Материалдар / ІІ Республикалық "Домбыра-дастан" Күй тартыс байқауының өткізу жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ІІ Республикалық "Домбыра-дастан" Күй тартыс байқауының өткізу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласының үздігі, тәлімгер ұстаз Здуалиев Серікбай Қабжанұлын еске алуға арналған ІІ Республикалық "Домбыра-дастан" Күй тартыс байқауының өткізу жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2022
358
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Здуалиев Серікбай Қабжанұлы- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Өнер мектебі" МКҚК бірінші директоры(2011-2020 жж.).

- Дәстүрлі күй тартыс"Домбыра дастан" жобасының негізін қалаушы.

- 2015ж.- Қазақстан Республикасы Президентінің "Алғыс хаты",

- 2015ж.- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының төс белгісінің иегері

- 2017ж.- "Қосымша білім берудің үздік ұйымы" мадақтамасы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының білім бөлімінің мадақтамасы, облыс әкімінің Білім және Мәдениет саласындағы сыйлықтарымен марапатталды.


Білім беру саласының үздігі, тәлімгер ұстаз Здуалиев Серікбай Қабжанұлын еске алуға арналған ІІ – Республикалық «Домбыра-дастан» Күй тартыс байқауының өткізу жоспары



Пролог (Тұңғыш оқиды): 

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған
Шапағың бар шаттығын құяр маған.

Ведущий:(За кулисами) Облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары «Жігер» халықтық домбырашылар ансамблінің орындауында Ғаламат Бейсеқожа «Ұлы дала толғауы»

Көркемдік жетекшісі: Гаухар Еркибаева

Ведущий: Көктемнің жылы лебі төселген жасыл кілем, кең далаға жайылған бәйшешек, құстардың әуені жанымызды жылытады. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым, ғажайып күш иесі. Осы көктемнің сұлулығына тең келетін, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары «Айтұмар» халықтық ансамблі, Қазақ биі «Жаз көркі»

Көркемдік жетекшісі: Кульшара Угыбаева

Фанфары выход ведущего

Ведущий: Қайырлы күн, құрметті өнер сүйер қауым. Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті, аяулы ұстазы бола білген, адамгершілігі мол, ашық, жайдары мінезді ұлы тұлға, есімі ауылымызға, ауданымызға кең танылған мектебіміздің алғашқы директоры, «Домбыра-дастан» күй тартыс жобасының негізін қалаушы Серікбай Қабжанұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылып отырған ІІ- Республикалық «Домбыра- дастан» жас домбырашылар арасындағы дәстүрлі күй тартыс байқауына қош келдіңіздер!

Ведущий: Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынға салу, қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Күй айтысында ердің ғана намысын емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер де аз емес. Бұған қазақ пен түрік, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы. Соған орай толып жатқан күйлер куә.

Ведущий: Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да ұстаздан білім алған. Өзінің саналы ғұмырында сапалы шәкірт тәрбиелеумен айналысқан Здуалиев Серікбай Қабжанұлы, білім беру ісінің үздігі, тәлімгер, 30 жыл бойы білім саласында еңбек етіп Ақжар ауданы «Серпер» өнер мектебін соңғы жылдары басқарды. Мына Сіздер көріп отырған мектептің негізін қалаушы болған адам. Осыған орай оның өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болсын деп осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз.

Ведущий: Бүгінгі ІІ-Республикалық «Домбыра-дастан» жас домбырашылар арасында өтіп жатқан дәстүрлі күй тартыс байқауына колледж студенттері және музыка, өнер, дарын мектептерінде оқитын домбырашылар қатысады.

Ведущий:

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға. «Күй тартыс» байқауына қатысатын жас домбырашыларымызды сахна төріне шақырайық (выход конкурсантов)

1. Кенжебеков Аманали; СҚО, Ғабит Мүсірепов ауданы.

2. Туякпик Диляра; Теміртау қаласы Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі.

3. Қабдырразақ Аяжан; СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

4.Тулешов Нұржігіт; Теміртау қаласы Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі.

5. Әйткен Шахмұрат; СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

6.Мурзахметов Даниял; СҚО, Қызылжар ауданы, «Мерей» өнер мектебі.

7. Байназар Ануар; СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

8.Айдапкелов Арман; СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

9. Тойболат Асанәлі; СҚО, Ғабит Мүсірепов ауданы.

10. Сағадат Айбек; СҚО, Уалихан ауданы

11.Талгатова Жазира; СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

12. Сағидулла Құралай; Көкшетау қаласы,.Биржан сал атындағы музыкалық колледжі.

13. Ораз Асанәлі; СҚО, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп » кешені

14.Сәбит Ақнұр; Қарағанды қаласы, Тәттімбет атындағы өнер колледжі

15.Азатбек Ұлықпан; Көкшетау қаласы,.Биржан сал атындағы музыкалық колледжі.

16.Шергалиева Жансая; Жетекшісі: СҚО, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебі.

17. Бакиева Даяна; Көкшетау қаласы,.Биржан сал атындағы музыкалық колледжі.

Ведущий: «Күй тартыс» байқауының ұйымдастырушылары:

- Облыстық білім басқармасы;

- Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының орталығы;

- Ақжар ауданы әкімдігінің «Серпер» өнер мектебі.

Құттықтау сөз Облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Новик Владимир Францевичке беріледі.

Ведущий: Жүйрік озар сайыстарда неше бір, 
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
- дей келе байқауда әр қатысушыға әділ баға беретін әділ қазы алқасымен танысайық:

Әділқазы алқасының төрағасы:

1. Профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы І-Республикалық дирижерлар байқауының ГРАН-ПРИ жүлдегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты - Ғылымов Дәурен Жанашұлы

Әділқазы алқасының құрамы:

1. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері және Мәдениет саласының үздігі төс белгісінің иегері, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп» кешенің оқытушысы Айтбаева Шайтас Сайлыбайқызы

2. Мәдениет саласының үздігі, Ы. Алтынсарин атынағы төс белгінің иегері, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртісі, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп» кешенің оқытушысы, «Asia Saund» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Сергазинов Нұрлан Есімханұлы

3. Облыстық «Сегіз сері» атындағы оркестрінің әртісі, концертмейстері, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп» кешенің оқытушысы, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты Галиев Асхат Ертаевич

4. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, «Серпер» өнер мектебінің оқытушысы, «Ғасырлар үні» ұлт аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты Каирденов Аманжол Манарбекұлы

Ведущий:

Күй тартыс байқауының мақсаты: Күй тартыс өнерін оқушы бойына сіңіріп, қазақтың күй жанрына деген қызығушылықтарын арттырып, оқушылардың ойнау шеберліктерін жетілдіру және репертуарларын молайту. Рухани құндылығымызды дәріптеу, халқымыздың ұлттық мәдениетін жандандыру, Отанға деген сүйінпеншіліктері мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқау шарттары:

  • Күй тартыс өнеріне қатысушы көптеген байқауларға қатысқан немесе ойнау шеберлігі дамыған, әр шығарманы нақышына келтіріп ойнайтын домбырашылар қатысады;

  • Қатысушылар жұп болып сайысады.

  • Жұптар жеребе тарту арқылы анықталды;

  • Жұптың қайсысы І- ойнауды бастаса, ал серіктесі шығарманың кез-келген жерінен жалғастырып, осы шығарманы толық аяқтайды да, жаңа шығармаға көшеді;

  • Қатысушылар берілген күйлерді шамасына сай жатқа білуі шарт;


Бағалау ережесі:

Жұптағы қатысушының ойнау шеберлігіне (техникасына), дыбыстың анық шығуына, сахнада өзін ұстауы, актерлік шеберлігі, екі қолдың қойысын қадағалау арқылы әр қатысушыға ұпай көрсетіледі. Ұпай «5» бағамен бағаланады. «Бас жүлде» әділ қазы алақасының шешімімен беріледі. Шешім қайта қаралмайды.

Ведущий: Қатысушыларымызды сахна сыртына дайындыққа шығарып салайық.

Ведущий: Ортаға жоба жетекшісі Ақжар ауданы «Серпер» өнер мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Тұңғыш Бекенайұлын шақырамыз.

Тұңғыш Бекенайұлы:

Күй айтысының қазақ арасында ежелден орныққан екі түрлі үлгісі бар. Оның біріншісін- «қара тартыс», екіншісін – «түре тартыс» немесе «қайым тартыс» деп атайды. Қара тартысты тыңдаушылар, әдетте, күйдің санын асырып жеңгенді мақсат етеді. Ал, түре тартыстың шарты бойынша, бірінші адам тартқан күйді екінші бәсекелесі айнытпай қайталап тартып отыруы керек.

Құрметті көрермендер! Байқау қатысушыларына өз қошеметтеріңізді аямай, қолдап жігер беріп отырыңыздар.

І- кезең: «Асыл тастан- өнер жастан шығады» - демекші байқаудың алғашқы өнерлі жұптарын ортаға шақырайық. Әр жұпқа нақыл сөздер айтылады.

ІІ-кезеңге өткен батыл сайыскерлеріміздің алғашқы жұбын ортаға шақырайық.

Тұңғыш Бекенайұлы :

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің өнерлері кәміл шықты.
Өнер мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетті дейміз нағыз мықты – дей келе
әділқазы алқасының құрамын сараптама жасауға шығарып салайық.

(оқушылар,қонақтар өз өнерлерімен бөліседі.)

(Әділ қазы алқасының қарсы алу сәті)

(Видео кабинет)

Т.Б: (За кулисами) Серікбай Қабжанұлы негізін салған өнер шаңырағының дамуына алғашқы үлесін қосқан ұстазымызды еске алу кеші өтті. Мектебімізге адал еңбек еткен ұстазымыздың есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету, күй өнерін оқушы бойына сіңіру, қазақтың күй жанрына деген қызығушылықтарын арттыру және репертуарларын молайту мақсатында ұйымдастыруға жол көрсетті. 30 жыл еңбек өтілі ішінде ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім беріп, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып, тер төгіп, қоғамда ойып тұрып өз орындарын тапқан шәкірттер тәрбиелеген ұстазымыз. Серікбай Қабжанұлының салған сара жолдарымен бүгінде алтын мектебіміз биіктерден көрініп келеді. Серікбай Қабжанұлының есімі мектеп тарихында мәңгі бақи қалары сөзсіз.

Ведущий: «Өнер көзі халықта» халық қошеметіне бөленген өнерпаздарымызды сахна төріне шақырамыз.

Ведущий: Әділқазылар алқасын өз шешімдерімен бөлісуге және Күй тартыс жобасының ұйымдастырушыларын сахна төріне шақырамыз.(марапаттау)

Вед.: Облыстан (қазылар алқасына алғыс хаттар)

Вед.: Сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Угыбаева Кульшара Серикбаевнаға беріледі. (спонсорларға алғыс хат)

Вед.: Келесі сөз кезегі жоба жетекшісі Тұңғыш Бекенайұлына беріледі. (Жетекшілерге алғыс хат)

Би(без объявлении)

«Айтұмар» хореографиялық ансамблі. Көркемдік жетекшісі: Кульшара Угыбаева

Вед.: Серікбай Қабжанұлы Жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнарсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, өнерге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын жақындарына да , жат адамдарына да әділ жүрттың бәріне де жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорғынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болды.

Ұстазсыз Сіз жүректерге гүл еккен,

Адалдықты көкіректе түлеткен.

Сіздің биік рухыңызға бас иіп,

Еске аламыз сағынышты жүрекпен.

Вед.: Абылайхан «Шаңды жорық». Орындайтын: «Жігер» халықтық домбырашылар ансамблі, Көркемдік жетекшісі: Гаухар Еркибаева

Вед.: Осымен, ІІ Республикалық күй тартыс байқауы өз мәресіне жетті. Барша қатысушыларымызға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Ел болашағын дамытар, еңбекқор, білімді, өнерлі, өрісі биік өрендеріміз көп болсын! Келесі кездескенше, күн жақсы болсын!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Құрманғазы. Күйлер». /А.Тоқтаған, М.Әбуғазы. – Алматы: «Білім», 2005ж., - 216 бет.

  2. «Домбыра үйрену кітабы». / А.Жайымов, С.Бүркітоз, Б.Ысқақов. – Алматы: Өнер, 1992ж., – 240 бет.

  3. «Сүгір. Қаратау шертпесі». /А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Әбуғазы. – Алматы,2006. – 96 бет.

  4. «Қазақ күйлерінің тарихы». /Т.Мерғалиев, Сәрсенбай Б, Орынбай Д., 2000ж.,412 бет.


Айып Айгерім Қаирбайқызы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Серпер» өнер мектебінің педагог-ұйымдастырушысы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!