Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химияның жүйелік курсында элементтер және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Химияның жүйелік курсында элементтер және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі тақырыбында сабақ жоспары, тақырыпты қамтитын тапсырмалар. Соның ішінде Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері туралы мәліметтерді салыстырмалы түрде кестеге толтыру, Есептер шығару, Дұрыс тұжырымдарды белгілеу, Сипаттамаларға сәйкес азот оксидін табу, белгісіз затты табу тапсырмалары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Химияның жүйелік курсында элементтер және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты: элементтер және олардың қосылыстары тақырыптарының мазмұны мен әдістемесін меңгерту.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Азот топшасын оқып-үйренудің негізгі әдістемелік мәселелері.

2. Көміртегі топшасы.

3.«Металдар» тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.

Сабақтың барысы:

Студенттерді flippity.com қосымшасы арқылы 4 топқа бөлу.

«Көміртек және оның қосылыстары» бойынша теориялық мәліметтерді қайталау.

1. Химик

2. Физик

3. Геолог

4. Биолог (5 минут)

1-тапсырма. Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері туралы мәліметтерді салыстырмалы түрде кестеге толтыру (5 минут)

2-тапсырма. Есептер шығару (10 минут)

1. Термохимиялық теңдеуді пайдаланып, массасы 1 кг көміртек

жанғанда қанша жылу бөлінетінін есептеңіздер. С + О2 = СО2 + 402 кДж

2.Массасы 187,52 г көмірді жаққанда (қ.ж.) 336 л көміртек (IV) оксиді

түзілген. Көмірдің осы үлгісіндегі көміртектің массалық үлесін (%)

табыңыздар.

3.Берілген реакцияны электрондық және иондық баланс әдісімен теңестіріңіз: C+ HNO3 =


CO2 + NO + H2O

4.СаСО3 = CaO + CO2 – 180 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша 10%

ыдырамайтын қоспасы бар, 0,5 т ізбес тасты жағу үшін қанша энергия

қажет екенін есептеңіздер.



3-тапсырма. 8.4В. Көміртек және оның қосылыстары бөлімі бойынша оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар әзірлеу (10 минут).

4-тапсырма. Дұрыс тұжырымдарды белгіле (5 минут).

5-тапсырма. Сипаттамаларға сәйкес азот оксидін тап (5минут).

6-тапсырма. Жалғыз ғана таза заттан тұратын, жасыл Х ұнтағын қара түсті қатты зат пен түссіз газ түзілгенше қыздырады. Түссіз газды әк суынан өткізгенде, әк суы лайланады (5 минут).

a) X элементке жата ма? Жауабыңды түсіндір

b) Х металы 1-ші топ элементіне жата ма, әлде өтпелі элемент пе? Неге?

c) Қандай газ туралы сөз қозғалды?

d) Егер қара ұнтақты сутек газымен қыздырсақ, су мен алтын-қызғылт түстес металл түзіледі. Бұл қандай металл екенін және Х-тің қандай зат екенін анықта.

e) X-тің ыдырау реакциясын жаз.

Рефлексия. «СМС» әдісі (5 минут)

Сабақта не ұнады?

Маған ұнамады..

Сабақта өзгерткім келеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12