Күні:_______
Сыныбы:_9 «а»,«б»___
І.
Сабақтың тақырыбы: §4. Химиялық байланыс және зат
құрылысы.
ІІ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті,
ионды байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,
қалыптастыру;
Дамытушылығы:Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай
білу, коваленттік, ионды байланыстың түзілу схемасын құрастыра
білу, қорытынды жасау, салыстыру, білім - білік дағдыларын
дамыту;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету,
еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын
арттыру.
Сабақ типі:
Жаңа білім беру
сабағы.
Сабақ өткізілу
түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өз бетінше
жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен, сызбанұсқамен жұмыс, фронталды
әңгімелесу,
Құралдар:
Кітап, дәптер,
интерактивті тақта. Түрлітүстішариктер,
таяқшалар.
VІІ. Сабақтың
жүрісі:
Ұйымдастыру кезеңі:
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін
анықтау.)
Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі:
Сабақтың білімділік
мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын
тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,
тапсырма орындау барысында қиындықтарды
анықтау;
- кеткен кемшіліктерді
жою.
1. Жаттығуды
тексеру.
Оқушыларды білімді, саналы және белсенді
түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
ІІ. Ақпараттық кезең:
-
Электртерістілік-
элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын
сипаттайтын шама.
-
Электртерістілік –
период бойынша солдан оңға қарай, топ бойынша төменнен жоғары қарай
артады.
Атомдар өзара
әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:
Ковалентті байланыс -
Ортақ электрон жұбы
арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады.
Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге
бөлінеді..
-
Егер байланыс түзуші
элементтердің электртерістіктері бірдей болса,
ковалентті полюссіз байланыс
түзеді.
(О2,Н2,N2,
Cl2)
Қарама - қарсы спиндері
бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті
полюссіз байланыс түзіледі. Ол былай
жазылады.

2)
байланыс түзуші элементтердің электртерістіктерінің айырмашылығы аз
болса, ковлентті
полюсті байланыс
түзіледі.
-
CH4
молекуласында sp3
гибридтену жүреді. Байланыстыруға бір s- және үш
p-электрондары қатысады да, тетраэдрлік конфигурация
түзеді.

Тетраэдрлі CH4
молекуласындағы sp3
гибридтенуі, бұрыш 109˚28 ̋
6
Сº
1S22S22P2
+ E
→ 6C*1S22S12P3

Метан
молекуласындағы төрт С – Н байланыстарының барлығының қасиеттері
бірдей, <HCH = 109º28׳
бұрыш жасап орналасады.
3)Эрекеттесуші элементтердің электртерістіктерінің
айырмашылығы үлкен болсаиондық
байланыс
түзеді.
КCl –
дың түзілуі
Кристалдық торлардың түрлері
|
Кристал
торлар
|
Түйіндерінде
|
Өкілдері
|
Қасиеттері
|
|
Атомдық
|
Атомдар
орналасады
|
Алмаз,
графит
|
Балқу, қайнау температурасы
жоғары
|
|
Молекулалық
тор
|
Молекулалар
|
О2,Н2,N2,
Cl2
|
Балқу, қайнау температурасы
төмен. Қ.ж. мұндай заттар газ күйінде
болады
|
|
Иондық
тор
|
Иондар
|
NaCl, KF,
LiCl
|
Қатты, суда жақсы ериді.
Балқу, қайнау температурасы жоғары
|
|
Металдық
тор
|
Металл атомдары мен иондар
орналасады. Оларды бос электрондар
байланыстырады.
|
|
Металдар кристалды қатты
заттар
|
Үйге
тапсырма: §4. Тап. В,С 31
бет