Материалдар / Химиялық элементтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтерд және оның адам ағзасына әсері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
815
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігінің басқармасы

Амангелді ауданы білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі

Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі









Ғылыми жоба тақырыбы:

«Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері»













Жобаны орындаған:

8 «Б» сынып оқушысы Шакарова Дилара

Жетекшісі: Хамитбекова Мадина Рахымбекқызы

химия пәні мұғалімі























2020-2021 оқу жылы








Мазмұны


Абстракт_____________________________________________________3

Кіріспе _______________________________________________________4-5

Негізгі бөлім

I.Химиялық элементтер жайлы ақпарат ____________________________6-7

II.Адам ағзасындағы химиялық элементтердің сыры _________________8-12

III. Азық-түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің

мөлшері______________________________________________________13-14

Қорытынды __________________________________________________15-16

Пайдаланылған әдебиеттер ______________________________________17


























Аннотация


Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүретіні баршамызға мәлім. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасуын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ағзаға түскен элементтердің әрқайсысы дерлік белгілі бір биологиялық қызметті атқарады.

Мені толғандырып жүрген мәселе химиялық элементтердің қолданылуы, маңызы, адам ағзасындағы биологиялық рөлі. Сондықтан осы жобанының тақырыбын «Адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері» тақырыбын алдым. Зерттеу барысында адам ағзасы үшін өте маңызы зор элементті кеңінен тануға тырыстым. Әр элементтің құрамын, маңызын, қасиетін , адам денсаулығына әсерін қарап, қызығушылығым артты.

Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

Жобаның мақсаты: Адам ағзасына Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің маңызды екенін және олардың қандай рөл атқаратыны жайлы бағыт – бағдар беріп, өскелең ұрпаққа адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.

Міндеттері:

Химиялық элементтер жайлы оқып танысу.

Адам ағзасына химиялық элементтердің әсерін қарастыру.

Азық – түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшерін анықтау.

Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: химиялық элементтер жайлы ақпарат беру, адам ағзасына әсері туралы түсінік беру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде өзім азық – түліктер мен жеміс – жидектерге жүргізген зерттеуіммен бөлісемін.

Болжам: егер де, адамдар өз денсаулығына көңіл бөлсе онда химиялық элементтердің қаншалықты денсаулығына әсерін толық түсінеді, яғни салауатты өмір салтын ұстанады.

Күтілетін нәтиже:

► мазмұнына сәйкес ақпарат беріледі;

► химиялық элементтердің ағзаға әсері туралы білетін болады;

► өз денсаулықтарына көңіл бөлетін бөледі.






КІРІСПЕ


Елбасымыз жылда Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау ісіне айрықша көңіл бөліп, байыпты да жүйелі өзгерістерді талап етуде.

Денсаулықтан асқан байлықтың жоқ екендігін бәріміз де жақсы білеміз. Адам денсаулығы ешқандай байлыққа бағаланбайды.
"Денсаулық - зор байлық" дейді дана халқымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық - адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлығы болып табылады. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ! Осы орайда мемлекетіміз соңғы жылдары тиісті қаражаттарды бөліп, халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөліп, ғалымдарымыз табиғаттағы өзгерістер мен қоршаған ортаның әсері жайлы көптеген зерттеулер жүргізуде. Әлемдік жаһандану аясында табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасына бірден көбейе түсуі және де ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуіде байқалуда. Элементтердің барлығы дерлік тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсерін тигізетіні анық.

Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүретіні баршамызға мәлім. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасуын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ағзаға түскен элементтердің әрқайсысы дерлік белгілі бір биологиялық қызметті атқарады.

Қазақстанның болашағы дені сау, білімді ұрпақтардың қолында деген сөзді күнде естіп жүрміз. Сол себепті осы тақырыпты өз жетекшімен талқылай отырып, адам ағзасына химиялық элементтердің тигізетін әсері жайлы шағын жобаны жазуға бел будым.

Жобаның мақсаты: Адам ағзасына Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің маңызды екенін және олардың қандай рөл атқаратыны жайлы бағыт – бағдар беріп, өскелең ұрпаққа адам ағзасы химиялық элемент негізінен тұратынын дәлелдеу.

Міндеттері: Химиялық элементтер жайлы оқып танысу.Адам ағзасына химиялық элементтердің әсерін қарастыру. Азық – түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшерін анықтау.Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: химиялық элементтер жайлы ақпарат беру, адам ағзасына әсері туралы түсінік беру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде өзім азық – түліктер мен жеміс – жидектерге жүргізген зерттеуіммен бөлісемін.

Болжам: егер де, адамдар өз денсаулығына көңіл бөлсе онда химиялық элементтердің қаншалықты денсаулығына әсерін толық түсінеді, яғни салауатты өмір салтын ұстанады.

Күтілетін нәтиже:

► мазмұнына сәйкес ақпарат беріледі;

► химиялық элементтердің ағзаға әсері туралы білетін болады;

► өз денсаулықтарына көңіл бөлетін бөледі.

































ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ



Біз адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық заттардан ал 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұратынын жақсы білеміз.

Атап айтатын болсақ, органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай - ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ал ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде периодтық жүйедегі мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мәселен, егер адамның салмағы 70 кг болса, онда 1700 грамм кальций, 250 грамм калий, 70 грамм натрий, 42 грамм магний, 5 грамм темір, 3 грамм мыс болады.

Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі. Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы болып табылады. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Ал тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді. H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементте. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дайын толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан да химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс көп болуы да ауыр салдарға әкеп соғады. Тіпті қазір тағамннан да улану көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне осылардың әсері бар.

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры болып саналады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мәселен, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреу - кесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Егер бұл элементтер жетіспесе, ауырасыз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мәселен, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзалағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда эдектролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азайып, магний мен калий көбейеді. Ағзадағы микро және макроэлементтерді гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мәселен, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарлайды. Жас ұлғайған кезде кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшері азаяды. Ал фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

.











АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ СЫРЫ


Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры болып саналады. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мәселен, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреу - кесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Егер бұл элементтер жетіспесе, ауырасыз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мәселен, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзалағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда эдектролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азайып, магний мен калий көбейеді. Ағзадағы микро және макроэлементтерді гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мәселен, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарлайды. Жас ұлғайған кезде кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшері азаяды. Ал фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

Темір элементінің ағза үшін орны ерекше. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте маңызды. Егер темір жетіспесе, баршамыз білеміз белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болатынын. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды.

Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті.Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және асқазанның сілекейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

Кальций элементі адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 гр кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызы кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D дәрумені, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі.

Йод – өмірлік маңызы бар элементтердің бірі десек қателеспейміз. Ол қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғашқы кезекте қалқанша безінің ауруын қоздырады. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр

Азық-түліктер мен жеміс-жидектердегі химиялық элементтердің мөлшері

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да кездеріміз болады. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. Ендеше өз денсаулығымыз үшін күнделікті пайдаланатын тағамымыздың құрамына көңіл бөлуіміз керек. Осы орайда мен сіздерге қандай тағамның құрамында қандай химиялық элементтер бар екендігі жайлы жүргізген зерттеуімді ұсынамын. Жалпы алғанда біз кальций сүтте, ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болатынын біле бермейміз.

Ағзада кальций құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Ал кальций цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян болады.

1-сурет.

 

Сүт Ірімшік



Сүт сірне Қара нан

Жұмыртқа сары

Біз көбіміз құрамының қаншалықты химиялық элементтерге бай екенін біле бермейміз. Өзім осы құрманының құрамын зерттегенде білдім. Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.

Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш – қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.

Жемістің құрамындағы В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 – 15 түйірден артық жеуге болмайды.

1 – сызбанұсқа.

Ca Fe

K 10-15 түйір күніне

Mg Көмірсутек

Cu P

Mn Ақуыз

Ішек

ауруына көмек етеді

Бұлшық ет нығаяды

Se Асқазанға пайдалы Ана сүті молаяды

Тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп. Әр өнімнің 100 г мөлшеріндегі фосфор төмендегі мысалда келтірілген.

2 – сурет.

   

Қара нан 100-200 мг Сүт сірне (сыр) 400-600 мг Жұмыртқа

 

Қырыққабат 31 мг Ет 150-200 мг

Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал өте аз мөлшерде тіршілікке маңызды болып табылатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе, улы болып табылады.

   

Ірімшік 217-224 мг Балық Лобия 541 мг

Асқабақ Латын Америкасынан шыққан, бірақ ол біздің жерімізде де орнықты. Қызғылт, сары, дәмді балдырынан басқа оның емдік қасиетті тұқымы да бар. Оны жапон диетологы Дж. Осава пайдалы өнімдер кестесінің ішінде бірінші орынға қояды. Әсіресе қауын тәрізді емес, дөңгелек асқабақтың тұқымы бағалы. Тұқым несімен пайдалы дейсіз ғой. Онда 36 – 52 пайыз майлар (холестеролсыз), шайыр, органикалық заттар, Е, А дәрумендері, аздаған Д, К дәрумендері бар және микро мен макроэлементтер мол. Әсіресе ондағы мырыш пен темір бағалы және магний, кальций, фосфор, ақуыздар да көп.

Құрамындағы мырыш бойынша асқабақ пен күнбағыс ерекше даңққа ие болады, өйткені осы өнімдердегі мырыш мөлшері устрицалардан соң екінші орынды иеленеді. Ал мырыш әйелдерге қарағанда ер адамдарға 5 – 8 есе артық қажет.

Нәруыздың құрамына көміртек 51-55%, оттек 22-24%, азот 15-20%, сутек 6,5-7%, күкірт 0,3-2,5%, фосфор шамамен 0,5%-ды құрайды. Калий бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.

Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады.

Қазақта «Тамақ дәмін тұз келтірер, тұз болмаса не келтірер» деген сөз бар. Ас тұзы адам ағзасындағы заттар тұрақты болу үшін және биосұйықтықтың осмос қысымын тұрақты ұстау үшін үлкен роль атқарады. Ол ағзаға толық тарай отырып, қан сарысуында, арқа-жұлын сұйықтығында, көз сұйығында, ас қорыту сөлінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпасында, өкпеде, мида хлоридтер, фосфаттар, гидрокарбонаттар түрінде кездеседі. Сондықтан қазақ хал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!