«ХХІ ғасырдың - жас математиктері» атты білім сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ХХІ ғасырдың - жас математиктері» атты білім сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған, әдіс алмасу үшін жіберіп отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ХХІ ғасырдың - жас математиктері» атты білім сайысы


Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде 2018-2019 оқу жылында мектепішілік оқушыларды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасы айдарымен «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасындағы «Саналы азамат» базалық бағытындағы «Дарындылар елі» жобасы аясында оқушыларды математикаға қызығушылығын,ынтасын,зейінін арттыру,ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік іздену белсенділігін, басқа адамның көзқарасын қабылдай білу қабілетінің, ұжымда бірлесе әрекет жасай білу қасиетінің және патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал ету, логикалық икемділік пен дағдыны дамыту, іздену,алған білімдерін өмірде қолдана білу мақсатында 7ә сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «ХХІ ғасырдың - жас математиктері» атты білім сайысы.

Жүргізуші: Қымбатты математика жанкүйерлері мен сайысқа жиналған қонақтар! Сіздерге бізден қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар,

Біреуінің дөңгеленген биі бар, -дей отырып ойыншыларымызды ортаға шақырайық.

Сайыс барысындағы бөлімдерді сараптап, баға беріп, ойыншылардың ұпай санын есептеп отыратын әділқазылар алқасымен танысайық.

1. _________________________________________________

2.__________________________________________________

3.__________________________________________________

4._________________________________________________

(Ойыншылар ортаға шығып, әділқазылар алқаларына өздерін таныстырады).

ІІ. Өткізілетін сайыстың жоспарымен таныстыру:

І   бөлім    «Кел, танысайық» 

ІІ бөлім    «Бәйге» сұрақ-жауап 

ІІІ бөлім    Кім жылдам?

ІҮ бөлім   Формула білесің бе?

Ү кезең « Ойнайық та ойлайық» / әзіл есептерден жарыс/

ҮІ кезең « Әріптер сөйлейді» 

ҮІІ кезең. «Мен –саған, сен – маған» (үй тапсырмасы)

ҮІІІ кезең. «Өмірдегі фигуралар»

ҮІІІ бөлім  «Қорытынды»


І. Негізгі бөлім:

 Қымбатты  математиканың жанкүйерлері мен сайыс тамашалаушы жиналған қонақтар, сайысқа қатысушылар.Сіздерге қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!! Бүгінгі «ХХІ ғасырдың - жас математиктері» атты білім сайысын бастайық!

 Жүргізуші :

Шындықты алғаш таратқан

Жыл күнінді санатқан

Тауып ғажап жаңалық

Жоқтан барды жаратқан

Есеп –емей - немене ?

Білмегенді білгізген

Өлшеп киім кигізген.

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Есеп емей немене ? – дей отырып, 7ә сыныптар арасындағы сайысты бастаймыз.

І –кезең «Кел, танысайық» топтармен танысу

(топтардың атымен, ұранымен танысу)

ІІ бөлім  «Бәйге» сұрақ-жауап (бұл бөлімде әр топқаға 5-тен сұрақ қойылады, дұрыс жауаптары үшін 5 ұпайдан беріледі, ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі.)

І топ: Капитандары жауап береді

  1. Қандай сан барлық санға  қалдықсыз бөлінеді? (нөл саны)

  2. Үшбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (3қабырға, 3бұрыш)

  3. Үшбұрыштың бірінші белгісі

  4. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

  5. Процент дегеніміз не?

ІІ топ: Капитандары жауап береді

  1. Жай сандардың ең кішісі қандай сан? (екі саны)

  2. Төртбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (4қабырға, 4бұрыш)

  3. Үшбұрыштың екінші белгісі

  4. Пропорция дегеніміз не?

  5. Ең кіші екі таңбалы сан? (10) 

ІІ топ: Капитандары жауап береді

  1. Екіге бөлінетін қандай сан? (жұп саны)

  2. Бұрыштың қанша түрі бар? (4 түрі сүйір, доғал, тік, жазыңқы)

  3. Үшбұрыштың үшінші белгісі

  4. Масштаб дегеніміз не?

  5. Ең кіші үш таңбалы сан? (100) 

Жүргізуші:

Асыл тастан,өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды-деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс,ойын.

Бүгін 7ә сынып оқушыларының алғырлары математика пәнінен күш сынасып өздерінің білім деңгейлерін көрсетеді .

Ойла-ойла шешілсін қиын түйін

Ойла-ойла,математика қандай қиын

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін

Ал өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық байлам дүйім



II Кім жылдам? – үш топқа тапсырма беріледі, дескриптор арқылы бағаланады.









Дескриптор Білім алушы

  • өрнек құрастырады;

  • бірмүшелерді көбейтеді;

  • көпмүшелердің айырмасын орындайды;

  • жауапты стандарт түрде жазады.


Жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш өнер білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанеки,қім шығады сайысуға –дей келе

IҮ-Формула білесіңбе?езеңіне жол береміз.

Кездесті қандай формула

Зейін салып зердеменен

Айтып жібер ойланып тез

Формула қандай болды кез?

S=а*в P=2(а+в) V=авс S=а2 P=4а

Ү кезең « Ойнайық та ойлайық» / әзіл есептерден жарыс/

1. Екі жылқы 20 км. қашықтыққа жүгірді.Әрқайссы неше км. жүгірді? Жауабы:20км.

2. 7 торғай жерге түсті.Мысық 1 ұстап алды.Неше торғай жерде қалды ? Жауабы:0 торғай,өйткені қалған торғайлар ұшып кетеді.

3. Балық аулаушы 2 минутта 4 балық ұстап алды? 6 балықты неше минутта аулайды? Жауабы:уақыты белгісіз,өйткені балық 2мин. кейін түспей қалуы мүмкін .

4. Тырнаның салмағы бір аяқпен тұрғанда 3 кг. болады.Екі аяқпен тұрғанда неше кг. болады? Жауабы:3кг,өйткені тырнаның толық салмағы 3кг.

5. 3 тауық 3 күнде 3жұмыртқа табады.12 күнде 12 тауық неше жұмыртқа табады.3 тауық 12 күнде 4жұмыртқа табады? Жауабы:12*4═48.

6.188 санын нәтижесінде 1саны шығатындай етіп 2-ге бөлу керек

7. Әтеш жұмыртқа тапты.Ол кімге бұйырады? Жауабы:әтеш жұмыртқа таппайды.

8. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы біреуін өлтірді. Неше түйеқұс ұшып кетті ? Жауабы: түйеқұс ұшпайды.

9 .Тек қана 6 цифрын 3 рет пайдаланып, 30 санын өрнекте.

Жауабы: 6*6-6=36-6=30

ҮІ кезең « Әріптер сөйлейді» 

П, С, Т әріпінен басталатын математикалық атауды жылдам атап шық.

Жауабы: параллель, перпендикуляр, параллелограмм, плоюс, проекция, процент, планиметрия

ҮІІ кезең. «Мен –саған, сен – маған» (үй тапсырмасы)
Әр команда математикаға қатысты бір
кроссворд дайындап әкелуі тиіс.Осы кроссвордтарды бір-біріне шешкізеді.

ҮІІІ кезең. «Cуреттер сөйлейді» әр топ сурет бойынша мәтін құрастырады..


Жүргізуші:

Сайыс-толқын,жатқандай асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып ,

Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар

Жеңсеңде,жеңілсеңде қалма жасып, дей келе сөз кезкгін әділ қазылар алқасына береміз

Осымен бұл қызықты тамамдайық

Бұл жайды тағы айтармыз ,аман болсақ,

Үйрендік осы жолы біраз жайды

Тағы да үйренерміз амалдарды.

Марапаттау сәті.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі