400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ХХ ғасыр Гомері" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар. Бұл викториналық сұрақтарда Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығына, өскен ортасына, айтыс өнеріндегі орнына арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «ХХ ғасырдың Гомері»

Мақсаты: Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар Жамбыл Жабаевтың 1 өлеңін жатқа айтады. Байқауға 7-10 сынып оқушылары қатысады. Өз білімдерін сынайды. Викториналық сұрақтар арқылы Жамбылдың қайталанбас туындыларының сырын ашу, поэзия әлемін таныту.

Көрнекілігі: Жамбыл Жабаевтың портреті, кітаптары, буклет, слаид

Жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер мен көрермендер, бүгінгі «ХХ ғасыр Гомері» атты викториналық сайысымызға қош келдіңіздер.

Бұл жүз жылдарда бір-ақ көрінетін құбылыс.... Гомер деуімізге осы Жамбыл атамыз ғана сыятын болуы керек, -деп Мұхтар Әуезов айтқан.

Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген. Әдебиет майталманы, суырып салма ақын, көркемсөз шебері болған. Жамбылдың шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеуде, маңызды орын алады. Шығармалары сан алуан тақырыпта жазылған. Жамбылдың поэзиясын оқып, шабыттанбау мүмкін емес. Жамбылдың өлеңін оқып, тамсанасын. Ол қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. Жамбылдың ақындық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарында басталады.

19 ғасыр- қазақ әдебиетінде де ақындар айтысының әбден кемеліне келіп, шырқау биікке көтерілген тұсы.

Жүргізуші:

Қазақтың мақтанышы деп бастадым,

Жамбылдың шығармасына арнадым,

Бүгінгі викториналық сайысымызды,

Сәттілік тілеп бастадым.

Бұл сайыста оқушылар Жамбыл Жабаевтың 1 өлеңін жатқа айтады, Ж.Жабаевтың өмірімен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап береді. Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Викториналық сұрақтар:

  1. Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?

Жамбыл облысының Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының етегінде.

2.Жамбыл Жабаев қай айда туған? Ақпан

3.Жамбылдың әкесінің есімі кім? Жапа

4.Жамбыл Жабаев неше жасында «ХХ ғасырдың Гомері» атанған? Тоқсаннан асқан шағында

5. «Менің пірім-Сүйінбай» -деп, Жамбыл қай өлеңінде айтқан? «Жанас ақынға айтқан» өлеңінде

6.Жамбылдың эпикалық жырау ретінде халыққа танытқан шығармасы? «Өтеген батыр»

7.Өзенге деген ат болмас,

Ат жалдарлық су ақпай, деген жолдар қай дастаннан алынған? «Сұраншы батыр» дастаны

8.»Сөзім-жалын, домбырам-найза» деп айтқан кім? Ж.Жабаев

9.Жамбыл Жабаев қай жылы туған? 1846 жылы

10.Ж.Жабаев қай жылы, қай айда қайтыс болған? 22 маусым, 1945 жыл

11.Жамбыл Жабаев кім болған? Ақын, жырау, жыршы

12.Ж.Жабаевтың шыққан тегі? Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы

13.Ж.Жабаев кімнен бата алған? Сүйінбайдан

14.Ж.Жабаев кімдермен айтысқа түскен? Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян, Құлманбет

15.1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары қанша тармақтан асады? 13 мың тармақтан асады

16. Қай жылы Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті? 1946 жылы ақпанда

17.Қай жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің 75 жылдығын атап өтті? 1937 жылы

18. Қай жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді? 1941 жылы

19.1943 жылы майданда қаза тапқан Жамбылдың ұлы? Алғадай

20.1916 жылы Ж.Жабаев қандай қозғалысқа қатысқан? Ұлт-азаттық қозғалыс

Осымен викториналық сұрағымыз аяқталды,

Талай жас өз ойын жинақтады,

Бүгінгі «ХХ ғасыр Гомері» атты сайысымыз,

Көзді-ашып жұмғанша аяқталды.

Құрметті оқушылар, ұстаздар сайысымыз осымен аяқталды, қош сау болыңыздар!!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2022
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі