Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал жабдықтар.”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге керек практикалық кезенде не істетуге болатын билуге Болад
Материалдың қысқаша нұсқасы



Машықкердің аты- жөні : Азтаева.Аида.

Мектеп: “К.Шакенов атындағы орта мектебі” КММ

Сынып: 8 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал жабдықтар.”

Сабақтың мақсаты және міндеті:

Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)


Сабақтың Жоспарлаңған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру-Амандасу Сәлеметсіздерме оқушылар ! Қалдарың қалай?Менің аты-жөнім: Азтаева Аида.

Оқушыларды түгендеу.


Сабақтың ортасы:

15 минут

Өткен сабақта халқымыздың арасында кеңінен тараған кілем тоқу өнерімен танысқан болатынбыз. Бүгін біз қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерін қарастыруды жалғастырамыз:

-Тері өңдеу өнері

- Зергерлік өнер

- Сүйек өңдеу өнері

- Тас өңдеу өнері

- Ұсталық кәсіп

- Ағаш өңдеу

Видео материал көрсету.

- Қазақ халқының зергерлік өнері

- Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты.

- Сүйек пен тасты мәнерлеп өңдеу – қазақ халқында әріден келе жатқан өнер.Археологиялық қазба жұмыстарының барысы Қазақстанда сүйек пен тастан зат жасауды пайдалану ертеден-ақ дамығандығын байқатады. Ұзақ ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, шикізат көзінің молшылығы, сүйек пен тас бұйымдарына деген сұраныс қолөнердің бұл түрінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында шырқау биікке көтерілгенін баяндайды.Сүйек оюды қазақ шеберлеріағаш және металл өңдеумен байланыстырған. Жасалуы әдемі болуы үшін әртүрлі қымбат маталар, майлы бояулар пайдаланған. Сүйекті пайдаланбас бұрын ыстың суға қайнатып, содан соң барып әртүрлі формаға келтіріп, өңдеуге кіріседі.

-IX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Біздің елімізді, ұлтымызды танытатын бірден бір бұйым – домбыра. Домбыраның күмбірлеген үні қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін шарлап кетті. Домбырасыз ұлтымыздың өмірін елестету мүмкін емес. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуге, күйге арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу, мойыны ұзын болып келеді

Қазақтың-ою-өрнегі үйжиһаздарында,сәндік,тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер.

Ою-өрнектер зооморфтық, өсімдік сипатты,геометриялық,космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған

Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі – өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады.Үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің “жұлдыз”, “шұғыла”, “төртқұлақ”, “бітпес”, “шимай” деп аталатын түрлері кеңінен қолданған.


https://youtu.be/2HRi3eWVNuA











































































































Мата,ине-жіп,қайшы,қарындаш.


Практикалық жұмыс.

20 минут

Оқушыларға кез-келген матаның үстіне ою-өрнекті салып,кестелеп тігіп шығу.

Үй тапсырмасы:

5минут
















Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін толықтырып зерттеу. Ою-өрнектерді пайдаланып қазақтың ұлттық киімдерне эскиз салу.

А4беті,қайшы,Акварель, гуашь, қараңдаш.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
748
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12