Материалдар / хаттама

хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Хаттама
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ата-аналар жиналысы

Хаттама №4


Мерзімі:11 сәуір, 2024 ж

Уақыты: 18.00 – 18.45

Өтетін орны: Д блок 04 каб

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Күн тәртібінде

1. 2023-24 оқу жылының ІІІ тоқсанының қорытындысы

2. Күйзелістен шығар жол

3. Әр түрлі мәселелер


  1. Кіріспе сөз.

Баяндаушы сынып жетекші: Рысқұлова А.Б.

Армысыздар, құрметті ата-аналар! 2023-2024 оқу жылының ІІІ тоқсанының қорытындысын баяндайтын болсам, тоқсан басында сыныпта 16 оқушы болды. 15 қыз бала, 1 ұл бала. Сыныптың білім сапасы 68,7 пайызды құрап отыр. Үздіктер – 4. Олар: Женгалиева С, Сағидолла М, Сейлхан А, Сагинова Д. Екпінділер – 7. Олар: Молдажами Д, Нұрашева С, Демесинова З, Айсаева Д, Әділова Ш, Ерболатова А, Нияз А.

Үлгерушілер – 5. Факультатив сабақтарынан барлық оқушы сынақтан өтті. Оқушылардың тәртібі өте жақсы. Пән мұғалімдерінен шағым түсіп көрген жоқ.

Сынып жетекші оқушылардың алдын-ала тапсырылатын ҰБТ сынағынан алған балдарын ата-аналардың назарына ұсынды. Диаграмма ретінде сыныпта жоғары балл алған, төмен балл алған оқушылар нақты көрсетілген. Ата-аналарына кеңінен таныстырылды.

  1. Баяндамашы: Рысқұлова А.Б.

«Күйзелістен шығар жол» баяндама. Төтенше жағдайда біздің мінез-құлқымыз неге байланысты деген сұрақпен өз баяндамасын бастап, оған жан-жақты жауап берді. Бастапқыда, туғаннан бастап адамның қауіп-қатерге қарсы үш реакциясы болады: күресу, қашу немесе қалшиып қалу. Қауіп-қатер күресуге болатындай болса, біз күресеміз. Егер біз күресе алмасақ және өзімізді құтқаруымыз керек болса, біз қашамыз. Егер бізде бір де бір басқа да мүмкіндік болмаса, біз қалшиып қаламыз немесе жасырыңамыз.

«Өмір бойы әдетте біз қауіпке бір реакцияны таңдаймыз, содан кейін ол көп жағдайда көрінеді. Өкінішке орай, көбінесе бұл реакция қалшиып қалу реакциясы. Өйткені, адам басына түсетін қауіптердің көпшілігі жұдырықпен күресуге немесе физикалық түрде қашып құтылуға болмайтын әлеуметтік және психологиялық қауіптер болып табылады. Сондықтан қалшиып қалу көптеген адамдар үшін «үйренген» реакцияға айналады. Көптеген эксперименттер қауіп төнген кезде адамдар көбінесе қауіптен құтылу мүмкіндігін арттыратын әрекеттерді жасамайтынын көрсетеді. Ал үйренген қалшиып қалу реакциясының өз салдары бар. Психикалық және физикалық денсаулық бұзушылыұтарына әкелуі мүмкін. Мысалы, егер сіз кенеттен қауіпті итті кездестірсеңіз, онда бірінші реакция қорқыныш болса, сосын таңдау - жүгіру немесе қалшиып қалу. Қашу (айқайлау) күйзелістен арылу тәсілі болып табылады. Қалшиып қалу - қауіпсіз әдіс, бірақ ол денемізде із қалдыруы мүмкін деп өз баяндамасын аяқтады.

«Қарым-қатынас конверті» ширату ойынын ұйымдастырды. Ішіне төмендегідей сұрақтарды ұсына отырып, оған ата-аналар жауап берді.

Егер..... менің балам ашуланады.

Егер... бала жылайды.

Менің балам күйзелістен ... көмегімен шығады.

Бала... болғанда, мен баламның күйзеліске түскенін көремін.

Бала ... де, мен оның күйзелістен шыққанын көремін. Өзінің баяндамасын пысықтау мақсатында ата-аналардың назарына мультфильм ұсынды. Мультфильм күйзеліс туралы.

https://www.youtube.com/watch?v=ehWjYOhiER8

Мультфильмнің негізгі идеясы қандай, көру кезінде қандай сезімдер мен эмоциялар болды деген сұрақтармен бейнематериалды талдады. Келесі бейнеде күйзелістен шығудың жолдары көрсетілді. https://www.youtube.com/watch?v=cxNQMY8gm6U

Күйзелістен АРЫЛУДЫН 10 ЖОЛЫН ұсына отырып, ата-аналарға маңызды ақпараттар берді. Сондай-ақ, ата-аналардың назарына «ҰБТ күйзелісін қалай еңсеруге болады» чек-парағын ұсынды.

3. Әр түрлі мәселелер:

1) ҰБТ-ға дайындықтарын күшейту;

2) Оқушының сабақтан кешікпеуін қадағалау;

3) Күнделікті сабаққа қатысымын бақылап отыру;

3) Мектеп формасы, шаш үлгісін сақтау;

4) Жалпы тәртібін, кешкі қозғалысын жеті бақылау.

5) Мемлекеттік емтихандардың өту ережесімен таныстыру және сенбі күнгі өтетін емтихан алды дайындық сабақтарына қатысымды күшейту туралы бұйоықпен таныстыру.

Сагинова Д ата-анасының сұрағы: Оқушылар қосымша пәндерден дайындықтарын күшейтіп отырғаны бәріне мәлім. Сондықтан, балаларымызға мектеп тарапынан үй тапсырмасын жеңілдетіп берсе екен деп өтініш айтты.

Сынып жетекші Рысқұлова А.Б. ата-ананың сауалын пән мұғалімдеріне жеткізетінін және осы сұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.


Қаулы:

1. Балаға кез келген жағдайда күйзелісті жеңілдету әдістерін және күйзеліске қарсы тұру әдістерін үйретумен қатар, оларға үнемі жақсы сөздер айтып отырып қолдау көрсету.

2. ҰБТ дайындықтарын пысықтау, сенбі күні өтетін емтихан алды дайындық сабағына түгел қатысымды қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік емтиханға дайындықтарын күшейту.



Хатшы: Кенжегуль Садуовна











Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі