Материалдар / Ғылыми жұмыс. Тақырыбы: Сағыздың пайдасы мен зияны

Ғылыми жұмыс. Тақырыбы: Сағыздың пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс. Тақырыбы: Сағыздың пайдасы мен зияны
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түркістан облысы

Арыс қаласы

И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектеп







Жұмыстың тақырыбы: « Сағыздың пайдасы мен зияны.»





Оқушының аты-жөні: Сейдилла Қуаныш Бауыржанұлы.



Сыныбы: 2 «А»



Жетекшінің аты-жөні: Акимханова Розагул











Пікір

Қазіргі таңда көздің жауын алатын және еліктіретін неше түрлі сағыз туралы жарнамалар толып кетті. Тіпті дүкен сөрелерінде сағыздың түрлері өте көп. Сағыздың түрлері көбейген сайын олардың пайдалы ма, әлде зиянды ма екендігі жөнінде пікірталастарда көбейіп барады. Жұмысты бастамас бұрын оқушы алдымен әдебиеттерге шолу жасап, интернет желісі арқылы мәліметтер жинады. Алдымен сағыздың шығу тарихы, химиялық құрамы, пайдалы және зиянды жақтары туралы ақпарат жинақтады. Қаншама материалдарды ақтарсада сағыздың химиялық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеген дәлелдемелерді таппады. Осыған байланысты Тораптық ауруханасының зертханасында сағыздың химиялық құрамына зерттеу жасады. Атап айтқанда, сағыз құрамында көпатомды спирттің бар - жоғы, сағыз құрамындағы резеңкенің әртүрлі еріткіштерге әсері және сағыз құрамындағы ментолдың қасиеттерін қарапайым тәжірибелер арқылы анықтады. Анықтап қана қоймады, сонымен қатар оқушыларға сауалнама жүргізіп, сағыздың пайда - зияны туралы ақпарат берді. Сағыз шайнау мәдениеті туралы көптеген ережелермен таныстырды.

Бұл жұмыс жас жеткіншектер бойына мәдениеттілік қасиеттерді сіңіріп қана қоймай, жеке бастарының гигиенасына және денсаулықтарына көңіл бөлуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.

Пікір жазған: жұмыс жетекшісі Акимханова Розагул Мухиддиновна

Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі. Сынып жетекші



Мектеп директоры: Ә.Жүніс



Директордың оқу-ісі

орынбасары: Байдуллаева А



Ғылыми жұмыс жетекшісі: Акимханова Р

































































Мазмұны

Пікір ................................................................................................................1

Аннотация ......................................................................................................2

  1. Кіріспе....................................................................................................3

  2. Негізгі бөлім..........................................................................................4

  1. Сағыздың шығу тарихы.....................................................................5

  2. Сағыздың түрлері. Сағыздың құрамындағы қоспалар..............6

  3. Сағыздың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен зияны..8

  1. Қорытынды.....................................................................................12

Пайдаланған әдебиеттер.

Фото материалдар.

















Аннотация

Зерттеу жұмысы Кіріспе, Негізгі және Қорытынды бөлімдері мен Пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жобаның тақырыбы: «Сағыздың пайдасы мен зияны» тақырыбына байланысты жазылған.

Сағыздың пайда болу тарихы жазылды. Сағыз түрлері, сағыз қасиеттері зерттелді. Оқушылар арасында сауалнама өткізілді. Дәрігер-мамандардың кеңестері атап көрсетілген.

Жобаның мақсаты: Сағыздың адам денсаулығына тигізетін пайдасын және жиі қолданған жағдайда адам ағзасына зиянды екенін анықтап, дәлелдеп беру менің мақсатым.

Зерттеу нысаны: Сағыздар: (Orbit «Спелая малина», Orbit «Сладкая мята».

Ғылыми болжамы:

Дені сау, салауатты тұлғаны қалыптастыру.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Сағыздың пайдалы жақтарын және зиянды жақтарын айта отырып, оның пайдасынан зияны көп екендігін айта келе, денсаулықты сақтау әр адамның мақсаты мен міндеті болуы тиіс.

Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі:

Сағыздың құрамындағы қоспалар денсаулыққа қауіпті екенін анықтап, оны жиі пайдаланбау туралы насихаттауға үлес қосу.







Аннотация

Введение в научно – исследовательской работе, основной и заключительной части и использованные литературы.

Тема проекта: «Польза и опосность жевательной резинки» написанную на эту тему.

Написано история живательной ризинки. Исследовано типы жевательной резинки и свойство.

Провели опрос среди школьников. Отметили консультации врач – экспертов.

Цель проекта: Если вы используете жевательную резинку, который принесет пользу здоровью человека. И часто использововать резинку, обнаруживается это вредно для человеческого организма, и это доказать моя цель.



Обьект исследования : Жевательные резинки : ( Orbit «Спелая малина», Orbit «Сладкая мята»).

Исследованный прогноз:

Здоровый, формирование здорового человека.

Теорическое значение исследование:

Говоря, хорошие стороны и плохие стороны жевательной резинки, что больше вреда, чем пользы, у каждого человека должно быть цель сохранить своя здоровье.

Исследовательский новинки и результаты:

Определить добавки в составе жевательной резинки, о вредности здоровью, и пропагандировать не часто его использовать.











Annotation

Doing scientific research work, the main and final part and used literature.

Theme of the project: The benefits and the dangers of chewing gum written on this topic. Written history of chewing gum. Studied types of chewing gum and property. We conducted a survey among schoolchildren. Noted physician consultations experts.

Objective of the project : The pue-pose of the project if you use chewing gum that is beneficial to human health.

And often use the gum is found it is harmful to the human body, and it is my goal to prove.

Object of the study chewing gum; (Orbit “ripe raspberry”, orbit “ sweet mint”).

Investigated forecast: healthy, formation of a healthy person.

The theoretical value of the study, saying, good sides and bad sides of chewing gam that more harm than good, everyone should aim to preserve their health.

Research trends and results: identify addictives in the chewing gum of the hazard to health and to promote not often use it.

























КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Сағыз жеуге жарамсыз, созылғыш массаға айналдырылған, әртүрлі дәм және иіс беретін қосымшалардан тұратын, ауызбен шайнауға арналған, жұтуға арналмаған кулинарлық өнім.

Сағызды қолданған сайын оның құрамындағы барлық дәм күшейткіштерін жоғалтып, дәмсіз болып қалады. Біз жарнаманы көрген сайын ойымызда бірнеше сұрақтар туындайды. Шынымен де жарнамада айтылғандай сағыз ағзаға пайдалы ма? Құрамында зиянды заттар жоқ па? Осы туындап отырған сұрақтар қазіргі таңдағы заманауи проблема. «Сағыздың денсаулыққа тигізетін пайдасы немесе зиянын» анықтауға арналған.

Сағызды себепсіз және уақыт өлшемін белгілемей қолданатын болсақ, адамның ақылын төмендетеді, ауыз ауруларына шалдықтырады, ішкі ағза мүшелеріне зиянын тигізіп қоймай түрлі жазылмайтын ауруларға себепкер болады. Орбиттің бір пайдасы өттің жақсы қызмет етуіне әсер етеді. Сағыз шайнап жатқан кезімізде «Уақытша есте сақтау» қабілетіміз жойылады. Алайда өміріңізде бұрын соңды болмаған оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі. Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты.

Балаларға арналған «ОРБИТ» сағызының құрамында қант өлшемі қарапайым сағыз өнімдеріне қарағанда 60%-ға жоғары, жас бүлдіршіндерде тіс ауруларының ерте басталуының себебі де осы. Құрамында тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспалар қолданылады. Адамның ішкі мүшелеріне зиянын келтіреді. Яғни бауыр мен бүйрек ауруларына шалдықтырады. Сағызды таңдаған кезде оның қабындағы түсіне назар аудару керек. Құрамында қант жоқ сағызды пайдаланған дұрыс деп өзім ойлаймын. Сағызды тіс пастасының орнына пайдалануға болмайды.



I.Сағыздың шығу тарихы.

Сағызды осыдан 140 жыл бұрын Америка елінде ойлап тапқан. Өнертанушы Уильям Сэмпл сағызды ойлап тапқанымен, оны өндіруге ат салыспаған. Ең алғаш сағызды шығарған Джон Кертис есімді Американдық азамат. Ол өзінің зауытын 1848 жылы Бангор қаласында ашты. Бірінші шықан сағыздың атауы «қант қосылған кілегей» деп аталған. Алайда жергілікті тұрғындар оны ұнатпағандықтан, фабрика амалсыз жабылды. Содан кейін сағызды 1869 жылы Огайо штатында тұратын Уильям Финл Сэмплиз атты тіс дәрігері патенттеп, бірақ сатылымға шығарғанда сәтсіздікке ұшырады.

Сағызды адамдар ертеден білген. Қазақстанда сағызды каучук өсімдіктері құмсағыз және таусағыз өседі.





Каучук деген не?

Табиғи каучукты алу үшін ағашты кесіп, тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады.

Каучуктың негізгі қасиеті – оның майысқақтығы. Пішінінің түрліше өзгеруінен – қысу, созудан кейін каучук өзінің алғашқы пішініне қайта оралады.

Каучукке беріктік, майысқақтық , температура өзгерісіне төзімділік қасиеттерін беру үшін оны күкірт қосып қыздырып резеңкеге айналдырады.









  1. Сағыздың түрлері. Сағыздың құрамындағы қоспалар

Orbit сағызының түрлері.

Сағыздың құрамындағы қоспалар.

Сағызды адамдар ертеден білген. Қазақстанда сағызды каучук өсімдіктері құмсағыз және таусағыз өседі.

Сағыз құрамы:

60 пайыз қанттан, 20 пайыз каучуктен және 1 пайызы хош иістендіргіштерден, 19 пайызы қант шырынынан тұруы тиіс.

Бүгінде каучуктің орнына синтетикалық резеңкелер қолданылады және түрлі химиялық заттар қосылады.

Сағыздың құрамын зерттеп көрген кезде келесі элементтер табылды: эластик, синтетик, полимерлер, ауыз қуысының жылуы мен тез арада еруіне жақсы көмектеседі. Дәмдендіргіш, соя лецитинінің эмульгаторы, жасанды ароматизаторлар, қоюландырғыш, эмульгаторлар, бояулар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

Балалардың сағызға деген қызығушылығын анықтау үшін, сынып арасында сауалнама алынды. Ал балалардың 78% «ОРБИТ» сағызын жақсы көреді екен.

Сағыздың зияны мен пайдасы туралы сұрақтарға жауаптар өте нашар болды. Оқушылардың 30%-ы бірде бір пайдасын айтқан жоқ, ал 19%-ы демді тазартады деп жауап берген. Сағыз кемшіліктері жайынан да балалардың білімдері бай емес. Негізінен асқорыту жүйесінің ауруын 55% ғана атады, оқушылардың 40%-ы «білмеймін» деп жауап берді, және 5-ақ қана %-ы сағызды шайнамайды.

Зерттеу нәтижелері:

Сағызды қандай мақсатта пайдаланады

Зерттеу нәтижелері: сұралған оқушылардың 22-і сағызды өте жиі қолданады, ал 3%-ы ғана тамақтан кейін пайдаланады.

Сағыздың құрамын анықтау.



Сыныпта сағыздың құрамын айта алғаны - 5 оқушы, құрамын білмейтін окушылар-20.





  1. Сағыздың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен зияны.

Біз жарнаманы көрген сайын ойымызда бірнеше сұрақтар туындайды. Шынымен де жарнамада айтылғандай сағыз ағзаға пайдалы ма? Құрамында зиянды заттар жоқ па? Осы туындап отырған сұрақтар қазіргі таңдағы заманауи проблема. «Сағыздың денсаулыққа тигізетін пайдасы немесе зиянын» анықтауға арналған. Сағызды себепсіз және уақыт өлшемін белгілемей қолданатын болсақ, адамның ақылын төмендетеді, ауыз ауруларына шалдықтырады, ішкі ағза мүшелеріне зиянын тигізіп қоймай түрлі жазылмайтын ауруларға себепкер болады. Орбиттің бір пайдасы өттің жақсы қызымет етуіне әсер етеді, зиянды әсері жоқ деуге болады. Балаларға арналған « ОРБИТ» сағызының құрамында қант өлшемі қарапайым сағыз өнімдеріне қарағанда 60%-ға жоғары, жас бүлдіршіндерде тіс ауруларының ерте басталуының себебі де осы. Құрамында тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспалар қолданылады. Адамның ішкі мүшелеріне зиянын келтіреді. Яғни бауыр мен бүйрек ауруларына шалдықтырады. Сағызды таңдаған кезде оның қабындағы түсіне назар аудару керек. Құрамында қант жоқ сағызды пайдаланған дұрыс деп өзім ойлаймын. Сағызды тіс пастасының орнына пайдалануға болмайды. Сағыз шайнап жатқан кезімізде «Уақытша есте сақтау» қабілетіміз жойылады. Алайда өміріңізде бұрын соңды болмаған оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі. Жарнамаға сүйенер болсақ, сағыздың пайдасы мол: ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылтады, тістің ағаруына жол ашады, кариестің түспеуін қадағалайды, эмальді қатайтады. Алайда, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейтін сияқты.

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбейуіне ықпал етеді.

Екіншіден, түрлі компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер.

Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін. Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Кейбір балалар сағызды шайнағысы келген себебі сағыздың кұрамына қант және дәмдеуіштер қосылған. Балалар сол себептен сағыз шайнағысы келеді. Кейде үлкендер де, ересек балдарда шайнай береді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, зиянды тағамның аз да болса пайдасы бар. Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді. Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қортылуына жол береді. Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады. Есіңізде болсын! Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды. Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек. Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз. Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз! Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды. Сағызды жұтып қойған жағдай да, көп мөлшерде су ішу керек. Сондықтан сағыз шайнауға болмайды. Сағыз адамды семіртеді. Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Сағызды тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлерде растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады. Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді. Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғылымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы(заменитель сахара)-аспартам себепкер екен. Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің танымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 300%-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Сағыздың басқа қандай пайдасы бар? 30-шы жылдардың өзіндегі зерттеулер сағыздың назарды арттырып, бұлшық еттің шаршауын, ұйқышылдықты және күйзелісті төмендететінін көрсетті. Әрине, сағыз шайнау әрдайым жағымды екендігін ұмытпаған жөн. Бұл сіздің деміңізді тазартатын дәмді өнім. Орбит сағыздарында қолданылатын барлық ингредиенттер Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы тарапынан қауіпсіз деп танылған. Егер сағыз киімге немесе аяқ киімге жабысып қалса не істеу керек? Сағыздың жабысқан бөлігін алудың бірнеше тәсілдері бар. Егер өсімдік майы тазартайын деген затты зақымдамаса, онда сағызды осымен жібітіп, жұмсартып көру керек (бұл тәсілді сағыз шашқа жабысып қалған жағдайда да қолдануға болады.) Тағы бір тәсіл-сағыз жабысып қалған затты тоңазытқышыңыздың мұздатқышына бірнеше сағатқа салып қоюға болады. Мұздатылған сағызды жабысқан заттан алып тастау анағұрлым оңай болады. Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ сағыздарды пайдаланған жөн.

Сағыз туралы қызықты деректер айтатын болсам-23 қыркүйек- сағыздар күні. Өйткені Джон Кертис ең алғашқы осы күні шығарған. –Англияда сағызды қоғамдық орындарда лақтырып немесе жабыстырып кетсе, бір тәулікке темір тордың артына қамалады.-Ал Сингапурда сағызға мүлдем тыйым салған. Егер көшеде сағыз шайнап бара жатқан біреу қолға түссе, қатаң жазаланады. –Калифорнияның билік өкілдері болса мынадай шешім қабылдаған. Сан-Луис-Обиспо қаласына сағыз жабыстыратын арнайы қабырға орнатқан.-1994 жылы Сьюзан Мантгомери сағыздан 58,5 сантиметр шар үрлеп, Гиннесс рекордтар кітабына енген.







Қорытынды.

Қорыта келе зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жасай отырып, біз сағыздың жай пайдаланылуы профилактикалық стоматологияға әсерін тигізетінін ескеріп, сағызды пайдалануды төмендету қажет екендігін шештік. Түрлі аурулардың алдын-алу үшін, біз сағызды пайдаланудың келесі ережелерін ұсынып тұрмыз: Сағызды тамақтан кейін 10-20 минут қана шайнау қажет. Сағызды күніне 3-4 реттен артық шайнау тиым салынады. Аш қарынға сағызды шайнауға болмайды.

Қант алмастырушылары бар сағызды шайнау. Құрамында бояғыштары бар сағыздарды қолданбау. Пайдаланылатын сағыз атақты фирмамен шығарылуы керек, нарықта өзінің сапасы жағынан көрінуі керек.

Балаларға арналған Орбит сағызын жасап шығару Ригли компаниясының стоматологиялық ауруларын емдеу мен алдын алудың барлық мүмкіндіктерін қолдауға бағытталған бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Тамақтан немесе сусын ішкеннен кейін 10-15 минут ішінде Балалар Орбиті сағызын пайдалану тіс эмалін қалпына келтіре отырып, сілекейдің бөлінуіне көмектеседі, сондай-ақ тіске оларды қатайтуға көмектесетін кальцийдің келуін қамтамасыз етеді.

Балаларға арналған Орбит сағызы тісжегінің пайда болу мүмкіндігін 40 пайызға төмендетуге көмектеседі.

Балаларға арналған Орбит сияқты қант қосылмаған сағызды пайдалану – тіс қағының көбеюіне қарсы тұрып, оның тіс эмаліне жағымсыз әсерін төмендетеді.

Сағызды пайдалану тіске қосымша шайнау күшін түсіреді, бұл бала тісіне қажетті шайнау бұлшықеттері мен тіс айналасындағы тіндер жетілуін қамтамасыз етеді.

Сағызды абайлап шайнау керек, қоғамдық жерлерде отырған кезде ерекше мәдениетсіз адам болып көрінбеу үшін сағызды керек жағдайда ғана пайдалану қажет. Пайдаланып болған сағыз қоқыс тасталатын арнайы жәшіктерге лақтырылуы керек, аяқ астына тастауға болмайды.

Естеріңізде болсын! Ешқандай сағыз тіс пастасын алмастыра алмайды !







Қорытынды.
Сағыздың пайдасы:
● сағыз тамақтан кейін тісті тазартады;
●тамақ шайнағанда сілекей бөлінеді де,тіс,ауыз қуысы тамақ қалдығынан тазарады;
● сағыздың құрамындағы қант алмастырғыштар қышқылды қалпына келтіреді;
● сілекей бөлініп ,асты қорытуына көмектеседі.
Сағыздың зияны:
●Құрамында қанты бар сағыздар тіс жегісіне әкеледі.Сағыздың құрамындағы зиянды заттар кері әсерін тигізеді.
●аш қарынға сағыз шайнаған асқазан ауруына оның ішінде созылмалы ауруға әкеп соқтырады.
● ұзақ сағыз шайнау адамның ой-өрісін төмендетеді.
Қанты бар сағыздар стомотологиялық ауруларға әкеп соқтырады.

Зерттеу жұмысымды қорыта келе сағыз адам денсаулығына тигізетін пайдасынан гөрі зияны көбірек.Сағызды алмас бұрын оның қай жақтан шыққанын, қайда шыққанын,құрамындағы заттарды білгеніміз дұрыс. Зертеуімнің нәтижесіне мына ұсыныстарды ұсына аламын:
Сағызды бей-берекет шайнауға болмайды.
Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.
Ащы сағызды тек бес минут шайнау керек.Содан кейін ауызды сумен шайып тастау керек.
Құрамында қанты бар,тәтті сағыздарға құмар болмаңыз! 
Қантсыз сағыз шайнаңыз.
Сағыз тек жауапты өнеркәсіп өндірісінен шықанына көз жеткізіңіз. 
Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.
Сағызды әдепті шайнау керек,әсіресе қоғамдық жерлерде. 
Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз.
Шайнаған сағызды қоқыс жәшігіне салыңыз.
Балаларға тамақ алдында сағыз бермеген дұрыс,тамаққа тәбеті болмай қалады.
Сағыздың құрамында мынандай бояғыштар Е 171, Е 102,
Е 33, Е 129,Е 132.дәм беретін –Е 414,Е 422,қоюландырғыш Е 322 бар болса алмаған жөн.Бұл бауырға зиянын тигізеді.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Ақшам ақпарат газеті Айгерім Райсқызы 26.03.2011
Инфо- цес №16 9бет.
Ақшам ақпарат газеті А.Райсқызы26.03.2011
Балалар энциклопедиясы Бәрін білгім келеді, 2000 
Инфо-цес №16.9бет
4.Дурейко Л.И. Бәрі сенің денсаулығың үшін2008
5. Халық медицинасы.Табиғи тағамдармен сауығу Сидоров П.2005 
6. Кулинич Г.Г. Вредные привычки: профилактика зависимости, 2008г
7.Твоя первая научная лаборатория А.И.Шапиро 
8.Ғаламтор









ЖИ арқылы жасау
30 Қаңтар 2019
1630
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі