400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың өмірде қандай қиындық болса да оны жеңе білуде, өзін-өзі тәрбиелеуде дұрыс әрекет құндылықтарын үйренуіне ықпал ету үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Бірлес орта мектебі.

Сынып 2. №3-сабақ

Тақырып: Х.К.Андерсеннің дана ертегілері

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қамқорлық, кішіпейілдік, ізгілік

Мұғалiм: Молдабекова Н:


Сабақ мақсаты: Балалардың өмірде қандай қиындық болса да оны жеңе білуде, өзін-өзі тәрбиелеуде дұрыс әрекет құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды Х.К.Андерсеннің ертегілерімен таныстыра отырып, қамқорлық істері жайлы әңгімелеуге және жақсы істер жасауға талпындыру;

Дамытушылық: өзін,өзгелерді, жалпыадамзаттық құндылықтарын танып білуде ізгілік қасиетін арттыру;

Тәрбиелілік: Қамқорлыққа, кішіпейілдікке, ізгілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

үнтаспа, дәптер, оқулық


Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Қош келдіңдер, балалар!

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

-Қандай әсерде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

3- сабақ Ханс Кристиан Андерсеннің «Түймеқыз» үзіндісін оқып келу.

Сұрақтар қойылады.

  • Түймеқыздың қарлығашқа қамқорлық жасауының себебі неде?

  • Түймеқыз жақсылығының өтеуін күтті ме?

  • Өзіңе басқаралардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер?

Ескерту:

  1. Дәйексөз.

«Ертегілер – жақсылықтың ұясы.» нақыл сөзді тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау.

Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

Асыл тас «аңыз әңгіме)

Сұрақтар қойылады.

  • «Үшкір, әрі өткір қырлары жоқ» адамда қандай қасиеттер болады?

  • Қалай ойлайсыңдар адамның осал мінезінен құтылуына не көмектеседі? Мысал келтіріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма. Өздерің үлкендерден қандай ертегілер естідіңдер? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

2-тапсырма. Андерсен ертегісіндегі ертекші Оле-Лукойемен танысыңдар. Дәптерге оның шапаны мен қолшатырының суреттерін салып, бояңдар.







  1. Топпен ән айту.

Арман . М.Шаханов.


  1. Үй тапсырмасы.

4-сабақ. Х.К.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» әңгімесін оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақта үйренгендеріңді жүректеріңе түйіп алыңдар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.01.2018
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі