Ханталапай

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ханталапай

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету. • Балалардың жылдамдығын жетілдіру, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ханталапай

Мақсаты: 

  • Қазақтың ұлттық  ойындарын дәріптеу  арқылы  балалардың  интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік  қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

  • Балалардың  жылдамдығын жетілдіру,  жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып,  ойда сақтау  қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • топта жұмыс  істей білуін қалыптастыру;

  • патриоттық сезімдерін және Отанға, туға  өлкеге деген  сүйіспеншіліктерін ояту.

Қажетті   заттар:

  • ойын   бөлмесіне арналған  ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)

  • қой  малының асықтары

  • ұлттық нақышта  өрнектелген  қоржын

  • алдын ала  дайындалған тапсырмалар

Ойын барысы:

Шаттық  шеңбер: Аспан  түрді  түндігін,

                                 Жерге сәуле  жайылды.

                                 Неткен  ашық  күн  бүгін,

                                 Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!

Тәрбиеші: Балалар, сендер қазақтың  ұлттық ойындарын білесіңдерме?

Балалар:   Иә

Тәрбиеші: Қандай  ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар:  Тақия тастамақ, көкпар, теңге алу, арқан тарту, білектесу, асық ату.

Тәрбиеші: Балалар, қазақтың   ұлттық ойындары өте көп екен. Солардың  бірі «Ханталапай».    Ханталапай  ойыны асықпен ойналады.  

Бала: Апай,менің атамның үйінде асық көп. Атам маған достарыңды ертіп   келіп,   асық  ойнаңдар   деген.  

Тәрбиеші:  Баланың атасы бізді асық ойнауға  шақырған екен. Балалар, сендердің барғыларың келе ме?  Ендеше балалар, атаның ауылына  қонаққа  барайық. Атаның  ауылына мына  әдемі қоржындарымызды  ала  барайық.  (Балалар,  қоржындарын асынып атаның ауылына  жолға шығады).

Балалар атаның ауылына келгенде, қамшы өріп отырған  атаны көріп, амандасады. Атаның немересі асық ойнау үшін достарын ертіп келгендігін айтады.


Ата:  Амансыңдарма, балаларым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады.  Сондықтан оны сақа асық деп, асықтардан ерекшелеп  қызыл түспен бояп қояды.  (асықпен ойнату үшін тәрбиешіге бір қоржын асықты ұсынады).

Тәрбиеші: Рахмет, ата.  Балалар қараңдаршы, бізге ата мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың  ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге  көп асық және бір қызыл түске боялған  асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз.  Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?

Балалар   асық  атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.

Тәрбиеші ойын шартымен таныстарады.

Ойын шарты: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы  асықтарды отырған балалардың алдына шашады.  Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады.  Жинаған асықтардың ішінен  әр бала ойынға  бес асықтан тігеді.  Хан асығы қолына түскен бала алғашқы  болып ойынды бастайды.  Сонымен бірге балалар бүк асықпен бүк асықты,  шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. Асықтарды  бір-біріне тигізе алмаған жағдайда ойын  жүргізушінің  сұрақтарына  жауап  береді. Екінші  рет тигізе  алмаған  жағдайда ойын кезегі келесі балаға беріледі.  Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында хан асығын ұтып алған бала жеңімпаз атанады.

Тәрбиеші балаларға  ойын  шартын  түсіндіріп,  ойын  алаңына  шақырады.  Балалар сырмақты айналып , шеңбер құрып отырып, ойын ойнайды.

Ойыннан  көріністер:



Балалар   ойынға   қызығушылықпен   қатысады.  Ойын жеңімпазы анықталып,  өзінің ептілігімен, тапқырлағымен, білімімен, шапшаңдығымен, мергендігімен көзге түскен балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» және тағы басқа да  атақтар беріледі.

Тәрбиеші:  Ата, біздің балаларымыздың  ойынына  өз төрелігіңізді   көрсетіңіз.

Ата: Балалардың ойындары маған өте ұнады.  Бұл ұлттық ойын ұрпақтан   ұрпаққа  жалғасын  тауып келеді.

Ата балаларға «Епті бала», «Мерген бала», «Жеңімпаз бала», «Зерек бала», «Алғыр бала», «Шапшаң бала» деген атақтарды  атай отырып,  бата беріп, тіл көзден аман жүрсін деп, жасаған  бойтұмарларын тағады.


Балалар,  ата  берген  асықтары   мен  бойтұмарларына   алғыс   айтып,   атамен қоштасады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі