Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Киелі сандар сыры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Киелі сандар сыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс жасайтын оқушыларға, жас мамандарға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №42 ЖББОМ










ТАҚЫРЫБЫ: КИЕЛІ САНДАР СЫРЫ


БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ


ЖОБА АВТОРЫ: 5 «Б» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


МАГАРРАМОВА АЙГЮН



ЖЕТЕКШІСІ: БЕГАЛИНОВА ӘЛИЯ ЕРҒАЛИҚЫЗЫ
























2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.....................................................................................................................


НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................................


    1. Киелі сандар қасиеті

1.2 Киелі сандар сөйлейді

1.3 Киелі сандарға байланысты ырымдар

1.4 Киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................






























КІРІСПЕ


«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. 
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дегенмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. 


Жобаның негізгі мақсаты:

   Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды   көпшілік қажеттілігіне жарату.

 Жобаның міндеттері:

Қасиетті сандар туралы мағлұмат беру.

Киелі сандарға байланысты ырымдармен түсіндіру.

Әрбіркиелісандардыңсандар қатарында орнын көрсету.

Зерттеудің нәтижесі:

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін, өз бойындағы ерекше қасиеттерін, таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарап, пайдаға жаратып, өмірлік тәжірибеде қолданғанын дәлелдеу.

1.1Киелі сандар қасиеті



Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. 
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. 
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.
Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. 
«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік – бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болыпесептеледі.
Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.


БІР – тәуелсіздік пен жетістік;
ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;
ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;
ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу;
БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;
АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер;
ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;
СЕГІЗ – ақша мен билік;.
ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам.
ҚЫРЫҚ – бак, дәулет.

2.2 Киелі сандар сөйлейді.


Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.


3 саны туралы
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет
Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
4 саны туралы
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты – кету

5 саны туралы
Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма

7 саны туралы
1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.
2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.
6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк:
Меркурий, Шолпан, Күн, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран.

9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідей түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн

қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер

етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазаққоғамындабаланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. 

13 саны туралы
Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
40 саны

Қазақ халқы үшін 40 санының маңызы өте зор. Неге баланы қырқынан шығарады, неге өлген кісінің қырық күндігін жасайды? Бұл тектен-тек емес. Астарында үлкен философиялық мән бар.


1.3 Киелі сандарға байланысты ырымдар.

Бір жетіде жеті күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде ән күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сәрсенбі күні кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын ерекше құрмет тұтқан.Аяғы ауыр әйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған. 
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, әрі қарайғы мүшелі 12 жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді – қатерлі жыл деп санаған. Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.

1.4 Киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер:
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. 
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды.
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса,
Дәулет емес немене,
- деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.

Сауалнама:

1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?

а) иә                    ә) жоқ

  1. Қасиеттісандартуралыкімнен естідің?

а)ата-анадан       ә) мұғалімнен     б) аға-әпкелерден

  1. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?

а) иә                    ә) жоқ

  1. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?

а) иә                    ә) жоқ

  1. Қандайқасиеттісандарбілесің?

Shape3 Shape4 Shape2 Shape1




Сауалнама қорытындысы:

  1. иә — 10 оқушы ( 100% )

  2. ата-анадан – 2 оқушы ( 25% )

мұғаліммен – 8 оқушы ( 75% )

  1. Иә — 5 оқушы( 50% )

Жоқ – 5 оқушы ( 50% )

  1. «7 саны» — 10 оқушы ( 100% )

«3 саны» — 8 оқушы ( 80% )

«4 саны» — 6 оқушы ( 60% )

Сауалнама қорытындысы:балардың білетін қасиетті сандары 7,4,3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді.

Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету. 
Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім. 
1- жұмыс. Сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді. 
2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін.

Қатысқан 5 «б» сыныбы, барлығы 17 оқушы. 























ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1.Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

 

2.Ахметжанова Ф. Р., Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттiсандарқатысқанқазақ

ескiлiктерi»  Ғылыми басылым.- ШҚТУ,  2001.

 

3.Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.

 

4.Бақытбек М . «ЖасАлаш» газеті Алматы 2012 ж.

 

5.ҰлттықдүниетанымАюбайҚұралұлы Алматы 2002

 

6Жайсандартуралыбілетіндеріміз бен білмейтіндеріміз

В. Серпинский

 

7.Интернет беттерінен














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі