Күні:18.04.18ж
Сыныбы:9б
Мұғалімі:Э.А.Ильясова
Сабақтың
тақырыбы: Ілия Есенберлин
«Көшпенділер»
Сабақтың мақсаты:
А/Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі
мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат
беру, трилогияның
мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру.
ХУ-ХІХ
ғасырлардағы қазақ
халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
Б/Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін
айтуға
дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін
жетілдіру.
Ә/Тәрбиелік: Тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық
сананы
қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерін дарыту, еліне,халқына адал
қызмет
етуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс
–тәсілдері: Түсіндіру, талдау,
сұрақ-жауап
Пәнаралық
байланыс:
Тарих
Сабақтың түрі
: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың
типі: Жаңа білім
беру
Сабақтың
көрнекілігі: І.Есенберлин
шығармалары, слайд
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі
Амандасу, түгендеу,
оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын
түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау
Ғабит Мүсірепов
«Боранды түнде» әңгімесі
ІІІ. Жаңа
сабақ
Бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»
Өмір жолына шолу
жасау
1915
жылы
|
Ақмола
облысындағы Атбасар қаласында туған.
|
1940
жылы
|
Тау-кен
институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
|
1943
жылы
|
Ауыр
жарақат алып, Алматыға оралады.
|
1947-67
жылдары
|
Қазақ
мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем
әдебиет баспасының редакторы , «Қазақфильм» киностудиясында
сценарий редколлегиясының мүшесі.
|
1967-71
жылдары
|
“Жазушы”
баспасының директоры
|
1971
жылдан бастап
|
Қазақстан
Жазушылар одағының екінші секретары
|
1983
жылы
|
Алматыда
68 жасында қайтыс болды.
|
І.Есенберлиннің қалам
тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия,
кинодраматургия
Шығармаларының жарық
көруі
1940
жыл
|
Алғашқы
өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма сынды
шығармалары жарық көрді.
|
1945
жылы
|
“Адам
туралы ән”романы, “Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық
көрді.
|
1949
жылы
|
“Адамгершілік жыры» өлеңдер жинағы жарық
көрді.
|
1959
жылы
|
«Біржан сал трагедиясы»
поэмасын жазды.
“Адам
туралы жыр” повесі жарық көрді.
|
1960
жылы
|
«Өзен
жағасында» повесі жарық көрді.
|
1965
жылы
|
“Толқиды
Есіл” повесі жарық көрді.
|
1966
жылы
|
“Айқас”
романы жарық көрді. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай
атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ
берілді.
|
1968
жылы
|
«Айқас»
романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
1967
жылы
|
«Қатерлі
өткел» прозасы
|
1968
жылы
|
“Ғашықтар” романы
|
1969
жылы
|
«Қаһар»
|
1971
жылы
|
«Алмас
қылыш»
|
1972
жылы
|
“Алтын
құс” романы
|
1973
жылы
|
«Жанталас»
|
1974
жылы
|
“Көлеңкеңмен қорғай жүр”
|
1978
жылы
|
“Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық
көрді
|
І.Есенберлиннің1956
жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы1958 жылы қытай
тіліне, «Ғашықтар романы өзбек тіліне аударылды.Көптеген шығармалры
орыс тіліне аударылды.
«Көшпенділер» тарихи
роман
Тарихи роман дегеніміз
не?
Тарихи
романдар деп - өткен тарихтың
маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем
түрде
баяндайтын романдарды
айтады
І.Есенберлин өзінің
тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін
табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы
қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті
мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті,
дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре
мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының
тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи
қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
«Көшпенділер»
трилогиясы үш романнан тұрады. (кестемен жұмыс)
Трилогияның қамтитын уақыты
|
Трилогияның
романдары
|
Трилогиядағы
тарихи
тұлғалар
|
ХV
–
ХVІ
ғасырлар
|
“Алмас қылыш”
|
Әбілқайыр
хан
|
ХVІІ –
ХVІІІ
ғасырлар
|
“Жанталас”
|
Жәнібек
хан, Керей хан
|
ХІХ ғасыр
|
“Қаһар”
|
Асан
қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай
батыр
|
Тарихи оқиғалардың
трилогияда бейнеленуі
1) “Алмас
қылыш” романында ХV –ХVІ
ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей
хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым
суреттелуі
2)
“Жанталас” романында ХVІІ –ХVІІІ
ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр
ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына
кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл
маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей
патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке
басындағы түңіліс суреттері
3)
“Қаһар” романында ХVІІІ ғасырда
Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата
талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру
әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін
күрестегі ерлік , даналық істері.
Абылай ханның қазақ
елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері
«Көшпенділер» киносынан
үзінді көрсету.
«Алмас қылыш» бөлімінде
басты кейіпкер Әбілқайыр, Жәнібек, Керейлер.
Романнан үзінділер
оқып танысу.
1. Шыңғысханның
балаларына өсиеті
2.Абылай мен Бұқар
жырау
4. Уали сұлтанның
баласы Абылай
3. Батыр Баян мен
Ноян
4. Абылайдың ақ
бурасы
5. Абылайдың
түсі
6. Абылайдың өлер
алдындағы өкініші
7. Абылай хан мен сұрша
қыз хикаясы
Сұрақтар мен
тапсырмалар:
1.І.Есенберлиннің
шығармашылық жолы қалай басталды?
2.Жазушының қандай
кітаптары бар?
3.«Көшпенділер»
трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек
кейіпкерлердің
іс-әрекеттері мен
көздеген мақсаттары
4.Қай
шығармасы үшін жазушы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығың
жүлдесін алды?
(«Айқас»
романы
үшін1968
жыл).
IV.Бекіту
V.Бағалау
VI.Үйге
тапсырма
«Көшпенділер»
трилогиясыннан үзінділер оқу.