400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны (9 сыныптар арасында)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, Қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсаттары көзделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі

МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

интеллектуалды ойыны


9 cыныптар арасында








Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ташенова Болган

Таргиновна











2017-2018 оқу жылы


«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

интеллектуалды ойыны



Мақсаты: 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.

Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.

2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3. Қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекті құралдар: суреттер, тақта, түрлі -түсті таяқшалар, жоспар, сұрақтар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Әдіс тәсілдер: ойын, сұрақ –жауап

Іс - шараның барысы:

Ойынға қатысушылармен танысу.


- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бұл ойын қазақ тілінің мәртебесін көтеруге арналған іс шара болып табылады. Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер! Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих және кино саласында сұрақтар қойылады. Біздің мектептің 9 -сынып оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге рұқсат етеңіздер.

Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

Сайысқа қатысушылар:

1- кезең «БӘЙГЕ»

1.«Кел, балалар, оқылық!» Өлеңінің авторы . Алтынсарин

2. Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Талғат Бигелдинов

3. Жамбылға бата берген кім? Сүйінбай

4.Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы. Тәуке

5.Қазақстандағы ең терең көл. Алакөл

6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев

7. Украинадағы партизан тобын басқарған қазақ жауынгері кім? Қасым Қайсенов

8. .«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында. Шәкен Айманов

9 .Айтыс ақынына тән қасиеттер. Шыдамдылық, тапқырлық т.б

10. Ұлы жүздің биі кім? Төле би

11. «Наурыз» сөзінің парсы тілінде мағынасы? «Жаңа күн» деген мағына

12. Қазақтың батыр қыздары. Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова

13. Бата, оның түрлері? Ақ бата, теріс бата, серттесу батасы

14. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ темір

15. Көмір өндірілетін жер. Қарағанды

16. ХХ ғасырдың Гомері атанған кім ? Жамбыл Жабаев

17. Бесік жырлары мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? Дәстүрлі бесік, суырып салма бесік жырлары

18. Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл

19. «Тәрбиесіз берілген білім, адамның қас жауы» авторы кім? Әл-Фараби

20.Сиырдың пірі ? Зеңгі баба

21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

22.Ең қатты металл ? Хром

23. «Жар-жар» өлеңінің мағынасы туралы айт. Жат жерге кетіп бара жатқан бойжеткеннің құрбыларымен қоштасуы

24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997 жылы

25.Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы. 1997 жылы

26. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы? Мақалда ой пікірді нақтылай айтылады, мәтелде ой тұспалдап айтылады.

27.Қожанасырдың шын аты кім? Қожа Насреддин

28. Ең көне айтыс түрі? Бәдік

29.Күлтегін кім ? Қолбасшы, жауынгер, батыр

30. Жүз жасаған ақын? Жамбыл


1-ші қатысушы сұрақтары

1.«Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов

2.Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»

3.Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов

4.Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке

5.Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай

6.Тұңғыш қазақ көркем фильмі қай жылы түсірілді? 1938

7. Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан Уалиханов

8. Қыз Жібек пен Төлегеннің рөлін сомдаған әртістердің есімдері? Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков

9.»Жігіттер,ойын-арзан, күлкі – қымбат» өлеңі авторы? Абай

10.Жас Жамбыл ролін сомдаған айтыскер ақын кім ? Мұхаммеджан Тазабеков

12. «Біржан-Сара айтысы» қандай айтыс түріне жатады? Ақындар айтысы

13.Шешендік өнер нешеге бөлінеді? 3- ке

14. Әйтеке бидің шын аты? Айтық

15.Орта жүздің биі? Қазыбек би


2-ші қатысушы сұрақтары

1.Шоқанның шын аты? Мұхамедханафия

2. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? Абай

3. Қазақстанның астаналары? Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана

4.«Диуани луғат-ат-түрік» кімнің еңбегі? М.Қашғари

5. Зергерлік бұйымдарды ата? Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік, сырға, қапсырма маусым

6. Тұңғыш қазақ академигі? Қ.Сәтпаев

7.Шешендік дау мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? Жер дауы, жесір дауы,ар намыс дауы, мал дауы,

8. Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай қала аталды? Түркістан

9. Түркістанның бұрынғы атаулары? IV-X Шабғар, IX-X Йасы, XV Түркістан

10. Конституция неше баптан тұрады? 98

11. «Тіл құрал» оқулығының авторы? Байтұрсынов

12. Астана қаласының жанындағы қорық? Барсакелмес

13. Тұңғыш қазақ журналын ата? «Айқап»

14. «Шахмат» алғаш рет қай елде пайда болды? Үндістанда

15. Жарапазан деген не? Рамазан деген сөзден шыққан, Мұсылмандық -күнтізбелік ғұрып фольклоріне жататын көне жанр.



2-кезең

Полиглот

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.


1.Гүл өссе – жердің көркі,. . . өссе – елдің көркі  (қыз-девушка - girl)

2. Ел іші - алтын ...... (бесік- колыбель- cradle)

3. Білімді өлсе,
Қағазда ... қалар (
есімі - имя -name)

4. .... - үлкен мектеп (Өмір - жизнь - life)

5.... алтын қазына. (Тіл – язык – language)

6.... – отбасынан басталады (Отан-родина-motherland)

7. ... – ақылдың көркі (Білім-знание-knowledge)

8. ... – білім бұлағы (оқу-учеба-studies)

9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім (кітап- книга-book)

10.... алды – қызыл тіл (өнер-исскуство-art)





«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

интеллектуалды ойын барысындағы суреттер





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі