Материалдар / Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2021
400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерінжасайды. Педагогиканың да
өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістердізерттеуші әрбір педагогикалық
құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімдіәдістері қолдана білуі мен
педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардыңқабілеттілігіне, жан –
жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларғабайланысты. Басқа дәл
ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалыққұбылыстарды
зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәлғылымдар бойынша экспериментті
қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп,сол кезеңдегі материалдар
пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді.Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді.Себебі, педагогикалық
зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтанпедагогикалық процесте және
кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушылардапайда болатын өзгерістер,
әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайларжәне т. б.) әсер етеді. Міне,
осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеуәдістері баланың
денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбиепроцесін жетілдіру бағытында
қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінебақылау, әңгіме, мектеп
құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент жәнет.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеудежиі қолданылып жүрген
әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалыққұбылыстарды қабылдау
арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспарбойынша жүргізіледі.
Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі(сабақ, саяхат,
лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегіоқушылардың
жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуітиіс. Ғылыми негізінде
шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысыныңнәтнжелі болуына игі әсер
етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылыстыдұрыс және шын
дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудыңнәтижесі зерттеушінің
педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғарыдәрежелі сауаттылығына
байланысты.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылыстыұзақ және жоспарлы түрде
зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсатымен мазмұнына қарап,
бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады.Оқу-тәрбие процесінде
жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардыңтаным іс-әрекеті,
оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекетіжәне т. б.) жаппай
бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбіроқушылардың кітаппен,
картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқынбақылау) зерттеу үшін
ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелерідұрыс шығу үшін түрлі
формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды,әсіресе техникалық
құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу жәнет. б. кеңінен пайдаланылады.
Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамағажазылады.


Page 2

Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеушісауалнама мәліметтерімен
толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің,ата – аналардың сұрақтарға
берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытындыжасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдеріндеқолданылады. Бақылау әдісі
арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасындаболатын психикалық
процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады.Бақылау әдісіне сүйеніп,
оқушылардың сырттай мінез – құлқын түрлі іс – әрекеттерін,сұрақтарға берген
жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайларескеріліп, бақылау
әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылытүскен материалдармен
толықтырылады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайыжоспар жасап, онда негізгі
сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жсаудың әдістерімен тәсілдерінің нақты
көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдермен сынып жетекшілері,
мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажеттіадамдармен жүргізіледі.
Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербесерекшеліктерін еске алады.
Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарынаойдағыдай жауап-бере
бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойыншын мағынада айтып беруден де
бас тартады. Сондықтан аңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты,зор шеберлікті,
зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілергеелеусіз жағдайда
әңгімені магнитафон арқылы жазып алуға да болады.Әңгіме әдісі эксперимент және
бақылау әдісі мен байланыстырылып жүргізілгенде ғананәтиже береді.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағағыкейбір күдікті
мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұлмектеп және мектептен тыс
тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері.Мектеп құжаттарына сынып
журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқутәрбие жұмысының жоспары,
үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерініңбаяндамалары,
педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердіңбаяндамалары мен ғылыми
мақалалары жатады. Педагогика тарихының проблемаларынархив мәліметтеріне
сүйеніп зерттейді.
Құжаттар мен жан –жақты және терең танысу зерттеушінішынайы мәліметтермен
қаруландырады, оқу тәрбие жұмысындағы жетістіктермен кемшіліктерді ашып, тиісті
қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәнс графикалық
жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртурлі тақырыптарға жазылған
баяндамадары мен рефераттары және еңбек сабақтарындажасалған заттар
зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.Осы жұмыстар
оқушылардың дербес қабілетін оқуға және енбекке көзқарасымен қатынасын, олардың


Page 3

теориялық және дайнындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекеттерін
зерттеп анықтауға болады.
Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдаужасайды. Сабақ барысында
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппайжәне дербес орындайтын
жұмыстарын жургізуді және осы сияқты дидактикалықпроблемаларды қолданудың
тиімді жолдарын іздестіреді:
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепкеалып, педагогикалық процесті
зерттейтін ғилыми тәжірибені айтады. Педагогикалықэксперименттерге сүйеніп,
зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдерімен әдістерін, формалары мен
мазмұнын тексереді. Экспернментті зерттеулердің нәтижелері,әдеттегі жағдайда
жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады.Сондықтан эксперимент
мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардыңбірі— экспериментті,
екіншісі — бақылау объекгісі деп аталады. Эксперименттікобъектіде, мысалы,
эксперимент зерттеушінің ғылыми жоба ұсынбасы бойынша,ал бақылау объектісінде
— әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкесжүргізіледі. Мектеп
жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымынмектептен тыс
жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы экспериментобъектісі етін, ал екінші бір
топ оқушылардың иемесе толық сынып ұжымын, сол сияқтыөндірістік звеноны немесе
бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспернментті жәнебақылау топтарындағы,
сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан жәнесапа жағынан теңдестіріліп
алынған жоө. Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетініңбілімі мен стажының да
шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспернментті зерттеуші өзі жүргізсебелсенді эксперимент, ал
зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екіншібір адам жүргізсе енжарлы
эксперимент деп айтады.
Соңғы кезде педагогиялық әдебиеттерде экперименттіңбірнеше түрлері қолданылып
келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент – бұл сыйыпты,бүкіл ұжымды оқу – тәрбие
процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларлы зерттеуүшін әдеттегі жағдайларда
жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысындапайда болын болжамды анықтау
үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалықғылыми-зерттеу
ннстнтуттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесеоқу бағдарламаларының
тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру экспериментіарқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыруформадарын, принциптері мен
әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.“Мұны жасампаз
эксперименті деп атайды.
Экспернментті жасанды жағдайда да жүргілуге болады.Кейде жете бақылау мен
тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбірәдістері мен тәсілдеріне өзгерістер
енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстардыұқмптылықпен бақылау


Page 4

үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы
экспернмент жүргізіледі. Эксперимеиттің мұндай түрінлабораториялық эксперимеит
деп атайды.
Әрбір экспернменттің мақсаты зерттелетін тақырыптыңсипаты мен мазмұнына, ал
мерзімі — мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылымн-зерттеу әдістеріне қарағандажақсы нәтиже береді. Бірақ
экспернменттің барысында ғылыми материалдарды толықтырыпжинақтау үшін
бақыдау, әңгіме, құжатрмен танысу сияқты зерттеу здістеріде қолданыдады. Сонымен
бірге, зерттеу барысында техннкалық құралдардың дакеңінен пайдаланылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде материалдықжәне киберникалық зерттеу
әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады.Бұл әдістерді қолданудың кейбір
тәсілдері Ительсонның кітабында көрсетілген. Математикалықжәне кибернетнкалық
әдістер техннка мен жаратылыстану ғылымдарында кеңіненқолданыла бастады. Осы
әдістерге сүйеніп, киберне-тиканық, математикалықстатистиканың, ықтималдықтар
теориясының жетістіктерін педагогикалық зерттеулердепайлдлануға болады, бірақ,
педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелеріәлі өз дәрежесінде
шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық құбылыстардыңсапалық өзгерістері мен өзара
сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өтекүрделі проблемалардың
бірі. Мысалы, сабақ процесіндегі қабілетін, белсенділігіннемесе құлықтық сапасы
(патриотизм мен интернационализм, адалдық пен шындық)сияқты педагогикалық
құбылыстарды өлшеуге боларма еді? Әрине, бұл сұраққабірден болады деп жауап
беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс-әрекеті, мінезқұлқыоның әлі де толық
танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардыңтөл ісі болман, барлық
мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғавлім өзжжұмысында зерттеу әдістерін
ғылыми негізде меңгеріп, социология және психологияғылымдарының әдістерімен
ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқамұғалімдердің тәжірибелерін
жан-жақты зерттей алатын болады.
Педагогикалық зерттеу әдістеріне мыналар жатады.
♦ Педагогикалық тұрғыдан бақылау – бұл белгілі бірқұбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі.
♦Зерттеу мақсатындағы әңгіме – Мұғалімдер мен сыныпжетекшілері, мектеп
басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдарменжүргізіледі.
Мектеа құжаттарын зерттеу -мектеп құжаттарына сыныпжурналдары, оқушы
күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары,үйірме мүшелерінің
баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылғанмұғалімдердің баяндамалары
және ғылыми мақалалар және т.б.
♦ Оқушылардың жұмысын зерттеу _ жазба, бақылау жәнеграфикалық жұмыстар,
суреттер пәндер бойынша дәптерлер, баяндамалар, рефераттар.


Page 5

Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалықтану мен білудің
операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалықзерттеу әдістері жүйесі
зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтіндүниесінің құрылымы
мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялықбағытымен, нақты зерттеу
әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады.Қазіргі заманда
зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселешешімін тапқан жоқ. Бірақ
авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлугеболмайтынын, керсінше
оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады.Қазіргі педагогиканың ғылым
ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуыүшін ғылыми танымның
теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланыстыәдістерді бөлудің
маңызы өте зор.
Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикадамыналарды жатқызады:
●байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
●педагогикалық тәжірибені жалпылау;
●эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
●сауалнама жургізу;
●интервью жүргізу;
●педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
●жобалық әдістер;
●тестілеу;
●ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
●шкалалау т.б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:
●анализ;
●синтез;
●индукция;
●дедукция;
●модельдеу;
●ой эксперименті;
●формализация әдісі т.б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!