Халықаралық қыздар күні - әлемге тану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық қыздар күні - әлемге тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатында сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықаралық қыздар күні - әлемге тану

(танымдық сағат)


Мақсаты: әлем бойынша қыздардың құқықтарын таптауға байланысты мәселелердің алдын алу, бүкіл әлемде тап болатын мәселелерді шешу қажеттілігіне көңіл бөлуге және қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды және кеңейтуді ынталандыруға үндеу.


І. «Мен кіммін?» атты тренинг.

Мен әдемі гүлмін, себебі....

Мен тамаша әнмін, себебі.....

Мен қызық кітаппын, себебі......

Мен шамшырақпын, себебі.....


ІІ. Кіріспе.

11 қазан - Халықаралық қыздар күні. Бұл Бүкіләлемдік қыздардың құқықтарын қорғау мақсатында пайда болған мейрам. Осы мейрам жайындағы ұсынысты Канада айтып, БҰҰ Бас Ассамблеясы жанынан қолдау тапқан соң 2012 жылы бекітілген.

Халықаралық қыздар күнінің мақсаты - әлем бойынша қыздардың құқықтарын таптауға байланысты мәселелердің алдын алу болып табылады.

Бұл күн қыздар бүкіл әлемде тап болатын мәселелерді шешу қажеттілігіне көңіл бөлуге және қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды және кеңейтуді ынталандыруға үндейді.

Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Бала­ның тағдыры анаға тікелей байланысты.

Бірін­ші­ден, қыз балаға дұрыс тәрбие беруіміз керек. Әр үй­дің қыз баласы тәрбиелі болса, қоғам тәр­биелі болады. Екіншіден, өз үйі­мізді таза ұстауымыз керек. Әр үйдің іші, есігінің алды таза болса, қаламыз, еліміз таза болады. Қыз бала тазалыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Үшіншіден, өз көршімізбен тату тұруымыз керек . Әр көрші тату болса, еліміз ынтымақта болады. Қыз бала татулық пен ынтымақтың маңызын түсінеді. Әрбір отбасы осы үш қағиданы дұрыс ұстанса, біздің болашағымыз баянды болады.


ІІІ. Негізгі бөлім.

  • Ой қозғау.

  • Қыз бала қандай болуы керек?

  • Қыз баланың тәрбиесіне кім жауапты?

  • Қыз балалар арасында болатын келеңсіз жағдайлардың себебі неде?

  • Қыз баланың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы не білесіздер?


  • Мақалдың мағынасын ашу.

1. Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс.
2. Ана сүтін ақтамағанды - ешкім жақтамайды.
3. Анасын сыйламағанды адал деме, ұстазын сыйламағанды адам деме.
4. Ананың ізін қыз басар.


  • Өлең жолдарынан үзінді оқу.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!


Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

ІҮ. Рефлексия.

тәрбие

Shape2

қыздар

ертеңгі ана тазалық



болашақ ұқыптылық



отбасы татулық



ынтымақ

Ү. Қорытынды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­­ғы­ру» мақаласында «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», - деп атап көрсет­ті.

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.

Ендеше ұлттық тәрбие - ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ. 





























Shape3



Сынып: 6 «б»

Сынып жетекшісі: Буденова С.К.










2020 - 2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
2237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі