Ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жоспары оқушыларға зерттеу жұмыстарын өз қызығушылығына сай тақырыптар таңдатып, сол тақырып көлемінде ізденіп жұмыс жасай білуге де бағыт – бағдар беруге арнап құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдеу

Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі зор. Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады. Үйірме - оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.

Үйірме сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді ғылыми көпшілік әдебиетке ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып оны пайдалана білуді үйретуі тиіс. Үйірмеде оқушылар үшін ережелерді қатан санаулы тәртіпті сақтау мәдени дағдыларды тәрбиелеу міндетті. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білуі тәрбиелік мақсатқа қызмет етеді.

Сонымен бірге оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірменің әсері мол.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Оқушылар арасында қазіргі таңда зерттеу іс-әрекетіне қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Бұған оқушылардың ғылыми қоғамы әсер етті. Сонымен қатар оқушылардың түрлі байқауларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы шығармашық қабілетін арттыру және зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге баулу көзделіп отыр. Мұғалім оқушыларға зерттеу жұмыстарын өз қызығушылығына сай тақырыптар таңдатып, сол тақырып көлемінде ізденіп жұмыс жасай білуге де бағыт – бағдар берген дұрыс. Осы мақсатта «Ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдеу» үйірме жоспарын жүргіздім.

Мақсаты: Оқушылардың жеке қабілеттерін шыңдау, жетілдіру,эстетикалық талғамдарын арттыру, сол арқылы бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру, сыни ойлай алатын, табысқа жететін ғылыми зерттеу дағдылары жетілген тұлға қалыптастыру. Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.


Міндеті:

- оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;

- оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;

- қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.

·   Оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру;

·   Оқушыларды қоршаған ортаны аялауға,әлемдік адамгершілік негіздерін басшылыққа алуда іздену мен ізгілендіру талаптарына сай болуына баулу;

-Оқушылардың жеке қабілеттерін шыңдау, жетілдіру,эстетикалық талғамдарын арттыру.

-Табысқа жету, алға ілгерілеу бағытын қалыптастыру;


Күтілетін нәтиже

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жолға қойылады және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдары қарастырылады. Табысқа жету, алға ілгерлеу бағытында дамиды






















Ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдеу

Бағдарлама 34 сағат. Аптасына – 1 сағат

Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

ескерту


Ұйымдастыру шаралары

1

Оқушылардың неге бейім екенін анықтау, сауалнама алу

1



2

Ғылыми жұмыспен айналысу туралы нұсқаулықпен таныстыру

1



3

Өз қызығушылығына қарай тақырыптар таңдау

1



4

«Абай мен Шәкәрім үндестігі» зерттеу жұмысы үлгісімен таныстыру

1




Мәнерлеп оқу байқаулары

5

Абай «Интернатта оқып жүр»

1



6

Абай «Ғылым таппай мақтанба»

1



7

Шәкәрім «Сен ғылымға болсаң ынтық»

1



8

Шәкәрім «Жастарға», «Адамдық борышың»өлеңдері. « Менің адамдық борышым» тақырыбында эссе

1



9

Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, кіріспе бөлімі

1



10

Мұқағали «Әке», «Үш бақытым», «Ей, өмір»

1



11

Мұқағали «Фаризаға», «Әйелдер- ай»

1



12

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

1



13

Шерхан Мұртаза «Қара маржан» әңгімесі

1



14

Т. Қожакеев «Нәзипа Құлжанова»

1



15

Т. Қожакеев «Интервью»

1



16

Зерттеу жұмыстарының күнделігі

1



17

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы,үзінді

1



18

Мағжан Жұмабаев «Сағындым», «Түркістан»

1



19

Әбіш Кекілбай «Шыңырау» әңгімесі

1



20

Махамбет «Жалғыздық», «Өкініш»

1



21

Оралхан «Өнерге өлердей – ақ ғашық едім»

1



22

Төлеген Айбергенов «Ана», «Адамдар»

1



23

Зерттеу жұмыстарына пайдаланған материалдар

1



24

Сәкен Сейфуллин «Көкшетау»

1



25

Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері»

1



26

Бейімбет Майлин «Кедейлер», «Қазаққа»

1




Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ

27

Презентациялар байқауы

1



28

Зерттеу жұмыстарын жинақтау

1



29

«Талаптың мініп тұлпарын» тақырыптарын қорғау

1



30

Өз тақырыптарын қорғау

1



31

Өз тақырыптарын қорғау

1



32

Ойтолғау «Мені толғандырған ойлар»

1



33

Эссе «Ер есімі - ел есінде»

1



34

Қорытынды

1





Пайдаланылатын әдебиеттер:


Мұғалім үшін:

1.Абай: энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы: Атамұра, 1995. 

2. Интернет көздері

3.ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)

4.Өрлеу.Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі.Әдістемелік нұсқаулық Тараз, 2021 ж

5.Мағжан Жұмабаевтың шығармалары І- І І том

6.М. Мақатаев «Аманат» , «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - өзен» кітаптары

7.Ш. Мұртаза «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан» , бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары

8.Әбіш Кекілбаев. Таңдамалы шығармалары

9.Махамбет өлеңдері

10.Оралхан Бөкей Шығармалары 7 том

11.Темірбек Қожакеев шығармалары жинағының 7 том

12. Т.Б. Абдигалиева Ғылыми зерттеулердің әдістемесі. Оқу құралы

Оқушы үшін:

1.Абай Құнанбайұлы Шығармаларының екі томдық толық жинағы

2.Мағжан Жұмабаевтың шығармалары І- І І том

3.М. Мақатаев «Аманат» , «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - өзен» кітаптары

4.Ш. Мұртаза «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан» , бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары

5.Әбіш Кекілбаев. Таңдамалы шығармалары

6.Махамбет өлеңдері

7.Оралхан Бөкей Шығармалары 7 том

8.Темірбек Қожакеев шығармалары жинағының 7 том

9. Сәкен өлеңдері

10. ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)

11.Өрлеу.Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі.Әдістемелік нұсқаулық Тараз, 2021 ж

12. Ілияс өлеңдері.

13.Бейімбет өлеңдері

14. Қ.Бітібаева «Оқушыларды  ғылыми – зерттеу жұмысына  баулу  

жолдары» , Семей «Үш биік баспасы ЖШС»

15. Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылми –зерттеу жұмыстарын

ұйымдастыру»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі