400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Халық ауыз әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып (Т2) оқушыларына арналған ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

17-сабақ.

8 - бөлім.

Қызым –жағадағы құндызым, ұлым –аспандағы жұлдызым. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»жыры (үзінді)

Күні: 11.02.2026ж.

Педагогтің аты-жөні: Бурлыбекова Р.Е.

Тексерілді:

Сыныбы: 8 «З»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халық ауыз әдебиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру;

Сабақтың мақсаты:

тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға бере біледі;

идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстырады және талдай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Асық” әдісі арқылы оқушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеу арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


«Фонарик» әдісі
бойынша топқа бөлінеді

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.

Тиімділігі: оқушыны Би билеу арқылы көңіл-күйлері көтеріледі, бауырмалдығын оятады, сабаққа деген ынтасы ашылады..

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Үй тапсырмасы «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы бекітіледі. Сұрақтар қойылады.

1) Қазақ халқы қызды ерекше құрметтеген. Неге?

2) Дүниеге ұл келгенде не үшін қуанып той жасаған?

3) Ұл баланы қалай тәрбиелеген? Неге үйреткен?

4) Әке-шешенің қолында ұлдың қайсысы қалып, баққан?

5) Қыздың тәрбиесіне кім жауапты болған?
6) Қызды қандай жұмыстарға үйреткен?

7) Қыз балаға қатысты мақал айт.

8) Ер жігітке қатысты мақал айт.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.





Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


«Өз жұлдызыңды жақ!» әдісі арқылы балаларға тапсырма берілген сайын жұлдыз арқылы бағаланып отырады.







Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Жаңа сабақтың тақырыбын «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы ашу. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

1. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен. (мақал-мәтелдер)

2. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама – бұл кітап. (Жауабы жұмбақтар)

3. Арал, арал арал бар,
Бара алар ма балалар?
Батыл бала бара алар,
Аралдарды аралар.
(Жаңылтпаш)

4. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Алпамыс батыр», «Қабыланды батыр» (Тарихи жырлар)

5. «Алдар көсе», «Асан қайғы», «Қорқыт ата» (мына кейіпкерлерді кім атап бере алады? – дұрыс балалар, бұлар аңыз әңгімелер кейіпкерлері)

6. «Бауырсақ» ертегісінен үзінді көрсетіледі. (Ертегілер)

7. Айтысып отырған сурет көрсетіледі. (оқушылар айтыс екенін табады.)


Жаңа тақырып ашылғаннан кейін ЖИ арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі.


Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


Сөздік жұмысы



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып ашылады.





















Оқушылар тыңдап, есте сақтап алады.



Жазылым

Махаббат – любовь

Сезім – чувство

Құрбы-құрдас – подруги; сверстники

Ар-ұят – совесть

Қалыңдық - невеста



Әрбәр дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады.

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері






Айтылым. №1-тапсырма

Топтық жұмыс. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша берілген суреттерге қарап әр топ мәтін құрастырады.

Оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауға баулиды.


Жазылым. №2-тапсырма

Жеке жұмыс. (тақтамен, дәптермен жұмыс)

Оқушылар оқулықта берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып жазады.

Мұғалім бағыт-бағдар береді. Қателескен тұстарына көмек беріп, түзету жұмыстарын жасайды.


Оқылым. №3-тапсырма

«Тізбектеп оқу» әдісі



«Дода» әдісі бойынша оқушыларға ойын ойнатылады. (экраннан тапсырмалар шығады)

1 . Бұл қай ертегі? (Шалқан)

2. Қызым саған айтам ... мақалды жалғастыр.

3. Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (тақта)

4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

5. Ерді намыс өлтіреді,
.... мақалды жалғастыр.

6. 1. Бұл қай ертегі? (Мақта қыз бен мысық)

7. Пай – пай - пай,
Жайылып жүр тай.
Ай – ай – ай,
Ұшып кетті торғай. (қайтала)

8. Көк тырна, көп тырна,
«Тырау-тырау» деп көп тұрма.

9. Бұл кім? (Алдар көсе)

10. Ауыз әдебиетінің бір түрі? (айтыс)

11. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

12. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Айтылым

Оқушылар топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

1-топ: 1-сурет бойынша мәтін құрастырады.


2-топ: 2-сурет бойынша мәтін құрастырады.










оқушылар оқулықта берілген мәтінді тізбектеп оқып шығады






Әрбәр дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады..

8-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері





Слайдтар






Интербелсенді тақта






Кестелер

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Ақ парақ» әдісі.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға ақ парақ беремін. Оқушылар осы сабақтан не білді? Соны ақ параққа 1 сөйлеммен жазады. Соңында топ басшысы оқып шығады..






Үй тапсырмасы

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім. Оқушылар ақ параққа 1 сөйлеммен не түсінгендерін жазады.

34-бет 4- тапсырма

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.06.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі