«Көшпенділер» трилогиясы (9 сынып)
Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде
мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру.
ХУ - ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін
түсіндіру.
Б/ Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін
айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін
жетілдіру.
Ә/Тәрбиелік: тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп,
ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік
өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне,
халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: І. Есенберлин шығармалары, электронды оқулық,
слайд, кестелер, кинодискет, телевизор
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, венн
диаграммасы
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу - құралдарын
түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы
В/ Жаңа сабақ
1. Өмір жолына шолу жасау
1915 жылы - Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
1940 жылы - Тау - кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына
қатысқан.
1947 - 67 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм»
киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі.
1967 - 71 жылдары -“Жазушы” баспасының директоры
1971 жылдан бастап - Қазақстан Жазушылар одағының екінші
секретары
1983 жылы - Алматыда 68 жасында қайтыс болды.
І. Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза,
драматургия, кинодраматургия
Шығармаларының жарық көруі
1940 жыл - Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде
поэма” сынды шығармалары жарық көрді.
1945 жылы -“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.
1949 жылы -“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық
көрді.
1959 жылы -«Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды
“Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.
1960 жылы -«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.
1965 жылы -“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.
І. Есенберлиннің1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке»
романы1958 жылы қытай тілінеғ «Ғашықтар романы өзбек тіліне
аударылды. Көптеген шығармалры орыс тіліне аударылды.
«Көшпенділер» тарихи роман
1. Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта
жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады
І. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ - ХІХ ғғ.
Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы
жолдардағы қиындықтарды ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын,
олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста
шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба
деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып,
қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи
қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.