400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ғасырдағы Қазақстанның экономикасының моделі мен сынақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасырдағы Қазақстанның экономикасының моделі мен сынақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасырдағы Қазақстанның экономикасының моделі мен сынақтары


Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар – даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күйімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдің жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Соңғы бес жылда ғылымның қаржыландырылу ауқымы ІЖӨ-нің 0,2% құрауы осымен түсіндіріледі (Евроодақтың ұсынысы: өз мүшелерінің барлығы ғылымды қаржыландыруды ІЖӨ-нің 2,5% дейін жеткізулері керек). Соңғы үш жылдағы мұнай өндіретін салаға түскен жыл сайынғы инвестициялардың ауқымы өнеркәсіптің өңдеуші саласына салынған инвестициялардан 18-20 есе жоғары болды (металлургия, тамақ өнімдерін есептемегенде). Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шет елден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хоуды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту . Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостық технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады.Қазақстанды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдылықтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.Технологиялар даму мен таралудың нақты қисынына ие. Қазіргі таңдағы жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, өнеркәсіптік пайдаланудың бастапқы сатысынан дамыған сатысына дейінгі аралықта, технологияларды пайдаланумен ілесе жүретін өндірістің даму факторларының дәрежесіне қатынастағы талаптар өзгеріске түсіп отырады. Технологиялардың бастапқы сатысында ғылымның даму деңгейіне, еңбек ресурстарын біліктендіруге, динамикалық артықшылықтарға, яғни рыноктағы бәсекелестік пен сұранысқа, физикалық, әлеуметтік және технологиялық инфрақұрылымның болуына жоғары талаптар қойылса, кейінгі сатыларда, бірінші қатарға осы технологиялар мен ноу-хоуларды пайдалану тәжірибесіне, салыстырмалы артықшылықтарға, яғни негізінен арзан жұмыс күші сферасына қатынастағы талаптар шыға бастайды /3/. Яғни технологияның жетілген сатысына аяқ басуымен, оны пайдаланудың экономикалық өлшемдері өзгере бастайды, оның ішінде өндіру өсімінің мүмкіндігі мен нарықтық өсімнің қуаты төмендейді, және сонымен бірге уақыт өте келе пайда алудағы мүмкіндіктер де төмендейді, алайда құрал-жабдықтардың бағасы артады. Келтірілген сипаттамаларды ескере отыра, жаңа технологияларға бой үйрету туралы мәселенің туындауы заңды. Бастапқы үйренуде өнімділіктің, пайданың, нарықтық қуаттылық пен алған технологиялардың бағамының артық тұстарының болуы анық. Қазіргі заманда осы артықшылықтарды барлық әлемдегі мыңдаған табысты кәсіпорындар өз пайдаларына қолдана алды. Ал осы ағымға кешеуілдеп кірген жағдайда салыстырмалы артықшылықтарды қолдануға, сонымен қатар осы сәттегі жетілген технологиялардың базасында бастапқы сатыдан одан жоғары сатыға өту үшін технологиялық және әлеуметтік мүмкіндіктерді жинақтауға мүмкіндіктер бар.
Технология өз бастауын инновациядан алады, ал инновациялар радикалды және қарқынды болады. Радикалды инновациялар ғылыми технологиялардың прогресін тез өзгертеді, ал қарқынды инновациялар радикалдықтың базасында дамиды және олардың қайтарымын көбейтеді. Технологиядан алынатын қайтарымның ұлғаюы сатысында ол тек патенттер мен лицензия бағасы түрінде ғана емес, сонымен қатар фирмалардағы өніммен , жеткізушілермен және рынокпен жұмыс істеу тәжірибесінің жинақталуымен де пайда алып келеді. Уақыттар өте келе технологиялардан қайтарым төмендейді, ал бұл даму сатысына қол жеткізу мен рыноктың толғанын көрсетеді.Осы ретте, әдетте технологиялардың жүйелі дамитындығын және олардың жұмыс атқару ортасының жетіле түсуінен, яғни тұтынушылардың ұнамы мен олардың талғампаздығынан, жеткізушілердің мүмкіндіктерінен, ғылым мен техниканың аралас салаларының дамуынан жаңа тыныс алатындығын көрсете кету қажет. Сондықтан, Портер көрсеткендей, жаңа технологияларды табысты ассимиляциялау үшін институттарды, іс-әрекет түрлерін, арнайы білімдерді, яғни қоғамның жаңа мүмкіндіктерді әлеуметтік жұта алу қабілетін ескеру қажет.
Тек жекелеген технологиялардың дамуы ғана емес, сонымен қатар технологиялық революция барысындағы технологиялық жүйелердің өзара байланысты топтарының дамуы да жүйелі сипатқа ие. Мәселен, ақпараттық революция барысында спутниктік байланыстың, арнайы құралдардың, жаңа материалдардың және т.б. дамуына серпін берген инновациялық сұраныс пайда болды. Екінші жағынан, медицина, космостық және әскери өнеркәсіп, машина жасау өнеркәсібі, білім, кабелді және спутникті теледидар, мултимедиа, электронды байланыс, электронды коммерция және т.б. салаларды дамытуға ұсыныстар түсті.
Жаңадан табалдырықтан аттаған жаңа жүзжылдықтағы технологиялық даму стратегиясы ақпараттық ғасырдағы игіліктерді жасаудағы мүмкіндіктердің дамуымен байланысты. Жапония мен ОША елдерінің тәжірибелері табысты технологиялық даму үшін білім беру саласындағы реформаның қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы орайда, еліміздегі бүгінгі күндегі ұсынылып отырған білім реформасы да техникалық және технологиялық білімді дамытуға басты назар қойып отыр. Бұл жүйеде тереңдетілген тілдік дайындауға ден қою қажет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
2458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі