Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологияны пайдаланып тапсырмалар үлгілері қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ашық сабақ





Тақырыбы: Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

























Оқытушы: Агындыкова Ж.И.









2025 ж.


Сабақтың тақырыбыИдеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды идеал газ ұғымымен таныстыру, молекула-кинетикалық  теориясын мағынасын ашып көрсету, МКТ-ның негізгі теңдеуін түсіндіру.

2.  Ыдыс қабырғасына  түсірілген  газ қысымы қандай шамаларға тәуелді екендігін  түсіну, білу

3 . МКТ негізгі теңдеуіне кіретін шамалардың газ қысымы өзгергенде қалай өзгеретіндігін көрсету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және танымдық және есеп шығару қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа,зерделілікке баулу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау,проблемалық іздеу,өз бетімен жұмыс

Көрнекілігі: үлестірмелі таратпалар,  слайд, сызғыш

Күтілетін нәтижелер:

1.Оқушылар МКТ-ның негізгі теңдеуі  туралы білім алады.

2.Өз беттерімен формуланы қорытады.

3. Формуланы қолданып, есептер шығара алады.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау https://www.youtube.com/watch?v=SfIB5nnnat4

1 тапсырма: Сәйкестігін тап   «Тарсия әдісі» (топпен жұмыс) https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=5YTWLhcAGZo

2 тапсырма: Кестені толтыр. (жұптық жұмыс).


Сипаттамалары 

Газ

Сұйық

Қатты дене

Молекулалар арасындағы қашықтық

 

 

 

Молекуланың тартылуы

 

 

 

Молекулалардың қозғалысы

 

 

 

Заттарға тән қасиеті

 

 

 

3 тапсырма: (топтық жұмыс, «Карусель» әдісімен тексеру.):Формулалар (бұтақтар) арасындағы логикалық байланысты ойлап тап «Физикалық ағаш»

(А3 қағазына ағаштың суретін салып бұтақтарына формулулар мен өлшем бірліктерін жаз. Топтағы оқушылар бір бірінің жұмыстарын тексеріп бағалайды.).

4 тапсырма: Есепті түрлендіріп шешудің қорытынды алгоритмі.

  1. Есептің шарты бойынша химиялық (О2)элементті тап.

  2. Д.И. Менделеевтің периодтық кестесін пайдаланып берілген элементтің мольдік массасын анықта (М, кг/моль)

  3. m0 = M/NAмына формуланы пайдаланып заттың бір молекуласының массасын тап.

  4. Заттың молекулалар санын анықта. (NА = 6·1023 моль-1; N =   NА ).

  5. Сандық есептеулер жүргіз.

  6. Шыққан нәтижені бағала. Молекуланың өлшемі туралы қорытынды жаса.



Жаңа тақырыптың мазмұны

https://www.youtube.com/watch?v=xUmEj9eL1zk

1.«Идеал газ» ұғымын тұжырымдаңыз.

2.Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

  • Газдардың қасиеттерін ата.

  • MКT негізінде осы қасиеттерді түсіндіріңіз.

  • Қысым қалай көрсетіледі?

  • Физикалық шамалардың өлшем бірліктері(ХБЖ)?


Идеал  газ   (модель)

1. Газ молекулаларын материалдық нүкте ретінде қарастыруға болатын

2. Молекулалар бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасады  және  хаосты қозғалады.     

3. Молекулалар тек қана серпімді соқтығысуымен әсерлеседі, олардың   бір –бірімен әсерлесуі жоқ.

4.  Молекула  жылдамдығы әр түрлі, бірақ белгілі бір температурада молекуланың орташа жылдамдығы тұрақты болып қалады .

Нақты газ

1. Нақты газдың молекулаларының өлшемдері бар молекула диаметрі молекуланың арақашықтығынан он есе кіші.

2. Молекулалар серпімді соқтығысуы мен әсерлеспейді бір-бірімен әсерлеседі.

Идеал газ деп-молекулалар арасындағы тартылыс пен тебу күштері есепке алынбайтын олар тек серпімді соқтығысқанда ғана өзара әрекеттеседі деп саналатын ,ал молекулалардың өздері көлемі жоқ серпімді шар немесе материялық нүкте ретінде қабылданатын газ моделін айтамыз.

 1. Барлық молекулалардың mo массасы бірдей

 2. Ыдыста бір ғана зат бар, яғни молекулалары бір тектес.

 3. Барлық молекулалардың жылдамдықтарының мәні бірдей 

4. Газдағы барлық бағыттар тең құқылы және молекулалар тек өзара перпендикуляр үш бағыттың бойымен ғана қозғалады.

5. Кез келген уақыт мезетінде осы үш бағыттың әрқайсысының бойымен бір мезетте молекулалар қозғалатын болады.

Идеал газ қысымы тәуелді

1.молекула массасына

2. Молекула концентрациясына

3.орташа жылдамдығына

Идеал газдың МКТ негізгі теңдеуі.

5 тапсырма:

а) Кім жылдам? (Суретті сұрақ. Формуланы қорытып шығар)

Ыдыс қабырғасына түсірілетін газ қысымы қалай өзгереді, егер:

  • молекула  массасы  3 есе артса, (3 есе артады)

  •  молекула концентрациясы 4 есе кемісе (4 есе кемиді)

  •  молекула қозғалыс жылдамдығы  2 есе артса (4 есе артады)

  • көлем 5 есе артса (5 есе кемиді)

  •  молекула массасы  4 есе артса, ал концентрация  2 есе артса (8 есе артады)

  • молекула массасы 2 есе артса, молекула қозғалыс жылдамдығы 3 есе артса (18 есе артады)

  • молекула концентрациясы  3 есе артса, молекула қозғалыс жылдамдығы 3 есе азайса (3 есе азаяды) 




б)Есеп шығару.  «Нысананы тап»    р=1/3n m0 υ2

Газ

 Р,Па

    n ,м-3

υ 22

m0 ,кг

СО2

?

3*1025

9*104

7 *10-26

О2

5*102

1024

?

5*10-26

Н2

16*102

?

4*104

3*10-27


Жаңа материалды бекіту:

6 тапсырма:(топтық жұмыс, дұрыс жауабының кодын көрсет) Газдың қысымы. МКТ ның негізгі теңдеуі.

1. Молекулалар ыдыс қабырғаларына соғылғанда газдың қысымының пайда болу мехенизмі:

2. ХБЖ да қысымның өлшем бірлігін көрсет.

3. ХБЖ да қысымның өлшем бірлігінің физикалық мағынасы қандай?

4. МКТ ның негізгі теңдеуін көрсет.

5. Газдың қысымының молекулалар концентрациясына тәуелділігі қандай болады?

6. Газдың қысымының молекулалардың ілгерілемелі қозғалыс орташа кинетикалық энергиясына тәуелдідлігі қандай болады?

7. Молекулалардың орташа қозғалысының кинетикалық энергиясы температураға тәуелді қалай өзгереді?

8. Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы мен абсолют температураға тәуелді болатын байланыс формуласын көрсет.

9. Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы.

10. Больцман тұрақтысының сандық мәні.

11. Газдың қысымының абсолют температураға тәуелділік формуласын көрсет.

12. Молекулалардың жылулық қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығын табу формуласын көрсет.

КОД

Жауаптары

КОД

Жауаптары.

А

Артады.

О

өзгермейді

Б

2.ауданға 1Н күш түскенде туындайтын қысым

П

1см2.ауданға 1Н күш түскенде туындайтын қысым

В

Р

Г

Молекулалар концентрациясына және олардың орташа кинетикалық энергиясына тура пропроционал

С

Газ массасы болады, сондықтан ыдыс қабырғаларына және түбіне қысым түсіреді.

Д

кез келген ауданға және оған перпендикуляр әсер ететін күш

Т

бірлік ауданға және одан перпендикуляр әсер ететін күш.

Е

молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына тура пропорционал және олардың концентрациясына кері пропорционал.

У

молекулалар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады, нәтижесінде қабырғамен соқтығысады

Ж

Ф

З

Паскаль

Х

=3/2 кТ

И

=2/3кТ

Ц

азаяды

К

1,38*1023

Ч

1,38*10-23

Л

Температура 1 К-ге өзгергенде идеал газдың энергиясы қаншаға өзгеретінін көрсетеді.

Ш

Температура 1К өзгерген кезде идеал газдың қысымы қалай өзгеретінін көрсетеді.

М

Р=2/3кТ

Щ

Р=nkT

Н

Э


№ 

Код

1

У

2

Б

3

З

4

Ж

5

Г

6

Г

7

А

8

Х

9

Л

10

Ч

11

Щ

12

Н



Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Есепті шығару.


Оқушыларды бағалау:  Оқушыларды формативті,критериалды  бағалау. Оқушылардың сабақ барысында алған  ұпайларын топ басшысы бағалау парағына толтырып отырады. Сабақ соңында жинаған  ұпай бойынша бағаланады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.10.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі