Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері 1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер 1.1 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар 1.2 Валюта бағамын реттеу құралдары 2. Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор 2.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Гуманитарлық пәндер» бөлімшесі

Ф-ӘК-001/09



Келісемін

Бекітемін

Әдіскер

___­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______Ф.Дүйсенбай

«____» _______ 2024 ж.

Колледж директоры

____________А.Кенжалиев

«____» ________2024 ж.




«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты

апталық іс-шарасы


Халықаралық валюта жүйесінің мәні










«Әлеуметтік және педагогикалық»

пәндік(циклдік)

комиссия бірлестігінің кеңес

мәжілісінде бекітілген

____ хаттама

«___» ___2024 ж.

Пәндік(циклдік)комиссия

бірлестігінің төрайымы

_________ Ә.Сәтенхан

Бөлімше меңгерушісі:

_________ А.Есенқұлова

«___» ___2024 ж.



Мерзімі: 14.03.24 ж.

Уақыты: 11:10

Тобы: ВДН-0922-1

Ауд: 208

Оқытушы: Ә.Сәтенхан


Түркістан 2024

«Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну» пәнінен «Халықаралық валюта жүйесінің мәні» тақырыбында өтілетін ашық сабақ

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

Тақырыбы: Қазақстанның сауда қатынастары

Жоспар: 1.Сауда қатынастары туралы түсінік

2.Дүниежүзілік сауда қатынастары

3.Сыртқы сауда қызметінің түсінігі

1 – тапсырма «Сөзжұмбақ» ойыны

2 – тапсырма «Сөз тапқыр» ойыны


ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин)

Халықаралық валюта жүйесінің мәні

1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер

1.1 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

1.2 Валюта бағамын реттеу құралдары

2. Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор

2.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері


ІV. Бекіту (30мин)

1-тапсырма. «Маңдайға жазғанын көреміз»

2- тапсырма. «Х,О» ойыны

3- тапсырма. «Бірлік» ойыны

4- тапсырма. «Лидер» сайысы


VІ. Бағалау (4 мин)


VІІ. Үйге тапсырма (2 мин)

Халықаралық валюта жүйелеріне шолу жасау

VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер (2 мин)

1.Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова бас. Алматы: Жеті жарғы, 2003 240 б.

2. Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж 4 б.

3. К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж 564 б.

4. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.



Пәні: Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық валюта жүйесінің мәні

Сабақ көрнекілігі: Презентация, плакат, маркер, лента

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: Инновациялық технология және интерактивті оқыту технологияларын қолдану. Құрастыр, сосын жауап бер әдістері.

Пән аралық байланыс: Экономика негіздері, математика және т.б.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

1.1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу

1.2. Оқу-құралдарын қадағалау

1.3. Оқушының назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

Тақырыбы: Қазақстанның сауда қатынастары

Жоспар: 1.Сауда қатынастары туралы түсінік

2.Дүниежүзілік сауда қатынастары

3.Сыртқы сауда қызметінің түсінігі

1 – тапсырма Сөзжұмбақ

Екі топ оқушылары берілген тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырады.

  1. Дүние жүзілік сауда ұйымы

  2. Еуразиялық экономикалық одақ


2 – тапсырма Сөз тапқыр


Екі топ оқушылары жасырылған сөздерді табу қажет. Көп сөз тапқан топ жеңіске жетеді.

Жауабы: Сыртқы сауда, импорт, экспорт, контрафакт, экономикалық одақ,ұсыныс, сұраныс, ДСҰ,автокөлік, шикі мұнай, кузов.

III.Жаңа сабақ (20 мин)

Жоспары:


Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері

1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер

1.1 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

1.2 Валюта бағамын реттеу құралдары

2. Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор

2.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері



Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар. Валюта тауарының бағасы — валюта бағамы деп аталады. Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бірлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырмалы түрде құндылығын көрсетеді. Валюта қолданылу аясына қарай үшке бөлінеді.

Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.

Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады. Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.

Резервтік валюта -дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .

Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:

1. Еркін айырбасталатын валюта — елдердің әлемде өз валютасының айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы

2. Жартылай айырбасталатын валюта — елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар

З. Айырбасталмайтын — бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

саяси — саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

экономикалықхалықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқы-ны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңдік;

психологиялықжаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

1.2 Валюта бағамын реттеу құралдары

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :

валютаның еркін айналымдағы бағамы ;

тағайындалатын валюта бағамы.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :

түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына деген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.

табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.

бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарларын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.

алыпсатарлық.

Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:

белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.

түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.

сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.

Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектеулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.

Валюталық шектеулер — бұл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.

Девальвация — ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.



2. Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор

2.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.

¥лттық валюта жүйесі — белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.

Әлемдік валюта жүйесі — мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.

Валюта — бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:

халықаралық сауда валютасы ;

халықаралық резервтік валюта .

Халықаралық сауда валютасы — халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату — сатып алу объектісі бола алады.

Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.

Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс.

Валюталық жүйенің даму кезеңцері өндірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүние-жүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзік валюта және ақша жүйелері біріктірген болатын, себебі ақша дүниежүзік нарықта төлемге массасы бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналысесеп айырысуларды реттеуші ретінде рольін атқарады.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, ол шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж валюталық шектеу енгізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекет аралық алтын девиз стандарты құрылды.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1922 ж Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісімімен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандартты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 1994 ж Бреттон-Вудстағы ( АҚШ ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

  • алтынға және екі резервтік валютаға ( АҚШ доллары және фунт стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленеді. Бұл жерде алтын девиз стандартты халықаралық қатынаста сақталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және

оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айрбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;

  • валюталық саясат және валюталық шектеулік халықаралық келісім-шарттарға бағынды;

  • валюталық париттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты;

  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді ( +/- 0,75%-паритеттен ауытқуға болады ).

60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:

СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды (валюталық «коржындағы» доллардың үлесі — 40%, ресми валюталық резервтерде — 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге кұқық берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;

алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.


IV.  Бекіту: (30 минут)

1-тапсырма. «Маңдайға жазғанын көреміз»

Әр топтан 3 қатысушы шығады. Жаңа тақырыпқа қатысты сөздерді бір қатысушы келесі қатысушыға жасырылған сөзге қатысты сөйлеммен түсіндіреді. Кезекпен-кезек орын ауыстыра отырып сөздерді жасырып, көп сөзді тапқан топ сол ұпайға ие болады.

Жасырылған сөздер:


1-топ

1.Тұрақсыздық 5.Резерв

2.Монета 6.Алыпсатар

3.Чек 7.Ревальвация

4.Табыс 8.Сұраныс

2-топ

1.Сауда 5.Ұлттық

2.Девальвация 6.Тапшылық

3.Алтын 7.Валюта бағамы

4.Юань 8.Ұсыныс


2- тапсырма. «Х,О» ойыны


Қайталау сұрақтары арқылы оқушылардан жаңа тақырыпты меңгергендерін тексеру.

1.Екі топқа бірдей сұрақ қойылады, бірдей жауаптар беріледі.

2.Жылдамдық танытып үш бірдей таңбаны құраған топ жеңеді.

3.Қарсылас топтар бір бірінің құрауына жол бермеуі керек



Сұрақ-жауабы:


1.Валюта дегеніміз не?

мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі

2. Резервтік валюта дегеніміз не?

мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын, халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта.

3. Еркін айырбасталатын валюта дегеніміз не?

шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы

4. Жартылай айырбасталатын валюта дегеніміз не?

елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар


5. Айырбасталмайтын дегеніміз не?

әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы

6. Валютаның еркін айналымдағы бағамына әсер ететін факторды атаңыз

тұтынушы талғамының өзгеруі

7. Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктерін атаңыз

тұрақсыздық

8. Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйені атаңыз

Бреттон-Вудс

9.Жапонияның валюта бірлігін атаңыз

Иен


3- тапсырма. «Бірлік» ойыны


Әр топ мүшесі лентаны ұстау арқылы маркермен бір валютаны жазады. Бұл тапсырма топты ұжымдасып жұмыс атқаруына септігін тигізеді.


Сұрақ-жауабы:

  1. Біріккен араб әмірлігінің валютасын жазыңыздар Дирхам


4- тапсырма. «Лидер» сайысы


Екі топтың көшбасшысы әр елдің валюталарын айтып жарысады. Бір-бірінікін қайталауға болмайды. Жеңіске жеткен көшбасшы өз тобына ұпай санын қосады.












Бағалау парағы:


Аты-жөні

Үй тапсыр-масы


Бекіту кезеңі

Қорытынды

«Сөз жұмбақ»

«Сөз тапқыр»

«Маңдайға жазғанын көреміз»

«X,O» ойыны

«Бірлік» ойыны

«Лидер» ойыны


















1











2












VІІ. Үйге тапсырма (2 мин)

Халықаралық валюта жүйелеріне шолу жасау

VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер (2 мин)

1.Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова бас. Алматы: Жеті жарғы, 2003 240 б.

2. Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж 4 б.

3. К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж 564 б.

4. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі