|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 5 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№24 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Хемосинтез. Хемосинтез және фотосинтез процестерін салыстыру.
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2023 жылғы " "
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Wordwall.net» әдісі, «Сиқырлы таяқша» ойыны, «Деңгейлік тапсырмалар», «Миға шабуыл сұрақтар», «Білім гүлі» әдісі.
Пәнаралық байланыс: химия
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
Фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктері;
Хемосинтездің ашылу тарихы;
Табиғаттағы хемосинтездің маңызы;
Тәрбиелік:
құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
ой өрісін кеңейту:
тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс істеп білуг еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас ортата білу;
-«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2. Күтілетін нәтижелер
Хемосинтез процесі бірегей екенін;
Табиғатта қандай организмде хемосинтез просесі жүретінін;
Қандай бактериялар темір бактерияларына жататындығын;
Хемосинтез, тотығу, жарық толқынының ұзындығы, көмірқышқыл газының концентрациясы, органикалық қосылыстар.
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 сынып – Алматы: 2019, Мектеп https://www.okulyk.kz/10-class
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін тексеріледі.
«Wordwall.net» әдісі бойынша интернет желісі бойынша тест тапсыру.

Сиқырлы таяқша ойыны арқылы білімдерін тексеру:
-
жарықтың қарқындылығы мен көмірқышқыл газының мөлшері фотосинтез жылдамдығына қалай әсер етеді?
-
Фотосинтезде күн энергиясын пайдалану коэффициентін талқылау:
-
Фотосинтез процесін қарқындылығына хлорофилл мөлшерінің әсерін түсіндіріңдер:
-
Фотосинтез процесін қарқындылығына қандай фактор әсер етеді.
-
Фотосинтезде күн энергиясын пайдалану коэффициентін талдаңдар.
-
Фотосинтез жарық кезеңінде жарықсүйгіш көлеңкеге төзімді және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жарыққа қанығу (платоға шығу) сұлбасын бейнелеңдер.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
Биологияда хемосинтез процесі ерекше құбылыс, өйткені бак- териялардың бейорганикалық қосылыстарды тотықтыру есебінен көмірқышқыл газын сіңіруге негізделген ерекше қоректену типі болып табылады. Ең қызығы, ғалымдардың ойынша, хемосинтез автотроф- ты қоректенудің (организм бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өзі синтездеуі) ежелгі түрі, тіпті фотосинтезден ертерек пайда болуы мүмкін деген түжырым бар.
Хемосинтездің ашылу тарихы. Биологиялық құбылыс ретінде хемо синтез процесін 1888 жылы Ресей биологі С.Н. Виноградский ашқан. Ғалым кейбір бактериялардың химиялық энергияны пайдаланып көмірсулар бөле алатын қабілетін дәлелдеді. Ол хемосинтездеуші бакте риялардың ерекше түрлерін анықтады, соның ішіндегі белгілілері: күкірт бактериялары, темір бактериялары және азоттандырушы бактерия- лары.
Хемосинтез және фотосинтез: үқсастығы мен айырмашылығы. Хе- мосинтез де, фотосинтез де бейорганикалық заттардан органикалық заттар энергиясы АТФ түрінде жинақталады және кейін органикалық заттарды синтездеуде пайдаланылады.
Фотосинтездің және хемосинтездің энергия көздері де, соған қарай тотығу-тотықсыздану реакциялары да әртүрлі. Хемосинтезде алғашқы энергия көзі күн сәулесі емес, белгілі заттардың химиялық тотығу реакциялары (25-сурет). Хемосинтез бактериялар мен архейлерге ғана төн. Хемосинтезде бактерия жасушаларында хлорофилл болмайды, фотосинтезде керісінше болады.

Хемосинтезде органикалық зат синтездеуде көмірсу көзі көмірқышқыл газы ғана емес, сонымен қатар көміртек тотығы, құмырсқа қышқылы, сірке қышқылы, метанол және карбонаттар болуы мүмкін.
Хемосинтетик бактериялар энергияны сутек, марганец, темір, күкірт, аммиактың т.б. тотығуы арқылы да алады. Жоғарыда айтылған бактериялардың атауы тотығатын субстратқа байланысты қойылған: темір бактериялары, күкірт бактериялары, азот бактериялары жөне т.б. (26-сурет).

Хемотрофтар тіршілікке қажетті энергияны хемосинтез арқылы алатын организмдер. Олар табиғаттағы заттар айналымында, соның ішінде азот айналымында маңызды рөл атқарады, топырақ құнарлылығын қамтамасыз етеді. Хемосинтетик-бактериялардың әрекетіне байланысты табиғи жағдайларда кен мен селитраның қоры жинақталады.
Хемосинтез реакциялары хемосинтетик-бактериялармен салыстыр- ғанда ерекшеленеді.
Темір бактериялары. Оларға жіпше бактериялары және темір тотық- тыратын лептотрикстер, сферотиллюстер, галлионеллалар, металло- гениумдар жатады. Олар тұщы және теңіз суқоймаларында тіршілік етеді. Хемосинтез реакциясына байланысты екі валентті темірдің үш валентті темірге тотығуы жолымен темір кен шөгінділері түзіледі:
4FeCO3 + O + 6H2O→ 4Fe(OH), + 4CO₂ + Е (энергия)
Энергиядан бөлек бұл реакцияда көмірқышқыл газы түзіледі. Темір тотықтырушы бактериялардан басқа марганец тотықтырушы бактерия- лар да бар.
Күкірт бактериялары. Басқаша тиобактериялар деп аталады, микроорганизмдердің үлкен тобын құрайды. Бұл бактериялар энергияны күкіртті тотықтыру арқылы алады:
2S+30+2H2O → 2H₂SO₄ + E
Реакция нәтижесінде түзілген күкірт сол бактерияларда жинақталуы, сонымен қатар үлпек түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы мүмкін. Азоттандырушы бактериялар. Құрлықта және суда тіршілік ететін бұл бактериялар энергияны аммиак пен азотты қышқылдан алады. Сондай-ақ табиғаттағы азот айналымында маңызды рөл атқарады:
2NH + 30,→ 2HNO2 + 2H2O + E
Осындай реакцияда түзілген азотты қышқыл топырақ құнарлылығын арттыратын түздар, оның ішінде нитраттар түзеді.
Бейорганикалық заттардың тотығу реакциясы кезінде бөлінетін энер гия бактерияларда АТФ-тің макроэргиялық байланысы ретінде жинақ- талады. АТФ фотосинтездің қараңғы кезеңінде жүретін реакцияларға ұқсас жүретін органикалық заттарды синтездеуге жұмсалады.
Хемосинтездеуші бактериялар топырақта минералды заттардың жинақталуына, топырақ құнарлылығының артуына, ағын сулардың тазаруына ықпал етеді.
Фотосинтез бен хемосинтез процестердің бірі. тірі организмдерде жүретін ерекше
Хемосинтезге байланысты биосферада азот айналымы жүреді, күкірт бактериялары тау жыныстарының желден мүжілуін қамтамасыз етеді де, нәтижесінде топырақ түзіледі, ал сутекті бактериялар кейбір микроорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жинақталған қауіпті сутек мөлшерін тотықтырады. Одан басқа азоттандырушы бак- териялар топырақ құнарлылығын арттырады, ал күкірт бактериялары ағын суларды тазартуға қатысады.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары процесінде АТФ энергиясы түзілуі арқылы органикалық заттар синтезделеді. Түзілген энергия кейін органикалық заттарды синтездеуге жүмсалады. Ол үшін тірі ор ганизмдер аммиак, темір оксиді, күкіртті сутек пен сутектің тотығуы нөтижесінде түзілген көмірқышқыл газын, сутек пен оттекті пайдаланады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Білімдерін тексеру:
-
Хемосинтездің ашылу тарихы туралы айтыңдар;
-
Темір бактерияларындағы хемосинтез теңдеуін жазыңдар;
-
Хемосинтездің табиғаттағы маңызын түсіндіріңдер;
-
Хемосинтез процесіндегі ерекшеліктерін талдаңдар;
Кестені дәптерге сызып толтырыңдар.
|
№ |
Процестің атауы |
Энергия көзі |
Түзілетін заттар |
|
1 |
|
|
|
|
2 |

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
Тапсырма: «Күн сөніп қалса, Жердегі тіршілік жалғаса ма?» деген тақырыпқа реферат дайындаңдар.
Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 73-76 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Хемосинтез. Хемосинтез және фотосинтез процестерін салыстыру.

шағым қалдыра аласыз