Тақырып бойынша 15 материал табылды

Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептердегі және колледждердің физика пәні мұғалімдеріне, жоғары сынып оқушыларына көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Физика О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды

техникалық колледжі.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі.

Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Давишева Гульбану Елубайевна

Курс: I Қатысушылар саны: Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау

10.2.1.3-молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану


Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар істей алады:

Идеал газ моделін сипаттай алаады.

МКТ-ның негізгі теңдеуінің физикалық мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар істей алады:

Молекулалар қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы мен дене температурасы арасындағы тәуелділікті анықтай алады. Больцман тұрақтысының, Авогадро тұрақтысының және универсал газ тұрақтының физикалық мағынасын ажыратады.

Кейбір оқушылар істей алады:

МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолданады, параметрлер арасындағы тәуелділікті анықтайды, қорытынды шығарады.

Бағалау критерийі

Идеал газ моделін сипаттай алаады.

МКТ-ның негізгі теңдеуінің физикалық мағынасын түсінеді.

Молекулалар қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы мен дене температурасы арасындағы тәуелділікті анықтай алады. Больцман тұрақтысының, Авогадро тұрақтысының және универсал газ тұрақтының физикалық мағынасын ажыратады.


Тілдік мақсаттар

Пәндік сипаттағы лексика мен терминдер:

Идеал газ, Больцман тұрақтысы, Авогадро тұрақтысы, универсал газ тұрақтысы, Кельвин, энергетикалық температура.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық-жұптық, топтық жұмыс.

Макродүние мен микродүние арасындағы «көпірдің» физикалық мағынасын түсіну, Больцман тұрақтысы қандай температураларды байланыстыратынын түсіну.

Пәнаралық байланыс

Математика шамалардың арасындағы тәуелділіктерді анықтау.

География атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін түсіну.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Шамалар арасындағы байланыстарды анықтап, формулаларды түрлендіру.

Қосымша білім

Оқушылар осы сабақ алдында нені біледі немесе білулері керек?

Газдарда қысымның қалай пайда болатынын, қысымның бірліктерін біледі.

Қысымның жүйелік емес бірліктерін, энергетикалық және абсолют температураларды ажыратады.



Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері, уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

2 мин















4 мин

Білім алушылардың назарын шоғырландыру. Макроскопиялық параметрлер деп қандай шамаларды айтамыз?

Білім алушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ. Температура

2-топ. Қысым.

3-топ. Көлем.



Сабақтың тақырыбын ашу. Шатасқан тізбектер әдісі: «Идеал газ-арасындағы молекулалар потенциалдық өзара әрекеттесудің энергиясын болатын ескермеуге, молекулалардың арақашықтық арасындағы молекулалары біршама үлкен өлшемдерінен молекула-лардың газдың болатын моделі физикалық»

Үй жұмысын тексеру. Жұптық жұмыс. «Бос орынды толтыр»

Сұрақтар

жауап

+/-

Микроскопиялық параметрлер деген не?



Макроскопиялық параметрлер деген не?



Температураның физикалық мағынасы неде?



Термометрлердің түрлерін атаңдар



Температураның абсолют нөлі деген ұғым қалай түсіндіріледі?





























ҚБ: Жұптар бірін-бірі бағалайды.

Мұғалім бағалаудың әділдігін бақылайды, қателіктерін түзетеді, бағыт береді.

Интерактивті тақта.

Термометрлер.



















Цельсий, Фарангейт, Кельвин температурала-рының абсолют нөлдері

Сабақтың ортасы

28 мин


10 мин



































9 мин























9 мин















«Терминдер тізбегі» (Әр топқа түсті стикерлер тарату арқылы үлестірілетін терминдер анықталады).

-идеал газ,

-қысымның бірлігі,

-жүйелік емес бірліктер,

- МКТ-ның негізгі теңдеуі,

-энергетикалық температура,

-Кельвинмен өлшенетін температура,

-Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы,

-Температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысы,

-Молекулалар қозғалысыныңорташа квадраттық жылдамдығы мен дене температурасының байланысы,

-универсал газ тұрақтысы.

















«Джигсо әдісі» деңгейлік тапсырмалар

1-топ

Көлемі 1 л ыдыста массасы 2 г сутек бар. Сутек молекулала-рының орташа квадраттық жылдамдығы 400 м/с. Сутектің қысымын анықтаңдар.

2-топ

Белгілі бір шарттарда сутек тығыздығы 0,09 кг/м3. Осы шарт бойынша тығыздығы 0,72 кг/м3 болатын метанның мольдік массасын анықтаңдар.

3-топ

Тығыздығы 3,3 кг/м3 газдың температурасы 17°С. Молекулалар массасы m0=6.6·10-27 деп алып, газ қысымын анықтаңдар. Бұл қандай газ?

Берілген есептерді топ ішінде талқылап шығарып, басқа топтарға өз уәкілдерін жіберіп түсіндіреді.


«Тәжірибе алаңы» эксперименттік тапсырма

Сұйық және оған сәйкес реперлік нүктелерді таңдпап алып, өздерің термометр шкаласын ойлап табыңдар. Оның температурасының мәнін Цельсийге ауыстыру формуласын анықтаңдар. Қай шкаланың көрсеткіші дәлірек болады деп ойлайсыңдар?

Дескриптор:

-Терминдерге анықтама береді;

-МКТ-ның негізгі теңдеуін қорытып шығарады;

-Макроскопиялық параметрлер мен микроскопиялық параметрлер арасындағы тәуелділікті анықтайды;

-Энергетикалық температураның физикалық мағынасын ашады;

Кинетикалық энергия мен температураның байланысын түсіндіреді;

-Дене температурасы мен молекула қозғалысының жылдамдығының арасындағы тәуелділікті түсіндіреді.

-Негізгі формулаларды есептер шығаруда қолданады.

ҚБ: Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін әр топ қолындағы стикерді жабыстыру арқылы өзара бағалайды.

Дескриптор.

Анықтама бойынша шамаларды сәйкестендіреді;


Шамалардың физикалық мағынасын түсіндіреді;


Анықтамаға сәйкес формулаларды жазады;


ҚБ: Мұғалім қателіктерді түзетеді.









ҚБ: Цельсий шкаласынан басқа шкалаларға ауысу формулаларын түсінеді.


Дескриптор.

Термометрлердің шкалаларының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды біледі. Әр елде қолданылатын температура бірліктерін анықтайды.

«Физика» 10 сынып оқулығы.

ЖМ бағыт

Н.А. Закирова

Р.Р. Аширов


































Есептер жинағы.























Термометрлер.
















Сабақтың соңы


10 мин


5 мин











3 мин













2 мин












«Төртінші артық» әдісі:

Қатардан артық сөзді алып таста.

  1. Цельсий, Фаренгейт, Кельвин, Паскаль.

  2. Қысым, масса, температура, көлем.

  3. Энергия, жылдамдық, масса, температура.

  4. Паскаль, секунд, килограмм, барометр.

  5. Спидометр, термометр, таразы, тығыздық.

  6. Градус, кельвин, фаренгейт, паскаль.


Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем әдісі»

-Мен бүгін...білдім.

-Маған...қызықты болды.

-Маған... қиын болды.

-Мен мына тапсырмаларды орындадым...

-Мен... екенің түсіндім.

-Мен... енді жасай аламын.

-Мен... үйрендім.


Үй жұмысы: §19, 107-111 бет.

19-жаттығу, №4;5 есептер.

Шығармашылық тапсырма:

Таңдау бойынша А.Цельсий, Г.Фаренгейт, У.Томсон, Л.Больцман ғалымдар туралы хабарлама дайындаңдар.




  1. Паскаль


  1. Масса



  1. Температура



  1. Барометр



  1. Тығыздық



  1. Паскаль.



ҚБ: мұғаліммен кері байланыс.


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасы

Сабақ барысында білім алушыларға ойлау дағдыларына сәйкес тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай жоспарланды: Идеал газ туралы білім қалыптастырды; МКТ-ның негізгі теңдеуінің математикалық формуласын үйренді, түсінді, оның физикалық мағынасын анықтай алады. Оқу мақсатына байланысты тапсырмалар ойлаудың барлық деңгейлеріне сәйкес ұйымдастырылды.

Оқу мақсаты білім алушылардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне сай сараланды:

Барлығы: Идеал газ моделін сипаттай алаады.

МКТ-ның негізгі теңдеуінің физикалық мағынасын түсінеді.

Көпшілігі: Молекулалар қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы мен дене температурасы арасындағы тәуелділікті анықтай алады. Больцман тұрақтысының, Авогадро тұрақтысының және универсал газ тұрақтысының физикалық мағынасын ажыратады.

Кейбіреуі: МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолданады, параметрлер арасындағы тәуелділікті анықтайды, қорытынды шығарады.

Үй жұмысы білім алушылардың ойлау деңгейіне сай берілді.


Критерий мен дескриптор негізінде қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Оқушылар жұпта, топта бірін-бірі бағалайды.

Мұғаліммен кері байланыс жүргізіледі. Рефлексия жүргізіледі.

Кабинеттің таза болуы, жұмыс орнының талапқа сай болуы , термометрлермен жұмыс барысында сақтық шаралары қарастырылды.

Бүгінгі сабақта өз мақсатыма жеттім. Білім алушылар тиісті тапсырмаларды орындай отырып, сабақтағы күтілген нәтижеге жетті.

1 мин. Қорытынды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2020
1612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12