15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Бескөл ауылы
«Парасат» мектеп - лицейі
Мақала
Химия және биология САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ құзыреттілігін және танымдық шығармашылықтарын дамыту ЖОЛДАРЫ.
Жұмыстың авторлары:
Елеукина Сағат Құрманғалиқызы
Алдабергенева Бакыт Ерікқызы
Химия және биология пәні мұғалімдері
Химия және биология САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ құзыреттілігін және танымдық шығармашылықтарын дамыту ЖОЛДАРЫ.
Қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болу қажет. Біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық оқу стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін, елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу- қазіргі заман талабы.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский
айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,
сабақ тартымды өтеді. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі -
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзіреті. Жаңа формация мұғалімі - табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды.
Химия және биология пәнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушылардың
танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген.
Оқу - танымдық қызмет барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді
игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да
дамиды. Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының
бірі - оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу,
жетілдіру, оның бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға
мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар
балалар ізденіс жұмыстарына белсене қатысып тартылады.
Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын ояту үшін, олардың
танымдық белсенділігін танытуда оқушылардың, олардың жас және жеке
бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы белсенділігін,
дербестігін, жеке ынтасы мен шығармашылығын дамытуға жағдай
жасайтын және қосымша құралдарды іздестіру қажет. Оқушылардың химия
және биологияны оқу барысында танымдық іс-әрекеттерін арттыру үшін
ойын элементтерін кеңінен пайдалануға болады. Сабақта ойын
элементтерін пайдалану сабақтың мақсатын түсіндіруге икемділік
дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушының білімге құштарлығын
оятып, белсенді ой-әрекетін жаттықтырып, алған білімді тереңдету
мақсатында өз бетінше ізденуін қадағалай отырып, өздік жұмыс
жасауға және стандартты емес есептерді шығара білуге баулу керек.
Оқушының шығармашылық ізденіске баулу, танымдық қабілеттерін дамыту
мақсатында сабақ барысында түрлі танымдық ойын түрлерін пайдалану
және логикалық қызықты есептер шығарудың тиімділігі зор. Химия
сабақтарында қызығушылықты арттыру үшін оқу мазмұнын ғылым тарихы
туралы материалдар және шешуі қиын, дәстүрлі емес химиялық есептер
шығару мен байыту керек. Есептеп шығару, дәлелдеу, түрлендіру мен
зерттеу әдістерінің кереметі мен қызықтылығын үнемі ерекшелеп
отырған жөн. Шығармашылық, ауызша және қызықты тапсырмалар,
проблемалық ситуациялар, өзіндік жұмыс, тарихи элементтер мен оқу
материалдары дәстүрлі емес нысандардан тұратын сабақтарды
ұйымдастырып, өткізу қорытындысымен мынадай тұжырым жасауға болады:
Біріншіден, оқуды оқушы үшін тек қызықты ғана емес, сондай-ақ
нәтижелі ету үшін мұғалімнің шығармашылық ойын оқытудың тиімді
әдістерін, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру тәсілдері мен
әдістерін іздестіруге бағыттаған жөн;
Екіншіден, егер химияға деген қызығушылықты арттыру тәсілдері мен
әдістерінің қалыптасқан жүйесін ұғымды қолданар болсақ, онда
оқушыларда сабаққа деген ұмтылыс артып, химияның ең қызықты
пәндерінің бірі екендігі деген түсінігі нығаяды. Осы тәсілдер мен
әдістерді қолдану сабаққа өзгерістер енгізуімен қатар, балаларды
жүйелі жұмыс істеуге үйретеді және өздерінің тарапынан белсенді
іс-әрекетке деген үздіксіз талапты күту ахуалын
қалыптастырады.
Жаңа технология элементтерін
қолдану арқылы оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін жетілдіру
үшін бірнеше озық - педагогикалық технологияларды қолданамыз.
Модульдік технологияны қолдану арқылы
оқушылар еркін сөйлеуге,
ұжымдық қатынаста жұмыс істеуге, өзін-өзі басқаруға үйренеді. Сыни
ойлауға үйрету технологиясын қолдану кезінде оқушылар логикалық
ойлауға, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Білім алудың жан-
жақты көздерін қолдану арқылы ақпараттық- коммуникациялық
технологияны тиімді қолдануға тырысамыз.
Біздің бүгінгі жылдан -жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған, білімді педагог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру мәселері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде. Яғни, жаңа идеяларды қолдана отырып білім сапасын, оқушы саналығын, өмірге деген бейімділік, өзгемен санасу, өзгеге сенім арту сияқты қасиеттерді тез арада, аз күш жұмсап, көп нәтижеге жету. Яғни жеті модульдерді қолдану арқылы оқушылар қалай оқу керектігін, топпен жұмыс істеуге, сыни ойлауға, өздігінен жұмыс істеуге, өз ойларын жеткізе білуге, әділ баға қоюға үйренеді. Яғни нәтижеге бағытталған озық - педагогикалық технологияларды білім саласына енгізе отырып, жан-жақты дамыған, функционалдық сауаттылығы арттырылған жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін мұғалім мен оқушы арасында сұрақ - жауап, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында диалог ұйымдастыруға, топтық жұмыстар, тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс, рөлдерге бөліп жұмысты ұйымдастырған тиімді. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін бұл жұмыс түрлері оқушылардың бір -бірімен, мұғаліммен қарым-қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның жан -жақты болуына ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Ақпараттық құзыреттілікті дамытуда оқушылар өз бетінше ақпараттар жинақтайды, яғни бұл жерде сабаққа керекті қосымша мәліметтерді интернет желісі арқылы алуға мүмкіндік беріледі. Алынған жинақтамаларды талдауға, өзгерте алуға және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндіктері болады.
Біздің жұмысымыздың басты
нәтижесі – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын
жастарды тәрбиелеу.
Білімдегі жетістік – ғылымдағы жетістіктердің, ал ғылымдағы
жетістіктер – инновациялық дамудың қайнар көзі.
Зияткерлік ұлт болып қалыптасуымыздың негізі де сапалы білім алған
ұрпақ екені даусыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген