400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

халық ауыз әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ әдебиеті

Мұғалім: Касимова А.А.

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың тақырыбы

Халық ауыз әдебиеті

Мақсаты

а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Топқа бөлу

Тұрмыс-салт, лиро-эпостық жырлар жазылған қағаз қиындылары арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сәлемдеме хат» жаттығуы

Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту.

Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз осы кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ауыз әдебиеті» туралы не білеміз?

Таныстырылымды тамашалайды, әңгімелеседі

Мағынаны тану

Бейнекөрініс

Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.

Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы

Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.


Топпен жұмыс


Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Прямая соединительная линия 12 Прямая соединительная линия 14 Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар

Овал 1

Ауыз әдебиеті


Прямая соединительная линия 13

ертегілер

Прямая соединительная линия 11

Прямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 8 аңыз әңгімелер мәтелдер

Прямая соединительная линия 2


шешендік сөздер айтыстар

«Бақытты сәт» ойыны


«Тұрмыс-салт жырлары» тобы

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  2. Ауыз әдебиеті үлгілерін ата?

  3. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы неде?

  4. Жар-жар жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?

  5. Төрт түлік туралы қандай жырларды білесіңдер?

  1. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.

  2. Бесік жыры қандай жырға жатады?


«Лиро-эпостық жырлар» тобы

  1. Үйлену салтына байланысты туған өлең жырлар қандай жырлар?

  2. Бата дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Жоқтау өлеңін қалай түсінесіңдер?

  4. Беташар қандай жырға жатады?

  5. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

  1. Тойбастар қандай жыр?

  2. Лиро-эпостық жыр дегеніміз қандай жыр?



«Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы топпен орындайды.

І топ. Тұрмыс салт жырларының ішіндегі бесікке салу салтын көрсетіңдер.

ІІ топ. Тұрмыс салт жырларының ішіндегі тұсау кесер рәсімінен үзінді көрсетеміз.

«Сен маған, мен саған» әдісі

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы-шешендік өнер. Біздің қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер? Қандай шешендік толғауларды білесіңдер. Екі топ оқушылары қазақтың би-шешендерін жазып, қорғайды. Бір-бірлеріне түсіндіреді.


Бағалау

Оқушыларға бағалау парақшаларын үлестіру

Үйге тапсырма

Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
406
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі