жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Жақсылық Мөлдір Жарқынбекқызы
Қызылорда көпсалалы
гуманитарлық-техникалық
колледжі химия пәнінің оқытушысы
Химия пәнінен тапсырмаларды орындау кезінде пәнаралық ақпараттарды пайдалану оқушының терең ойлауына және бағдарлама материалдарын игреуге, сонымен қатар, оқушының құбылыстар мен үдерістер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ұғынып, оны іс жүзінде пайдалана алу мүмкіндігін арттырады. Осылайша оқущылардың фактілерді, теорияларды, заңдарды, заңдылықтарды, нақтылықты түсінуге және бұрын химия, биология, физика пәндерінен алған білімдерін одан әрі тереңдетуге, логикалық ойлау қабілетін арттырып, тапсырмаларды орындауға икемділігі артады.
Мұғалім мен оқушы оқу бағдарламасы бойынша әр пәндер арасында байланыстар бар екендігін, әсіресе пәнаралық ақпаратты нақты тапсырмаларды орындау кезінде қолдана білуі қажет.
Сандық және сапалық есептерді пәнаралық мазмұны бойынша химияны оқытудың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Студенттер өздеріне қолайлы әдістемелік принциптерді, соның ішінде математикалық білімді қолдана алуы қажет.
Тапсырмалар түрлері жіктелуімен немесе сол тапсырма аумағында ғана шектелмеуі қажет.
Химия пәнінде қолданылауға ұсынылған пәнаралық негіздегі түрлі сапалық және сандық есептерді мынадай жағдайда қолдануға болады:
1) минералдық тыңайтқыштар, шикізат пен өндірісте қолданылатын материалдардың, сондай-ақ биологиялық заттар құрамын анықтауда қолдану.
2) ерітінділер және олардың өнеркәсіптегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы, табиғаттағы маңызды рөл атқаруын есептеп шығару;
3) термохимиялық және энергетикалық есептеулер;
4) газ заңдарын негізіндегі есептерді пайдалану;
5) электрохимия бойынша жүргізілетін есептеулер;
6) биологиялық материалдың және физиологиялық функцияларын химиялық компоненттері сандық құрамын анықтау;
7) заттардың тірі организмдердегі, өндірістік процестердегі маңызы мен осы құбылыстардың айналуларына;
8) заттар мен олардың құрамы негізінде сапалық реакцияларды тануды үйрету.
Мұндай есептерді шешу үшін химиялық, биологиялық және физикалық және табиғат қорғау сипатындағы ақпараттар беруді қамтиды.
Анализ процесі кезінде белоктардың химиялық құрамына, оның құрылымына және міндетті түрде ақуыз құрамындағы азот элементінің мөлшеріне назар аударады. Бұл тапсырмаларды шешу үшін физика және химия пәндерін білу қажет. Сіздерге осы мақалам арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін есептерді шығару жолымен ұсынып отырмын.
1-тапсырма. Ақуыздар адам ағзасы массасының 17% - құрайды. Ақуызда -16% азот бар. Массасы 70 кг -ға тең адамның денесіндегі азот мөлшерін анықтаңыз.
Анализ жасау процесі кезінде белоктардың химиялық құрамына, оның құрылымына және міндетті түрде ақуыз құрамындағы азот элементінің мөлшеріне назар аударады .
|
Берілгені: m (дене)= 70 кг w(ақуыз)=17% W(N ақуыздағы)=16% |
Шешуі: Бірінші ағза құрамындағы ақуызды есептейміз: m(ақуыз)=70 кг·0,17 =11.9 кг |
|
m(N)-? |
Осыған ұқсас түрде азотты есептейді: m(N)=1.19·0.16 =1.9 кг Жауабы: Адам ағзасында 1,9 кг азот бар. |
2-тапсырма. Метанның жануының термохимиялық процесі:
CH4+2O2 =CO2 +2H2O +802 кДж
Массасы 100 г мысты 20-500 С-та жағу үшін метанның (қ.ж.) қанша көлемі қажет?(беткі жылу сыйымдылығы 0,38 кДж/кг.0 С.
Есепті шешу үшін физика және химия пәндерінен алған білімдерді қолдану қажет.Бұнымен термохимиялық теңдеулер бойынша , оның бір заттың жануы кезіндегі бөлінген жылу эффектісін және басқа затты жағу үшін кететін жылу бойынша алған білімін қорытындылауға болады
-
Берілгені:
m(Cu)=100 г
t1=200C
t2=500C
Cm(Cu)=0.38 кДж/кг.о С
Шешуі: Физика саласы бойынша жылудың мөлшерін мысты нақты жағу кезіндегі температура интервалында есептейді, ол мына формула бойынша , Q=Cm×m×(t2-t1):
V(CH4)-?
Vm=22.4 л/моль
-
Q=0,38 кДж/(кг·оС)·0,1 кг·30оС=1.14 кДж
Реакция теңдеуінен пропорция әдісімен метанның көлемін есептейді:
V 1,14 кДж
CH4+2O2 =CO2 +2H2O +802 кДж
22,4 л х
V: 22.4 л = 1.14:802 :
V(CH4)=
=0,03
л
Жауабы: 100 г Cu 20-500 С-та жағу үшін 0,03 л немесе 300 мл CH4 жағу қажет
3-тапсырма. 250С- температурада және 99,3 кПа қысымда бірнеше газ 152 мл көлем алады. Қалыпты жағдайда газ қандай көлем алады?
Тапсырманы орындау үшін Бойль-Марриот және Гей -Люссак (идеал газдың күйі бойынша ) заңы бойынша алған білімді қолданады.(Менделлев-Клапейрон теңдеуі)
-
Берілгені:
T1=298 K
P1=99.3 кПа
V1=152 мл
T0=273 K (00C)
P0=101.33 кПа
Шешуі:
Идеал газдың теңдеуін жазамыз:

V0-?
Жаңа мәндерді орнына қойып, V0-ді есептейміз.
![]()
Жауабы: 136,5 мл
4- тапсырма.Үш валентті металды тұз ерітіндісінде оны 1,3 А ток күші арқылы өткізгенде 30 минут ішінде катодта 1,071 г металл бөлінген. Катодта қандай металл бөлінгендігін және оның атомдық массасын табыңыз.
Мұндай жағдайда Фарадей заңы мен электролиз заңын біліп, электролиттік диссоциация негізінде шығарады.
-
Берілгені:
I=1.5 A
t=30 минут
m(Ме)=1,071г
n(Ме)=3
Шешуі:
Фарадейдің екінші заңы бойынша металл массасын есептейді:

Ar(Ме)-?
F=96500 Кл/моль
=38,27 г/моль
Эквиваленттік массасына және валенттіліг бойынша салыстырмалы масссасы,
М=mэ·n,
М(Ме) =38,27·3 = 114,8 г/моль
Периодтық жүйеде үшінші топта Ar=114.8 болатын элемент ол-индий.
Жауабы: Индий металы
5- тапсырма.Массасы 60 кг болатын адамның қанында бір қанайналым кезінде қанша қан тасымалданады,егер де ағзада қан айналым ағзаның 80 % -ын құрайды, ал қандағы гемоглабин мөлшері 100 мл қанда 14 г болса,(қанның тығыздығы 1,050 г/мл).
Тапсырманың шешімі қандағы гемоглабин мөлшерін көрсетеді, адам ағзасында газ алмасу кезінде және оттегінің газ алмасудағы мәнін табыңыз.Оттегінің массасы сызба бойынша табуға болады:оттегі массасы → гемоглабин массасы →қан массасы (көлемі) →адам денесінің массасы.Сызба тапсырманы шешудің жоспары бойынша іске асады, гемоглабин қасиетіне байланысты негізделген, 1 г гемоглабин 1,34 мг оттегі тасымалданады.
-
Берілгені:
m(дене)=60 кг
w(қан)= 8%
m(гемогл)=14 г
p(қан)= 1,050 г/мл
Шешуі:
V=m/p
m=w·m(дене)/p
V(қан)=
=4571 млҚандағы гемоглабин мөлшерін табамыз
m(O2)-?
V(қан)=
=640
г
1г гемоглабиндер 1,34 мг оттегі тасымалданады.Бір қанайналым кезінде m(O2)=640·134 мг=858 мг , немесе 0,858 г оттегі тасымалданады.
Жауабы: Бір қанайналым кезінде 0,858 г оттегі тасымалданады.
6-тапсырма. Адам қарынынан тәулігіне 800 мл қарын сөлі бөлінеді (p=1.065 г/см3). Қарын сөлінде 0,4-0,5 % аралығында болатын тұз қышқылы түзілуіне қажет натрий хлоридінің массасын есептеңіз. Тапсырманың хииялық жағын қарастырып, ,қарында қышқыл ортаның әсерінен түзілетін тұз қышқылының физиологиялық жағына назар аударылады, ол зат алмасу ферменттерінің қызметін атқарады (белоктар гидролизі) және бактерицидті қасиеттерінің пайда болуына (ағзадағы зиянды флораларды жоюға) қатысады.Бұл жерде натрий хлориді мен тұз қышқылының стехиометриялық қатынасын есепке алу қажет NaCl→ HCl, сонымен қатар 1 моль натрий хлориді 1 моль тұз қышқылын түзуі мүмкін.
-
Берілгені:
V(қарын сөлі)=800 мл
p(қарын сөлі)=1,065 г/см3
W(HCl)=0,5%
M(NaCl)=58,5 г
M(HCl)=36,5 г/моль
Шешуі:
Қарын сөлінің массасын анықтаймыз:
m(NaCl)-?
Жүктеу
БөлісуЖИ арқылы жасауФайл форматы:docx17.02.2021501Жүктеу
ЖИ арқылы жасауБұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласызҚазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласызСайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген