ХХІ ҒАСЫР - ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ПЕДАГОГИКАСЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ҒАСЫР - ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ПЕДАГОГИКАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, мұғалімнің қоғамдағы рөлі және педагогиканың маңызы қарастырылады. Цифрлық дәуірдегі мұғалімнің құзыреттілігі, білім беру сапасын арттыру жолдары және оқытудың заманауи әдістері талқыланады. Сонымен қатар, орта білім саласындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ҒАСЫР - ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ПЕДАГОГИКАСЫ


Аңдатпа

Бұл мақалада білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер, мұғалімнің қоғамдағы рөлі және педагогиканың маңызы қарастырылады. Цифрлық дәуірдегі мұғалімнің құзыреттілігі, білім беру сапасын арттыру жолдары және оқытудың заманауи әдістері талқыланады. Сонымен қатар, орта білім саласындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылады.

Аннотация

В данной статье рассматриваются актуальные проблемы системы образования, роль учителя в обществе и значение педагогики. Анализируются компетенции учителя в цифровую эпоху, пути повышения качества образования и современные методы преподавания. Особое внимание уделено проблемам среднего образования и возможным путям их решения

Annotation

This article examines the current issues in the education system, the role of teachers in society, and the importance of pedagogy. It explores teacher competencies in the digital age, ways to improve education quality, and modern teaching methods. Special attention is given to challenges in secondary education and possible solutions.

Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі,- деп бір ғасыр бұрын қазақ педагогикасына Мағжан Жұмабаев жазып кеткен екен. Бала оқыту мәселесі әрқашан да өзектілігін жоймайтын мәңгілік жырлауға болатын қиын да қызық тақырып. Себебі, педагогика жай ғана бала тәрбиесі жайындағы ғылым емес, жалпы бүтін адамды қалыптастырып немесе қайта тәрбиелеп заманды өзгертетін ғылым. Білім беру теориялары тек студент пен оқытушының өзара әрекеттесуі ғана емес (өзара әрекеттесудің микро деңгейі), сонымен қатар мемлекет пен білім беру жүйесінің, студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік топтарының өзара әрекеттесуін де қарастырады екен. Бұл білімнің қоғамға макро әсер ету деңгейі .

Ал қазірде мұғалімнің көздейтін мақсаттары мен атқаратын міндеттері екі еселенді. Цифрлық дәуір басталғалы бері «мұғалімнің құзыреттілігі»,

«инновациялық білім беру» немесе «жаңа бағдарламамен білім беру», «білім беру дағдыларын жетілдіру», «12 жылдық білім беру» деген сияқты ұғымдар қолданысқа еніп, білім беру жүйесі кемелденген әлемнің озық мемлекеттері қатарына кіруге деген талпыныс күшейе түсті. Осыған орай, педагогиканың қарастыратын мәселелері өте көп. Яғни, баланың жас ерекшелігі, оның дұрыс ұйықтауы, отбасындағы ахуал, тамағының тоқтығы, көйлегінің көктігі, жан дүниесі т.с.с. барлығы дерлік ұстазды толғандыратын, білім алуға әсер етуші факторлар болып табылады. Бұл жайлы кешегі Мағжан, Жүсіпбектер де басын ашып жазып кеткен екен: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүігіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды».

Алаш зиялысымен келісе отырып, тәуелсіздік таңының педагогтері жалпы бала оқытуда тәрбие беру, білім беру және оқыту үштігін қатар алып жүруге барынша тырысып бақты. Уақытпен жарыса құбылып, құндылықтар жыл сайын ауысып жатқан заманда, әрине, ұстаздарға таудан биік талап қоямыз. Демек, ендігі кезде білім беруші тек мәліметтерді берумен ғана емес, сол мәліметтерді қалай тауып, өңдеуге болатынын үйретуге көшті. Бұдан былай, мектеп мұғалімі теорияны түсіндіріп, оқушыдан соны қайта айтып беруін талап етуден бөлек, сол ғалымдардың ойына оқушы келіседі ме деу тұрғысынан сыни ойлауға баулиды. Мектеп үлкен өмірге табалдырық болғандықтан, көшбасшылық қабілеттермен қоса ұжымда бірлесе алуына, кез-келген істі тиімді жоспарлауына, кемінде 3 тілде еркін сөйлеуіне, ақпараттық-бұқаралық технологияларды яғни интернет сауаттылығын игеруіне баса назар аударады. Сонымен қоса, білім алушы бүгінде өзін-өзі бағалайды, өзгені да бақылайды.

Педагогика жүйеде шындықты игеруге бағытталатын, бірсыдырғы емес жан-жақты ойлауды ынталандыратын, оқытудың ләззатына, жетістіктердің қуанышына, жетістік педагогикасына негізделген гедонистік принципке сүйенетін, мобильді рөлдік ойын секілді: мұғалім бір уақытта оқушыға сабақ береді әрі одан үйренеді (тәжірибе жинайды дегені болса керек).

Бұл дегеніміз артта қалған ғасырдағы жай ғана «беске оқысаң болды» деген түсініктен анағұрлым биік. Өйткені, ХХІ ғасырдың жұмыскерге қоятын талабында ол орта мектепті үздік бітірумен ғана шектелмей, ерікті түрде қоғамдық іс-шараларға атсалысқан, цифрлық технологияларды жақсы меңгерген, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін, тың жаңалықтары мен ерекше идеялары бар, кез-келген ортада өз ойын сауатты жеткізе алатын жауапты маман болуы тиіс. Өткен ғасырмен салыстырғанда бізде тәуелсіздік, яғни еркіндік бар дедік. Дегенмен, оқушылар ой еркіндігі екен деп өз ұстаздарын түзету ниетімен кейде сөзбен түйреп, шектен шығып кететін кездері де болады. Сәйкесінше оқытушы мамандығының беделіне де нұқсан келеді. Осы сияқты басы ашылмай жатқан дау-дамайлар өте көп.

Орта білім берудегі қазіргі мәселелер:

- Мамандардың білім сапаларының төмендігі(сападан гөрі санға жауап беріп жүр)

- Оқулықтардың оқушыларға қажетті ақпаратты бере алмауы( оқулықтар өте көп, әрі ауыр болғанмен ішінде, мәселен, пәлендей тақырыпқа эссе жазыңыз немесе берілген кестені толтыр деген сияқты мұғалімнің қызметін атқаратын, балаға керексіз дүниелер өте көп.)

- Жоғарыдан келіп жатқан бағдарламаларды ысырып қойып, дәстүрлі сабақ жүргізу ( көбіне шет аймақтарда оқытушылар критериалды бағалау жүйесін місе тұтпай, бұрын жеген «сары майын» аузының суы құрып тамсанумен балаларға бұрынғыдай «екімен оқитын бала», «үштің қызы» деген таңба қойғысы келетіндер бар.)

- Қағазбастылық (мұғалімдердің толтыратын құжаттары(сынып журналы, тәрбие журналы, тәрбие сағатының/сынып сағатының журналы, ұзақ/орта/қысқа мерзімді жоспар т.б.) көп болғаны соншалық ,бар күш- жігерін дәптер тексерумен сарпиды.)

- мемлекеттік тілдегі оқулықтардың өте аз болуы;

- материалдық - техникалық жабдықтардың әлсіздігі (ғылыми-зерттеу зертханаларының, заманауи жабдықтардың, компьютерлік желілердің, ақпараттық технологиялардың және т. б. жетіспеушілігі);

- оқу жоспарлары мен оқыту әдістері болашақ маманның нақты практикалық қызметі үшін қажетті білім мен дағдыларды толық қамтамасыз ете алмауы;

Осылар секілді немесе бұлардан басқа да қиындықтардың болуы заңды да. Жоғарыдағы олқылықтардың орнын толтыруға мемлекет басшылары тырысып-ақ бағуда: мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқуларға жіберіп, білікті мамандарды қатыстырып семинарлар ұйымдастырып, шетел педагогтарымен тәжірибе алмастыруға жіберіп, жаңа бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған үйірмелер де бой көтеріп жатыр. Өйткені, қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты — ой-өрісі дамыған, жан- жақты, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние-танымы биік, білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Ғаламдану өркениетімен қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады. Әлем елдеріндегі білім беру жүйесінің құрылымы түрліше.Әлем елдерінің білім беру жүйесі ерекшеліктеріне қарай даму үстінде. Себебі кез келген елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын мемлекеттің әлеуметтік капиталының дамуына тәуелді.

Болашақ көш бастайтын лидер де, өміріміз қолында болған дәрігерлер де, көкпен таласқан зәулім ғимараттарды салған инженерлер де ұстаз алдынан өтеді. Заманынан озық тұлғалардың дер кезінде дұрыс бағыт алуы да тікелей ұстаздың үлесі.

Әдебиеттер:

1.Мағжан Жұмабаев «Педагогика».1992.Алматы Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер - Оқушылардың өзге жұмыстары - (bilim-all.kz)

2.Педагогика XXI века: инновационные методы обучения – тема научной статьи по наукам об образовании читайте бесплатно текст научно-исследовательской работы в электронной библиотеке КиберЛенинка (cyberleninka.ru)

3.Анисимов В.В., Грохольская О.Г., Никандров Н.Д. Общие принципы педагогики исовременные инновации.2016.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі