Химия 8 сынып тжб 3 токсан жауаптары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия 8 сынып тжб 3 токсан жауаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрланбаған, дұрыс, толық жауаптар!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі



1. Сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны бірдей элементтер қатарын

анықтаңыз.

A) Ca, Mg, Li

B) Li, H, C

C) Al, B, Ga

D) K, F, Li

[1]

2. Ковалентті полюсті байланыстарды сипаттайтын дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.

1. Атомдар арасында байланыс ортақ электрон жұбы арқылы түзіледі

2. Байланыс түзетін атомдардың электртерістілігі бірдей

3. Ортақ электрон жұбы электртерістілігі көбірек атомға қарай ығысып орналасады

4. Байланыс түзуге әр түрлі бейметалл атомдары қатысады

5. Байланыс түзуге бірдей бейметалл атомдары қатысады

A) тек 1,3,4

B) тек 2,3

C) тек 1,3

D) 2,4,5

[1]



3. Берілген қосылыстардың ішінде тек иондық байланыспен байланысатын қосылыстардың

қатарын көрсетіңіз.

A) О3, SO3, HCl

B) NaCl, CaO, Al2S3

C) KF, CO2, H2

D)Al2S3, О2, SO3,

[1]







4. Тұрмыста жиі қолданылатын заттарды: ас тұзы, марганцовка және тырнақ бояуын өшіруге

арналған сұйықтықтың ішіндегі - ацетонды суда ерігіштігі бойынша қандай заттардың

тобына жатқызуға болады?

A) аз еритін

B) ерімейтін

C) нашар еритін

D) жақсы еритін

[1]



5. Йод - жай зат ретінде қара сұр түсті, кристалды қатты зат.

Оның 5% -дық спирттегі ерітіндісі медицинада көбінесе ашық

жараларды зарарсыздандыру үшін және қанды ұйыту үшін қолданылады.

Йод ерітіндісі туралы дұрыс тұжырымды таңдаңыз.

A) Йод суда ерімейді

B) Йод суда да, спиртте де жақсы ериді

C) Йодтың судағы ерітіндісін қолдануға тиым салынған

D) Йод суда нашар еритіндіктен оның спирттегі ерітіндісі қолданылады

[1]



6. Ұзын периодты химиялық элементтердің периодтық кестесінің (халықаралық кесте)

сұлбасынан сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны бірдей элементтерді

көрсетіңіз:

Жауабы: C, D

[1]



7. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінен жаратылыстың барлық заңдылықтарын

көруге болады. Сонымен қатар периодтық жүйедегі сандар өзара байланысы бар және

олардан көптеген ақпарат алуға болады (Бос орындарды қажетті сөздермен және

сөйлемдермен толықтырыңыз).



(a) Бір периодта орналасқан элемент атомдарының Энергетикалық деңгей саны бірдей болады, бұл период нөмірінің физикалық мәнін түсіндіреді.



(b) Бір топта орналасқан элемент атомдарының сыртқы электрондық қабаттағы электрон

саны бірдей болады, бұл топ нөмірінің физикалық мәнін түсіндіреді.

[2]



8. Бос орындарды қажетті сөздермен толықтырыңыз:

3-периодта орналасқан Na →Cl дейін атом ядро зарядтары артқан сайын бейметалдық

қасиеті артып, металдық қасиеті кемиді.

[1]



9. Cуретте бірінші топ элементтерінің атом радиустарының артуы көрсетілген. Li→Rb

элементтердің қандай қасиеті артады?

Метадық қасиеті артады

[1]



10. Суретте 100 г судағы әр түрлі тұздардың

температураға қатысты ерігіштігі

көрсетілген. Температураның артуына

байланысты калий нитратының (нитрат

калия) ерігіштігіне қорытынды жасаңыз.

Калий нитратының ерігіштігі артады



[1]



11. Жаздың ыстық күндері бөлме температурасында тұрған газдалған сусындарды ішу

әркімге ұнай бермейді. Сондықтан газдалған сусынды салқындатқышқа қойып,

салқындағаннан кейін ішеміз. Себебін түсіндіріңіз.

Себебі Газдардың ерігішітігі температура төмендегенде артады

[1]









12. Су - тіршілік көзі ретінде жер қыртысында ең көп тараған химиялық қосылыс. Су

молекуласындағы ковалентті байланыстардың түзілу механизмін «айқыштар мен

нүктелер» диаграммасы арқылы түсіндіріңіз.

974380B.tmp

[1]





13. Магний хлориді табиғатта бишофит минералы ретінде кезедеседі. Суретте бұрғылау

нәтижесінде алынған минерал көрсетілген. Магний хлориді тағамдық қоспа - Е511

ретінде тіркелген химиялық қосылыс.



(a) Магний хлоридіндегі химиялық байланыстың түзілуін «айқыштар мен нүктелер»

диаграммасы арқылы көрсетіңіз.

9747C01.tmp

[1]

(b) Магний хлоридінің суда ерігіштігі қасиетін болжап жазыңыз.

Магний хлориді суда жақсы ериді.

[1]



14. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін сипаттайтын формуланы жазыңыз.

9743016.tmp

[1]





15. Массасы 200 г 15%-дық ерітіндіге тағы да 30 г тұз қосты. Алынған ерітіндідегі еріген

заттың массалық үлесін есептеңіз.

m1(ер.з) = 200*0.15=30г

m2 (ер.з) = 30+30=60г

m2 (ер-ді) = 200+30=230г

w2 (ер.з) = * 100% =26.09%

[3]

16. Молярлық концентрация дегеніміз 1 л ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін көрсетеді.

Математикалық өрнегі төмендегідей:

См = Осы формуладан еріген заттың массасын өрнектеп шығарыңыз.

m(ер.з) = Cm•M•V(ер-ді)

[1]

17. Мұғалім оқушыға 500 мл ерітіндіде 8 г натрий гидроксиді ерітілгендігін айтты.

Оқушының мұғалімнен алған ерітіндінің молярлық концентрациясы қандай?

Жауабыңызды есептеп дәлелдеңіз.

V(ер-ді) = 500 мл=0.5л

9742719.tmp

[2]



18. Кестеде екінші топтың негізгі топша элементтерінің физикалық және химиялық

қасиеттері көрсетілген. Барий элементі үшін қалдырылған бос ұяшықтарды өз

болжауларыңыз арқылы толтырыңыз.

Элементтер

Түсі, металдық

жылтыры

Ауадағы оттегімен

тотығуы

Сумен реакциясы

Берилий

Ақ түсті, күмісше

жылтыраған металл

Әдетте сыртын

оксидтік қабықша

қаптайды

Сумен әрекеттеспейді

Магний

Ақ түсті, күмісше

жылтыраған металл

Қыздырған кезде

әрекеттеседі

Тек ыстық сумен баяу

әрекеттесіп, магний гидроксиді

мен сутегі газын түзеді

Кальций

Ақ түсті, күмісше

жылтыраған металл

Бөлме

температурасында

бірден тотығады

Бөлме температурасында сумен

әрекеттесіп, кальций

гидроксиді мен сутегі газын

түзеді

Стронций

Ақ түсті, алтын

жалатылған тәрізді

металл

Бөлме

температурасында

бірден тотығады

Бөлме температурасында сумен

шабытты әрекеттесіп, стронций

гидроксиді мен сутегі газын

түзеді

Барий

Ақ түсті, күмісше жылтыраған металл

Бөлме температурасында бірден тотығады

Бөлме температурасында сумен шабытты

әрекеттесіп, стронций гидроксиді мен сутегі

газын түзеді

[3]

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2024
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі