Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
І тоқсан талдау біртұтас
Тәрбие жұмысы бойынша І тоқсан есебі
01.09.2024 ж 10:00-де Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені "тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1,11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді.
Мақсаты:
– білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
– қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды!
Білім — игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті.
Ұлттық құндылықты бойларына сіңірген өрендеріміздің өресі биік болсын!
Білім күні мерекесі құтты болсын!
Білім көзін ашатын, балдырған шәкірттеріміздің асыға күткен алтын ұя мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндері бұл мерекенің көркін келтірді.
Қасиетті білім ордасының ұстаздарының биік дәрежеге жетуі ұстаз алдындағы оқушы арқылы танытатын болса мектеп жетістіктері толағай табыстармен өзінің жоғары бастамалары арқылы биік беделге ие болатынын тілге тиек еткен мектеп директоры 1 сыныпқа қабылданған бір топ шәкірттер қоңырау қағып, барша мектеп ұстаздарын білім күнімен құттықтады.
Мектеп оқушыларымен 2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сабақтары ҚР Мемлекеттік Әнұранымен, апта дәйексөздерімен басталды.
Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады және тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. «Отанға деген құрмет отбасынан бастау алады» тақырыбында ой бөлісті. Сынып сағаты қауіпсіздік сабағымен аяқталды.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды. Оқушыларға патриоттық сезімді ояту мақсатында Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, сонымен қатар, аумағы, облыстары туралы видеоролик, презентация көрсетіліп, сынып жетекшілер тарапынан түсінік жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сай "Қауіпсіздік сабақтары" өткізілді.
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Тілім менің ғасырларға аманат" атты мерекелік іс -шара өтті.
Мақсаты: Оқушылар туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілін, туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, құрметтеуге баулу.
Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахметтің әрбір даналы сөзі ғасырлар көшінен ұрпаққа қалдырған ұлы аманаты. Тіліміздің мерейін асқақтатуда мектеп өнерпаздары тақырып аясында қара өлең оқып, әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.
Тіл-тұнық ойдың кәусары. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерінде терең мағына жатыр.
Жұмыс барысында: баяндамалар тыңдалды, жатқа тіл туралы өлеңдер оқылды, тіл мәртебесі мен қолданылуы төңірегінде пікір бөлісті, мақал- мәтелдер айтып жарысты. Шара барысында оқушылар белсене қатысып, тақырып төңірегінде өз қызығулықтарын көрсетті. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін
Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында «Мемлекеттік тіл» мәселесін назардан тыс қалдырмай, қазақ тілінің қолданыс ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқандығын жеткізді. Дегенмен, ел президенті бүгінгі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында да қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігін және ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін ерекше атап өтті.
Қоғамда жиі талқыланып жүрген, көптің көкейіндегі мәселелер барынша қамтылған жолдауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін арттыру бағытындағы бағдарымызды айқындап берді.
Мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жоспарына сәйкес ата-аналардың болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында "Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» атты 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директоры күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, ата-аналарға "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жаңа оқу жылындағы мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар, мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, құқық бұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жүйесі туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жаңа оқу жылында ашылып жатқан үйірмелерге шақырды.
Ата-аналар тарапынан, көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алды
Жиналыс барысында мектептің
ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы, оқушылардың білімі мен
тəртібі, сабаққа кешікпеуі, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг,
зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты толықтай түсіндірме
жасады.
Одан бөлек ата-аналармен көптеген қызықты тренингтер ойнатылды. Қолданылған тренингтер:
. “Бес қасиет”
. “Сәлем сөздің анасы”
. Баламды көз жанарынан танимын”
. “Айтары бар сурет”
. “Сөзді емес түсін оқы”
. “Постер жасау”
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алып, бүгінгі өткізілген жиналысқа оң бағаларын беріп, әрдайым бірге жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
2024 жылдың 16 қыркүйегінде "Денсаулық-зор байлық" атты ұранмен дене шынықтыру пән мұғалімдері мен педагог ұйымдастырушының ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі марафоны болып өтті.
Фестивалді мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөлеп ашты және оқушыларға сәттілік тіледі.
Фестивалдің мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, денсаулық-зор байлық екенін түсіндіру.
Мектептің әкімшілік мүшелері оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болуға көңіл бөлуге шақырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылар арасында түрлі ойындар мен жаттығулар өткізді.
Денсаулық фестиваліне мектептің 5-10 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар 15 минуттық сергіту жаттығуларын өткізді.Қыздар флешмоб биледі, ұлттық ойындар ойнатылды. 1600 метрге жүгіру марафоны болды. Волейболдан және футболдан жарыстар өткізілді. Ұтқан командалар мектеп директоры атынан мақтау қазағдарымен марапатталды
Денсаулық-ең үлкен байлық!Сондықтан әрқашан деніміз сау болсын!!!
"Абайлаңыз, балалар!"жедел профилактикалық іс-шарасы негізінде оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету, көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында "Жол қауіпсіздігі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен бірге, мектеп инспекторлары мен мұғалімдер тарапынан балаларға жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Байлығымыз – балалар. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал.
Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә? Өйткені, күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда көңілді көтеріп, жанды жадырататын бірден-бір орын отбасы. "Өзін-өзі басқару " ұйымының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында, жоспарға сәйкес "Отбасы" күніне орай "ОТБАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ!" атты тақырыбында челлендж өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, “Қамқор” жобасы-қазан айында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" акциясы, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында – мектеп оқушылары мектеп ауласын қоқыстардан тазартып, қажетсіз қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция барысында балалар табиғатты ластмамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған қалдықтар мен қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, бұлақ көздерін ашу, келешек ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде өскелең ұрпақтың үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға үлестерін қосты. Қай кезде де болмасын ең бірінше өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Аталмыш шараның аула тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ЕҢБЕК күні” мерекесіне орай 4"А" сыныбында "Еңбек түбі - береке" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты:
Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі негізгі құндылық екенін түсіндіру;
Еңбекке деген жауапкершілікті дамыту, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқушыларды адал еңбекке баулып, өз болашағы үшін еңбектің маңызын түсіндіру;
Міндеттері:
Еңбек туралы түсініктерін кеңейту;
Адам еңбегімен жасалатын құндылықтарды бағалауға үйрету;
Әртүрлі мамандықтар мен еңбектің маңызын көрсету.
Еңбекқорлық пен шыдамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар еңбектің пайдасын қағаз бетіне түсіріп, бір-біріне түсіндірді. Балалар суреттер арқылы жасырынған еңбек жайлы мақалдарды тауып, еңбектің адамзат өміріндегі пайдасын түсіндірді.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес "Ерікті ісі - қайырымдылықтың бір қанаты!" тақырыбында 11 сынып оқушылары арасында ерікті топ құрылып, үлкендерге көмек көрсетті.
Жақсылық жасау, сүрінгенге сүйеу, жылағанға тіреу бола білу - әрбір адамның азаматтық борышы.
Мақсаты: Алыстан сұлбасы көрінген қарияға қол ұшын созып, кішіге ізет және үлкенге құрмет көрсетуге жастарымызды тәбиелеу.
Жақсылық жасау адамның рухани қазынасын байыта түсетіні сөзсіз. Қай заманда да, өзгенің қолтығынан демегеніне қазақ баласы ақы сұрамаған. Тек қазыналы қарттарымыздың ақ батасын алып, болашаққа нық қадам басады.
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағлұмат берілді.
Сондай-ақ, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында оқушылармен еркін әңгіме жүргізілді.
"Дін мәселелерін зерттеу орталығының" психолог маманы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру,олардың түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болды.
"Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды!
Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм әлемдегі қауіпті мәселелердің бірі болып табылатынын, экстремизм- бұл өзге көзқарасты әсіресе шараны ұстану. Осындай шаралардың ішіне тәртіпсіздіктерді насихаттау, азаматтық бағынбаушылықтар, террористік акциялар әдістерін жатқызуға болатынын ашып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Менің сыныбым буллингке қарсы» тақырыбындағы челленджге 9-сынып білім алушылары өз үлестерін қосуда.
Оқушылар «Буллинг» сөзінің мағынасы мен мәнін танып түсінуі барысында қысқаша бейне көрсетілімдер дайындады. Негізгі идеясы - жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын рөлдік ойындарға бөліну арқылы болашақта болдырмауға күш салды.
Оқушылардың сана-сезімдерінде сыныптық ұжымның сыйластыққа, бір-біріне кез-келген уақытта қолдау көрсете білуге ұмтылатын «шынайы достықтың» іргетасын қалауға дайын екендіктерін түсінді.
Мектеп Парламенті - оқушылардың өкілетті ұйымы ретінде мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсене араласады.
Мектебімізде президенті мен парламент мүшелерінің ұлықтауға арналған салтанатты рәсімі өткізілді.
Бір ай бойы мектеп президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ..... сынып оқушысы ...........барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, мектептің жаңа президент лауазымына тағайындалды.
Жаңа президентпен бірге мектептегі парламент мүшелерініңде жаңа құрамы анықталды.
Осы орайда 2024 жылдың 24 қазан күні мектеп Парламентінің Президенті мен мүшелерін ұлықтау рәсімі ұйымдастырылды.
Олар мектеп өмірінің жақсаруына үлес қосуда белсенділік көрсететіндеріне уәде беріп, өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға ант қабылдады.
Мектеп директоры қатысуымен парламент мүшелеріне төс белгімен, куәліктерін табыстады.
Мектеп парламенті Президентінің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізіндегі “Шабыт” жобасы аясында "Даналық ұстаздан" челленджі ұйымдастырылды.Челленджге мектеп оқушылары қатысты.
«Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді. «Ұстаз тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық және тәрбиелілік сынды қасиеттерді қалыптастыратын көшбасшылықтың үлгісі. «Даналық ұстаздан» челленджі педагогтердің ұрпаққа сіңірген еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді көрсетеді.
Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Дублер күні - оқушылар мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезінді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" құндылығына баулуда мектепте 23 қазан күні 2024 жылы 4 "А" сынып оқушыларымен "Менің отаным - Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Сабақтың мақсаты:
—Отанын, туған жерін қорғай білуге, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
— Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту
Құндылық:«Тәуелсіздік және отаншылдық айы»
Тәрбие сағатында оқушылар белсенді қатысты.
Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында «Ойынға салауатты көқарас» тақырыбында әңгіме өтті.
Әңгіме мақсаты:
-
құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту;
-
құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру;
-
салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу;
-
өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.
Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.
«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.
Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.
Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды.
Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді
Мектебімізде мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 9-11 сынып оқушылары өткізді.
Жоспар бойынша алдын ала өзін өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп парламенті мен жоғары сынып оқушыларынан бастамашыл топ құрылып, бір күн мұғалімдерге дублер болды. Дублер оқушылар сабаққа ынта-ықыласымен дайындалып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.
Күн қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, әрқайсысы өз пікірлерімен бөлісті.
Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалім рөлінде болып, қиындығы мен қызығы мол мамандықтың ерекшелігін түсінуге мүмкіндік алды.Таңертең мұғалімдерді мектептің өзін-өзі басқару ұйымы қарсы алып мерекелерімен құттықтап, көңілді күйде қарсы алды.Бекітілген кесте бойынша 5-9 сынып оқушыларына сабақ өткізіп, Дублер күнінің соңында ұстаздарға арнаған мерекелік концерттерін ұсынды.
Қазан айының екінші аптасының апталық жоспарына сәйкес мектебіміздегі білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған өмірлік сын-қатерлерге төтеп беретін, табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптар бойынша "Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам" тақырыбында сыныптан тыс сабақ болып өтті.
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам жасаудың негізгі ережелері мыналар:
Жеке ақпаратты қорғау
Интернетке жеке мәліметтеріңізді (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайыңыз, банктік деректер) енгізуден сақ болыңыз.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың көлемін шектеу.
Жеке аккаунттарыңызға күрделі, ұзақ құпиясөздер қолданыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
Оқушылар интернет кеңістігінде өздерін қалай қорғау керектігін үйреніп, жеке ақпараттың маңыздылығын түсінді.
Оқушылар тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сынып сағаты әр оқушыға қауіпсіз интернет әлеміне сенімді қадам жасауға көмектесетініне сенімдіміз!
Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?!
"Туған жер алтын бесігім" тақырыбында 4 "А" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу, оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!
Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға буынның міндеті. Бұл жайында Болашаққа қалай қадам басарымыз – өскелең ұрпаққа беретін тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сынып сағаты барысында жастарды киелі мекеннің тарихымен таныстыра отырып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру туралы айтып өтті.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында "Күзгі асар" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Күз мезгілі молшылыққа толы болғандықтан, мақсатымыз күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды.
Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасап жабдықтады. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша ұйымдастырылды:
Тағам бағасы, тақырыпқа сай безендіру, оқушылардың киімінің талапқа сай болуы басты міндетке алынды.
Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілері белсене қатысты. Іс-шара кезінде қатысушылар ерекше көңіл-күйде болды, мереке мен бірлік атмосферасын сезінді.
"Біздің таңдауымыз жемқорлықсыз болашақ " тақырыбында танымдық сағат өткізілді.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір — біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай — қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.Шараға 11 оқырман қатысты
Ұлттық пікірсайыс турнирінің жұмыс жоспары бойынша клуб жетекшісі оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасау керектігін ұғындыру мақсатында "Мамандық таңдаудың кілті неде?" тақырыбында дебат өткізді.
Дебатқа 9-10- сынып оқушылары қатысты. Мамандықтың таңдаудың маңыздылығы , ата- ананың баланың мамандық таңдауына ықпалы төңірегінде ойлар өрбіп, пікірлер екіге жарылды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары клуб мүшелеріне сәттіліктер тілеп, пікірсайыс бағасын беріп, қатысушыларға алғыс білдірді.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жоспарына сәйкес сыныптарда "Республикам-мақтанышым!" тақырыбында сонымен қатар "Отаным-алтын бесігім!"дәйек сөзін басшылыққа ала отырып сынып сағаты өтілді
Мақсаты:
- Қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- Оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт –дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу;
- Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру;
- Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.
"Қауіпсіз балалық шақ" 1-4, 5-9 сыныптарда «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сонымен қатар күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Аталмыш шараның мақсаты – кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында ата-аналардың бала қауіпсіздігіне назар аударып, күнделікті сақтық ережелерін үйретіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сынып сағаттары барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін презентация арқылы түйіндеді. Балаға арналған көше-бұл баланың өзі қатыса алатын қызықты оқиғаларға толы түрлі, тартымды құбылыстарға (машиналар, ғимараттар, жаяу жүргіншілер, заттар және т.б.) толы жарқын әлем. Әлбетте, балалар көшеде және аулада адамның өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпаратты неғұрлым ерте алса, жазатайым оқиғалар соғұрлым аз болады.
Бала – біздің болашағымыз! «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейді аталы сөзге келгенде жауырынына қамшы салдырмаған қазақ жұрты. Ия, өрісі малға, өмірі өнегеге толған қазақ халқы қай кезеңде де шаңырағының шаттығы мен ырысының тұрақтылығына перзенттерін балаған. Шындығында да, адам өмірінің барлық қызығы да, шыжығы да осынау кішкентай періштелермен тікелей байланысты. Сондықтан, оларды қорғау мен қолдауды, бейқам өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауды мемлекет өз міндетіне алған.
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Демалыста кітап оқимыз» атты Буккроссинг акциясы өткізілді. Буккросинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – «буккроссерлер» деп атайды.
«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»;
-
оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу;
-
әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;
-
кітапханаға оқырмандарды тарту;
-
күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу;
-
әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
Мектеп білім алушылары акцияға белсене қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын бір-біріне сыйға тартты.
жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп таптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, кәмелетке толмағандармен мен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін сақтау және топтық төбелестің алдын алу, білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Әсіресе, әлімжеттік, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды.
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың іс-шара жоспары негізніде рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары, мектеп аяжаны бірлесіп 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізе отырып, сауалнама нәтижесі бойынша психотроптық заттар қолданатын оқушылардың жоқ екендігін анықтадық.
Мектептің осы бағыттағы іс-шара жоспары негізінде оқушыларға арнайы мамандармен кездесулер, тренингтер, түсіндірме жұмыстар, бейнероликтер шеруі жүргізіліп келеді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, достық пен бірлікті нығайту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында “Қамқор” жобасы аясында қазан айында “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” акциясы өтуде.
Эко-акциямыздың негізгі мақсаты жастарды бір-біріне көмек беруге үйрету, қайырымдылыққа баулу, табиғатты аялауды ұғындыру, күнделікті табиғатқа қамқорлық жасауды әдетке айналдыру, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Оқушыларға табиғаттың маңызын түсіндіру.Табиғатты қорғаудың жолдары мен әдістерін талқылау.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.
"Екі жұлдыз" ән байқауын өткізді.
Мақсаты: мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыру, мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. Бірлікке, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Байқауға ұстаздар мен оқушылардан құралған өнерлі жұптар қатысып, түрлі тақырыпта ән шырқады.
Әділқазылар байқауға қатысушыларды әнді орындау шеберлігі мен сахнада өзін ұстау, шығармашылық ән таңдау деңгейіне , сыртқы келбетіне байланысты критерийлер бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

