Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Химия пәні бойынша оқушылардың бойындағы зерттеушілік қабілетін анықтау
Баяндама
Тақырыбы: «Химия пәні бойынша оқушылардың бойындағы зерттеушілік қабілетін анықтау»
Дайындаған: Алсеитова Гульнара
«Химия пәні бойынша оқушылардың бойындағы зерттеушілік қабілетін анықтау»
Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Мақсаты:
Оқушыларды ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. .
Тақырыптың жаңашылдығы:
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.
Білім берудің қазіргі заманғы талаптарына сай негізгі құзыреттіліктер: Жалпы мәдени, ақпараттық,қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, құндылық-мағыналық және зерттеушілік деп бөлінеді.
Осылардың ішінде біз үшін маңызды болып табылатыны- зерттеушілік, өйткені осы ұғымда бала тұлғасын дамытуға қатысты мектептік білім беруінің қазіргі заманғы талаптары толық көрінеді.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.
–Егер жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса,
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі,
зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі
кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім
берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:
-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара
тұлғаға бағытталуы;
-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;
-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған
сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;
-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Зерттеушілік құзыреттілікті Е.В. Феськова былай анықтайды: “Сыртқы қоршаған ортаға қатысты кез-келген проблемалық жағдаяттарды байқау және шешуге деген білім, білік дағды және әрекеттер тәсілдерінің жиынтығының адамды зерттеушілік тұрғыда болуына мүмкіндік жасайтын түрлі теориялық және эмпирикалық ақпараттарды пайдалана алу мүмкіндігі”
Болжамды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер шығады:
– Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
– Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің
маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін, зерттеушілік қабілетін қалыптастыру
Осы тұрғыдан алғанда мектепте химиядан
қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені
қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап,
жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес.
Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны
таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын
пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия ─ жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән болып табылады.
Білім берудің қазіргі заманғы талаптарына сай негізгі құзыреттіліктер: жалпы мəдени, ақпараттық, қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, құндылық-мағыналылық жəне зерттеушілік деп бөлінеді. Осылардың ішінде біз үшін маңызды болып табылатыны – зерттеушілік құзыреттілік, өйткені осы ұғымда бала тұлғасын дамытуға қатысты мектептік білім беруінің қазіргі заманғы талаптары толық көрінеді.
Репродуктивтік деңгейде таным əрекеті дайын білім мен үлгі арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту əдістерінде білім алу осы тұрғыда ақпаратты қабылдау жағдайында болады.
Зерттеушілік — нағыз шығармашылық сипатта жүретін əдіс. Оның шығармашылық тұрғыда болуы балаларда білімді игеру əрекет түрлерімен жүзеге асырылып, оны əрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі
білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана
қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп
табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана
білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір
сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып
отыр.
Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі
жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері
қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы,
қазіргі заман талабы жоғары сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті
тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті
жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз
бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін
жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы
қажет. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді:
• Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін
игерту;
• Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;
• Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде
емес, өзі ашуға ұмтылу;
• Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік
жасау;
• Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге
үйрету;
• Басқа адамдармен қарым – қатынас жасай білу, осы заманға сай
технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды
пошта);
• Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;
• ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік
туғызу.
Зерттеушілік
қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық
қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын
болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін
мұғалім зерттеушілік дегеніміз не,зерттеушілік тапсырмалар,оларды
пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық
түсінігі болуы керек.
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға қойған мәселені
анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап
отырады.Содан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны
тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық етеді.
Оқушылардың зерттеушілік білігі артқан сайын мұғалім жанама
басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі және жұмысқа
ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің
қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.Оқушылардың игерген зерттеушілік
біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын олардың
білімдері де жоғары болады.
Зерттеушілік
іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл
бөліну керек:
- жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс;
- жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді
ұмтылыс;
- алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және
өз
қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген
қабілеттілік;
- өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге
талпыну;
- белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген
ұмтылыс.
Мұғалімнің ролі
Оқушының ізденісі арқылы
Оқыту, зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?
Мұғалім:
-
мақсат, міндет қояды
-
оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады
-
идеялар ұсынады
-
берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді
-
кеңес беруші, сарапшы, менеджер рөлін
атқарады,оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін
және шығарған қорытындыларын бағалайды,
әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады
Оқушы:
-
мәселені талқылайды
-
міндеттерді қалыптастырады
-
жобаны жоспарлайды
-
қажетті ақпаратты таңдап, жинақтайды
-
зерттеу әдістерін іздестіреді,үйренеді
-
өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды
-
аралық қорытындыларды талқылайды
-
мультимедиялық презентация,фильм, шығармашылық есеп жасап қорғайды
-
нәтижесін толық қорытынды жасайды
Химия пәні мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу мақсатында ғылыми- зерттеу жұмыстарын рәсімдеу туралы ақпараттармен бөліскім келеді.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
ТАҚЫРЫП - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес келу керек.
Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
-
алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;
-
бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;
-
тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.
-
таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке
консультация барысында талқылану керек;
- зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.
Зерттеу жұмысын жүргізу:
Кезеңдер:
1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.
2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу. мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы_______________________________
Оқушының Т. А.________________________________
Мектеп, сынып _________________________________
Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________
Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:
Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.
5.4. Мазмұны бар беттерді рәсімдеу:
а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;
ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:
Кіріспе;
1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);
2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);
3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);
Қорытынды;
Әдебиеттер тізімі;
Қосымша (егер бар болса).
б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу.
Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
зерттеу объектісі, заты
гипотезасы
зерттеу кезеңдері , процедурасы;
эксперимент әдісі;
зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
жұмыс нәтижелері және қорытынды;
нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
5.8. Жетекшінің пікірі (үлгіні қараңыз).
Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
Қазіргі балалар мұғалімнен тек теориялық білімді алып қоймай, оны тәжірибемен де ұштастырғысы келеді. Бұл – ақпараттық технология заманында өмір сүріп жатқан Z ұрпақтың талабы. Олар: «Теорияны интернеттен өзім-ақ оқып аламын. Одан гөрі маған нені қалай істеу керегін көрсетсе екен», – дейді.
Теориядан гөрі тәжірибені көбірек талап ететін пәннің бірі – химия. Жаратылыстану ғылымдарының күрделі тобына жататындықтан, оны меңгеру көп адамның қолынан келе бермейді. Дегенмен, еліміздегі шикізат, табиғи ресурстардың бай қорын ескерсек, отандық мамандардың қажеттілігін аңғарамыз. Сол себепті болашақ мамандардың осы салаға бейімделуіне мектеп қабырғасынан бастап көңіл бөлу қажет деп есептеймін.
Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет

