400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ілияс Жансүгіров - лирик ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 9 шы сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы

Ілияс Жансүгіров – лирик ақын.


Оқу мақсаттары

9.4.5.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану


Сабақтың мақсаттары

  • мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;

  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе жазу.


Бағалау критерийлері:


  • тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазады;

  • сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;

  • шығармадан негізгі және қосымша ақпараттарды дұрыс анықтайды;

  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, эссе жазады.


Құндылықтары

Құрмет, отансүйгіштік


Пәнаралық байланыстар

География, Қазақстан тарихы


Осыған дейін меңгерілген білім

«Туған жер – алтын бесік»


Жоспар


Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дерек

көз

дер

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту


Қызығушылықты ояту.

  • Қазақ даласында кездесетін жер-су атаулары туралы қандай аңыздарды білесіздер?

  • «Туған жер – алтын бесік» сөзінің мағынасы қандай?

  • Өз туған жерлеріңізге деген махаббатты қалай білдіресіздер?


Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже оқушыларға айтылады

Слайд




1-4 слайдтар

Жаңа сөздер

  • Сақтандыр – қорға

  • Ынталандыр – қызығушылығын оят

  • Сапасыз – сапасы жоқ

  • Жиһангер - саяхатшы


5-слайд




Сабақтың ортасы

30 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбын түсіндіріп өтеді.

Ой қозғау

1-тапсырма

Суретте кім бейнеленген? Сипаттап бер.

2-тапсырма. Суреттегі ақын туралы білетін ақпараттарыңыз бойынша диаграмма толтырыңыз.

Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров (6 сипаттама)

Дескриптор:

- ақын туралы білетін мәліметтерді пайдаланып, диаграмма толтырады.

(Келесі слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі)

Тыңдалым


Берілген сілтеме бойынша аудиомәтінді тыңдаңыздар, ақпаратпен танысыңыздар.

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ақынның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ол 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Кейін «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы қазақ-ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. Мәскеудегі «Коммунистік журналистика» институтын бітірген соң, «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарады.

1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы болып сайланады. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.



3-тапсырма. Мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды тауып, олардың тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңыз.

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ақынның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ол 1894 жылы алматы облысының ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Кейін тілші газетінде істеп, верныйдағы қазақ-ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. Мәскеудегі коммунистік журналистика институтын бітірген соң, еңбекші қазақ газетінде қызмет атқарады.

1934 жылы қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланады. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

Дескриптор:

- мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс табады, тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.

(Келесі слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі)

4-тапсырма. Жаңа сөздердің орыс тіліндегі баламасын табыңыздар. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңыздар.

Жаңа сөздер:

Сақтандыр

Ынталандыр

Сапасыз

Жиһангер

Сөз тіркесін құрауға қажетті сөздер:

Оқуға, әуесқой, өнім, қауіптен

Дескриптор:

- жаңа сөздердің орысша баламасын табады, жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркесін құрастырады.

(Келесі слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі)



5-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша ақпараттың дұрыс немесе қате екенін табыңыздар.

Дескриптор:

- мәтіннен дұрыс және қате ақпараттарды табады.

(Келесі слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі)



Бүгінгі сабақта меңгергеніңіз

  • Ілияс Жансүгіров туралы алған біліміңізді тереңдете меңгердіңіз;

  • Бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атаулардың пунктуациясын игердіңіз.




6-8 слайдтар







https://drive.google.com/file/d/1MHhOiGKVd6ME9hAlx-pU_-z7MPKl1vqj/view?usp=drivesdk











9-слайд





















10-11 слайдтар

























12-13 слайдтар























14-15 слайдтар



















16-слайд

Сабақтың соңы


Қосымша тапсырма

«Ілияс Жансүгіров - лирик ақын» тақырыбында эссе жазыңыз.

Дескриптор:

-эссе құрылымын сақтайды, негізгі ақпаратты қамтиды, өмірмен байланыстырады.

17-слайд



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
19.05.2023
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі