Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Химия пәнін оқытудың функциональдық сауаттылығын дамыту моделі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Химия пәнін оқытудың функциональдық сауаттылығын дамыту моделі
“Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.”
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы”Қазақстан - 2050”стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ”Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” халыққа Жолдауында 2012-2016 жылдарға арналған білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық жоспарды жасау жүктелгені баршамызға аян. Бұл Ұлттық жоспардың мақсаты – еліміздегі барлық оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуы үшін жағдай туғызу болып табылады. Яғни, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту барысында атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үрдісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі – олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді. Функционалдық сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді.
Қазіргі заманда еліміздің болашағы – жастар деп айтып жатамыз. Алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де – жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі аға буынның өкілдері үшін зор міндет деп білемін. Сондықтан, әрбір білім нәрімен сусындататын ұстаздың міндеті болғандықтан, оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында білім, білік - дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Осыған орай, химия пәнінің қызығы мен ғажайыбын көрсету мақсатында әр сабақты оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында үнемі байланыстырып тәрбиелеу бағытында өткізіп отырамын. Химия сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірдегі байланыстармен қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Химия пәні күрделі пән екендігі бәрімізге де аян. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну керек. Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс. “Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкіртінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады” деп Д.И. Менделеев айтқандай, оқушының терең білімді болуының басты шарттарының бірі мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің көлемі жеткілікті, толық әрі нақты болуы керек және де білім оқушының ішкі жан дүниесінде қалыптасып, керек кезде белгілі бір дамитын күш ретінде қажетке жарау керек деп ойлаймын. Мысалы, барлық басқа пәндер сияқты химия пәнін мектепте оқытудың алдында қойған өз мақсаты бар. Оқушы өзі білетін химиялық ұғымдарды өз ойынша қорыта отырып, кейбір түсініксіз жағдайларды қарапайым химиялық фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса немесе өзіне қажет, ойландыратын сұрақ туралы қорытынды жасай алатын деңгейге жетсе, пәнді оқыту өзінің мақсатына жетті деп айтуға болады. Сол себепті, мен өз сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың пәнге деген сауаттылықтарын анықтап отырамын. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын.
Химия пәнінде шығармашылық есептер оқушының шығармашылығын шыңдайтын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындайды. Химия сабағында сандық есептерді шығару – ойды, зейінді қызықтыратын тартымды есептер болып табылады.Әсіресе 8-сыныптарда химияны бастағанда сандық есептерді көбірек шығарса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сондықтан, сандық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға үйренеді. Сонымен қатар, сандық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, химиялық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді. Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқарып жүрмін: “Жас химик” атты үйірме сағатында және “Химия және экология” тақырыбында факультативтік курсты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасуда. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатып келеді.
Ұлттық жоспардың негізіндегі функционалдық сауаттылықтың механизмі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсене қатысуын қамтамасыз ету. Ата-аналармен тығыз байланыс жасаймын. Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыру-бүгінгі басты міндет. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрады. Сонымен қатар, оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алып отыр. Сондықтан осыны негізге ала отырып, күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін сипаттап, түсіндіру бір бөлек. Бұл заттардың адам өміріндегі маңыздылығын, пайдасы мен зияны бірге айтылады.
Мысалы, ас тұзы, ас содасы, темір, судың кермектігі, металдар мен бейметалдардың қасиеттері, олардың қолданылуы немесе синтетикалық жуғыш заттар, барлығыныңда күнделікті өмірде пайдаланғанымен, олардың ұлттық педагогикалық тәрбиедегі алатын орны ерекше. Мысалы, “Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.” тақырыбында бізді қоршаған заттардың көптеген қосылыстардан тұратынын, олардың бір-біріне айналып, түрін, түсін, дәмін өзгертіп отыратынын күнделікті тұрмыстан білуге болады. Сонымен қатар, заттардың түсіне келетін болсам, көк түс аспанның “Көк аспанның”, қызыл түс – оттың, күннің көзі десек, қара түсті жел мен жер, күштің белгісі, ал жасыл түсті өмірдің көктемгі символы деп есептеп, оларға тәрбиелік бағытында үлкен мән беремін. Сонымен қатар, “Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.” тақырыбында судың пайдасы туралы, соның ішінде халқымыздың “Су – тіршілік көзі ” дегенді негізге ала отырып, “Су ішкен құдығыңа түкірме”, “Жылай-жылай арық қазсаң, кліп жүріп суын ішерсің” деген мақалдары оқушыларды еңбеңсүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Химиялық реакция теңдеуін құрып, оны теңеструдің өзі де оқушыға берілген тапсырма деп, оларды сауатты түрде орындатуға тырысамын.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері негізделген. Осыған орай, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, оқушыға спалы білім мен саналы тәрбие беру негізінде жаңа инновациялық оқуларды барынша қолданып келемін. Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Қазіргі кезде химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету мақсатының ортақтығы негізінде іске асырылады.Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін арттырады.Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол- оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі.
Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шығаруы, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс т.б. Оқушылар ұжымы бір тақырыпты немесе бір жоспар бойынша бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасайды. Сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы бағытта 9-сыныптар арасында “Ойлан. Топтас. Талқыла.” тақырыбында танымдық сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – пән бойынша алған білімдерін жүйелеп, бекіту, тексеру және шығармашылық қабілеттерін шыңдаумен қатар, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Мұнда “Химия тұрмыста”, “ Химия медицинада” “Химия айналамызда” “Химия техникада” тақырыбында оқушылар постер қорғап, өз ойларын ортаға салды.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. “Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделері үшін және бүкіл адамзат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі” деген Д.И. Менделеев. Олай болса, сапалы білім табысты оқуға қол жеткізу басты талап екендігін ескере отырып, бүгінгі таңда оқушыларымызға білім берілуімен маңызды емес, маңыздысы – білім беру сапасын көтеру және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары адам болып қалыптасуына ықпал жасау біздің міндетіміз деп ойлаймын. Және де Абай Құнанбаевтың “Бұлақ көрсең көзін аш” деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, бар мүмкіндікті пайдаланып, өзім тәрбиелеп жатқан оқушыларымның қабілеттерін, сауаттылықтарын дамытуды парызым деп санаймын.
Әдебиеттер тізімі
1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясы
2. ҚР ПРезиденті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму” Жолдауы 2015-2016 ж
3. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы
4.”Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары” 2012 ж-6б
5. И.Нұғыманов “Химияны оқыту әдістемесі” Алматы Print-S.2005
6.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 “Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері”
7. “Функционалды сауаттылықты дамытуда критериалды бағалау рөлі “ “Химия мектепте” журналы2016 №1 56-б