ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Б.С.Тажибаева
«_____» _____2025 ж.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Мамандығы: 02210100 Исламтану
Пәні: Құран ілімдерін меңгеру
Ашық сабақ
Тақырыбы: Құранның халифалар дәуірінде жинақталуы мен көбейтілуі
Оқытушы: Нурдаулетқызы Хадиша
Курс: 3
Топ: 04-433
Шымкент 2025 жыл.
Пәні: Құран ілімдерін меңгеру
Күні: 12.11.2025
Тобы, курсы: 04-433, 3
Сабақтың тақырыбы: Құранның халифалар дәуірінде жинақталуы мен көбейтілуі
Сабақтың түрі: Тәжірибелік
Сабақтың мақсаты: Студенттерге Құранның алғашқы халифалар дәуірінде (Әбу Бәкір, Омар, Осман) қалай жинақталып, көбейтілгенін түсіндіру.
Сабақтың оқыту нәтижелері:
-
Құранның жинақталу кезеңдерін атайды.
-
Халифалардың Құранды жинақтаудағы рөлін түсіндіреді.
-
Құран нұсқаларының айырмашылығын сипаттайды.
Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер:
-
Құрманбаев.Қ. Құран ілімдеріне кіріспе (https://share.google/McjP4wJBYjcR3QMHZ)
Сабақтың жоспары:
1. Сабақты ұйымдастыру (5 минут):
А) Студенттермен амандасу.
Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.
Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.
Сергіту сәті: «Бір ауыз жылы сөз» (студенттер қатар тұрып, әр студент бір-біріне жылы лебіздерін айтады).
2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі(20 минут):
Тапсырма: Топтар бөлінген тақырыптар бойынша плакаттар дайындап қорғау.
1-топ: Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы
2-топ: Алғашқы және соңғы түскен аяттар
3-топ: Құран аяттарының бөлек-бөлек түсуінің сырлары
Тексеру әдісі:
Қай топ өз тақырыбын толық қамтыды, дайындаған көрнекіліктері мен жеткізе алуына, топтық ынтымақтастыққа мән беру.
3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (10 минут):
А) Жаңа сабаққа студенттердің назарын аударту.
Ә) Жаңа сабақтың тақырыбын жоспарын, мақсатын хабарлау.
Б) Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.
Тақырыпқа қызығущылықты ояту:
– Тақтада қысқаша видеоматериал көрсету.
– Миға шабуыл: «Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы кезеңдері?» сұрағын қою.
(Жауаптар арқылы сабақ тақырыбына табиғи көшу.)
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (20 минут):
Лекция мазмұны:
Пайғамбар (с.а.с.) дүние салғаннан кейін мұсылмандардың әміршісі болып Әбу Бәкір (р.а.) тағайындалды. Бұл кезде уахи тәмамдалып, түрлі заттарға жазылған сүрелер мен аяттар әр жерде бытыраңқы күйде және сахабалардың жадыларында сақталған еді. Халифа Әбу Бәкірдің дәуірінде, жалған пайғамбар Му сайлама әл-Кәззәптың соңына ергендерге қарсы бой көтерген Йәмәма шайқасында (хижраның 11 жылы) көптеген Құран жаттаған сахабалар, кейбір деректер бойынша жеті жүзге жуық сахаба шейіт болған. Осыншама тірі Құраннан айырылу көкірегі ояу, көзі ашық Омарды (р.а.) қатты толғандырса керек. Ол дереу халифаға барып, Убәй ибн Кағыб, Ибн Масғуд, Зәйд ибн Сәбит секілді Құран жаттаған саңлақ сахабалардан да көз жазып қалмай тұрғанда, Құран Кәрімді жинақтау турасын да бір бұйрық шығаруын ұсынады. Әуелде «Пайғамбар (с.а.с.) істемеген нәрсені мен қалай істеймін?!» – деп, құп көрмеген халифа Әбу Бәкір кейінірек мұның орынды мәселе екендігіне көз жеткізіп, бұл ұсынысты қабыл алады. Сөйтіп бұл істі атқару үшін пайғамбардың (с.а.с.) уахи жазатын хатшысы Зәйд ибн Сәбитті шақыртады. Осы жайттың куәсі болған Зәйд (р.а.): «Йәмәма шайқасынан кейін Әбу Бәкір (р.а.) мені жанына шақыртты. Барғанымда хазіреті Омар оның қасында екен. Сонда халифа Әбу Бәкір маған: «Омар маған келіп: «Йәмәма шайқасында бірнеше қаридан көз жаздық. Бұдан басқа соғыстарда да осылай қарилардан айырыла берсек, бұл жағдай Құранның жойылуына апарып соғатынынан қорқамын» – деп, Құранды жинақтауды ұсынды»,– деді. Мен оған: «Аллаһтың елшісі (с.а.с.) жасамаған нәрсені мен қалай жасаймын?!» – дедім. Омар ант етіп, мұның қайырлы іс екенін айтып, алған бетінен қайтпады. Соңында Аллаһ тағала көкірегімді ашып, мен де Омардың пікірін мақұлдадым. Ол: «Сен жассың әрі ақылдысың. Сенен күмәнданбаймыз да. Оның үстіне сен пайғамбарымыздың (с.а.с.) хатшысы болдың, әр аятқа мұқият болып, Құранды жинақта»,– деді. Маған тауды тасуымды бұйырса, ол, Құранды жинақтаудан әлде қайда жеңіл болар еді. Мен екеуіне: «Аллаһтың елшісі (с.а.с.) жасамаған нәрсені сендер қалай жасайсыңдар?!» – дедім. Халифа Әбу Бәкір: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұл бір қайырлы іс»,– деді. Кейін, Аллаһ тағала Әбу Бәкір мен Омардың көкейлеріне қондырған нәрсені менің де көкейіме салды. Сөйтіп екеуінің пікірлерін құп көріп, адамдардың жадындағы және құрма тақтайларына, терілерге, тастарға жазылған Құран аяттарын іздеп, жинақтай бастадым. «Тәубе» сүресінің екі аятын Хузайма әл-Ансаридан басқа ешкімнен таппадым»,– деген.
Зәйд Құранды бастан-аяқ жатқа білген. Соған қарамастан халифаның қойған талаптары бойынша алып келінген сүре және аяттардың қабыл етілуі үшін төмендегідей шарттар болуы керектігі қадағаланады:
1. Алып келінген аяттардың жатқа білінуі керек;
2. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) құзырында жазылған болуы керек;
3. Пайғамбар (с.а.с.) құзырында жазылғандығына екі куәгер куәлік етуі керек.
Әбу Бәкір (р.а.) дәуіріндегі Құранды жинақтау ісінен кейін, Омардың (р.а.) халифалығында және Османның (р.а.) халифалығының алғашқы кезеңдерінде, Құранға қатысты айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Алайда, аз уақыттан кейін Әбу Бәкір (р.а.) кезінде жинақталған мұсхафтың бірнеше нұсқаларын көшіріп, көбейту қажеттілігі туындады. Османның (р.а.) дәуірінде ислам мемлекетінің шекарасы кеңейіп, өзге өлкелерге қанат жайды. Сахабалар ислам мемлекетінің өркендеп дамыған орталықтарына бет алды. Олар барған жерлерінде Құранды өздері естіп үйренген қырағаттары бойынша оқытып, ислам шариғатын уағыздай бастады. Солайша әрбір аймақ тұрғындары араларындағы танымал сахабадан Құран үйрене бастады.
Араб түбегіндегі кейбір араб тайпаларының тілі араб тілі болғанымен, араларында өздеріне тән диалектілік айырмашылақтары бар еді. Сондықтан, Құран Кәрім пайғамбарымызға (с.а.с.) сол тілдік ерекшеліктерді қамтыған жеті қаріпте түсті. Бұл алғашқы мұсылмандар үшін жасалған бір жеңілдік болып табылатын. Кейіннен мұсылман болғандар және араб емес ұлттар бұл жайттан бейхабар еді. Олар ұстаздарынан қалай үйренсе, солай оқитын және соны ғана дұрыс деп түсінетін. Міне, осындай себептермен мұсылмандар арасында түсініспеушіліктер пайда болды. Бұл мәселенің неден туындап жатқанын жақсы түсінген Халифа Осман мен сахаба Хузайфа ибн әл-Йәман (р.а.) асыл диалектіні, яғни құрайыш диалектісін негізге алу арқылы барлық мұсылмандарға ортақ мұсхафтың жазылуы мен көбейтілуі сол кездегі ең өзекті мәселе екенін аңғарды. Көп уақыт өтпей-ақ Осман (р.а.) ерекше сенімді, Құран жаттаған төрт сахабадан тұратын алқа құрды. Олар хадсите кел гендей Зәйд ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн Зубәйр, Сағид ибн әл-Ас, Абдуррахман ибн әл-Харис ибн Һишам (Аллаһ олардан разы болсын) еді. Соңғы үшеуі құрайыш тайпасынан болатын. Сосын Хафса бинт Омардан Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде жинақталған мұсхафты алдыртып, алқа мүшелеріне соны негізге ала отырып, мұсхафтарға көшірулерін тапсырды. Кейбір деректерде кеңестің он екі кісіден құралғандығы да айтылады. Сонымен қатар көшіру барысында төменде көрсетілген:
1. Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде жазылған мұсхафты негізге алу;
2. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тарапынан Жәбірейілге соңғы оқылған бір қаріпті негізге алу;
3. Өзара түсініспеушілік туындаған жағдайда құрайыш диалектісін негізге алу, қалған диалектілерді қабылдамау;
4. Тәпсір және түсіндірме мақсатымен жазылған анықтама, ескертпе сөздерді алып тастау сияқты талаптар бойынша жазуды бұйырған.
Сонымен алқа мүшелері мұсхафтың бірқатар нұсқаларын жазып шықты.
5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (30 минут):
1. Топтық талқылауды ұйымдастырады: Тақтада сұрақтар жасырылған ұпайлары әр түрлі ұяшықтар шығады, топпен талқылар әр топтағы барлық студенттер қамтылып жауап берулері керек.
Құран Кәрімнің тілдік және терминдік мағыналары мен атаулары 10
Сұрақ: Құранның анықтамасы
Құран Кәрімнің тілдік және терминдік мағыналары мен атаулары 20
Сұрақ: Құранның атаулары
Құран Кәрімнің тілдік және терминдік мағыналары мен атаулары 30
Сұрақ: Құранның сипаттары
Құран Кәрімнің тілдік және терминдік мағыналары мен атаулары 40
Сұрақ: Аллаһ тағала Өзінің кітабын «Әл-Китаб» деп те атаған. Мысал келтір
Уахи және оның түрлері 10
Сұрақ: Уахидің тілдік мағынасы
Уахи және оның түрлері 20
Сұрақ: Уахидің анықтамасы
Уахи және оның түрлері 30
Сұрақ: Пайғамбарларға келген уахи түрлері мен келу жолдары
Уахи және оның түрлері 40
Сұрақ: Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) түскен уахи сипаттары
Құранның түсу тарихы мен ерекшеліктері 10
Сұрақ: Әл-Ләуху әл-Махфуз деген не?
Құранның түсу тарихы мен ерекшеліктері 20
Сұрақ: Бәйту әл-Изза деген не?
Құранның түсу тарихы мен ерекшеліктері 30
Сұрақ: Құран бірден толық түсті ме, бөлек пе?
Құранның түсу тарихы мен ерекшеліктері 40
Сұрақ: Наср сүресінің соңғы сүре деп айту себебі
Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы 10
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.а.с.) көзі тірісінде Құранды кітап халіне келтірілмеу себебі
Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы 20
Сұрақ: Уахи жазушы сахабалар
Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы 30
Сұрақ: Халифа Әбу Бәкірдің кезінде Құранды жинаудағы талаптар
Құранның жазылуы мен жинақталу тарихы 40
Сұрақ: Халифа Османның кезінде Құранды көшірудегі талаптар
Үздік қатысушыларды мадақтап, ұпай қойылады.
6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут):
1. Оқулықпен жұмыс, берілген тақырыпты оқып келіп түсінік айту.
2. Халифа Әбу Бәкір мен Османның кезеңдеріндегі Құран жазылуының айырмашылығын талдау.
7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):
“Бағдаршам әдісі” арқылы кері байланыс: жасыл- бәрін түсіндім, сары- аздап қиын, қызыл- әлі түсінбедім.
“Бүгін не үйрендік?” – ауызша пікір бөлісу.
Бағалау: Білім алушылардың сабаққа қатысуына қарай баллдық бағамен бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
I-QUP діни интеллектуалдық куизі

шағым қалдыра аласыз