жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ханталапай
Қазақтың ұлттық ойыны
«ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын
жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық
ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке,
мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа,
әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге
баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі
спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр –
сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен
ерекшелерін білу.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы
текемет, сырмақ, алаша)
Қой малының асықтары
Ұлттық нықышта өрнектелген қоржын
Алдын ала дайындалған тапсырмалар
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.
Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Балалар: (амандасады)
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз
біз!
Мұғалім: Дұрыс, балалар! Үлкенді құрметтеуіміз керек.Үйімізде үлкен адамдар бар ма?
Балалар: Иә,
Мұғалім: Олар кімдер?
Балалар: Ата-әжеміз, әке-анамыз.
Мұғалім:Ия, балалар, үйіміздің үлкендері атамыз бен әжеміз.Біз оларды құрметтеп сыйлаймыз.Айтқандарын тыңдаймыз.
Балалар кім осы ата әже туралы тақпақ біледі?
Дархан:Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын
Үлкен кісі жұмсаса
Қайда болсын барамын.
Мұғалім: Керемет, жарайсыңдар
балалалар! Бүгін қасиетті жұма күні.
Балалар бүгін ерекше сәтті
күн, ауа - райы да, тамаша екен.
Ендеше, атамыз бен әжеміздің ауылына барып асыр - салып ойнап
келейік.Ауылдан балалар ата - әжені көріп, көрісіп
(ассалаумағалейкум) балалар
амандасады.
Ата - әже балаларды ағаш үйге кіргізеді.
-
Ата: балалар қайдан келдіңдер?
- Арай бала бақшасынан
келдік.
-
Ата: бәрекелді.
Әжесі балаларға қымыз бен бауырсақ береді.
Мұғалім: Біз барлығымыз сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтауға келдік.Ата сіз мына балаларға қазақтың салт –дәстүрі мен ұлттық ойындар туралы айтып беріңізші.
Ата: Ия, дұрыс қой біздерде бала кезімізде ұлттық ойындар ойнағанбыз.Осы ойындар қазақтың салт-дәстүрі жиі қолданады. Салт-дәстүрге бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу және т.б. Осы ұлттық ойындар арқылы ой-өрісі дамып, дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке қалыптасады.
Мұғалім: Ата біздің балабақшаның балалары да, қазақтың ұлттық ойындарын біледі.
Ата:Ал, балалар ,сендер қандай
ұлттық ойындарды білесіңдер?.
Балалар:
1) Көкпар ойыны
2) Соқыртеке ойыны
3) Ақ сандық, көк сандық ойыны
4) Арқан тарту ойыны
5) Қазақ күресі ойыны
6) Білектесу ойыны
7) Жасырынбақ ойыны
8) Ақ сүйек ойыны
9) Орамал тастау ойыны
10) Хан талапай ойыны.
Ата: жарайсыңдар балалар! сендер қазақтың ұлттық ойындарын біледі екенсіңдер.
Әже :Жарайсыңдар, балаларым! Өте
алғыр, білімді балалар екенсіңдер.
Ата: Отанасы сандықта тұрған
қоржынымды алып берші.
Ата: Балаларға ризашылығын білдіріп
бір қоржын асық сыйлайды. (сандықтан алып
береді)
Балалар: рахмет.
Мұғалім: Олай болса, ата астың батасын
берсеңіз біздің ұлдарымыз асықпен ойнасын.
Ата: бата
береді.
Ата -
әже: көңіліміз көтеріліп қуанып
отырмыз, жарайсыңдар балаларым.
Әже: Қыздарымыздың қандай өнерлері
бар екен.
Қыздар: Қазақтың «Қасиетті домбыра»
әнін орындап береді.
(Осы кезде балалар асықпен ойнап отырады.)
Сабақ барысы:
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалыңды талдармын.
Сақал түгел, мұртта жоқ,
Сендерді де алдармын,
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Бүгін сендерде қандай мереке өтіп жатыр?Балалар сендер қандай
ойындар ойнап отырсыңдар?Мен де сендермен ойын ойнағым келіп
тұр.
Балалар: Сәлеметсіздер ме Алдар.Бүгін біз атамыз бен әжемізді Наурыз мерекесімен құттықтап келгенбіз.Біз асықтармен ойнап отырмыз.
(Осы кезде Ата келіп, Алдармен амандасады.)
Ата:Амансыңба Алдар.Қазақтың Ұлттық ойындарын білесің ба?
Алдар: Жоқ, білмеймін.Асықта ойнай алмаймын.
Ата:( қазақтың ұлттық йындары туралы айтып өтеді.)
Алдар:Рахмет сізге ата.
Мұғалім:Ата біздің балаларға ханталапай ойыны туралы айтып беріңізші.
Ата: (Ханталапай ойынының шартын түсіндіреді.)
Мұғалім: Алдар сізде біздің балаларымыздың ойынын тамашалап,өз бағаңызды беріңіз.
Мұғалім: Қоржынды ұстап тұрып, асық
туралы не білеміз? Асықпен қандай ойындар ойналады?
(балалардың жауаптары тыңдалынады) (Асық ату, үш табан, ханталапай
т. б.)
Мұғалім:
Салт – дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарасса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның.
Алып келді жұма күн.
Мұғалім: Балалар Ханталапай ойынын
ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия,
Мұғалім:Қанеки сендер шеңбер болып
отыра қойыңдар.
Балалар шеңбер болып
отырады.
Мұғалім: Ойынды бастар
алдында
«Талапай - ау, талапай,
Табылды ойын алақай », - деп айтады. Балалармен бірге
қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға
шашады.
Балалар: Жарыса
«Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды
таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды, әр бала
жинаған асықтарын тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына
түскен бала ойынды бірінші бастайды. Тигізген асықтарды ұтып алады.
Тигізе алмай қалған жағдайда ойын жүргізушінің тапсырмасын
орындайды.
Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық
тапсырмалар алдын ала дайындалады.
Сұрақтар:
1.Қандай салт-дәстүрді білесіңдер?
(Бесікке салу, , тұсау кесу, сүндетке отырғызу)
2.Жеті атаңды ата?
3.Тыштырмай деген не?
4.Бес қаруды ата?
(садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
5. Ұлыстың ұлы күні пісірілетін тағам?
6. Асыққа байланысты мақал
«Асығың алщысынан түссін.
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар»
7. Жұмбақ.
(кішкене ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар)
8. Санамақ.
Бес дегенім бесік, алты дегенім асық.
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе келесі асықты атады. Екінші рет тизіге
алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер
бала тапсырмаға жауап бере алмаса басқа балалардың жауап беруіне
болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға
беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай
асықтарын санайды.
Мұғалім:Ата, Алдар балалардың ойынын тамашаладыңыздар.Сіздерге ұнады деп ойлаймын.Енді өз бағаларыңызды беріп, балаларды марапаттау сіздерге беріледі.(Балалардың ішінен «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» таңдап марапаттайды.)
Алдар:Балалар бәріңде жақсы ойнадыңдар.(Атамен ,балалармен қоштасып кетеді.)
Мұғалім:Ата, әже біздің де балабақшаға қайтатын уақыт болды.
Ата,әже балалармен қоштасады.
Балалар: Ия, біз керемет демалдық. Ата – әже рахмет, сіздерге. Сау болыңыздар!
Мұғалім: Сау болыңыздар!
(Мұғалім мен балалар балабақшаға қайтады.)
Қорытындылау
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал, балалар, айтыңдаршы Ата мен әженің ауылы ұнады ма? Атамен Алдар көседен не үйрендіңдер. Қандай қазақтың ұлттық ойынымен таныстыңдар?
Балалар: Ханталапай, асық ату ойындарымен таныстық және оны асықпен ойнау керек екенін білдік. Ойнау жолын үйрендік.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар көп нәрсе үйренген екенсіңдер.
«Ханталапай» - бұл қазақ халқының ұлттық ойыны. Сонымен ұлттық ойындар бізге ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын – дегеніміз тыныс кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Мұғалім: Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген