Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс Шет тілі сабағында электронды оқулықтарды пайдалану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шет тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану
Жоспары
І. Кіріспе
1.1 Шетел тілін оқыту процесінде мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сөйлеу және түсіну дағдыларын дамыту
2.2. Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі
ІІІ. Қорытынды
IV. Ұсыныс
V. Әдебиеттер
Кіріспе
2011-2020жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлеуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған.Электронды оқулықтарды 2015 жылға дейін 50%-ына, ал 2020 жылы 90%-ына енгізу жоспарланды.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігі негізінде, қағидасы «ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс. Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімділігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін көріп отырмыз.
Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқта амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпаратты қоғамда тұлғаның өмірі мен іс әрекетіне қажетті, тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетін түрлендіру болып табылады.
-
Шетел тілін оқыту процесінде мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану – заман талабы болып табылады. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьютердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамхат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарды толықтырып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс- әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психолгиялық-педагогикалық, бағдарламалық- техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Кез- келген педагогикалық технология – ақпараттық технология болып табылады.Оқу- тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану қажет . Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу – тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдарының оқу үдерісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге,оқытудың жеке тұлғаға бағытталған модельін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті д-бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру
кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды кең қолдану
кезінде оқытудың формалары мен әдіс- тәсілдері, сонымен қатар білім
беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды.
Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға
бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны
қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсірін
тигізеді:
-оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;
-ақпараттың түрлі көздері мен
жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
-ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне
оқушыны үйрету;
- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын
қалыптастыру.
Негізгі бөлім
2.1.Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сөйлеу және түсіну дағдыларын дамыту.
Шет тілін коммуникативтік бағытта оқытуда мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалану жүргізілетін сабақтың тиімділігін арттырады, яғни оқушылардың сабақ материалдарын тез әрі терең түсінуін қамтамасыз етеді. Шетел тілі пәні өзге пәндерден шынайы тілдік ортаның қажеттілігімен ерекшеленеді. Ал сол ортаны жасанды түрде қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі. Мультимедиялық құралдардың заманауи технологияларын енгізу- оқу үдерісінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретеді және мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зерттеушілер шетел тілі сабағын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділішг төңірегінде көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол зерттеулердің негізгі мақсаты заманауи оқыту әдісінің тиімділігі мен дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі.
Мұғалім ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды ұтымды пайдалану керек, өйткені ол сабақты жекелеп өткізеді, яғни мұнда қайта оралу қарым-қатынасы жүзеге асады. Ал қайта оралу барысы- оқытудың негізгі құрамды бөлігі, сабақты ұйымдастырудағы орынды қолданылған естіп-байқау құралы оқытудағы басқару жүйесінің бірлігін құрайды.
Оқушылардың танымдық қасиеті көрнекілікті сезім арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Сондықтан да естіп байқау, көру, қатысымдық, таным-сөйлеу, қарым-қатынасқа жағдайда оқу құралдары практикалық қарым-қатынасқа енгізуге мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқулықтар
оқушыларға мәтінді есту мен көру арқылы өз жадыларында бес есе
жақсырақ сақтауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар электрондық
оқулықты шетел тілін оқыту үдерісінде қолдану оқушының өз бетінше
білім алуға және сөйлеу әрекетіне ынталандырады. Сабақ барысында
видео көру оқушыға қосымша күш пен сенім бере отырып, тілді ары
қарай дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар біз оқушылардың
барлығының сабаққа белсенді араласып, олардың сөздік қоры мен қатар
шетел тілін тыңдап түсіну және сөйлеу дағдыларының біршама
жақсарғанына көз жеткіземіз. Электрондық құралдарды шет тілі
сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында
презентацияларды және мультимедиялық- электрондық құралдарды мектеп
қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану мұғалімге
қысқа мерзімде өзінің дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етіп,
компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың
түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау,
эмоционалды, автоматты және т.б. Интерективті тақтамен
презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді мультимедиялық
және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны
пайдаланғанда:
- лекцияны оқып үйретеді;
-сөйлеу ырғағын ;
- диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
-хат жазуға үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Жаңа ақпараттық құралдарды
ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- оқушылардың шығармашылыған арттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютері жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.
2.2 Электронды оқулықтарды пайдалану тиімділігі
Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: « Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттарндыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оөушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жүмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тесттілер шешіп, карталар жіне схемалармен жүмыс жасауға дағдыланады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырып өткенде қосымша бейне хабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейне клиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Эдектронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио хабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарын қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады.Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.Электрондық оқулық-бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.Электронды оқулықпен оқыту,мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады.Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге қысылады, солсебепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына тіпті түсінбеген сөзді бөліп анықтама бөлімінен қарауға, сол сөздің түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын білуіне көп көмегін тигізеді.
Электронды оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушыға оқытушы тарапынан баөылау жиі болма қалуы да кездеседі, ал электронды оқулықтың көмегімен оқыту үдерісінің әр этапын бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп қана қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпарға сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып білімін тереңдете алады. Міне, осындай мүмкіндіктердің барлығы оқудың мотивациясын күшейтеді, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсенділігін арттырады, оқытудың дәстүрлі ұйымдастыру формасына шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегін тигізеді.
Сонымен қатар берілген тақырып төңірегінде сөйлемдер мен әңгімелерді микрофонның көмегімен компьютерге басып, өздері тыңдап, өзін-өзі тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
Мысалға, электронды оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтін берілген.
1.Осы мәтінді оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздіктерге көңіл аударады.
2. Жаңа сөздердің аудармасын іздеп тауып алғаннан кейін, сол сөздермен басқа жаңдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерін қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
4. Өздері ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды
6. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
Электронды оқулықтар оқушылардың
-білім деңгейін тереңдетуге
- ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға
-өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға
-ойларын дамытуға
-студенттердің сөздік қорының молайуына
-тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына
-сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына
-өз ісіне талдау жасай алуға көптен-көп көмегін тигізеді
Сондықтан, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тіл үйренуші электронды оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан тілді меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар.
Қорытынды
Қазіргі заманғы ғылым мен техникалық даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану – заман талабы. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, интернет, копмтьютерлік желі , электронды оқулықтарды даярлау.
Шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытып, заманауи дерек көздерін үйлесімді пайдалана отырып шетел тілін практикалық тұрғыдан жетік меңгеруіне, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Білім беру саласында көтерілетін өзекті мәселелердің бірі- жаңа ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі.Бұл шетел тілін оқытудың жаңа техникалық құралы ғана емес, сонымен қатар тілді үйретудің жаңа форма мен әдісі ретінде қаралып отыр.Шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты- оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оның шетел тілін практикалық қолдаыста пайдалану қабілетін дамыту.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық теъхнологияларды пайдалану қажет не қажет еместігін талқылауды қажет етпейд. Қазіргі заман қоғамы бұл сұраққа жаңа ақпараттық мәдениетті құру арқылы белсенді түрде еніп кетті.
Мемлекетте білім беру жүйесін жаңарту үдерісі жүріа жатқан қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талап ақпараттық таным болып табылады. Ал, мультимедиалық құралдарды қолдану оқу барысын жеңілдету, одан әрі дамыту мен оқушыларға оқу материалдарын жеткізу мақсатын көздеуі тиіс.
Ұсыныс
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану- оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастырып, ой өрісі дамыған, шетелдік білім беру жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айта отырса жұмыста өнімді боладындығына сенемін.
Әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
-
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
-
Молдабекова К.Е Білімді ақпараттандырудың маңызды факторы- Интернетке шығу.. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандыру IV-Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы