Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты зияткерлік сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын

Ойын шарты:1кезең «Бәйге»

2кезең «Көкпар»

3кезең «Ғажайып жетілік»

4кезең «Жорға»

Қатысып отырған оқушылар өздерін таныстырады.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

1кезең «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге,бәйге, бәйгені бір көріңіз.

Шарты: 15 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың өзіне тән жауаптарын оқушылар алдарына қойылған параққа дұрыс жауабын жазады. Мыс: А немесе С әрбір дұрыс жауап 10 ұпай деп есептеледі.

1.ҚР рәміздері:

А) ту, әнұран С) карта

В) елтаңба, оқулық Д) заң және ту

2. Өрнектің мәні нешеге тең: 500 – 48 : 8 + 6

А) 406 В) 500 С) 506 Д) 512

3. 9 мамыр қандай мереке?

А) Балалар күні С) Білім күні

В) Жеңіс күні Д) Жаңа жыл

4. Жуан дауысты дыбыстар:

А ) а, о, ұ, ыС ) і, е, ө, ү

В ) е, а, о, ө Д ) у, і, ө, е



5.Тік төртбұрыштың ұзындығы16 см, ал ені 9 см. Тік төртбұрыштың периметрін тап:

А ) 25 дмВ) 30 см С ) 25 смД ) 50 см


6. Биік құзды мекендейтін қай құс?

А ) қазВ ) ұлар С ) жапалақД ) қарлығаш


7. Сөз таптары:

А ) жұрнақ, етістік С ) сын есім, бастауыш

В ) зат есім, сан есім Д ) түбір, қосымша


8. Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік?

А ) қоңыз В ) инелікС ) суаршын Д ) ұлу


9. Қайың қанша жыл тіршілік етеді?

А ) 150 жылВ ) 100 жыл С ) 1 жылД ) 1500 жыл


10. Бидайдың биімділігі:

А ) ылғал сүйгіш С ) суыққа төзімді

В ) құрғақшылыққа төзімді Д ) көлеңкеге төзімді

11. Мақалды аяқта: “Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер . . . болмас.”

А ) аңсызВ ) мұнайсыз С ) үйрексізД ) бұлақсыз


12. Әдемі, қара, ұзын, ащы сөздері қандай сөз табына жатады?

А ) етістікВ ) зат есім С ) сын есімД ) сан есім


13. Жалқы есімді тап:

А) сәбіз В) гүл С) мысық Д) Астана


14. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш болады?

А ) 3 бұрышВ ) 4 бұрышС ) 2 бұрышД ) 5 бұрыш


15. Тұрлаусыз мүшенің сұрақтары:

А ) кімге? неге? нені?С ) не істеді? не қылды?

В ) кімдер? нелер? Д ) кім? қайтты?

2кезең «Көкпар»

Келді кезек көкпарды да шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Шарты:Берілген тапсырмалардың жауабын үш тілде айтады. Қазақ – орыс – ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілде ғана жауап берсе – 10 ұпай, үш тілде жауап берілген болса – 30 ұпай иеленеді. Мыс: оқулық – книга - book

Тапсырмаға жұлдызшаны бірінші көтерген ойыншы жауап береді.

  1. Бұл қандай түсті және қандай гүл?

Қызыл раушан – красная роза – redrose


2. Өрнектің мәнін тап: Отыз бес - тридцать пять-thirty five


3. Жұмбақтың шешуін тап: Жолбарысқа ұқсайды, тышқанды ғана ұстайды.

Мысық – кот – саt


  1. Негізгі зат есімді ата: күйші, іскер, өнерпаз, балық, байлық.

Балық – рыба –fish


  1. Сын есімді тап:қара – черный - black


  1. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз: Біздің мектеп Ақтөбе ... , Асау – Барақ көшесінде орналасқан.

Қала – город – city


  1. Иіс сезу мүшесі: Мұрын – нос – nose


  1. Мына сұраққа үш тілде толық жауап бер: Сенің досын кім?

Менің досым Айбек - мой друг Айбек - My friend is Aibek


  1. Мына дыбыстардан қандай сөз шығады: ұ, м, л, і, м, ғ, а

Мұғалім – учитель – teacher


  1. Ол жыртқыш аң. Түсі сұры, тістері азу. Өзі итке ұқсас. Қай аң туралы айтылған?

Қасқыр – волк – wolf


3кезең «Ғажайып жетілік»

Шарты: Бұнда оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайды иеленеді.

Қазақ тілі

20

30

40

Әдебиеттік оқу

20

30

40

Дүниетану

20

30

40


Қазақ тілі:

20 – әжесінде сөзі қай септікте айтылып, нешінші жақта жіктеліп тұр.

(Жатыс септігі, ІІІ жақ)

30 – Бота сөзіне дыбыстық талдау жаса. (б-ұяң,о-жуан,т- қатаң, а-жуан)

40 – сөйлем мүшесіне талда: Оқушылар мұражайға барды.

Әдебиеттік оқу:

20 – «Шықты тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.» бұл өлең шумақтары қай өлеңнен алынған?

(Туған жер)

30 – «Сұлаған» сөзінің мағынасы. (Созылып жатқан)

40 – М.Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңінің алғашқы шумағын айт.

(Жақсаттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім, ием де сен.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.)

Дүниетану:

20 – қосмекенділерді ата: (Тасбақа, бақа)

30 – глобус дегеніміз не? ( Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі)

40 – күнге жақын орналасқан планета: (Меркурий)

4кезең «Жорға»

Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.


Шарты:1 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру тиіс. Әрбір дұрыс жауап берген сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы: зат есім

  2. Болымсыз етістіктің жұрнақтары: - ма, - ме, - па, -пе, - ба, - бе

  3. «Кел, балалар оқылық!» кімнің өлеңі? Ы.Алтынсарин

  4. Тұрлаулы мүшелерді ата: бастауыш, баяндауыш

  5. Түйенің төлі: бота

  6. Түбір сөзге бірінші не жалғанады? Жұрнақ

  7. Көріп отыр, бара жатыр қандай етістік? Күрделі

  8. 56: 7 неше? 8

  9. 12304 санындағы мыңдығын ата: 2

  10. 1456 санының алдындағы сан: 1455

  11. Шаршының қабырғасы 10 см периметрін тап: 40 см

  12. Мақалды аяқта «Туған елдей ел болмас, ... » Туған жердей жер болмас

  13. «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңнің авторы: М.Мақатаев

  14. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн

  15. Глобус ненің дәл үлгісі: Жердің

  16. Африка, Аустралия, Еуразия нелер: Материктер

  17. Ең үлкен мұхит: Тынық

  18. Жер экваторының ұзындығы: 40000км

  19. ҚР қай материкте орналасқан: Еуразия

  20. Күннің беткі қабатының қызу қанша градус: 6000

Жеңімпазды марапаттау

Жеңісің құтты болсын, болашақта да тек алдыда көріне бер!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12