Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ-ғасыр жастары СПИД-ке қарсы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Спид тақырыбына арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орал «Мақсат» медициналық колледжі

Орал «Мақсат» медициналық колледжі









Бекітілді

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_______ Коптлеу А.Б.

«_____» _________2018 ж.

DrawObject1

















Өткізген:Мустафиева Э.Б.





ХХІ ғасыр жастары СПИД-ке қарсы!

Мақсаты:

  1. Оқушылардың салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.

  2. Оқушыларға СПИД-тің адам өміріне зиянды әсерін айта отыра, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.

  3. Оқушылардың жаман, зиянды әдеттер туралы жан-жақты түсініктерін кеңейтіп, олардың сауатын ашу.

Көрнекілігі: Плакаттар, кітапшалар, суреттер, бейне таспа, презентация.

Сабақтың барысы:

Бүкіл әлем күресуде-

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі таппады ешкім

Сол бір зұлым-пақырдың

Күннен –күнге ұлғаюда

Аурулардың саны деп,

Дәрігерлер дабыл қағып

Шырылдады,аһ ұрды

Дүние жүзі адамзатын

Қорғануға шақырды.

Өкінішті-ақ, жалғаспақшы

Бұл індет жаңа ғасырда

Күресуде осы обамен

Алдаспандай жарқылда!

«Мен саумын» деп,кетпе асып,тасыма,

Абай болғын,

Үлкен қауіп ғасырың тұр қасыңда!

Оу,адамзат,құлағыңды сал,

Саулық тіле басыңа,

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр жастары СПИД-ке қарсы» - атты 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке күрес күніне байланысты ДТ-01 топ студенттерінің дайындаған шарасын назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші: «Құрметті студенттер бүгінгі әңгімеміз тек СПИД, нашақорлық жайлы болмақ. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласы айла-шарасы беймәлім күшті бір құбыжықпен бетпе-бет келуде. Адамдар оның дәрменсіздігін сезіне бастағандай. Дүниені үрей билеген, шарасыздық саналы жаратылыс иелерін рухани тұйыққа тірегендей.

1-жүргізуші: Ең алдымен СПИД кеселі жөнінде ақпарат алмас бұрын біздің топ студенттерінің қала халқынының арасында жүргізген сауалнамасына тоқталып кетейік. (Бейне баян тыңдалады,)

Сауалнама жүргізгендер : Абдулова Альбина, Султанов Аслан, Бақытжан Абдірахман.

2-жүргізуші: СПИД дегеніміз - жүре пайда болатын иммундық тапшылық белгілері. Ол ағзаны зақымдап, иммунитетті жоятынын бәріміз білеміз. Күннен-күнге АҚТҚ-ға шалдыққан адамдар саны көбеюде. Бүкіләлемдік статистика бойынша АҚТҚ-ға шалдыққандардың 3 миллиоға жуығы балалар.

1-жүргізуші: Ендеше толық ақпаратты жеткізу үшін біздің топтың студенттеріне сөз береміз.

Жалғасов Бекзат: СПИД немесе ЖИТС –жүре пайда болған иммунитет жетіспеушілік синдромы, адам ағзасындағы қорғаныс жүйесінің жұмысына зардап келтіретін жұқпалы ауру. ЖИТС –ның қоздырғыштарының қазіргі кезде екі түрі белгілі: Вич 1 және Вич 2. Вич 1 вирусын 1983 жылы францияда ғалым Люк Монтанье және америка ғалымы Роберт Галло бір мезгілде ашқан. Ал Вич 2 вирусын 1985 жылы Африкадан Люк Монтанье тапқан.

Мусагалиев Аслан: АҚШ-та жүргізілген зерттеуге қарағанда ЖИТС ауруының 80% жыныстық қатынас арқылы, 15% нашақорлық арқылы, 1% ата-аналар арқылы, 1% қалай жұғатыны әлі күнге дейін белгісіз. ЖИТС 3 түрлі жолмен жұғады:

- Жыныстық қатынас арқылы жұғады.

  • Вирустың ластанған шприц, қан арқылы берілуі кезінде

  • Анадан балаға(жүктілік, босану немесе емізу кезінде) жұғады.



Муратбай Улпан: ЖИТС ауруының алғашқы белгілері.

  • Алғашқы кезде ауру шаршағыш, терлегіш, әлсірей бастайды.

  • Мойнында, қолтық астында бездерінің ісінуі білінеді.

  • Жиі іші өтіп, өкпесін қабынуы мүмкін.

  • Дене қызуы көтерілуі мүмкін.

  • 10-15 кг артық салмақ жоғалтады.

  • Ұзақ уақыт құрғақ жөтелдің пайда болуы сезіледі.

Умурзаков Руслан: Вич вирусы күрделі мәселеге айналды. 2002 жылдың басында 40 млн адам вич вирусымен тіркелген, 20 млн астам өлген. Күніне дүниежүзінде 16 мың адам СПИД ауруына шалдығады. Біздің елде ең алғаш рет Вич вирусы 1987 жылы тіркелді. Вич ауруына шалдыққан адамдардың 67,5 % болса, олар 15-29 жас аралығында болып келеді. Жұқтыртқан күннен бастап өлімге дейінгі мерзім орташа 5-12 жыл өтеді. Вичті жоюға дәрі жоқ, бірақ бұл кеселмен Қазақстанда 18 орталық, 64 зертхана жасауда. 1988 жылы 1 желтоқсан «Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні» болып жарияланды.

2-жүргізуші: Сонымен қатар заманымыздың өзекті мәселесі нашақорлық пен шылым шегу жайында да біраз мағлұматтар беріп өтейік.

2-жүргізуші: Есірткі дегеніміз не?

Байкенов Темірбек: Есірткі- грекше –наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру дегенді білдіреді. Есірткі-адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.

2-жүргізуші: Есірткінің қандай түрлері бар?

Бейбіт Асемгүл:

1.Медицинада ауруды басу үшін қолданатын: апиын, опиум, морфин, көкнәр

2.Қолдан жасалатындары:эфедрин, экстази, эфедрон

3.Өндірісте, тұрмыста қолданатындары: толуол, бензол көбіне иіскейді, анаша-сұр түсті химиялық зат.

2-жүргізуші: Есірткінің адам организіміне әсері қандай?

Мугалов Бауыржан: Жиі қолданатындардың басы айналады, әлсіздік білінеді, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, жиі шөлдейді, көз жанары солғын болады.

2-жүргізуші: Шылым шегу қаншалықты зиян?

Эргашева Жанар: Темікіні құрамында өте улы зат-никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің түтінінде жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң тіпті күйе де болады.

2-жүргізуші: Шылым шегетін адамда кездесетін белгілері қандай?

Амирханова Арайлым: Алғаш рет адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, қол-аяғы дірілдейді, құсады, ауызда жағымсыз иіс пайда болады. Темекіден ауадан 720 тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна NH3, 180000 тонна никотин, 600000 тонна темекі майы, 550000 тонна астам иісті газ шығады. Дүние жүзінде жылына 3 млн адам темекіден өрбіген аурулардан өлуде. Әр 13 сек бір адам, минутына 5 адам әлемде темекіден туған аурулардан өледі.

Шағын көрініс: «Нашақорлар арамызда»

1-жүргізуші: Ендеше біраз ақпарат алған болсақ сіздердің назарларыңызға «СПИД құрбаны» атты монолог ұсынамыз.

Автор сөзі (Кенжеғали Фариза).

(Азалы әуен ойнайды. Өз орнында жаны қиналған біреу отыр.)

Нашақор (Сайнов Нұрсұлтан): -Уа, Жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Мына пенденің зарын тыңдашы бір сәт!

Автор сөзі (Кенжеғали Фариза). (Тыныштық орнайды. Бейбақ өзімен-өзі тілдесіп отыр)

Нашақор (Сайнов Нұрсұлтан):

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың.

Өзімнен өзім тістенем

Шарабымда тұр ішпеген

Ұйықтайын десем қорқамын

Көрмейтін сұмдық түс көрем.

Автор сөзі(Кенжеғали Фариза). (Мұңды әуен басты. Байғұс жігіт егіліп жылап отыр. Себебі сонау бір балалық шағы есіне түскен жігіт қимастық сағынышын басып, біраз үнсіз есіне алды.)

Нашақор (Сайнов Нұрсұлтан):- Ата-анамның жалғызы едім. Әке-шешем барлық дегенімді жасады. Еркелеп өстім. Бірде ержеткен кезімде, көрші үйге жаңа отбасы көшіп келді. Сол үйдің менімен шамалас ұлдары бар екен. Екеуміз дос болып, жұбымыз жазылмады. Тек оның бір айырмашылығы менен ол наша деген пәленің дәмін татқан. Содан не керек оның дәмін менде көрдім. Оның зиянын білсем жоламас едім. Не шара.

Автор сөзі (Кенжеғали Фариза)

Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің Инемен таза денеңді, Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат,

Ауру меңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап.

Не үшін енді жылайсың?

Автор сөзі (Кенжеғали Фариза).

(Жанарын төмен қаратып, одан әрі жігіт сөзін бастап кетті.)

Нашақор (Сайнов Нұрсұлтан): Содан екі-үш жыл өтті. Мен ол пәлеге қатты тәуелді болдым. Темекісіз, есірткісіз тұра алмадым. Сол инедегі сары сұйықты көргенде есім кететін болды. Солай жүрген кезде әкем қайтыс болды, көлік апатынан. Жалғыз анамның жиған тергенін тек соған салдым. Сөйтіп ауруханаға түстім, сонда білдім СПИД-пен ауыратынымды. Енді кеш! О дүние, о жарық дүние, о жаратылыс! Кешір мына мендей бейбақты.

Мұңды әуен ойнап тұр.

Нашақор (Сайнов Нұрсұлтан):

Бұл тірлікте не тыңдырдым, не көрдім,

Құрбанымын СПИД деген кеселдің ,

Ақтамай-ақ кетіп барам арманын.

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі,аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін,сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да?

Жас жеткіншек !Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар бұл кеселмен ,дәрігерде бере алмайды қол ұшын

Құтқаратын күш жоқ, әлсіз тірі өліксіз,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін?

Автор сөзі (Кенжеғали Фариза). (Азалы әуен ойнап, жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді)

2-жүргізуші: Ендеше шарамызды аяқтамас бұрын мына сұрақтарға жауап алайық:

  • СПИД ауруы адам да қандай белгілер арқылы білінеді?

  • СПИД қандай жолдармен таралады?

  • СПИД аурумен ауыратын адам қанша жыл өмір сүреді?

  • СПИД –ке қарсы күрес күні қай уақыттан бастау алды.

Жақсы енді кешімізді мына өлең жолымен аяқтағымыз келеді

Каиркул Бекжан:

Адам болу, ел болудың жолы да,

Оңай емес ойлау керек оны да

Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмау,

Бақыт құсын қондыру да қолыңда

Бәрі-бәрі бар арманың үмітің

Жарқыным-ау, сені алда тұр күтіп,

Дұрыс тұрып,

Дұрыс егер жүрмесең,

Алуың да мүмкін оны үркітіп.

Сондықтан да салауаттылық сабағын,

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасын жаныңа,

Табиғаттай таза ұлы бол даланың,

Ниетің де, тілегің де,

Ойың да, сұлу болсын ,

Таза болсын бойыңда,

Адал еңбек сені алға бастасын,

Жеңіл пайда,

Жеңіл жолға бой ұрма.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12