400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

І. Жансүгіров

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІІ ТАРАУ. АДАМ ЖАНЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Мектебі: № 36 орта мектебі

Күні: 10.01. 2020 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Сейталиева Гуляим Жаналиевна

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

І. Жансүгіров

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаты

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

  • автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Бағалау критерийі


  • Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: проза, драма, поэзия, әңгіме, жыр, классик, жинақ, журналистика, поэма және т.б.  

Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Жыр Құлагері», «Тілші», «Еңбекші қазақ», «Кедей теңдігі», «Лениншіл жас» газеті, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналы, «Сығанақ» кітабы және т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар

Не себепті деп ойлайсыз?

Не себепті деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

ТЖБ

Сабақтың барысы

Сакбақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут


4 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Оқушылармен сәлемдесіп, тізім бойынша түгелдеу. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын қадағалау.

Сынып журналы

ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ: «Миға шабуыл» әдісі.

Тапсырма қадамдары:

  1. І.Жансүгіров туралы не білесіңдер?

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап бере алады.

Қалыптастырушы бағалау (Өзін-өзі бағалау ауызша жүреді):

Дескриптор негізінде өзін-өзі бағалау

Google Chrome мен смартфон, ноутбук

КІРІСПЕ:

Оқу мақсатымен таныстыру:

9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Бағалау критерийі:

  • Үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді







1 минут

Оқушыларды «Құлагер», «Домбыра», «Әнші» деген сөздер арқылы топқа бөлу.

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

20 минут

ДАМУ: Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты. Ілиястың екінші бір ерекшелігі – поэзиялық тілінде. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады. Қ. Жұмалиев

Тапсырма қадамдары:

Әр топқа І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайында мәтіндер беріледі. Оқушылар мазмұнымен танысады, өзара талқылайды.
1. «Құлагер» тобына – І. Жансүгіровтің балалық шағы
2. «Домбыра» тобына – І. Жансүгіровтің алған білімі
3. «Әнші» тобына – І. Жансүгіровтің шығармашылығы

Дескиптор

  • Ақынның балалық шағы туралы айтады;

  • Ақынның оқыған мектебі туралы айтады;

  • Ақынның шығармашылығы туралы айтады.

Қалыптастырушы бағалау (Өзара бағалау):

Ілияс Жансүгіров туралы сұрақтар:

  1. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы не білдіңдер?

  2. Әдебиетке деген қызығушылығының ояну себептері қандай?

  3. Ақын қандай қызметтерді атқарады?

  4. Тұңғыш кітабы қандай атаумен жарық көрді?

  5. Алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?

  6. І.Жансүгіров қандай поэмалардың авторы?

  7. Ақынның өнер тақырыбына арналған қандай шығармаларын білесіңдер?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

«Оқимын» өлең

Менің пікірім

Бесікке бөлеп бөбегін,
Шөките қойып шүмегін,
Бауырсақ шайнап жегізген;
Жая десем жал беріп,
Шекер десем бал беріп,
Аялап мама емізген
Аяулы анам аман бол!
Ұлықсат қыл, оқимын.
Оқығанда кім болам?
Жанарыңа нұр болам.
Ашамайлап тай байлап.
Тай терлетсем бай-байлап,
Азырақ ағат іс қылсам,
Әуліккен әкем айғайлап;
Қозыда ұйықтап қалғанда,
Ат баурына алғанда:
Айырған анам қой-қойлап.
Алапқа мені айдаушы ең,
Ұзақ күн өзің дойбы ойнап,
Жүре алман, әке, той-тойлап,
Әзірге, әке-ау, аман бол,
«Жол болсын» айт, оқимын.
Оқығанда кім болам?



«Апараттар ағыны» әдісімен


Сабақтың аяғы

6 минут


БҮКІЛ СЫНЫП ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС:

Сабақты қорытындылау

1937 жылы 5 тамыз күні жікшілдер мен шаш ал десе, бас алатын қаныпезерлердің кесірінен қамауға алынып, 1938 жылы 26 ақпан күні ату жазасына бұйырылады. Тек 1957 жылы 12 көкекте жазықсыз жазаға ұшырап, республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзу дың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны, жазушы, журналист Ілияс Жансүгіров толықтай, ақталып, туған халқымен қауышады.

Рефлексия

«Плюс-минус-қызықты».

Плюс - оқушылар ең алдымен сабақтың оңтайлы шыққан тұсын айтады, неге олай деп шешкенін түсіндіреді;

Минус - одан кейін кемшін түскен жағын көрсетіп, оны қалай жетілдіруге болатындығы туралы ұсыныс білдіреді;

Қызықты – сабақта өзіне ұнаған қызықты мəселе туралы айтып, өзінің кері байланысын жағымды аяқтайды.


Оқу құралдары, таймер

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы

1 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін жаттау.

Оқулық

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік; АКТ-мен байланыс; құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия





Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі