Материалдар / Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ер есімі- ел есінде. Оқушыларға азаматтық тәрбие беру. Отансүйгіштікке, елдің жанашыр азаматы болға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2021
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

23 З.Космодемьянская атындағы мектеп- лицейі

05.05.2021жыл

Сныптан тыс тәрбие сағаты

5-сыныптар

Тарих пәні мұғалімі: Тұрманбетов Нұрлан Өмірсерікұлы


Ер есімі ел есінде.


Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:


Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы.


Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:

1.суреттер, нақыл сөздер, бейне фильм, слаид


Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

  2. Жүргізуші мен оқушыларға сөз

  3. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары


Құрметті ұстаздар! Оқушылар! Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биылғы жылы 76 жыл толмақшы. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

(1 мин. үнсіздік)

Жүргізуші: Бүгінгі біздің сынып сағатымыз аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналады.

Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.


Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Қазақта: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары да көрсетсе керек. Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан.


Жүргізуші: Иә, соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.


Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Бұдан әрі қарай өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтерімен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынады. Онда жүріп взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған ұрыстарға қатысып, ерлік істер жасады. Әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Екі рет жаудың қоршауынан аман-есен өз қарамағындағы әскерін алып шыққан. Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген. 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында да жазылған. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, атақ-даңқы аңызға айналған.


Деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.


М.Мақатаевтың «Бауыржан Момышұлына» өлеңі оқылады.


Жүргізуші: Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.

1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.


Армиямен қоштасқаннан кейін 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгімелері, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981) т.б. кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Жауынгерлердің сом тұлғасын бейнелей білді. Сонымен қатар 37 дәптер

күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.


Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі оқылады.


Жүргізуші: Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім – деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.


Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Әр жылы Бауыржан батыр ерлігіне байланысты елімізде және шет елдерде де батырға құрмет көрсетіліп жатыр. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласындағы №229 мектепке Б.Момышұлының атағы берілді және қазақ батырына арнап мектепте мұражай бұрышы да ашылыпты. Бірнеше жыл бұрын Мәскеуде ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және Өкілет елшілігінің резиденциясында Кеңес Одағының батыры және жазушы Б.Момышұлы туралы «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері болған еді. Сондай-ақ 2010 жылы Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында батырдың 100 жылдығына орай «Халық батыры» атты көрме ашылды.


Қ.Бекхожиннің «Атыңды мен естідім» өлеңі оқылады.


Жүргізуші: Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін де қалдырып үлгерген.


Б. Момышұлының туған жер , Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік, білім т.б. тақырыптарды қамтыған ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдері айтылып кетті.


Б.Момышұлының «Қайран сегіз» өлеңі оқылады.


Жүргізуші: Бойында патриоттық сезімнің ұшқыны бар біз сияқты Бауыржан атамыздың ұрпақтары жүрегімізді жарып шыққан сөздеріміз арқылы ол кісіге рахметімізді айтамыз.


«Бауыржан Момышұлына арнау» деп аталатын жыр жолдары


Қаһарға толы қабағы,

Шоқ шашқан отты жанары.

Ерліктің нағыз адамы,

Батыр аға Бауыржан.

Тұнығы болып тереңнің,

Биігі болып өр елдің.

Өрнегін салған өнердің,

Ақын аға Бауыржан.

Сөзбенен салып суретті,

Майдан даласын гүлдетті.

Нақышы ойға нұрды екті,

Жазушы аға Бауыржан.

Пейілі дархан жұмақ бақ,

Жайдары жаны нұры аппақ.

Турашыл жанға тұрақтап,

Ақылшы аға Бауыржан.

Өнерге толы құшағы,

Ерліктің мәңгі мысалы.

Азаматтықтың нышаны,

Біртуар аға Бауыржан.

«Бауыржан атаға» жыр жолдары

Сіз жасаған соғыстағы,

Ерлігіңіз ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

Өнегеге толы ғой.

Салып кеткен сара жолың,

Болашаққа бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

Ғибрат қой бізге ол.

Қайсар ұлы қазағымның,

Айтамыз біз алғысты.

Жүрек жұтқан батыр едің,

Ерлігіңіз жырланды.


Жүргізуші: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!