|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 5 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№19 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2023 жылғы " "
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл» сұрақтар, «Wordwall.net» әдісі, «Миға шабуыл» сұрақтар
Пәнаралық байланыс: Анатомия, физиология
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
Хлоропластың құрылымы мен қызметі арасында өзара байланыс;
Хлоропластың құрылысы мен негізгі құрылымдық компоненттері;
Тәрбиелік:
құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
ой өрісін кеңейту:
тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс істеп білуг еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас ортата білу;
-«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2. Күтілетін нәтижелер
Хлоропластың қызметтерін;
Кальвин цикліне қатысатын еритін ферменттер;
Өсімдіктер үшін хлорофилдің рөлі;
Хлоропласт, фотоцинтез, пластидтер, мембрана, гомопластид, гетеропластид, строма, хлорофил;
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 сынып – Алматы: 2019, Мектеп https://www.okulyk.kz/10-class
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін тексеріледі.
Миға шабуыл сұрақтар
-
Ферменттер белсенділігіне рН-тың әсері.
-
«Ферменттің белсенді орталығы» ұғымдарына анықтама беріңдер
-
Ферменттердің белсенділігін анықтайтын факторларды атаңдар?
-
Орта температурасының төмендеуі не жоғарылауы ферментке қалай әсер етеді?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
Хлоропласт жасыл пластидтер деген атаумен белгілі фотосинтез процесі жүзеге асатын өсімдік жасушаларының органеллалары. Пластидтер энергия өндіруге қажет заттарды сақтауға және жинауға комектеседі. Хлоропласта фотосинтез процесі үшін жарық энергиясын сіңіретін хлорофилл деп аталатын жасыл пигмент болады. Хлоропластардың митохондриялар сияқты энергия өндіруге жауапты меншікті ДНҚ-сы бар және бактериялық бинарлы бөлінуге ұқсас бөліну процесі арқылы жасушаның қалған бөлігіне қарамастан өндіріле береді. Олар сондай-ақ сол хлоропластардың өндірілуіне қажет болатын аминқышқылдары мен липидті компоненттердің өндірілуіне де жауапты. Хлоропластар сонымен қатар фотосинтез процесіне қатысатын балдырлар сияқты басқа организмдердің жасушаларында да кездеседі.
Хлоропластардың шығу тегі. Қазіргі уақытта өсімдік жасушаларындағы хлоропластардың эндосимбиоздық шығу тегі жалпылама қабылданып отыр. Қыналар Саңырауқұлақтар мен балдырлардың селбесіп тіршілік етуінен пайда болған төменгі сатыдағы өсімдік екені белгілі, жасыл біржасушалы балдырлар саңырауқұлақ жасушаларының ішінде тіршілік етеді. Осындай жолмен бірнеше миллиардтаған жыл бұрын фотосинтездеуші цианобактериялар (көк жасыл балдырлар) эукариотты жасушаларға еніп, содан кейін эволюция барысында ядролық геномдығынан аса маңызды гендердің басым бөлігін бере отырып, өзінің автономдығынан айырылды деп болжайды.
Нәтижесінде тәуелсіз бактериялық жасушалар бастапқы қызметін фотосинтезге қабілеттілігін сақтап, жартылай автономды органеллага айналады, алайда фотосинтездік аппараттың қалыптасуы қосарланған ядролық-хлоропластық бақылауда болады. Хлоропластардың бөлінуі және ДНҚ, РНҚ нәруыз тізбегінде жүзеге асырылатын генети калық ақпараттың жүзеге асу процесі ядроның бақылауына өтеді. Хлоропластардың прокариоттық шығу тегі даусыз екені олардың ДНҚ- сының нуклеотидтік реттілігін талдау кезінде анықталды.
Хлоропластардың құрылысы. Хлоропласт сыртқы және ішкі - екі мембранадан тұрады, олардың арасында мембранааралық кеңістік болады. Хлоропластың ішінде ішкі мембранадан қатпарлана өсіп шығатын күрделі тилакоидті құрылым түзіледі. Хлоропласты толтырып тұрған гель тәрізді зат строма деп аталады (12-сурет).

Әрбір тилакоид стромадан бірқабатты мембрана арқылы бөлініп түрады. Тилакоидтің ішкі кеңістігі люмен деп аталады. Тилакоидтер хлоропласта граналарға бірігеді. Граналар саны әртүрлі болады. Олар бір-бірімен ерекше, ұзынша тилакоидтер ламеллалар арқылы байланысады. Қарапайым тилакоид домалақ диск тәріздес болып келеді.
Стромада хлоропластың өзінің сақина тәрізді молекула түріндегі ДНҚ-сы, РНҚ-сы және прокариоттық түрдегі рибосомалары болады. Осылайша бұл жартылай автономды органоид өз нәруыздарының қандай да бір бөлігін синтездей алады. Хлоропластың құрылымы Фотосинтез процесін қамтамасыз етеді. Фотосинтезге байланысты реакциялардың бөрі стромада және тилакоидтердің мембранасында жүреді. Стромеда фотосинтездің қараңғы кезеңінің реакциялары, мембраналарда жарык кезеңінің реакциялары жүреді жане олар әртүрлі фермент жүйелерінен тұрады. Стромада Кальвин цикліне қатысатын еритін ферменттер болады.
Хлоропластардың химиялық құрамы едеуір күрделі және құрамында су мөлшері жогары (75%). Құрғақ заттың шамамен 75-80%-1 әртүрлі органикалық заттар үлесіне тиесілі, 20-25%-і минералды заттар, Хлоропластардың құрылымдық негізін құрайды, олардың мөлшеріне құрғақ заттың 50-55%-1 тиесілі, олардың шамамен жартысы суда еритіндер.
Наруыздардың бұлай көп болуы олардың хлоропласт қүрамында әр алуан қызмет атқаруымен байланысты: құрылымдық поруыздар, фермент нәруыздар, цитозольден ерекшеленетін белгілі бір иондык қүрамды ұстап түратын тасымалдаушы-поруыздар, бұлшықет акто миозиніне ұқсайтын хлоропластардың қозғалыс белсенділігін кам тамасыз ететін жиырғыш-норуыздар. Нәруыздар сондай-ақ ісі және сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларында фотосинтез қарқындылығын реттеуге қатысу арқылы рецепторлық қызмет те аткарады. Сонымен қатар хлоропластардың маңызды құрамдас бөлігі липидтер, олардың мөлшері құрғақ массаның 30-40%-ке жуығын құрайды. Хлоропластардагы көмірсулардың мөлшері айтарлықтай өзгеріп отырады (5%-тен 50%-ке дейін). Белсенді өрекет ететін хлоропластарда көмірсулар, одетте, жинақталмайды, олар тез ағып кетіп отырады. Фотосинтез өнімдерінің қажеттігі азайғанда хлоро пластарда ірі крахмал дәндері пайда болады. Бұл жағдайда крахмал құрғақ массаның 50%-ін құрап, хлоропласт белсенділігі төмендеуі мүмкін. Хлоропластарда минералды заттар көп болады. Хлоропластар жапырақ салмағының 25-30%-ін құрайды, бірақ оларда жапырақта болатын темірдің 80%, магний мен мырыштың 70- 72%, мыстың шамамен 50%, кальцийдің 60%-і шоғырланған. Бул хлоропластардың жогары жоне ортүрлі ферменттік белсенділігімен түсіндіріледі. Хлоропластардың мембраналық құрылымын түрақтандыруда кальций маңызды рөл атқарады.
Хлоропластар, одетте, осімдік жапырақтарында орналасқан қор ғаныш жасушаларында кездеседі. Қорғаныш жасушалар лептесік деп аталатын кішкене саңылауларды қоршап, фотосинтезге қажет газ алмасуды қамтамасыз ету үшін оларды ашып жоне жауып тұрады. Хлоропластар мен басқа пластидтер пропластидтер деп аталатын жетілмеген, жіктелмеген пластидтердің әртүрлі типтерінде дамитын жасушалардан пайда болады. Хлоропластқа айналатын пропластид бұл процесті тек жарықта жүзеге асыра алады. Хлоропластарда әрқайсысы арнайыланған қызмет атқаратын бірнеше құрылым болады (13-сурет).

Хлоропластардың қызметі. Хлоропластардың негізгі қызметі жарық энергиясын ұстап, оны өзгерту. Граналар түзетін мембраналардың құрамына жасыл пигмент хлорофилл кіреді. Дәл осы жерде фотосинтездің жарық кезеңі реакциялары хлорофилл арқылы жарық сәулелерін сіңіріп, жарық энергиясын қозған электрондар энергиясына айналдырады. Жарықтың әсерінен қозған, яғни артық энергиясы бар электрондар өз энергиясын суды ыдыратуга және АТФ-ті синтездеуге жұмсайды. Су ыдырағанда оттек пен сутек пайда болады. Оттек атмосфераға бөлінеді, ал сутек ферредоксин нәруызымен байланысады. Ферредоксин содан кейін қайта тотығады және бұл сутек қысқаша НАДФ деп белгіленетін тотықсыздандырғышқа қосылады. Сөйтіп, тотықсызданған түрі НАДФ-Н, күйіне айналады.
Осылайша фотосинтездің жарық кезеңі реакцияларының соңында су мен жарық энергиясын пайдаланатын АТФ, НАДФ-Н, жане оттек түзіледі.
Хлоропластар жасуша бойымен қозғалуға қабілетті. Егер жарық әлсіз болса, олар жасушаның жарыққа қараган қабырғасының астында орналасады. Бұл кезде олар жарыққа бетімен қарап түрады. Ал егер жарық тым көп болса, онда олар жарыққа қырынан қарайды да, жарық сәулелеріне параллель қабырғалар бойында тізіле қалады. Жарық ор- таша болса, осы екі жағдайдың ортасын таңдайды.
Хлоропластардың мұндай қозғалуы (фототаксис) — өсімдіктердегі тітіркенгіштің бір көрінісі. Хлоропластар жасуша жүйесінде белгілі бір автономияға ие (14-сурет). Оларда меншікті өз рибосомалары және нәруыздарының синтезін анықтайтын бірқатар заттар жиынтығы болады. Сонымен бірге атқаратын қызметі ламелла және хлорофилл қүрамына кіретін липидтердің түзілуіне әкелетін ферменттері де бар.

Тағы бір өте маңызды қызметі көміртек диоксидін сіңіру неме се көміртек диоксидін түту (фиксациялау), яғни оның құрамындағы көміртекті органикалық қосылыстар құрамына қосып алу. Бүл М. Кальвин мен А. Бенсон ашқан және авторлардың құрметіне Каль вин-Бенсон циклі деп аталған реакциялардың күрделі циклінде жүзеге асады. Осы жаңалығы үшін олар Нобель сыйлығын алған. Хлоропласт жасыл пластидтер деген атаумен белгілі фотосин тез процесі жүзеге асатын өсімдік жасушаларының органеллалары. Пластидтер энергия өндіруге қажетті заттарды сақтауға және жинауға комектеседі. Хлоропласта фотосинтез процесі үшін жарық энер гиясын сіңіретін хлорофилл деп аталатын жасыл пигмент болады. Хлоропластардың митохондриялар сияқты энергия өндіруге жауапты меншікті ДНҚ-сы бар және бактериялық бинарлы бөлінуге ұқсас бөліну процесі арқылы жасушаның қалған бөлігіне қарамастан өндіріле береді. Олар сондай-ақ сол хлоропластардың өндірілуіне қажет болатын аминқышқылдары мен липидті компоненттердің өндірілуіне де жауапты. Хлоропластар сонымен қатар фотосинтез процесіне қатысатын балдырлар сияқты басқа организмдердің жасушаларында да кездеседі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Миға шабуыл сұрақтар
-
Тилакоидты граналардан бос кеңістікті не деп атайды?
-
Хлоропласт денесінің қанша %-ы су болып келеді?
-
Пластидтерде нуклеин қышқылдарын тапқан ғалымдар?
-
Хлоропластың денесі қанша %-ға дейін белоктан тұрады?
«Wordwall.net» тест әдісі арқылы тест тапсырмасына жауап беру жұмысы.
https://wordwall.net/es/resource/60728988/

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
Тапсырма: Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.
Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 34-39 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.

шағым қалдыра аласыз