жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Халық поэзиясының алыбы
|
Пән: Әдебиеттік оқу |
Атақты тұлғалар Сынып: 3-сынып |
||
|
Сабақ тақырыбы |
Халық поэзиясының алыбы |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.2.1 – қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||
|
Бастапқы білім |
6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді. |
||
|
Сабақтың барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Қуаттандыру» Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту. Жігер деген-МЕН Күш деген-МЕН Махаббат деген-МЕН Кешірім деген-МЕН Құдірет деген-МЕН Жастық деген-МЕН Денсаулық деген-МЕН Ақылдылық деген-МЕН Жарқындық деген-МЕН Бар ғажаайып деген-МЕН Бәрі маған байланысты Бәрі менің қолымда. «Саңырауқұлақтар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған саңырауқұлақтарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Сиқырлы сандық» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|
|
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. Жер астында қала болуы мүмкін бе? Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз. Топтық жұмыс. І топ. Оқулықта берілген 6-тапсырмадағы сурет пен сөздердің байланысы анықталады. Бағалау. Мәуелі бәйшешек, ұялы бәйтерек тіркестерін тауып, мағынасын суретпен байланыстыра түсіндіруге тырысқан оқушылар мақталады. Естелік бойынша бір топ екінші топқа сұрақтар (3–4) дайындайды, жауап береді. ІІ топ. Балалар сөзіне балама сөздерді тап. Ол үшін алдымен Жамбыл атаның балаларға арнаған мейірімді сөздерін тауып ал. ІІІ топ. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып ал. Тапсырма. Дұрыс нұсқасын белгіле. «Мәшинеден қимылы ширақ адам түсті» деген сөйлемде кім туралы айтылған? А) Жамбыл ата Ә) Ә. Тәжібаев Б) атаның немересі В) ауыл жігіттері Еліміздің мәдениет күні қайда өтті? А) Алматы Ә) Жамбыл қаласы Б) Мәскеу В) Санкт-Петербург Дескриптор:
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмала ры. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары |
|
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парағы.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылар дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген