Материалдар / Химия 7 сынып ТЖБ 1.,2,3,4 тоқсанға арналған тапсырмалар жауабымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химия 7 сынып ТЖБ 1.,2,3,4 тоқсанға арналған тапсырмалар жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ, дескрипторы, бал қою кестесі, жауабы бәрі бар!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2024
165
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Химия» пәні бойынша тоқсанға арналған
жиынтық бағалау спецификациясы
7 сынып

Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты ......................................................................................................3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ...........................................................3
3. Күтілетін нəтиже ................................................................................................................................................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ..........................................................................................................................3
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу ....................4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ................................................................................................................4
7. Модерация жəне балл қою ...............................................................................................................................4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................................................5
5. Қатты зат құрылымы көрсетілген молекулалар моделін белгілеңіз. ........................................................8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .............................................. 10
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .............................................. 15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .............................................. 21

2

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды
анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Химия « пәні бойынша оқу бағдарламасы, негізгі мектеп (7-9 сынып)
3. Күтілетін нәтиже
Білу:
- алғашқы химиялық түсініктер;
- зертханалық және практикалық жұмыстар барысындағы техника қауіпсіздік
ережелері;
- химиялық және физикалық құбылыстар.
Түсіну:
- химиялық және физикалық құбылыстардың мәні
Қолдану:
- табиғаттағы тірі және тірі емес (өлі) құбылыстар мен үдерістерді сипаттау үшін
негізгі химиялық терминдер мен түсініктер;
- алған білімді химиялық және физикалық құбылыстар мен үдерістердің жүру
жағдайын түсіндіруде.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
Сипаттама
дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен
тәсілдерді білу.
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау
немесе түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын
көрсете білу.
Қолдану

Жоғары деңгей
дағдылары

Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда
алған білімдерін және ақпараттарды
қолдану.

Тапсырмалар түрлері
КТБ - Көп таңдауы бар
тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты
қажет ететін тапсырмалар
Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін
ҚЖ - Қысқа жауапты
талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер
қажет ететін тапсырмалар
алу және оны түсіндіру.
ТЖ - Толық жауапты
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас қажет ететін тапсырмалар
біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын
модельдерді түсіндіру; дереккөздерден
шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар,
нәтижелердің тиімділігі немесе
анықтылығы туралы шешім шығару;
қолайлы әдіс-тәсілдерді және
стратегияларды таңдай білу.

3

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан

I
II
III
IV
Барлығы

Білу және түсіну

Қолдану

50%
72%
56%
40%
55%

38%
14%
22%
40%
28%

Жоғары деңгей
дағдылары
12%
14%
22%
20%
17%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде
қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер,
постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Жиынтық бағалау жұмыстарының орындалуына 5 мин уақыт қалғанын білім
алушыларға хабарлаңыз
Жиынтық бағалау жұмысын орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін білім
алушылардан қаламсаптарын/ қарындаштарын партаға қойюларын сұраңыз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде
бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою
кестесіне сәйкес тексеру қажет.

4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 8 тапсырмадан тұрады: соның ішінде көп таңдауы бар сұрақтар, қысқаша
жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.

5

1-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
7.1A
Химияға
кіріспе.
Элементтер,
қосылыстар
және
қоспалар

7.1В
Зат күйінің
өзгерісі

Барлығы

Тексерілетін мақсат
7.1.1.2 лабораторияда қауіпсіз жұмыс
жүргізу ережелерін білу және түсіну;
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей
атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.3 элемент(жай зат), қоспа және
қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және
оларды бөлу әдістерін білу;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген
тәжірибені жоспарлау және өткізу;
7.1.1.3 физикалық және химиялық
құбылыстарды ажырату
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық
күйлерін білу және бөлшектердің
кинетикалық теориясы тұрғысынан
қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың
құрылымын түсіндіру;
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу,
салқындау қисығын салу және оны
талдау, бөлшектердің кинетикалық
теориясына сай, өз бақылауларын
түсіндіру;
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу,
қыздыру қисығын салу және оны
талдау, бөлшектердің кинетикалық
теориясын пайдалана отырып, өз
бақылауларын түсіндіру;

Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма
саны*

Тапсырма
№*

Тапсырма
түрі*

Орындау
уақыты,
мин*

Балл*

1

3

КТБ/ҚЖ

3

2

Білу және түсіну

2

1,2

ҚЖ

3

2

Қолдану

1

4

Қж

5

3

ҚЖ/ТЖ

8

Білу және түсіну

7.2
1

Қолдану

Бөлім
бойынша
балл

12

2

7.1

3

Қолдану

1

6

ҚЖ

4

2

Білу және түсіну

1

5

ҚЖ

2

1

Жоғары деңгей
дағдылары

8

1

Жоғары деңгей
дағдылары

6

8

ТЖ

15

5

40

20

20

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Атомдардың белгілі бір түрінен тұрады.
A) элемент
B) қосылыс
C) қоспа
D) қосынды
[1]

2. Берілген тізімнен элементті көрсетіңіз.
A) ас тұзы
B) су
C) оттегі
D) ауа

[1]
3. Берілген тұжырымдардың дұрыстығын немесе бұрыстығын көрсетіңіз. Химия пәнін
оқу кезінде зертханалық және практикалық жұмыстар барысында:

1

Тұжырым
Тек таза заттармен ғана жұмыс жасау қажет

2

Жанып тұрған спиртшамды абайлап орнынан
қозғауға болады

 Дұрыс / Х Бұрыс

[2]
4. Кестені қоспа, қосылыс және элемент ұғымдары тұрғысынан толықтырыңыз.
Ұғым

Қоспа

Түсі

Құрамы

Бөліну қабілеті

Біртекті

Тұрақты

Тек химиялық
реакцияның көмегімен
айрылып, басқа затқа айналуы мүмкін
Физикалық әдіспен
бөлуге болады
Физикалық және
химиялық әдіспен басқа
заттарға айыруға болады

Әртекті
Біртекті

Тұрақты

[3]
7

5. Қатты зат құрылымы көрсетілген молекулалар моделін белгілеңіз.

[1]
6. Берілген үдерістерді физикалық және химиялық құбылыстарға жіктеңіз.
1) отынның жануы 2) шынының балқуы 3) бордың ұнтақталуы 4) сүттің ашуы
Физикалық құбылыс
Химиялық құбылыс
[2]
7. Ағаш жоңқасы, құм және ас тұзынан тұратын қоспа берілген.
(a) Қоспаларды бөлу әдістерін көрсете отырып, қоспаны бөлу жоспарын ұсыныңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [3]
(b) Қоспаны бөлу барысында кезігетін қоспалардың түрлерін кестегі толтырыңыз.
Біртекті қоспа

Әртекті қоспа

[2]
8. Суретте су әр түрлі күйде болатын график көрсетілген.

(а) D бөлігіндегі үдерісті атаңыз.
_____________________________________________________________________________ [1]
8

(b) С бөлігіндегі үдерісті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан
түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________[1]
(c) Қайнаған судың 0 градусқа дейін салқындау қисығын салыңыз.
[3]

Балл қою кестесі

1
2
3
4

5
6

7

Жауап
А
С
1-дұрыс
2-бұрыс
Қосылыс
Ауыспалы
Элемент
1
Физикалық құбылыс

2,3

Химиялық құбылыс

1,4

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
2

Су қосу
Ағашты бөлі үшін сүзу
Құмды бөлу үшін тұндыру және сүзу
Сумен тұз қоспасын буландыру
Біртекті қоспа
Әртекті қоспа

3

Қосымша ақпарат

Әр екі дұрыс жауапқа 1
балл.
Жауаптың мәнін
өзгертпейтін басқа
термин қабылданады.

2
Су +тұз

8

Ағаш + тұз +құм
Ағаш + тұз +құм+су
тұз ерітіндісі +құм

(а) қайнау
(b) температура жоғарылаған сайын бөлшектердің
арасындағы кеңістік ұлғайып, жылдам қозғала
бастайды.
(c)

1
1

Барлығы

20

9

1
1
1

х осін таңдайды
у осін таңдайды
қисық сызады

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 9 тапсырмадан тұрады: соның ішінде көп таңдауы бар сұрақтар, қысқаша жауапты
қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.

10

2-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

7.2A Атомдар
Молекулалар
Заттар

7.1.2.2 -әрбір элементтің химиялық
таңбамен белгіленетіндігін және
белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.4 -заттарды құрамына қарай
жай және күрделіге жіктеу;
7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом
құрылысы (p+, n0, e-) мен атом
ядросының құрамын білу;
7.3.1.2 -заттардың жану кезінде
ауаның құрамына кіретін оттектің
жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 -атмосфералық ауаны
ластанудан қорғаудың маңызын
түсіну
7.3.1.6 -заттардың таза оттекте
жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 -металдар мен
бейметалдардың жануы кезінде
оксидтер түзілетіндігін білу;

7.2В Ауа.
Жану
реакциясы

Барлығы

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
саны*

Тапсырма
№*

Тапсырма
түрі*

Орындау
уақыты,
мин*

Балл*

Білу және түсіну

3

1,2,3

КТБ/ҚЖ

4

3

Қолдану

1

4

ҚЖ

4

3

Білу және түсіну

1

5

3

5

2

14

5

ҚЖ

1
5

Жоғары деңгей
дағдылары

1

Білу және түсіну

1

Білу және түсіну

1

9

ҚЖ
6

Білу және түсіну

Бөлім
бойынша
балл

9

ТЖ

11

11

7

ҚЖ

4

2

8

ҚЖ

4

2

40

20

20

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Кальций элементінің таңбасын көрсетіңіз.
A) К
B) Mg
C) C
D) Ca
[1]
2. Бейметалдар қатарын көрсетіңіз.
A) К , Mg, C, Ca
B) C , H, Cl, N
C) C, H, K, Ca
D) Li, Ca, K, Mg

[1]

3. Металға бір мысал келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[1]
4. Жай және күрделі заттарды көрсетіңіз.

Жай зат:_______________________
Күрделі зат:____________________
[3]
5. Суретте қалпақ астында майшамның жануы көрсетілген.

(a) Май шамның сөну себебін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________[1]

12

(b) Су деңгейінің көтерілу себебін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________[1]
6. (a) Ядро құрамында 5 протон бар. Электрон санын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Реттік нөмірі 9 элементтің ядро құрамындағы элементар бөлшектерді атаңыз.
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________[2]
7. Суретте әр түрлі жағдайдағы заттардың жануы көрсетілген.

1.

2.

(a) Таза оттегіндегі жануды көрсетіңіз. _________________________________________ [1]
(b) Заттың таза оттегінде жақсы жану себебін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________ [1]
8. (a) Фосфорды жаққан кезде түзілген оксидке су қосып үстіне көк лакмус (индикатор)
тамызатын болсақ, көк лакмустың түсі қызылға өзгереді. Түстің өзгеруі қышқыл
түзілгендігін білдіреді. Фосфор оксидінің табиғатын сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________________ [1]
(b) Тұрмыста сөндірілмеген әк деп аталтын затты жиі қолданады. Бұл заттың химиялық
атауы кальций оксиді.Сөндірілмеген әкке су қосып сөндіреді сол кезде әк суы деп
аталатын қосылыс алынады. Әк суына фенолфталейн ерітіндісінен тамызатын болсақ
онда ол таңқурай түске боялады.Бұл құбылыс әк суының ортасы сілтілік (негіздік)
екендігін білдіреді. Сөндірілмеген әк қандай оксидтер тобына жатады?
_____________________________________________________________________________ [1]
9. Қазіргі күні автокөліткердің іштен жанатын қозғалтқыштарында отын ретінді көмірсутекті
қосылыстарды (бензин, керосин т.б.) қолданады.
(а) Отын жанған кезде ауаға бөлінетін газдарды жазыңыз.
(і) Толық жану кезінде:
_____________________________________________________________________________[1]
(іі) Шала жану кезінде:
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Толық жану барысында түзілетін газдардың зиянды әсерін сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(c) Зиянды газдардың ауаға бөлінбеу жолын ұсыныңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(d) Зиянды газдардан қорғау үшін жүргізілетін шараларды жазыңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
13

Балл қою кестесі

1
2
3
4
5

6

Жауап
D
B
Кез келген метал атауы немесе таңбасы
Жай зат - 3
Күрделі зат -1,4
(a) Қалпақ астындағы оттегі газы таусылды
(b) Ауаның құрамының 1/5 бөлігі оттегі газы
екендігін білдіреді
(a) 5 электрон
(b) 9 протон 10 нейтрон

Балл
1
1
1
1
2
1
1
1
2

7

(a) 2
(b) құрамы таза

1
1

8

(а) Қышқылдық
(b) Негіздік
(a)(і) толық жану: көмірқышқыл газы, су және азот
оксидтері

1
1
1

(a)(іі) шала жану : иіс газы, күйе

1

(b) Жауын шашынмен араласып қышқылды
жаңбырлар түзеді
(с) Отын түрін басқа зияндылығы аз отын түріне
алмастыру, электромобильдерді қолдану

1

9

Көгалдандыру
Барлығы

1

1
20

14

Қосымша ақпарат

Таңбалармен
белгілеу
қабылданады
Құрамында жануды
қолдамайтын азот
жоқ деген жауапты
қабылдауға болады
Кез келген бір
жауап дұрыс
жазылса бір балл
беріледі
Басқа жауап
қабылданбайды
Баламалы отын
түрлері немесе
Сүзгілер орнату
деп жазылса
қабылданады

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 10 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларының ішінен
бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар, қысқаша жауапты қажет ететін
тапсырмалар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.

15

3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
7.3А
Химиялық
реакциялар

Тексерілетін мақсат

7.3В Химиялық
элементтердің
периодтық кестесі

7.3.4.1 «қышқылдық» және
«сабындылық» қасиеттер кейбір
табиғи қышқылдар мен сілтілердің
белгілері болуы мүмкін екендігін
білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар
метилоранж, лакмус,
фенолфталеинді және олардың
әртүрлі ортадағы түстерінің
өзгеруін білу;
7.3.4.4 «антацидтік заттарды»
қолдану мысалында
қышқылдардың бейтараптануын
түсіну
7.2.2.2 сұйылтылған
қышқылдардың әртүрлі
металдармен реакцияларын
зерттеу жәнесутек газының
сапалық реакциясын жүзеге асыру
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың
сұйылтылған қышқылдармен
реакцияларын зерттеу
жәнекөмірқышқыл газының
сапалық реакциясын жүзеге
асыру;
7.2.1.2 периодтық кестенің
құрылымын білу және сипаттау:
топтар мен периодтар;

7.3С
Салыстыр
малы атомдық
масса және

7.1.2.9 табиғи изотоптары бар
химиялық элементтердің атомдық
массалары бөлшек сан
болатындығын түсіну;

Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі

Тапсырм
а саны*

Тапсырма
№*

Тапсырма
түрі*

Орындау
уақыты,
мин*

Балл*

Білу және
түсіну

1

3

ҚЖ

3

2

1

4

ҚЖ

5

2

1

5

ҚЖ

2

1

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

9

ТЖ

5

2

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

10

ТЖ

5

3

Білу және
түсіну

2

1,2

КТБ

3

2

2

Білу және
түсіну

1

7

ТЖ

5

3

8

Білу және
түсіну

Білу және
түсіну

16

Бөлім
бойынша
балл

10

қарапайым формула

Барлығы

7.1.2.11 элементтердің атауларын,
валенттілікті және олардың
қосылыстардағы атомдық
қатынастарын қолдана отырып,
биэлементті химиялық
қосылыстардың формулаларын
дұрыс құра білу;
7.1.2.12 химиялық қосылыстың
формуласы
бойыншасалыстырмалы
молекулалық/формулалық
массасын есептеу;

Қолдану

1

8

ҚЖ/ТЖ

7

3

Қолдану

1

6

ТЖ

5

2

40

20

17

20

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Сілтілік металдардың периодтық кестедегі орнын көрсетіңіз.
A) 1-топтың негізгі топшасы
B) 1- период
C) 2-топтың негізгі топшасы
D) 2-период

[1]

2. Кіші периодтарты көрсетіңіз.
A) 1,2,3 периодтар
B) 1,2 период
C) 4,5,6 –периодтар
D) 7-период

[1]

3. Төмендегі заттарды табиғи қышқыл мен негізге (сілті) жіктеңіз.
1) алма
2) лимон шырыны
3) сабын
4) ас содасының ерітіндісі
Табиғи қышқыл
Негіз (сілті)
[2]
4. Заттардың әр түрлі ортадағы түстерін анықтаңыз.
Индикаторлар
Әмбебап
Метилоранж
Фенолфталейн

Орта
Қышқылдағы түсі

Сілтідегі түсі

[2]
5. Бос орынға сәйкес келетін сөзді қойыңыз.
Антацид дәрі-дәрмегін асқазандағы қыжылды басуға пайдаланады. Қыжыл асқазан сөлінің
құрамындағы тұз қышқылының мөлшерінің артуынан туындайды. Осы антацидті
дәрілердің құрамында қышқылды ___________________________ қосылыстар болады.
[1]
6 (a) Күкірт қышқылы«химия өнеркәсібінің наны» деп аталады. Оның формуласы H2SO4 .
Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.

[1]

18

(b) Медицинада қолданылатын спирттің атауы этил спирті және оның формуласы C2H5OH.
Осы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.

[1]
7. Табиғатта бордың екі тұрақты изотопы белгілі. Табиғатта бордың оныншы изотопының
20%-ы, ал он бірінші изотопының 80%-ы тараған. Бордың орташа салыстырмалы атомдық
массасын есептеңіз. Жауабыңызды үтірден кейін жүздік санға дейінгі дәлдікпен
көрсетіңіз.

[3]
8. Төменде келтірілген биэлементті (бинарлы) қосылыстардың формуласын құрастырыңыз.
(a) Дифосфор пентаоксид
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Валенттіліктері алюминий (III), күкірт (II) көрсететін болса қосылыстың формуласын
жазыңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(c) Мыс пен оттектің массалық қатынастары 8:1. Қосылыстың формуласын есептеп
шығарыңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
9. Суретте сутегін зертханада алу және жинау әдістерінің бірі көрсетілген.

(a) Сутегін алуға қажетті реагенттерді анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Сутегі газын жинау барысында оның қандай қасиетін негізге алынған?
_____________________________________________________________________________[1]
10. Көмірқышқыл газын зертханада алу үшін карбонаттарды сұйытылған қышқылдармен
әрекеттестіреді.
(a) Көмірқышқыл газын қандай әдістермен жинауға болады? Бұл әдістер көмірқышқылының
қандай қасиеттеріне негізделген?
_____________________________________________________________________________[2]
(b) Көмірқышқыл газын анықтауға болатын бір әдісті ұсыныңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
19

Балл қою кестесі

1
2
3

Жауап
А
А
Табиғи қышқыл
Негіз (сілті)

1, 2

Балл
1
1
2

Қосымша ақпарат

2

Әр 3 дұрыс жауапқа
1 балл

3, 4

4

Индикаторлар Қышқылдағы
түсі
Лакмус
қызыл
Метилоранж қызыл
Фенолфталеин түссіз

5

Бейтараптайтын

1

6

(a) Mr(H2SO4) = 2·12+32+ 4·16=98
(b) Mr(C2H6O) = 2·12+1·6+ 16=46

1
1

7

Негізгі формуланы толық жазғаны үшін
Есептеуі көрсеткені үшін
дұрыс жауабы – 10.82
P2O5
Al2S3
Cu2O
Орташа белсенді метал, сұйытылған қышқыл (азот
қышқылынан басқасы)

1
1
1
1
1
1
1

Суда нашар ериді
(a) Ауаны ығыстыру әдісі;
Себебі көмірқышқыл газының массасы ауа
массасынан ауыр.
(b) Жанып тұрған шыраны берілген газ толы
сынауыққа салғанда жалынның өшуі. /
Әк суымен әрекеттестіргенде ерітінді лайланады.

1
1
1

8

9

10

Әр 2 дұрыс жауапқа
1 балл

Сілтідегі
түсі
көк
сары
таңқурай

Барлығы

1

20

20

Формула
қабылданады.

Кез келген орташа
метал мен
қышқылдың (азот
қышқылынан
басқасы)атауы
берілсе қабылданады

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 8 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан бір дұрыс
жауапты таңдауға арналған сұрақтар, қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.

21

4-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

7.4A
Адам
ағзасында
ғы химиялық
элементтер

7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір
қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар),
нәруыз, майларды білужәне анықтай алу
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін
элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;

7.3B
Геологиялық
химиялық
қосылыстар

Барлығы

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
саны*

Тапсырма
№*

Тапсырма
түрі*

Орындау
уақыты,
мин*

Балл*

Қолдану

2

4,5

ҚЖ

10

5
8

Білу және түсіну

3

1,2,3

КТБ/ҚЖ

5

3

Білу және түсіну

1

6

ҚЖ

5

3

7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу
үдерісін сипаттау;

Қолдану

1

7

ҚЖ

8

6

7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің
қоршаған ортаға әсерін зерделеу;

Жоғарғы деңгей
дағдылары

1

8

ТЖ

12

3

40

20

7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы
табиғи қосылыстардың кендерге
жататынын білу;

Бөлім
бойынша
балл

22

12

20

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Адам ағзасына кіретін макроэлементтер қатарын көрсетіңіз.
A) С, N, Mg, H
B) N, C, H, O
C) I, O, Ca, F
D) C, P, H, Mg
[1]
2. Сүйектің негізгі құрамына кіретін элементті көрсетіңіз.
A) He
B) Fe
C) Ca
D) P

[1]

3. Қалқанша бездегі гормондардың жұмысын реттеуге қатысатын элементті жазыңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
4. Ұн және ұннан жасалған тағамдардың құрамында болатын химиялық қосылысты
анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
5. Кестені толықтырыңыз.
Химиялық қосылыс

Анықтайтын зат /
реактив
Толленс реактиві

Крахмал
Сүзгі қағазы
Нәруыз

Байқалатын құбылыс
Сынауық қабырғасына күміс шөгіп
айна әсерін береді
Қою көк түске боялады
Дақ пайда болады

Биурет реакциясы
[4]

6. Минералдар / тау жынысы/ кендердің атаулары мен құрамына кіретін элементті
сәйкестендіріңіз.

1
2
3

Минерал/ тау жыныс/ кен атауы
Гематит
Галлит
Боксит


А
В
С

1. __________ 2. __________ 3. __________

23

Құрамына кіретін элемент
Алюминий
Темір
Натрий
[3]

7. Кеннен металды өндірудің сатыларын ретімен көрсетіңіз:
пішіндеу (қалыптау); байыту; тазалау; кенді өндіру; ұнтақтау; қорыту.
1.

2.

3.

4.

5.

6.
[6]

8. Кенді өңдеу барысында қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері көп. Соның бірі
атмосфераның ластануы.
(a) Атмосфераның ластануына әсер ететін негізгі факторларды жазыңыз.
___________________________________________________________________________ [1]
(b) Атмосфераның ластанудан қорғау үшін қажетті жағдайларды анықтаңыз. Өз
ұсынысыңызды жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесі

1
2
3
4
5

Жауап
В
С
Йод / I
крахмал
Глюкоза
Йод
Май
Күлгін түс / Көкшіл (лиловый)
6 1.В 2.С 3.А
7 1.кенді өндіру
2.тазарту
3.ұнтақтау
4.байыту
5.қорыту
6.пішіндеу (қалыптау)
8
(a) Кенді өңдеу барысында бөлінетін улы
газдар / көмірқышқыл газы
(b) – Көгалдандыру;
– Арнайы сүзгілерді пайдалану /
Техникалардың отындарын альтернативті
отындарға алмастыру.
Барлығы

24

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
3
6

1
1
1

20

Қосымша ақпарат

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ

Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.2,94. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: info@cpm.kz.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!