Тақырып бойынша 11 материал табылды

хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:05.12.2018ж.

124 жом кмм

Мұғалімі:

Назарова Ж.


Сыныбы 2 «Түзету-дамыту тобы»


Пәні Қазақ тілі


Cабақ тақырыбы:

Сөйлем.Хабарлы сөйлем.Сұраулы сөйлем.Лепті сөйлем.

Қатысқандар:7

Қатыспағандар:0


Сабақ мақсаты:

2.1.2.1- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.

2.2.4.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

2.3.7.1 –сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін(нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі)қою

2.4.2.6 – сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу.



Сабақ нәтижесі

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.Жазба жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:Оқулықтан тас берілгентқосымша тапсырмаларды орындайды,тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке,жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Ресурстар

Оқулық,суреттер,топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар,топтық тапсырмалар.кері байланыс,стикер.



Әдіс-тәсілдер:

Cұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,ойын,көрнекілік.Рефлексия.



Пәнаралық байланыс

Аралас сабақ.



Сабақтың жоспары





Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Бастаулы

5 минут






































Ортасы

10 минут






























10 минут



































































5 минут















5 минут





















5 минут


































Сабақтың аяқталуы

5 минут













Үй тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Cәлемдесу.Түгендеу.Шаттық шеңбер.Топқа бөлу.Топ басшы сайлау.

Бағалау парақшасымен таныстыру.

Шаттық шеңбер.

Бір,екі,үш

Сынып іші тып – тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз!


Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

2.Қызығушылықты ояту.


Сандарды өсу ретімен орналастырып,жұмбақты шеш.

Қызығушылықты ояту.

Сандарды өсу ретімен орналастырып,жұмбақты шеш.


Жұптық жұмыс.



Ө

Й

М

С

Л

Е

30+23

17+43

80+90

5+46

100-27

60+32










51 –  С

53 –  Ө

60 –  Й

73 –  Л

92 –  Е

170 – М


ІІ – Өткенді пысықтау.

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем қалай жасалады?

  • Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

Ереже.

Сөйлем.

Сөйлем – біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер,я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да,жазбаша да білдіруге болады.Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады.

Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте,сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы,сұраулы,лепті болып үшке бөлінеді.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнен соң нүкте қойылады.(.) ,не сұрақ белгісі қойылады (?), не леп белгісі (!)

қойылады.

Хабарлы сөйлем – Сөйлемнің бір түрі.Хабарды,ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Мысалы:Түн жым-жырт.Жел де жоқ.Бірақ сәл ғана білінген салқын бар.

Хабарлы сөйлемді айтқанда,оның аяғында дауыс бәсеңдейді.Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем .

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді айтамыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.Сұраулық мағына ма(ме),ба(бе),па(пе) және ше деген сұрақтар қатысуы арқылы да білдіріледі.Сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.



Мысалы:Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Көже пісті.

Көжені неше кісі ішті?

Неше кесе ішті?


Көже пісті.- Хабарлы сөйлем.

Көжені неше кісі ішті? Неше кесе ісшті? – Сұраулы сөйлем.

Жаңа сабақ.

Лепті сөйлем.

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне,сезімге байланысты (қуану,ренжу,таңдану,аяу,бұйыру және т.б.) айтылған ойды білдіретін

сөйлемді дейміз.Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен көтеріңкі

дауыспен айтылады.Лепті сөйлем соңында леп белгісі қойылады.


Мысалы:Алақай,тамаша,керемет,жаса т.б.сөз

Өркенің өссін,қарағым!

Көп жаса!Міне,керемет!Қатарыңның алды бол!




«Постер»әдісі арқылы сөйлемдерді жаз.Сызба.






Диалог.Хабарлы,сұраулы,лепті және Сөйлем.(Оқушылар рөлдік іс-қимыл арқылы ереже айтады)


Мысал келтір.Топтық жұмыс.


«Кім шапшаң?»ойыны

Шарты: Берілген сөздерден сөйлемдер құрау.


1.Сары күзгі боялды жапырақтары ағаш түске.


ҮЛГІ:Күзгі ағаш жапырақтары сары түске боялды.

2.Далада бидай күзгі тұр пісіп.


ҮЛГІ: Күзгі далада бидай пісіп тұр.



Сергіту сәті:

би.





Шарты:сызба бойынша ауызша сөйлемдер құрау.

Өзіндік жұмыс.

Дәптермен жұмыс.




«Артығын тап» тренингі


ҮНТЕК (НҮКТЕ)


ПЛЕ (ЛЕП)


ҰСРҚА (СҰРАҚ)



Жұмбақ шешу: «Үйшік»әдісі


Өзім сөзден тұрамын,

Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)


Қоя салсаң бір тары,

Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)



Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)


Ұранды,шаттықты,

Өкініш аптықты.

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)

РЕБУСТЫ ШЕШУ.

І-топ « Хабарлы сөйлем»


шешуі



ІІ – топ. «Сұраулы сөйлем»



шешуі







Ереже жаттау.


І – топ: «Хабарлы сөйлем»

ІІ – топ: «Сұраулы сөйлем»

«Дыбыс шығару»әдісі








«Микрофон»әдісі



Тыныс белгілер

«Ақылды шлапа»әдісі






«Қалпақ»әдісі арқылы Диалог құру.





















Бағалау

«Гүл терім»әдісі




































«Білім ағашы»әдісі


«Жемістер»әдісі













«Шапалақ»әдісі

Бағалау.

«Жемістер» әдісі.

















«Доп»әдісі




Жұмбақ шеш.

«Үйшік»әдісі Бағалау.

«Гүл терім» әдісі










«Гүл терім»әдісі













«Басбармақ»әдісі.

Қорытынды

Ал,енді ,балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.


Бағалау

Оқушылар бүгінгі сабақты түсінгенін,білгенін,жасай алатынын бағамдайды.Қызыл,сары,жасыл «Балапандар»әдісімен көрсетеді.


Кері байланыс.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сай саламат болайық! («От шашу»әдісі.)











Оқу ісінің меңгерушісі: Шеримбетова К.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
2133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12