатын.Интернаттағы балалардан басқа Ағайдар мен Кемер ауылы өзінен де қатынап оқып білім алды.Осы В.И.Ленин атындағы мектеп-интернатында қызмет атқарған ұстаздар ұжымы:Ыбышев Қияқ,Мұқатов Қабжәлел,Кәкімов Сәлімгерей,Ибраев Бибосын ,Тиыштықбай Шәйкенов,Қабдырахман Сыздықов,Қалиева Райса, Досжанова Райхан,Елтебаева Гүлсім,Оташев Сабыржан, Ш.Әлмағанбетов, С.Қанешов,Т.НұрмановБ.Қажыгелдиев,Гүлсім Оразбайқызы, т.б.мұғалімдер шәкірттерге тәрбие беріп, білім нәрінмен сусындатқан.
Қалдырған ізін мәңгілік Мұғалім,бұл ардақты аты, Білімділік бар биікке шығар саты, Ең алғаш басталады осы адамның, Сүйтеді сондықтан да жақын жаты. Бар ғалым,барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды,мәңгі бақи беріп терін-деп ақын Сәбит Мұқанов жырлағандай. Әрбір адам баласы өмірінде анасының,әкесінің алақанынан кейін ұстаз алдынан өтіп тәлім-тәрбие алады.Жақсы ұстаздың ғибратымен үлгі өнегесі адамның ғұмыр бойы есінде қалады.Ұстаздық маман сонысымен ұлы,сонысымен қасиетті. Ұстаз – ең құрметті дәреже, құрметті лауазым. Ұстаздың еңбегі, мейірімділігі, тәлімі үшін алдында бас имейтін жан жоқ. Жалпы өз өмірін ұстаздыққа арнаған үлкен жүректі адамның еңбасты мәселе болып,жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі тұратындығы белгілі.Әрі бұл істе өз ісіне,шәкірттеріне деген үлкен сүйіспеншілік,жүрек қалауы керек.Міне,осындай қасиеттерді бойына жинақтай білген,елге сыйлы,ұстаздардың ұстазы Оташев Сабыржан,Таукенов Қоңыртай,Ыбышев Қияқ ағайлар бүкіл ғұмырларын ұрпақ тәрбиесіне арнаған.Сол ұстаздардың бірі Ыбышев Қияқ ағайға тоқтала кетсем. Ыбышев Қияқ (1932-1982жж)-ұстаз,Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі.Қостанай облысы,Амангелді ауданы,Қарасу ауылында дүниеге келген.Қызылорда педагогика училищесінде оқиды.кейіннен білім жетілдіру мақсатында Қарағанды педагогикалық институтында оқиды.1960 жылдары В.И.Ленин атныдағы мектеп –интернатта мұғалім-тәрбиешіліктен,оқу ісінің меңгерушісі,директорлыққа дейін көтеріліп,осы салада үздіксіз қызмет жасады. Сол уақытта партияның жұмсауымен аудан мектептерінде басшылық қызметтерде жүріп бүкіл санаулы ғұмырын өткізген. Өмірінің көп жылдарын мектеп басқару ісіне арнаған,білікті басшы. 1964-1967 жылдары Байғабыл орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарған.Соның айғағындай «Халық ағарту ісінің үздігі»атағын алып,аудан бойынша ұстаздың ұстазы белгісін алғаш иеленген.Бірнеше рет еңбектерін бағалап,оқу министрі,облыс,аудан оқу бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталған.Москва қаласындағы мұғалімдер съезінде делегат болды.Оның сыртында «Тың жерлерді игергені үшін» медалі, «Ленин ордендері» тағы басқа марапаттармен мадақталған.Аудандық баспасөз беттерінде очерк,мақалалар,өлеңдер жазып,аудан өміріне,оқу ағарту ісіне ат салысып отырған.Қияқ ағай жүрген жеріне сыйлы,адалдықты ту қылып ұстаған,бала тәрбиесін жоғары қоя білетін білікті басшы.Өмірлік жары Нағима Елубайқызы екеуі 7 бала тәрбиелеп өсірді.Олардың барлығы да жоғары білімдіәке жолын жалғастырып5 баласы ұстаздық мамандықты қалапты,бір баласы дәрігерлік,біреуі инженерлік мамндық алған.Ата жолымен келіндері мен немерелерінің бірнешеуі ұстаздық етуде.Өз мүддесінен ұрпақ тәрбиесін жоғары қойған елі үшін маңдай терін төккен азамат ештеңе істемей өткендей елеңбей келеді.Сондықтан Қияш Ыбышев ағайдың есімін Амангелді ауданы мектептерінің біріне берсе екендеп шәкірттік тілек білдіремін.Ұстазға құрмет көрсету-баршамыздың міндетіміз. Шығармашыл жұмыстарының аудан педагогтары арасында жаңашылдықпен көпшілік қызметіне бөленген Ибраев Бибосын (математика),Әбілдин Дәуіт(физика),Қанешов Сейітқасым (бастауыш сынып),Әлменова Данагүл(орыс тілі),Төкен Елтабаев (ән-күй),Нұрғожина Үмітжан(қазақ тілі) т.б.ауыл азаматтарын әрқашанда мақтанышпен атайды.Олардың арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалімі Бадаев Сейітжан шықты.Көптеген ұстаздар оқу ісінің үздігі,әдіскер және аға мұғалім деген құметті атқа ие болды.Облыста кабинеттік жүйемен оқытуды 1974-1975 оқу жылдарында алғаш рет жүзеге асырылды. Интернат жұмыс істеген кезде аудан және облыс көлеміндегі оқу-тәрбие процесінің көрекм өнерпаздар мен спорт жұмыстарынан мектеп ұжымы жүлделі орындарға ие болды. Аудан мен облыстық деңгейдегі барлық семинар кеңестердің бәрі оның базасында өтіліп шығармашылық жұмыстарға кең жол ашылды.Әрбір сабақты оқытудың тиімділігін көтеруде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану,аудио-визуальды құралдармен оқушылардың оқушылардың танымдық белсенділігін көтеру жолдарына ерекше мән берілді.Оқу тәрбие үрдісінде халықтың педагогиканы пайдалану мен оны енгізуде жүйелі жұмыс стилі қалыптасты.Мектеп-интернат 1981 жылға дейін жұмыс істеді. 1980 жылы ПМК-314 мекемесі орналасты,бастығы Смағұлов Құдайберген басшылық етті.Осыдан бастап мекеме жабылғанша аудан көлемінде құрылыстар мектеп,балабақша,жол тағы басқа обьектілер салына бастады. Сылақшы,тас қалаушылар,құрылыс саласындағы мамандар шықты.Қысқара келе ХРСУ-15 шағын шаруашылықты есепті мекемеге айналды,онда Есім Дауылбаев болды.Кемер негізгі мектебінде 1981-1985 жылдарда мектеп диреторы Шуақбаев болатжан қызмет етсе,1985-2002 жылдар аралығында мектеп директоры Жұмағұлов Серік, 2002-2012 жылдарда Қалиев Жұмабек директор, соңғы директор болды.Жұрынбаева Жұмакүл қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Қазіргі уақытта Астана қаласында № 38-ші Президенттік мектебінде дәріс береді.Кемер негізгі мектебі бала санының аздығынан байланысты 2013 жылы тамыз айында жабылды.Қазіргі таңда Кемер ауыл балалары жақын аймақтардағы мектептерде білім алып жатыр.
Қорытынды: Ғылыми жобамды өзімнің мына бір өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр. «Мектеп-кеме,білім теңіз» бұрыннан Білім өшпес шәкірт болса ұғынған 1958-де Кемерде, 7 жылдық білімді орда құрылған. Жырымды айтып көмейден жыр аласұр, Анасына айтқандайын бала сыр. Білім беріп,сауатыңды ашатын, Ұстаз деген екінші анаң жанашыр. Ұстаз деген білімді орда өмірі, Қуанышта шат болатын өңірі. Ескіргенмен мектебі мен көшесі, Ескірмеген елге деген көңілі. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? Сондықтан да ұстаздардың еңбегі-ұлы еңбек. Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Ұстаздық жолдың ең қиыны жоғарыға жалтақтамай ,төменгіні шеттетпей тура тура жолмен бағыт ұстау арқылы көпшіліктің құрметіне,үлкендердің алғысына бөлене отырып,жас буындар үшін есімі ұмытылмас ардақты азамат ретінде жадынды ұзақ сақталуы ,сол ұстаздар алдында ылтипатпен еске алатын адам ретінде мәңгі қалуы абзал.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен ұсыныс:
-
Мектеп бойынша жазылған зерттеу жұмысымның нәтижесіне тоқталсам, бұл жұмысты орындау барысында өзіме көптеген мәліметтер мен деректер жинадым.
-
Мен бұл ғылыми жобамды зерттеу арқылы көптеген ұстаздардың есімдері мен еңбектері жайында таныстым.
-
Ұмыт болып бара жатқан ұстаздарымызды насихаттауды жалғастыру керек деп ойлаймын. Келешекте ауданымыздың басқа өңірлерінде келешегі бар мектептердің жабылуына жол бермеуге өз алдыма мақсат етіп отырмын.
Ұсынысым:
-
1.Осындай мектептердің бұзылмауы қолға алынса;
-
2.Әлі де бұл мектепте қызмет атқарған ұстаздардың еңбектері елеусіз қалмай,баспа беттеріне,көшелерге есімдері берілсе.
Пікір:
«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Оқушыма ғылыми жұмыс жазайық дегенімде,өзінің ұсынысымен осы тақырып алдымен өз жасына сай болса,екіншіден өзіне қазіргі құлап жатқан мектептің аянышты тағдыры көңілін жібітті. Бұл жоба өз мақсатына жетті деген ойдамын.Дегенмен оқушымның жоспары бойынша осындай ғұмыры қысқа болып,өшкен мектептерді зерттеуді жалғастыра отырып,мұндай мектептердің көбеймеуіне алдын-алуға үлесін тигізбекші. Болашақта бұндай ғұмыры қысқа ғимараттар көбейе берсе,халықтардың санына азаюына әкеп соқтыруы мүмкін. Болашақта мұндай ғұмыры қысқа мектептердің көбеймеуін тілеймін.
Жетекшісі: Тұяқбаева Ж.Қ.
Ауылдың негізі сол жерде тұратын жанұялардың санына тәуелді. Кеңестік кезеңде тұрғындар санына байланысты балалардың оқуы мен тәрбиеленуіне мемлекет назар аударды. 1990 жылдан кейін халықтың миграциясына байланысты оқитын балалар саны азаюынан жер-жерлерді білім беру мекемелері жабылды. Кемер ауылында 1990 жылдың мектептен орта мектепке айналдыруда ПМК-312 мекемесінің басшысы Смағұлов Құдайбергеннің көмегімен Қостанай облысының сол кездегі әкімі Укин Кенжебектің қолдауымен ашылуын қамтамасыз еттік. Сол кезде мен осы мектепте 1985 жылдан мектеп директоры болатынмын.Ауылда сонымен бірге 150 балалық балабақша жұмыс істеді. Алайда жоғарыдағы елдің экономикалық жағдайлар әсерінен біртіндеп елдегі халықтың кетуімен балалар контингенті азайды. Осының зардаптары бір кезде республикаға белгілі В.И.Ленин атындағы мектеп-интернаттың азып-тозып жабылуынаоқу орнының қысқаруынан жақсы әр түрлі мамандық иелері кетуіне әкеп соқтырды.Оқу системасындағы жанашылмайтын бастық (әкімдердің) принципсіздігінен елдің азып-тозуына,балалардың басқа жақтарға бас сауғалап кетуіне әкелді. Енді болашақта бұндай жағдай қайталанбаса екен,әрбір отбасы өздерінің бауыр еті бала балаларын жанұясында қамқорлыққа алып,оқытып және тәрбиелеп азамат етіп халқына адал еңбек ететін жанұясының қатарына қосатын болуына әелетіндігін тілеймін.
Кемер ауылында туып-өскен,сол жерде еңбек еткен азамат Жұмағұлов Серік Сарыұлы.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
-
«Тың шұғыласы» газеті
-
«Амангелді арайы»газеті
-
Кемер ауылы ақсақалдарының әңгімесінен
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жұмыс "Өсіп бір,өшкен мектеп"

шағым қалдыра аласыз